Оқу әдістемелік кешен типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған


Әр түрлі типтегі мектептерде математиканы



бет27/101
Дата28.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#115280
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   101
Байланысты:
2018. МОӘ. УМК каз

4. Әр түрлі типтегі мектептерде математиканы оқыту ерекшеліктері

Мақсаты: Математиканы тереңінен оқытатын мектептерде, орта арнаулы кәсіби оқу орындарында, кешкі мектептерде математиканы оқыту ерекшеліктерімен танысу.

1) Математиканы тереңінен оқытатын мектептер.

2) Орта арнаулы кәсіби оқу орындарында математиканы оқыту ерекшеліктері.

3) Кешкі мектептерде математиканы оқыту ерекшеліктері.

4) Математиканы тереңінен оқытатын мектептер.

Жалпы білім беретін орта мектептің жұмысын одан әрі жақсарту мақсатымен 1966 жылдан бастап жер-жерде арнайы математикалық мектептер мен сыныптар ашылып, оқушылардың математикалық қабілеттерін арттыру ісі қолға алынды. Бұл келелі шара математиканың мүмкіндіктерін жете пайдалана алатын программалаушы инженер, физик, экономист және т.б. мамандарды даярлау қажеттігінен туған еді. Оның үстіне, 14-17 жасар оқушылардың көпшілігі ғылым мен техниканың әр саласына назар салып, оларды игеруге бейімделе бастайды. Мұның өзі олардың жеке қабілеттеріне қарай ғылым негіздерімен мүмкіндігінше тереңірек ауқымдырақ таныстыруды талап етеді. Сонымен бірге ғылым негіздері мен олардың қолданымдарын тереңдете оқыту оқушыларды кәсіптік бағдарлау ісімен де үйлестіріле жүргізілуі маңызды міндетке айналды.

Бүгінгі таңда математиканы тереңінен оқытатын республикамыздың астанасында және ірі қалаларында мектептер бар. Оның бірі Алматыдағы физика-математикалық мектеп-интернат.

Екінші түрі - аудандық (қалалық) халыққа білім беру бөлімдерінің шешімдерімен ұйымдастырылған арнайы математикалық мектептер мен сыныптар. Бұл мектептер арнайы бағдарламамен жұмыс істейді және ол бағдарламалар жалпы білім беретін мектептің оқу материалдарымен қоса, оқушылардың математикалық даярлығын арттыруға қажетті қосымша материалдарды қамтиды. Қазіргі кезде математикалық сыныптарда типтік оқу бағдарламасына сәйкес математикалық анализ, алгебра және геометрия курстары оқытылады, оның үстіне, факультативтік сабақтар есебінен аптасына 2—3 сағат қосылған.

Математикалық мектептердегі (сыныптардағы) алгебралық материалдар, жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламасындағы материалдармен қоса комплекс сандар, ықтималдықтар теориясы, комбинаторика, бір не бірнеше айнымалы көпмүшеліктер сияқты қосымша тақырыптармен байытылған. Математикалық анализ курсында «Дифференциалдық теңдеулер» тақырыбы мен оның қолданымдарын терең таныстыру көзделген. Ал, геометриялық материалдарда айтарлықтай өзгеріс жоқ. Бір сөзбен айтқанда, математикалық мектептердегі (сыныптардағы) бағдарламалық материалдардың ерекшелігі олардың көлемінде емес, баяндалу тереңдігінде.

Математикалық мектеп (сыныптар) арнайы оқу құралдарымен оқиды.

Бұл мектептерге бұрын математика үйірмелеріне, олимпиадаларға қатысып жүрген және математикалық қабілеттері бар сегіз жылдық мектепті бітірген оқушылар физика - математикалық мектеп - интернаттарға VIII сыныптарға қабылданады. Қабылдау мерзімі жергілікті жерлердің ерекшеліктеріне қарай анықталады.

Оқушылар өздігінен орындайтын жұмыс түрлері әр алуан: оқулықтағы белгілі бір материалдарды оқып үйрену және оған сәйкес жаттығулар орындау, белгілі бір тақырып бойынша есептер немесе жаттығулар құрастыру, қосымша оқу құралдары немесе ғылыми - бұқаралық әдебиеттер бойынша хабарлама даярлау, күрделі және олимпиадалық есептерді шығару және т. б.

Өздік жұмыстарды басқарудағы мұғалімнің міндеті — оқушылардың өз жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға көмектесу, олардың оқуға табандылығы мен ізденімпаздығын тәрбиелеу, есеп шығаруда әр алуан тәсілдерді пайдалану іскерліктерін қалыптастыру.

Тапсырмаларға енгізілетін есептер мен жаттығуларды әр түрлі әдістемелік құралдар мен есептер жинақтарынан алуға болады. Оқушыларға қиындық туғызатын есептер бойынша тиісті әдебиетке сілтеме жасалады. Сонда оқушылар өз беттерімен қосымша құралдарды оқып үйренуге, ізденуге машықтанады.

Математикалық мектептерде жаңа материалдарды оқытудың лекциялық түрі көп пайдаланылып, семинар сабақтарымен толықтырылады. Расында, оқу материалының кейбір бөлімдерін лекция түрінде баяндау өте ыңғайлы. Оқушыларға арналған лекцияларға материалды арнайы әдебиеттерден, «Популярные лекции по математике», «Квант кітапханасы» т.б. кітаптардан алуға болады.

Кәдімгі жалпы білім беретін мектептердегі сияқты математикалық мектептерде де оқушылардың дербес ерекшеліктеріне баса назар аударылады. Бұл әсіресе үй тапсырмаларын бергенде, сондай-ақ білімді бақылағанда, бағалағанда ескеріледі.

Оқушылардың білімін тексеру мен бағалауда тест жүйелері, өз бетімен жұмыстар, бақылау жұмыстары, сынақ, емтихан қолданылады. Сынақ кейбір теориялық мәселелер, негізгі және қосымша курстардың есептері бойынша жүргізіледі. Бітіру емтихандарында бұл мектептерде де математикадан жазбаша сын жұмысы жүргізіледі. Емтихандарда берілетін есептер жай мектептерде берілетін есептерден анағұрлым күрделі және математикалық терең білім мен білікті талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет