Пәнді оқытудың мақсаты: білім алушыларды жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың нақты жағдайларында туындайтын оқу-əдістемелік міндеттерді кəсіби тұрғыда шешуде қажет болатын білім, білік, дағды жəне құзіреттіліктер жүйесімен қаруландыру.
Пәнді оқытудың міндеттері:
– математиканы оқыту барысындағы педагогикалық процестің оқушыларды дамытудың құралы мен факторы ретіндегі мəн-мағынасын, заңдылықтарын, тенденденциялары мен даму болашағын оқып-үйрену;
– жалпы білім беретін мектепте математиканы оқытудың əдістемелік жүйесінің негізгі компоненттерін оқып-үйрену;
– математиканы оқытудың педагогикалық процестің жалпы əдіснамасынан туындайтын əдістерін, мазмұнын, құралдары мен формаларын іріктеумен байланысты ғылыми түсініктерді қалыптастыру;
– математиканы оқыту процесінің мазмұны мен оны ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздерін оқып-үйрену;
– математиканы оқыту барысында техникалық құралдар мен заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері мен тəсілдерін оқып-үйрену;
– мектеп математика курсын ізгілендірумен, саралаумен жəне оқу процесін ұйымдастырудың əрекеттік жəне технологиялық амалдары тұрғысынан алғандағы математиканы оқытудың қазіргі заманғы бағыттары туралы түсініктерді қалыптастыру;
– білім алушылардың математика мұғалімінің кəсіби қызметінің негізгі түрлерін жүзеге асыруда қажет болатын тұлғалық жəне зияткерлік сапаларын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |