Оқу әдістемелік кешен типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған



бет14/101
Дата28.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#115280
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   101
Байланысты:
2018. МОӘ. УМК каз

Орта мектепте математиканы оқытудың мақсаттары: жалпы білім беру мақсаттары, дамыту мақсаттары, тәрбиелік мақсаттары, практикалық мақсаттары.

Орта мектепте математиканы оқытудың негізгі мақсаттарына: жалпы білім беру, дамыту, тәрбиелік, практикалық мақсаттары жатады. Бұл мақсаттар бір - бірімен тығыз байланысты.



1. Математиканы оқутудың жалпы білім беру мақсаттары:

1) математикалық ұғымдарды қалыптастыру;

2) нақты дәлелдерді, құбылыстарды, тәжрибелерді ұғындыру;

3) формулаларды дәлелдей білуді үйрету;

4) ұғымдардың анықтамасын, заңдардың оқылуын, теорияның негізін оқыту;

5) оқушыларды ғылым негізімен таныстыру;

6) оқушыларды нақты өмірді ұғынудың математикалық әдістерін меңгеруге үйрету;

7) оқушыларды математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне үйрету.



Дамыту мақсаттары.

1) оқушыларлың математикалық қабілеттерін дамыту:

- математикалық информацияны қабылдау;

- сандық және кеңістіктік қатынастар сферасында логикалық ойлау қабілеті;

- математикалық объекттерді, қатынастарды, амалдарды тез және кеңінен қорытындылай білу қабілеті;

- математикалық талдаулар үрдісін және оларға сәйкес амалдар жүйесін оралтып жүргізу және оралған құрылыммен ойлау қабілеті;

- математикамен айналысқанда ойлау үрдісінің икемділігі;

- ойлау үрдісінің бағытын тез және еркін өзгерте білу кабілеті;

- шешімнің айқындығына, қарапайымдылығына, үнемділігіне және тиімділігіне тырысу;

- математикалық есте сақтау қабілеті;

- ақыл – ойдың математикалық бағыты;

2) оқушылардың математикаға ықыласын дамыту;

3) өз бетімен нәтижелі ойлау интеллектісін дамыту;

4) ізденушілік қабілеттерін дамыту жатады.



Тарбиелік мақсаттар:

1) математиканың қоғамдағы алатын орны туралы және оның қоғамның, техниканың, ғылымның басқа салаларының дамуына байланысты дамитыны туралы мағлұматтарды қалыптастыру; 2) оқушылардың диалектико-материалистік көзқарас-тарын қалыптастыру; оқушыларды ғылыми - техникалық прогреспен таныстыру; оқушыларға біздің дүние туралы біліміміздің объективтігі және оның дәлелденетіндігі туралы көзқарас қалыптастыру; 3) оқушыларды қоғамдағы құбылыстарды дұрыс талдауға бағыттау; 4) оқушылардың математиканы оқып үйренуге қызығушылықтарын тәрбиелеу; 5) оқушыларды төзімділікке, шыншылдыққа, еңбекке, жауапкершілікке тәрбиелеу; 6) оқушылардың математика ғылымына, математик ғалымдарға сүйіспеншілік-терін тәрбиелеу;

7) оқушыларды математикалық мәдениетке тәрбиелеу;

8) оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.



4. Практикалық мақсаттарға оқушыларды:

1) алған теориялық білімдерін есеп шығарғанда, басқа пәндерді (физика, химия, сызу, биология, география, т.б. оқып үйренгенде қолдануға; 2) алған білімдерін өз бетімен толықтыруға; 3) математикалық құрал-жабдықтарды қолдануға; 4) оқулықтар және ғылыми әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеуге; 5) ғылыми-зерттеу әдістерін математиканы оқып үйренгенде қолдануға; 6) ғылыми тілді, математикалық белгілер мен символдарды, таблицаларды, графиктерді қолдануға үйрету жатады.



3.Математиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері: дамыту принципі.

тәрбиелеу принципі, көрнекілік принципі, саналылық және белсенділік принциптері, білімді берік, орнықты меңгеру принципі, жүйелілік принципі,түсініктілік принципі.



3.1. Математиканы оқытудың ғылыми принципі.

Математиканы оқытудың мазмұны мен оны оқыту әдістері кәзіргі жағдайдағы математика ғылымының деңгейі мен талаптарына, міндетті түрде, сай келуін қамтамасыз етеді. Сонымен «оқытудың ғылымилығы» оқушылардың санасына кәзіргі уақытта ғылыми деп танылған деректер мен ұғымдарды қалыптастыру, - деп білеміз.

Математиканы оқыту үрдісінде ғылыми принцип әрдайым қатысады.

Мұғалім математикалық ұғымдарға дәл анықтама бергенде, оқушылардан анықтама мен теореманы ажырата білулерін талап еткенде, белгілі бір тұжырымды толық дәлелдеуге үйретуде ғылыми принциппен оқытады.



3.2. Дамытып оқыту кәзіргі педагогикалық үрдістің негізгі және қажетті элементі. Педагогикада дамыта оқыту тәрбиелеп оқыту дидақтикалық принципіне енгізілген еді. Кәзір интеллектуалды дамыта оқытуды жеке бөліп отырмыз. Себебі математиканы оқыту үрдісінде дамыта оқыту оқушылардың ақыл – ойын, өз бетімен нәтежелі ойлауын, интеллектісін дамытады. Математиканы оқыту үрдісінде дамыта оқыту принципі оқушылардың математикаға ықыласын және оқушылардың математикалық қабілеттерін дамытуды қамтиды.

3.3. Математиканы оқытудың тәрбиелеу принципіне төмендегілер жатады: 1) оқушылардың диалектикалық - материалистік көзқарастарын қалыптастыру;2) оқушыларды қоғамдағы құбылыстарды дұрыс талдауға бағыттау; 3) оқушылардың математика сабағына қызығу-шылықтарын арттыру; 4) оқушылардың білімге құштарлығын ояту; 5) оқушылардың алған білімдерін саналы меңгеруге, оны практикада қолдануға және өз бетімен толықтыруға тәрбиелеу.

3.4. Математиканы оқытудың көрнекілік принципі.

Көрнекілік оқушылардың жаңа материалды жақсы қабылдауына, мағынасын түсінуіне және талдап қорытуына әсер етеді. Сабақтың әр кезеңінде көрнекілік әртүрлі міндет атқарады. Заттың сыртқы көрінісінен немесе бейнесінен оның қасиеттерін зерттеп анықтауға болады және сол заттың қасиеттерінің арысындағы байланысты зерттеп жаңа ұғымды айқындауға болады.

Көрнекілік принципті жүзеге асыратын арнайы құрал – жабдықтар, көрнекіліктерге геометриялық фигуралардың модельдері, таблицалар, диафильмдер және кинофильмдер жатады. Модельдер, кестелер, сызбалар мен суреттер проекциялық тетіктердің көмегімен көрсетіледі. Көптеген көрнекіліктер өндірісте дайындалады. Көрнекілік қолданудың рецепті жоқ.

5. Математиканы оқытудың саналылық және белсенділік принциптері.

Мектептің негізгі мақсаттарының бірі саналы және белсенді тұлға қалыптастыру. Оқушыларға сабақта алған білімдерін саналы қабылдап, мағынасын түсініп, қолдана білулерін үйрету керек.

Белсенділік принципін жүзеге асыру үшін төмендегідей талаптар қойылады:

1) жаңа тақырыпты өткен материалмен байланыстыру; 2) өтіліп отырған материалдың теориялық және практикалық мағынасын айқындау және оның білім жүйесінде алатын орнын көрсету; 3) жаңа тақырыптың қолданбалы жерлерін көрсету;

4) оқушыларды олардың өмір тәжірибесіне, интуициясына байланысты оқып-үйренуге жұмылдыру; 5) жаңа ұғымдарды модельдер көмегімен түсіндіру, яғни «қабылдау, түсіну» - «елестету» - «ұғым» баспалдағымен жұмыс жүргізеді; 6) мұғалім математиканы оқыту үрдісінде оқушыларды жаңа тақырыпқа қызықтыратын ұтымды әдіс қолданып, оқушы білімді өз бетімен алатындай, өзіне жаңалық ашатындай етіп сабақ ұйымдастырады.

6. Білімді берік, орнықты меңгеру принципі.

Оқытудың заңдылығы және мектептің мақсаты – орнықты берік білім беру, яғни алған білімді есте сақтап практикада қолдана алатындай етіп оқыту.

Оқыту үрдісінде оқушылар тек жаңа білім, білік, дағдыға ие болып қана қоймай, оларды бекітеді, нығайтады және толықтырады. Білімді берік, орнықты меңгеру принципін жүзеге асыру үшін мұғалім: а) өтілген материалды қайталауды ұйымдастырады; ә) оқушылардың білімі мен біліктерін мезгілінде тексеріп, кемшілігін толықтырып отырады; б) оқушыларға берілетін есептер мен жаттығулардың жүйелілігіне көңіл аударады; в) оқушылардың жауабы айқын және қысқа болуын дағдыландырады; г) өз бетімен жұмыстар ұйымдастырады.

7. Математиканы оқытудағы жүйелілік принципі:

а) қарапайымнан күрделіге; ә) көріністен ұғымға; б) белгіліден белгісізге; в) білімнен білікке, одан дағдыға көшуді білдіреді



8. Математиканы оқытудың түсініктілік принципінде оқушылардың жас айырмашылығы мен ерекшеліктері ескеріледі. Өтілетін материал мазмұны мен көлемі жағынан «қол жетерліктей» түсінікті болу керек. Қолданылатын әдістер оқушыларды өз қабілеттеріне сенетіндей және оны дамытатындай болу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет