Оқу әдістемелік кешен типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған


Математиканы оқытудағы анализ бен синтез



бет16/101
Дата28.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#115280
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   101
Байланысты:
2018. МОӘ. УМК каз
1b528d56-1f2e-44da-9d8d-01a960580b07, знак жас улан, zadanija munitsipalnogo etapa 8 klass matritsa1 biologija, Математика қыркүйек 1 апта
1.5. Математиканы оқытудағы анализ бен синтез

1. Анализ бен синтез математикалық зерттеулерде және математиканы оқытуда алатын орны аса зор. Математиканы оқытуда анализ бен синтез есеп шығару әдісі ретінде, теоремаларды дәлелдеу әдісі ретінде, математикалық ұғымдардың қасиеттерін зерттеу әдісі ретінде қолданылады.

Анализ бен синтез практикада бір – бірінен ажырамай, бірін – бірі толықтырып, қосарланып қолданылады да біртұтас аналитикалық – синтетикалық әдісті құрайды. Мәселен, күрделі есеп анализдің көмегімен бірнеше қарапайым есептерге бөлінеді, ал кейін синтездің көмегімен қарапайым есептердің шешімдері жинақталып, алғашқы берілген күрделі есептің біртұтас шешімі алынады.



Анализді бүтіннен оның бөліктеріне көшу, синтезді бөліктерінен бүтінді құрау жолы (ойлау тәсілі) деп түсінеміз.

Мысалы, машинамен ойнап отырған бала оны бөлшектесе анализ жасағаны, егер оны қайтадан жинақтап машина жасаса синтез жүргізгені.



Анализ - салдардан, оны туғызған себепке көшетін, синтез - себептен, оның өзінен туындайтын салдарға көшетін ойлау әдістері деп те түсінеміз.

Объектінің сандық қасиеттерін зерттеу әдісін анализ деп, сапалық қасиеттерін зерттеу әдісін синтез деп атайды.



Математиканы оқытуда анализ бен синтездің қолданылуын қарастырайық.

Көптеген психологиялық зерттеулер анализдің екі түрін көрсетті:

а) «фильтр» түріндегі анализ;

ә) синтез арқылы анализ.

«Фильтр» түріндегі анализ әдісінде адам есеп шығару жолын жорымалдау, байқап көру арқылы ешбір жүйесіз таңдайды. Яғни, әр түрлі жолды байқап көреді. Соның ішінен есепке сәйкес келетін жолды таңдап алады.

Анализ бен синтез теоремаларды дәлелдеу әдісі ретінде қолданылады.

Оқыту процесінде анализ бен синтез қатар қолданылады. Мәселен, анализ жасап, яғни есептің шартынан немесе қорытындысынан бастап талдап, өзімізге белгілі мәліметтерді ескеру қажет. Себебі, шарттың мәліметтері кезекті мәселелердің жауаптарына жөн сілтеп отырады және керісінше, синтетикалық жолмен жүре отырып, яғни есептің мәліметтерін жан-жақты қолданып, жауап іздеп отырған мәселелерді таңдап алуға болады.

Сондықтан анализ бен синтезді біріктіру, әсіресе теоремалармен және дәлелдеуге берілген есептермен жұмыс істегенде ерекше танымдық маңызға ие болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет