Оқу әдістемелік кешен типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған



бет13/101
Дата28.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#115280
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   101
Байланысты:
2018. МОӘ. УМК каз

Кафедра меңгерушісі ____________________________Дәулетқұлова А.Ө

Құрастырушы: ____________________________ Қасқатаева Б.Р.

ДӘРІСТЕР

1 - дәріс

«Математиканы оқыту əдістемесі» пəні. Математика жалпы білім беретін мектептегі оқу пəні ретінде. Математиканы оқытудың мақсаттары, негізгі принциптері, ғылыми-зерттеу әдістері

1. «Математиканы оқыту əдістемесі» пəні.

«Әдістеме» - гректің «жол» деген сөзінен шыққан. Математиканың әдістемесі (немесе математиканың дидактикасы не педагогикасы деп те айтылады) - қоғамның талабы бойынша, оқыту мақсаттарына сәйкес, математика ғылымының белгілі бір даму деңгейінде математиканы оқыту заңдылықтарын зерттейтін педагогиканың бір тарауы.

Математиканы оқыту әдістемесі философияның, педагогика мен психологияның, басқа да ғылым саласының табыстарын қолданып, өзіндік әдістемелік жүйені құрады. «Әдіс» термині (метод) грек тіліндегі «methodos» сөзінен шығып, шындыққа апарар «жол», «тәсіл» дегенді білдіреді. Математиканы оқытудың әдістемесін «математиканың педагогикасы» деп те атайды. Оның мақсаттары: білім беру, тәрбиелеу, жеке түлғаны дамыту және алған білімді практикада нәтижелі іске асыру, нәтижеге бағытталған құзырлылықты қалыптастыру. Басқаша айтсақ, ол теориялық білімді, практикада білік және дағды түрінде оқушыларға тиімді игерту және оларды дамыту мақсатын алға қояды. Осы мақсаттарға сай математиканы оқыту әдістемесі алдында мынадай міндеттер қояды: - математиканы үйренудің нақты мақсаттарын және орта мектептегі оқу пәнінің мазмұнын анықтау; - алға қойылған мақсатқа жетуге бағытталған барынша тиімді әдістер мен оқытудың ұйымдастыру формаларын жетілдіру; - мұғалімнің іс-тәжірибелік жұмысына қажетті ұсыныстарды, керекті оқу жабдықтарды жетілдіру (оқулықты талдау, теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан есептердің модельдерін жасау, шығарылу жолдарын талдау, жаңа құралдарды пайдалану, дайындау және дамыту т.с.с). Қысқаша айтқанда, математиканы оқыту әдістемесін оқып-үйрену келесі сұрақтарға жауап беруді көздейді:


  • Математиканы неге оқытамыз?

  • Математикадан нені оқытамыз?

  • Математиканы қалай оқытамыз?

Адамзат өзінің мыңдаған жыл болмысында білімге үлкен жол салды, әлемнің ғылыми кескінін құрды, ғылыми жаңалықтарды практикада кеңінен қолданды. Онымен шектелмей математиканың көмегімен күннен – күнге нақты өмірдің сыры мен қыры зерттеліп отыр. Математика табиғи құбылыстарды зерттеуде, әртүрлі практикалық проблемаларды шешкенде, ғылымның барлық салаларында қолданылатыны белгілі. Математиканың әрбір тақырыбын оқығанда оның практикадағы қолданысын анықтап отыру арқылы математиканы оқытудың себебі айқындалады.

«Математикадан нені оқытамыз?» - деген сұрақтың жауабы мектеп курсы математикасының мазмұнында (бағдарламаларда және оқулықтарда ) келтірілген.

«Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» пәнінің мазмұны «Математиканы қалай оқытамыз?» - деген сұрақтың жауабын құрайды.

Ең алғаш математика әдістемесі 1803ж. швейцар педагогы Г.Песталоццидің (1746-1827жж.) «Сандар туралы көрнекі ілім» еңбегінде шықты.

Ал, математика әдістемесі, ғылыми пән ретінде XIX ғасырдың басынан есептелді. Математика ғылымы мен мектеп математикасының арасында айырмашылықтар болғандықтан және математика әдістемесі педагогиканың философиясымен, математикамен, логикамен, психологиямен, биологиямен, кибернетика және өнермен байланыс шекарасындағы ғылым болғандықтан математика әдістемесінің даму процесінде қиыншылықтар болды.

«Математиканы оқыту әдістемесі» пәні шартты түрде үш бөлімге бөлінеді:

1) математиканы оқытудың жалпы әдістемесі (мысалы, оқыту әдістері);

2) математиканы оқытудың арнайы әдістемесі. (мысалы, мектеп курсы математикасында функцияны оқыту);

3) математиканы оқытудың дербес әдістемесі (мысалы, VII сыныпта математика сабағын жоспарлап, «Векторлар» тақырыбын оқыту әдістемесі).

2.Математика жалпы білім беретін мектептегі оқу пəні ретінде.

Ғылым ретіндегі және пән ретіндегі математиканың айырмашылығы бар. Таза ғылыми математиканың зерттейтін нысаны: сан мен фигура, өлшемдер және кеңістіктік. Ал, мектеп математикасы оқушылардың жас ерекшеліктері мен ойларының даму деңгейіне лайықты белгілі бағдарламалық білім беруді көздейді. Адамзат қоғамы даму тарихында алдыңғы буын білімдері мен тәжірибелерін кейінгі буынға қалдырып отырады. Мектеп оқушыларының математика ғылымынан мағлұмат алып, математикалық әдістерді меңгеріп, математикалық ойлауын дамытуға міндетті түрде қажет деп саналатын математикалық білім таңдап алынады. Математика оқу пәнінің мазмұны төмендегі себептермен өзгеруі мүмкін:

1) Оқыту мақсатының кеңеюі, қоғамның дамуы және оның техникалық- экономикалық қажеттеріне байланысты мектеп оқушыларының дайындығына қойылатын талаптардың өзгеруі, математиканың мазмұнына ғана емес, оқушылардың математикалық білім, білік және дағдыларының деңгейіне де әсер етуі;

2) Математика ғылымының үздіксіз дамуы, математиканың ішінде жаңа пәндердің пайда болуы, оқу материалының мазмұнын жаңарту қажеттігі;

3) Қоғам даму үрдісінде оқушылардың жалпы даму тенденциясы балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау нәтижесінде оқу материалының мазмұнын ертерек оқу қажеттігі;

4)Педагогика ғылымдарының дамуы, математика әдістемесінің дамуы, оқытудың озат жетістіктерін енгізу сабақ беруді жеңілдетуі.

Кәзіргі кезде жалпы білім беретін мектепте математикадан оқу бағдарламасы бойынша математика I-IV, V, VI сыныптарда, алгебра VII-IX сыныптарда, алгебра және анализ бастамасы X-XI сыныптарда, геометрия VII-XI сыныптарда оқытылады.

Бірақ мектеп курсы математиканың осылайша бөлінуі шартты түрде алынған. Мысалы 11 жылдық мектептің V,VI сыныптарында арифметика, бастапқы алгебра, қарапайым геометриялық ұғымдар мен салулар қарастырылады. Геометрия курсы VII-XI сыныптарда оқылады. «Алгебра және анализ бастамасы» оқулығында арифметика, алгебра, математикалық анализ, аналитикалық геометрия, комбинаторика, статистика тараулары бар, т.с.с.

Мектеп курсындағы математикада ғылымның әр түрлі тарауларының бірігуі оқулыққа қойылған талаптардың салдары. Атап айтқанда:

1) Оқулықта қазіргі ғылымның негізі толық, түсінікті түрде берілу керек;

2) Сабақты жүйелі түрде оқытуды қамтамасыз ететін оқулықтағы ғылымның әр түрлі тарауларының арасында белгілі бір байланыс болу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет