Оқу әдістемелік кешен типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған



бет56/101
Дата28.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#115280
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   101
Байланысты:
2018. МОӘ. УМК каз

13 - дәріс.
Тақырыбы: «Жазықтықтағы және кеңістіктегі параллельдік және перпендикулярлық» тақырыптарын оқыту әдістемесі. Координаттық және векторлық әдістерді оқыту.
Дәрістің мақсаты: Түзулердің жазықтықта және кеңістікте өзара орналасуын, жазықтықтардың кеңістікте өзара орналасуын қарастыру. Параллельдікті және перпендикулярлықты оқыту әдістемесімен танысу.

1. Түзулер мен жазықтықтардың параллельдігі.

2. Түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығы.

1. Жазықтықтағы және кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуын схема түрінде плакат іліп, түзулердің қиылысатын, беттесетінін, қиылыспағанда параллель не айқас болатынын анықталады. Бұл тарауда айқас түзулерді салу және кеңістіктегі параллель түзулердің транзитивтік қасиеттерін оқытуға аса көңіл бөлу керек.

Түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуын оқытуда екі түзудің кеңістікте өзара орналасуына ұқсастығын және стереометрия аксиомаларын қолданамыз.

Түзулер мен жазықтықтардың паралеллельдігі туралы тарауға төменде келтірілген схеманың көмегімен методикалық талдау жүргізіледі. Жаңа сабақты түсіндіруден бастап келтірілген анықтамалар мен теоремаларды қысқаша жазу үлгісімен беріп, оларды сөзбен айта білуге машықтандыру қажет. Сонымен қатар стереометрияның алғашқы тақырыптарынан бастап оқушыларды кеңістік фигураларын қағаз бетінде (жазықтықта) бейнелей білу бейімділіктерін қалыптастыру қажет. Ол үшін төмендегі үлгі бойынша оқушыларға қысқаша конспект жазып отыруды талап ету керек.

Түзулер мен жазықтықтардың паралеллельдігінің белгісін дәлелдеуге көңіл бөлу керек. Жазықтықтардың паралеллельдігін оқыту әдістемесі түзулер мен жазықтықтардың параллельдігін оқыту әдістемесіне ұқсас құрылады (Схема 1).

Бұл сұрақты қарастырғанда орта мектеп үшін жазылған әртүрлі геометрия оқулықтарындағы осы тақырыптың мазмұнын құру жолдарына талдау жасаған жөн. Кеңістіктегі қарапайым фигураларды қарастыру арқылы теориялық материалды есеп шығаруға қолдану әдістемесіне көңіл бөлінеді.

2. «Кеңістіктегі түзулердің перпендикулярлығы» тақырыбын оқытуда кеңістіктегі түзулердің өзара орналасу схемасы қолданылады. Оқушыларға түзулер арасындағы бұрыш ұғымын түсіндіре отырып, перпендикуляр түзулер мен түзу және жазықтық перпендикулярлығы ұғымдары мен олардың қасиеттері беріледі.

Кеңістікте перпендикуляр түзулердің ортақ нүктесі болмауы да мүмкін екендігіне аса көңіл бөлінеді (айқас түзулер) және бізді қоршаған өмірден айқас түзулерге мысалдар қарастырылады. Кеңістіктегі кезкелген нүктеден берілген жазықтыққа жалғыз перпендикуляр түсіруге болатыны жөнінде айқын көзқарастары және бұл ұғымдарды іс жүзінде қолдана білу бейімділіктері қалыптастырылады.

Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығын және екі жазықтықтың перпендикулярлығын оқыту барысында жазықтыққа перпендикуляр түзу ол жазықтықты қиятынына және өзара перпендикуляр жазықтықтықтар қиылысатынына аса көңіл бөлінеді. Жұмыс құралы ретінде түзу мен жазықтықтың өзара орналасу және екі жазықтықтардың өзара орналасу схемасын қолдану керек.

Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлық белгісі: «Егер түзу жазықтық бойында орналасқан қиылысушы екі түзуге перпендикуляр болса, онда бұл түзу осы жазықтықтың өзіне де перпендикуляр болады». Бұл тақырыпқа елканың жазықтыққа тік тұрғызылған моделін жасап, түзу мен жазықтықтың перпендикулярлық белгісін көрнекі түрде түсіндіруге болады.

Түзулер мен жазықтықтардың өзара перпендикулярлығы ұғымын қолдана отырып, олардың кеңістіктегі өзара орналасулары жөнінде оқушылардың көзқарастарын кеңейтіп, дамыта түсу қажет.


Анықтама 1. Бір жазықтықта жататын және қиылыспайтын түзулер параллель деп аталады.




, ,

,







Анықтама 2. Бір жазықтықта жатпайтын және қиылыспайтын түзулер өзара айқас түзулер деп аталады.




, ,

,






Схема 1.

Координаттық және векторлық әдістерді оқыту әдістемесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет