Оқу әдістемелік кешен типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған



бет60/101
Дата28.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#115280
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   101
Байланысты:
2018. МОӘ. УМК каз

15- дәріс.

Тақырыбы:

Айналу денелерін оқыту әдістемесі. Айналу денелерінің бетін және көлемін оқытып-үйрету әдістемесі. Математиканы оқыту əдістемесі педагогикалық ғылым ретінде
Мектеп курсы геометриясында айналу денелері: шенбер , дөнгелек, цилиндр, конус, шар, сфера оқытылады. Оқу - методикалық әдебиеттерді, бағдарламаны талдау арқылы және жоғарғы сынып оқушылырдың психологиялық ерекшелітерін ескере отырып оқытудын негізгі әдістері мен ұйымдастыру формалары анықталады.

Айналу денелерінің маңыздылығы – ол оқушыларды өмірге, еңбекке дайындайды. Цилиндр, конус, шар техникада және тұрмыста жиі кездеседі. Мысалы, цилиндрлер - трубалар, тығырықтар, қозғауыштардың цилиндрі; конус тәріздес – жанар тау, май құйғыш воронка, колба (шыны сауыттары) т.б. Сондықтан болар жоғарғы сынып оқушылары айналу денелерін қызыға оқиды.

Бұл тақырыпты лекция түрінде жаңа технологияны қолданып жүргізуге болады. Цилиндр мен конус ортақ схемамен оқытылады. Сондықтан лекцияда бір фигураны толығымен қарастырып, екінші фигураның қасиеттерін өз беттерімен оқуға тапсырма беріп келесі семинар сабақта талдауға болады.

Айналу денелерінің анықтамаларына талдау жүргізіледі және олардың элементтері (табаны, жасаушысы, биіктігі, симметрия осі) олардың модельдерінің көмегімен қарастырылады. Айналу денелері және олардың қасиеттері көрнекілік әдіспен жүргізіледі. Айналу денелерінің моделдері және тақтадағы сызбаның көмегімен анықтама беріліп, оладың элементтері көрнекі түрде анықталады. Оқушылар:

1) цилиндрдің табандары тең екендігін;

2) табанына параллель қималары өзара және цилиндрдің табанына тең;

3) цилиндрдің барлық биіктіктері параллель және өзара тең екендіктерін өздері анықтап, дәлелдей алады.

Жалпы білім беретін орта мектепте табандары дөңгелек, жасаушылары табанына перпендикуляр, яғни тік дөңгелек цилиндрлер және тік дөңгелек конустар қарастырылады (1,2-суреттер).

S

A D


B C A B

1 cурет. 2 сурет.


Айналу денелерін және олардың қималарын бейнелеуді оқушыларға арнайы таңдап алынған есептер арқылы үйретіледі. Есеп шығарғанда айналу денесінің қимасы бөлек сызып көрсетіледі және планиметрияның кейбір сұрақтары қайталанады.

Математиканы оқыту теориясы мен əдістемесі - математика пəнінің ерекшеліктеріне негізделген оқу-тəрбие жүйесі жайындағы ғылым. Бұл жүйені меңгеру математиканы оқыту мен математика пəні арқылы оқушыларды тəрбиелеу ісін үйымдастыруға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет