Оқу әдістемелік кешен типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған


Математиканы оқыту теориясы мен əдістемесі — педагогикалық ғылым



бет62/101
Дата28.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#115280
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   101
Байланысты:
2018. МОӘ. УМК каз

.Математиканы оқыту теориясы мен əдістемесі — педагогикалық ғылым, сондықтан да ол қоғамның талаптарына сай, педагогика ғылымы анықтап берген жалпы білім беру мен тəрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сəйкес құрылады. Математиканы оқыту теориясы мен əдістемесі математикалық материалдарды оқып үйренудің ерекшеліктеріне қарай, барлық пəндерге ортақ педагогикалық қағидаларға негізделген.

Математиканы оқыту теориясы мен əдістемесі мүғалімнің оқу материалдарын беру, оқушылардың математикалық білімді саналы менгеру жəне алған білімін практикада қолдану іскерліктерін шыңдау əдістері мен құралдарын тағайындайды. Дегенмен, əдістеме мұғалімге арналған ережелер мен тəлімгерліктік жиынтығы емес, математиканы оқыту процесінің заңдылықтарын зерттейтін, мұғалімнің шығармашылық ізденуіне бағыт беретін ғылым болып саналады.

Əдістеме оқу пəнінің мазмұнын, оқытудың əдістері мен түрлерін, тəрбие жұмысын өзара тығыз бірлікте, бір-бірімен байланыстыра зерттейді. Оның үстіне əдістеме оқу жұмысының ұйымдастыру құралдары мен жабдықтарын анықтайды. Сөйтіп, математиканы оқыту əдістемесі мына сұрақтарға жауап іздейді: а) Математиканы неге оқытады? ə) Математикадан нені оқытады? б) Математиканы қалай оқытады?

Математика «сандық қатынастар мен кеңістіктік формалар» жайындағы ғылым, олай болса, онын, өзіне тəн оқыту əдістері мен түрлері жəне тəрбиелік мүмкіндіктері бар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет