Әдістемелік нұсқаулар:
Математиканың басқа оқу пəндерімен
байланысын көрсетіп отыру керек және төмендегідей тәрбие беріледі: 1) математиканың қоғамдағы алатын орны туралы және оның қоғамның, техниканың, ғылымның басқа салаларының дамуына байланысты дамитыны туралы мағлұматтарды қалыптастыру;
2) оқушылардың диалектико-материалистік көзқарас-тарын қалыптастыру; оқушыларды ғылыми - техникалық прогреспен таныстыру; оқушыларға біздің дүние туралы біліміміздің объективтігі және оның дәлелденетіндігі туралы көзқарас қалыптастыру; 3) оқушыларды қоғамдағы құбылыстарды дұрыс талдауға бағыттау;
4) оқушылардың математиканы оқып үйренуге қызығушылықтарын тәрбиелеу;
5) оқушыларды төзімділікке, шыншылдыққа, еңбекке, жауапкершілікке тәрбиелеу;
6) оқушылардың математика ғылымына, математик ғалымдарға сүйіспеншілік-терін тәрбиелеу; 7) оқушыларды математикалық мәдениетке тәрбиелеу; 8) оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Сонымен қатар оларды психикалық, тұлғалық жəне зияткерлік тұрғыдан дамыту қажет.
2.Математикадан ҚР жалпы білім беретін мектептерінің 5-9 және 10-11 сыныптарына арналған оқу-əдістемелік кешендеріне логикалық-дидактикалық талдау.
Математикалық білімдерді бағалаудың нормалары. Математикадан оқушылардың білім, білік жəне дағдыларын тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |