ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет2/3
Дата10.11.2016
өлшемі0,83 Mb.
#1426
1   2   3

Силлабус кафедраныњ мєжілісінде қаралды

Хаттама № __ « ____» _________ 201_ж.
Кафедра меңгерушісі ______________ профессор Бөрі Иса

қолы
Факультеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді

Хаттама № __ « ____» _________ 201_ж.

Әдістемелік бюро төрайымы ____________ доцент Алимова А.Ш.


Университеттің Ғылыми Кеңесінде мақұлданған

Хаттама № __ « ____» _________ 201_ж.
Ғылыми Кеңес хатшысы ______________ п.ғ.к., доцент Мұсабекова Г.Т.

Мазмұны





  1. Алғы сөз ….…………………………………………...................4

  2. Жалпы мәліметтер………………………….………..................4

  3. Курстың мақсаты мен міндеті ……………………....................5

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері.…………............5

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.……......................................5

  6. Оқу сабақтарының құрылымы………………………................6

  7. Студентке арналған ережелер………………….........................6

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша

бөліну кестесі .............................................................................7

  1. Практика сабақтары.....................................................................8

  2. СӨЖ жоспары және орындау кестесі.......................................33

  3. Пайдаланатын әдебиеттер мен web сайттар тізімі..................35

  4. Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест, бақылау

сұрақтары т.б).............................................................................36

  1. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау

жүйесі..........................................................................................38


  1. АЛҒЫ СӨЗ

Оқу-әдістемелік кешені “Хор әдебиеті” пәні бойынша 5В010600- “Музыкалық білім” мамандықтарының студенттеріне, осы курс бойынша оқытушының жұмысын неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредитттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген:

ПС – практикалық сабақтар.

СӨЖ – студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus) семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдері енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Пысықтау сұрақтары мен тестік тапсырмалар студентке кредиттердің тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және тейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ-емтиханды алуға арналған.

2. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР.





Аты-жөні

Курсты өткізу уақыты, орны

Байланыстырушы мәлімет

Практикалық сабақтар

СӨЖ

Телефон

1

Мырзахмедова Ә.

Практика


Уақыты _____

Ауд _______



Уақыты_____

Ауд _______


Тел:_____________

Каб: ___________

Корпус: _______



3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ

ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Пәннің мақсаты: - хор мәдениеті тұрғысында зерттеулерге тарихи деректерге сүйеніп жазылған хор жөніндегі әдебиетермен танысып, оқып үйренеді. Сөйтіп әдебиетер топтамасымен жұмыс жасай жүріп, өзіне көптеген мәселелерді аңғарып білуге жол ашады. Көрнекті хор әлеміндегі аты әйгілі халық таланттарының алдыңғы қатарлы өкілдерімен таныстыра отырып, өз халқының музыкалық бай мұраларын талдап, тәжірибелік мәнін оқушылар назарына жеткізіп, ғылыми тұрғыдағы көзқарастарын қалыптастырады.

Пәннің міндеттері:


    • жалпы хор мәдениетінің әлемдік деңгейдегі орны және оның тарихи өсу жолын деректерге сүйене отырып талдау жасау;

    • әр кезеңдегі музыка мәдениетінің даму жолын бақылау;

    • шетел хор үйірмелерінің тарихи оқиғаға байланысты дамуы;

    • әрбір хор шығармаларының тематикалық байланысы мен тәрбиелік мәні;

    • опералық хор, кантата, орторияның тарихи мазмұны;

    • хор шығармаларының шығуы тарихи деректермен дәлелдеп оның музыка әлеміне сабақ екендігін, әрі көркемдік халықтың сипатын ашу т.б.


4. ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ


Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

Кафедра

Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні


1

Хор әдебиеті




Музыкалық білім





5. ЖҰМЫС ОЌУ ЖОСПАРЫНАН К¤ШІРМЕ




Курс

Жалпы сағ.

саны


Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

Қорытынды бақылау

лек

практика

Лаб.

СӨЖ







1

3

4

5

6

7

10




5

45




14




31

емтихан

6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: практика, СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы).

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Практика сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.


7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР:
Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.



8. ОҚУ САЃАТТАРЫНЫЊ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ




Лекцияның тақырыбы

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

Лекция

СӨЖ

1

Кіріспе

Хор әдебиеті-пәнінің міндеттері



1

1

2

Хор өнеріне жалпы шолу

1

2

3

Әлем халықтарының хор мен ән салу мектебі

1

2

4

Хор жанрына үлестерін қосқан қазақ композиторлары

1

2

5

Қазақстанның ұлттық опералық-хор жанрлары

2

4

6

Орыстың опералық-хор туындылары

2

4

7

Халық әндерінің хор репертуарларынан орын алуы

1

4

8

Балалар хор шығармашылығы

1

4

9

Шетел классик композиторлары

1

2

10

Музыкалық оқу мекемелері

1

2

11

Кантата, ораториялар, сюиталар

1

2

12

Музыкалық жанрлар

1

2




Барлығы

14

31



  1. Практикалық сабақтардың мазмұны

№ 1 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Хор әдебиеті пәнінің міндеттері
2. Сабақтың жоспары:

  1. „Хор әдебиеті “ пәніне түсініктеме

  2. Пәннің мақсаты мен міндеттері


3. Сабақтың мақсаты: студенттің дүниетанымын кеңейту, дүние жүзі халықтарын хор әдебиетімен таныстыру. Олардың әртүрлі жанрлары мен стильдерімен таныстыру
Сабақтың мазмұны

1. Болашақ музыка мамандарын дайындау саласындағы жүргізілетін сабақтардың бірі – хор әдебиеті. «Хор әдебиеті» курсы студенттердің қабілетін жан-жақты және жүйелі дамытуға бағытталған курс. Ол теориялық білімдер қажеті мен жалпы музыкалық зердені игеруден бастап, хор шығармаларын жазған композиторлардың идеялық-эстетикалық сенім қазығын, оның музыкалық ойлау әдісін және ой ағымдарын шығармашылықты, көркемдеп қорыта білуге көмектеседі.

Хор әдебиеті жоғары оқу орындарында институттар мен университеттерде өтілетін хорды дирижерлау пән бірлестіктерінің негізгісі болып табылады.

Бұл пән арқылы студент хор мәдениеті тұрғысында зерттеулерге тарихи деректерге сүйеніп жазылған хор жөніндегі әдебиеттермен танысып, оқып үйренеді. Сөйтіп, әдебиеттер топтамасымен жұмыс жасай жүріп, өзіне көптеген мәселелерді аңғарып білуге жол ашады. Көрнекті хор әлеміндегі аты әйгілі халық таланттарының алдыңғы қатарлы өкілдерімен таныстыра отырып, өз халқының музыкалық бай мұраларын талдап тәжірибелік мәнін оқушылардың назарына жеткізіп, ғылыми тұрғыдағы көзқарастарын қалыптастырады.

Хор әдебиеті пәні үш бөлімнен тұрады.


  1. Шетел хор әдебиеті.

  2. Қазақ хор әдебиеті.

  3. Орыс хор әдебиеті.

2. Хор әдебиеті пәні алдына мынадай мақсаттар қояды.

- Жоғары білімді, эстетикалық талғамы жоғары, педагогика ғылымдарының жетістіктерін пайдалана білетін, жан-жақты музыкалық орындаушылық және музыкалық теориялық әзірлігі бар, музыка мұғалімін даярлау.

- Өз халқының музыкасына деген сүйіспеншілігі арқылы басқа да халықтар музыкасын құрметпен қарайтын патроиоттық сезімі биік, интернационалдық достық сезімі дамытылған, дүние жүзі халықтарының хор әдебиетімен әртүрлі жанрлармен, стильдерімен таныс маман даяарлап шығару.

- Қазақ және шетел композиторларының хор шығармаларын жете білетін, студент кезінде алған білімін тәжірибе жүзінде көрсете алатын, хор шығармаларымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін жете меңгерген маман иесін тәрбиелеп шығару.

Профессионалдық жалпыға бірдей білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарының қайта құру жүйесіне сәйкес, хор әдебиеті пәнін оқыту мына төмендегі міндеттерді жүзеге асыруды көздейді.

- Студенттердің қазақ, орыс және шетел композиторларымен таныстыру.

- Болашақ музыка мамандарына халық әндерінің, хорға арналған шығармалардың пайда болып дамуы туралы тарихи деректер беру.

- Музыка мамандарының музыкалық сауатын жетілдіріп, тиянақтау мақсатында қазақ, орыс және шетел композиторларының классикалық шығармаларымен қатар мектеп бағдарламасынан да шығармалар енгізу.

- Халық әндерінің, хорға арналған шығармалардың пайда болып дамуы туралы тарихи деректер беру. Хор шығармаларының мазмұны, тақырыптары, құрылымы, музыкалық тілінің ерекшеліктері туралы мәліметтер беру.

- Студенттердің “Хор әдебиеті” пәндерінде алған білімдерін жетілдіре түсуге және мектепте пайдалана білуге үйрету.

- Хор шығармасын талдаудың әдіс-тәсілдерін үйрету. Шығарманың көркем-идеялық мазмұныны көрсете білуді, шығарманың жазу стильін, құрылымын айқындап алуды, вокалды хор ерекшеліктерін ажырата білуді үйрету.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру тәрбие жұмысын оқу ісімен үлгілі ұштастырған да ғана мүмкін.
5. Бақылау сұрақтары:

1. Хор әдебиеті қандай пән?

2. Хор әдебиеті пәні неше бөлімнен тұрады?

3. Пәннің мақсаты мен міндеті қандай

№ 2 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Хор өнеріне жалпы шолу
2. Сабақтың жоспары:

1. Хор жайлы түсінік

2. Ежелгі және орта ғасырдағы хор өнері

3. ХІХ-ХХ ғ. хор мәдениетінің даму жолдары


3. Сабақтың мақсаты: дүние жүзі халықтарының хор өнерімен таныстыру және хор мәдениетінің даму жолдарын көрсету
Сабақтың мазмұны

1. Хор жанры халық арасына кеңінен таралып, жыл сайын қанат жайып, дамып келеді. Хор-вокалды ұйым.

Хор дегеніміз - әр түрлі дауыста ән салатын, шығарманы көркем тілмен бірнеше дауыстың үндескен әуені арқылы идеялық мазмұнын бұзбай, нақтылы түрде тыңдаушыға жеткізетін және хор айтудың техникалық орындау шеберлігін игерген, әсемдеу жағынан толық мағлұматы бар коллектив.

Оларды творчестволық бағыттарына қарай екі түрге бөлуге болады. Академиялық хорлар немесе капеллалар және халық хорлары.

Хорлардың бір-бірінен айырмашылығы орындаушылық шеберліктеріне, ән айту үлгісі мен репертуар характеріне байланысты. Халық хоры халықтық стильге бейім, яғни шығарманы халықтық үлгіде орындайды. Олардың ішінде орындау дәрежесі жағынан академиялық және халық хорларының белгілері қатар болатын коллективтер де кездеседі. Ал, академиялық хор-көп дауыста қосылып ән айтудың техникасын меңгерген, ән салу теориясын жетік білетін, әнді жинақы жабық дауыспен академиялық үлгіде айтып жаттыққан коллектив.

2. 1476 жылы Батыс Рим империясының құлдырауымен байланысты адамзат өмірінде жаңа кезең орта ғасыр кезеңі басталды. Кәсіптік музыканың негізгі түбірі монастырлар мен собарлар болады. Шіркеу басшылары музыканың адамға өте қатты әсер ететін қасиетін жете білді. Сол себепті 6 нар көпшілікке түсінікті болу үшін, оларға өздерінің ойларын жеткізу үшін, уағыздау үшін музыкаға, халық әуендеріне жүгінеді. Әр уақытта шіркеу басшылары өмір әуендерінің кіргенімен күресіп отырды. VI ғасырда Римде шіркеу әндері біріктіріліп заңды бола бастады. Бұл реформаны папа Григори 1 енгізді. Ол шіркеу әндерінен бір цикл құрды, бұл әндер мен католикалық шіркеулерде ғана орындалып болған. Оны кейінде григорияндық хорал деп атап кетті. Сөйтіп орта ғасырда көптеген хор жанрлары пайда бола бастады. Басқа хор жанрлары өздерінің негізін хоралдан алды. Хоралдан кейін секвенциялар, гимндер, мессалар, мотеттер, мадригалдар, псалмалар пайда бола бастады.

3. XIX және XX ғасырда Европадағы барлық өнер түрлері «импрессионалдық» деген жаңа көркем бағытпен ерекшеленеді.

Бұл француздың impression -әсер деген мағынаны білдіреді. Композиторлар осы бағытты негізге ала отырып өз шығармаларында музыка тілі, музыка әдістері арқылы көңіл күйінің өзгерісін, әсердің тез өзгеруін көрсете білді.

Импрессионистер қатал романтикалық және классикалық гармониядан тыс еркін жазуға ауысты. Олар аспапқа топтауды өзіндік калоритпен толықтырды. Гармония енгізуді музыкалық тілге қиындатылған гармониялық ұштастыру енгізді:

Нонааккордтар, алты және жеті дыбысты аккордтар, бір тонды гармония, нағыз және пентатонды дыбыс қатарын енгізу. Осы бағыттың белгілі өнімдері француз композиторлары Клод Дебюсси Және Морис Равель.

Клод Дебюсси (1862-1918) ертеректегі шығармалары «Гладиатор» және «Адасқан ұл»кантаталары және хор мен оркестрге (сөзсіз) арнап жазылған «Көктем» сюитасы. Бұл Итальян суретшісі Боттичеллидің суреті бойынша жазылған әйелдер хорына, жеке әншіге операға арналған «Байланған бойжеткен» кантатасы. Бұл шығарма күрделілігімен, ерекше гармониямен, калориттік тәсілдердің көптігімен, музыкадағы жаңашылдықпен, ешкімге ұқсамайтын ізденіспен дараланады.

Дебюссидің кіші замандасы, және ісін жалғастырушы, жолын қуушы Морис Равель (1875-1937) шығармашылығының ерте кезеңінде ол “Мирра”, “Альцион”, “Алисса” кантаталарын жазған. Олар авторға ешқандай табыс әкелген жоқ. Оның вокалды және хор музыкасына деген қызығушылығы тоқтаған жоқ. Ар алас хорға арап композитор Равель “Николетто”, “Үш пейішті құстар”, “Рондо”, (көзсіз) және “Даврнис және Хиоя” деген балетін жазды. “Сәби және сиқырлық” операсында (Г. Коллеттің поэмасының лирикалық фантазиясы). Композитор хорға үлкен және маңызды роль тапсырады. Бұзық ерке баланы қоршаған барлық нәрсе ойыншықтар, жан-жануарлар жанданған олар ән айтып, би-билеп, сөйлеседі. Олардың барлықтарының еңдектері зая кетпейді. Бұзық бала ойыншықтарын сындыруын қояды, жан-жануарларды әурелеуін тоқтатады, анасына жақсы сөйлейді. Ойыншықтар мен жан-жануарлар баланы үйге алып кіреді. Олар баланың жақсы болғанын, ақылды және кішіпейіл болғанын әнге қосады. Баланы қоршаған нәзік музыка жылулық пен ізгілікті аса бір таңғаларлық, жан тебірентерлік сезіммен бейнелейді. Осымен опера аяқталады. Операның полоифониялық құрылымы шығарманы ауырлата алмайды, шығарма жеңіл орындалады. Ар алас өлшем (4/4, ¾, 2,4) шығармаға ырғақтық әртүрлілік енгізеді. Дебюссий мен Равельдің шығармашылығы бүкіл европаның музыкалық өмірін селк еткізеді. Бұлар композиторларды біршама еркіндікке талпынуға үйретті. Бұндай бетбұрыс басқа да көркемдік бағыттардың тууына әкеліп соқты.


5. Бақылау сұрақатары:

1. Хордың қандай түрлері бар?

2. Хорлардың бір-бірлерінен айырмашылығы қандай?

3. Орта ғасырда қандай хор жанры дамыды?


№3 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Әлем халықтарының хор мен ән салу мектебі.

2. Сабақтың жоспары:

1. Ресейдің хор өнері

2. Маманданған хор үйірмелері

3. Көркемөнерпаздар тобы


3. Сабақтың мақсаты: орстың хор өнерімен, маманданған хор үйірмелерімен, көркемөнерпаздар тобымен таныстыру
Сабақтың мазмұны

1. Ресейдің хор өнерінің даму XVII ғасырға келеді. Сол кезде патшалардың сарайлары мен үйлерінде музыка мен ән қолданылған спектакль дер өте бастайды. Музыка мәдениеті XVIII ғасырда өте қатты дами бастады, 1730 жылдары Ресейге Италияның опералық топтары келе бастайды, олардың репертуарлары музыкалық интермедиялардан, кішігірім комедиялық пьесалардан тұрды. Бір топ өте ерекше болды. Он Неополитан композиторы В,Арайн басқарып кеді.

Сарай композиторы И.Гассе “Гаттық бауырмашылдығы” Арайндық “Сциипион”, “Митридат” операларын қойды. 18 жүз жылдықтың ортасында опералық спектакль дер орыс артистерінің қатысуымен орысша өте бастады. Орыс операсының туған күні 1755 жылы болып саналады. Арайндық А.Сумаронов аударған “Цефал и Прокрис” операсын қойды. Опера жанрының дамуына Ресейде жүрген Италия музыканттары Б.Галуппи, Г.Троетта, Д.Панзиелло, Ч.Чимарозо, Д.Сарти бұлардың шығармашылығында Италия операсын “Butta” жанры пайда бола бастады. Біздің заманға орыс композиторы М.Соколовскийдің “Диірмен – сиқыршы, алдамшы, және құда” операсы жетті. Бұл операның сөзін А.Аблесимов жазған. В.Пашкеевичтің “Санкт-Петербургты қонақ үйі” атты операсы қойылды. Операның либреттосын М.Матинский жазды.

2. Әлем халықтарының барлығына жақын әндердің түрі халық әндері. Халық әндері өте тартымды, жүрекке қонымды және табиғи келеді. Қайсы бір халық болмасын өздерінің әндерінде туған жерлерін, отанын, туған елін жырлайды. Халық әндерінде адам өзінің ішкі жан дүниесін білдіреді. Отанға, еге, халыққа деген сүйіспеншілігін білдіреді. Халық әндері сол себепті барлық халыққа өте жақын, түсінікті. Музыка әр ғасырды, тарихты өз тілінде жырлайды. Музыка тарихтың рухани жазуы, оның уақыттағы дыбыстары деп. орыс ойшылы Лев Толстой дұрыс айтқан. Ән өнері хор өнерінің дамуына негіз болды. Көп дауысты әннің шығуы IX-X ғасырда дами бастады. Европа елдерінде ақсүйектердің жаңа лирикалық әндері пайда бола бастады. Орта ғасырда Батиста хор шығармаларының көптеген жаңа түрлері шықты. Реформация ғасырында (XVI ғасырдың басында) Германияда протестантський хорал басымдық танытты. Басында бұл бір дауысты шіркеу әні болатын. Біртіндеп бір дауысты ән көп дауысқа айналды. Хоралдың біразын Мартин Лютер жазды. Әуендер неміс, француз, итальян халық әндерінен алынды. Оман рухани мағына берілді. XIV ғасырда Францияда Шансон “shanson-ән ” деген музыкалық жанр болды. Халықтың өмірі мен тұрмысын білдіретін әндер әртүрлі болды: қайғылы және өмірге қуанышты, лирикалық және көңілді. Көптеген шансондар француздың әндері мен билерінің ырғақтарын сақтап қалды. Жаңару ғасырының белгілі композиторының бірі Клеман Жанекен. Ол моттеттер, мессалар, және 200-ден астам әндер жазған. Манекен қай жанрда жазбасын халық композиторы, ол өз шығармаларына фольклор әуендерін, әскери музыкалар, би ырғақтарын қолданды. Жанекенің белгілі шығармалары: “Құстар әні”, “Париждің айқайы”, “Маринлиодағы шайқас”, Нидерланды полифониялық мектебі әлемге хор музыкасының белгілі шеберлері Жоскен Депре мен Орландо ди Лассоны берді.

Жоскен Депре (1440-1521) әнші, капельмейстер, композитор, өз заманының көрнекті мұғалімі болван, полифонистердің көптеген мектебін ашқан композитор. Ол мессалар, титетталар, канцон дар, полифониялық ақсүйектік әндер. Оның шығармалары халықтық әуенмен, қарапайымдылығымен, жеңілдігімен, көңілділігімен ерекшеленеді. Мысалы хор әні “Саранча”. XVI ғасырдың ұлы полифонисті Орлан до ди Лассо (1532-1594) өте талантты музикант, теңдесі жоқ әнші, Лассо жас кезінің өзінде бүкіл дүние жүзін ара лап шықты десе болады. Ол Италияның, Францияның, Германияның, Галландияның көптеген қалаларында болды. Ол Европаның хор ән мектептерінің барлығымен танысып шықты.

Лассоның шығармашылығы музыкасы реали стік, дамгершілік, шыншылдық сезімдерге бай өмірдің шынайы бейнелейді. Көптеген хорларын Орланда Ди Лассо полифониялық құрылымда жазған. Мысалы, “Арассадағы базарда”, “Кәрі күйеу”, “Маттона”. Лассо тапқырлығы мен дыбысты әрлендірумен әдемі суреткерлік шығармаларымен дараланды. Мысалы, “Тин-тан”, “Кукушка” хрында сағаттың жүрысы, дыбысы бейнеленеді. Синкопаларды көп қолданады, соңғы үлеске дыбыстың күшін беріп отырады. Жаңару заманында Италияда полифониялық хор көп роль атқарды.

Италияның хор және вокалдық музыкасының шебері Джованни Палестирин (1524-1594) болды. Палестрин мессалар, мотеталар, мадригалдарды сүйемелдеусіз хорға арнап жазды.

5. Бақылау сұрақтары:

1. Ресейдің хор өнері қай ғасырда дамыды?

2. Маманданған хор үйірмелерін ата?

3. Әлем халықтарының қандай хормен ән салу мектебін білесің?

№ 4 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Хор жанрына үлестерін қосқан қазақ

композитарлары.
2. Сабақтың жоспары:

1. Хор өнерінің даму тарихы

2. Хор өнерін өркендетушілер
3. Сабақтың мақсаты: студенттердің теориялық білімін тереңджету және толықтыру, еліміздің хор өнерін өрккендету шараларынан мағлұмат беру
Сабақтың мазмұны

1. 1920 ж. 26 тамызда ВЦЙК пен РСФСР халық комиссарлары кеңесінің автономиялық қырғыз (қазақ) социалистік советтік респибуликасын құру туралы тариха декрет шығаруы. Бұл құжат қазақ мемлекетінің туғандығн жариялайды. Ал 1991 ж. 16- желтоқсанда Қазақстан республикасы Тәуелсіз егеменді ел болды. Қазақ халқы өте ұзақ тар жол, тайғақ кешуді баынан өткізген халық. Солай болса да өзінің мәдениетін жоғалтпай ұрпақтан- ұрпаққа ауыз әдебиеті арқылы әнмен, жырмен жеткізген халық. Домбырамен, қос ішекті қобызбен, сыбызғымен, саз сырнаймен, қыл қобызбен, жетіген мен, шертермен т.б. музыкалық аспаптармен ән айтып күй шерткен әнші халық.

Ән халықтың жан дүниесінің ең асыл мұраттарын дәріптеп таратып отырады. Қазақ әндерінің жанрлық сипаты өте кең .


  1. Табиғат лирикасы.

  2. Жастық күйі.

  3. Махаббат лирикасы.

  4. Тұрмыс салт әндері.

  5. Туған жер әндері.

  6. Отан тақырыбындағы әндер.

Біз бұдан халық әнінің туу, өсу, қалыптасу тарихы тым әріде жатқанын байқауымызға болады. Ән өнері көпшіл синтездік өнер хор өнерінің негізін қалады. 1925 ж. Қызылорда қаласында көркемөнерпаздар үйірмесі негізінде қазақ драма театры ұйымдастырылды. Кейін Алматы қаласы Астана болған кезде, Қызыорда театры Алатыға көшірі. Рсеейден қазақстанға көптеген музыкантар келе бастайды А .В. Затаевич, Е. Г Брусиловский т.б . Сол жылдары А. В. Затаевичтің “1000 песен Киргизского народа” ( Қырғыз халқының 1000 әндері жинағы шықты ), кейін “500 казакских песен и кюев ” (қазақ халқының 500әні мен күйі ) атты жинағы жарық көрді.Ән айтумен хор өнері дами бастады. 1934 ж. 7 қарашада Алматыда қазақ халқынның тұңғыш “Қыз - Жібек” операсы сахнаға шықты. Опера жанрымен байланысты ән айтумен хор ө нері дамыды. Сол жылдары ән творчествосында жаңа жанр (көпшілік әндер) қалыптасты, жаңа мазмұнымен байланысты жаңа әндер туды. Мысалы: “Қарлығаш”, “Ақ көгершін”, “Су тасушы қыз”, “Отан”, “Гүлденген Қазақсиан”, “Шолпан”, “Туған жер” сияқты әндер.

2. Қазақ халқының профессионалдық хор өнеріне үлес қосқан композиторлар:



  1. Ахмет Жұбанов

  2. Евгений Брусиловский

  3. Латиф Хамиди

  4. Г.Потанин

  5. Сыдық Мұхамеджанов

  6. Мұқан Төлебаев

  7. Бақытжан Байқадамов

  8. Ғазиза Жұбанова

  9. Еркеғали Рахмадиев

  10. Мыңжасар Маңғытаев

  11. Құддыс Қожамяров

Композиторлар А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Л.Хамиди, М.Төлебаев өздерінің операларында қазақтың халық әндерін хорға лайықтап өңдеп, гармониялық, полифониялық құрылымда жазды. Республикалық хор капелласы ұйымдастырылды. Оған көп жылдар бойы А.Н.Молодов жетекшілік етті.А.Молодов Ғ.Ахметовамен бірлесіп қазақтың халық әндері мен қазақ композиторларының әндерін хорға лайықтап өңдеп жазды.

1976 жылы А.Молодов пен Ғ.Ахметовалардың құрастыруымен “Хорға арналған шығармалар” атты тұңғыш қазақ хорларының акапеллалар (сүйемелдеусіз) айтылатын әндер жинағы жарық көрді.


5. Бақылау сұрақатары:

1. Хор репертуарындағы халық әндері

2. Қазақ халқының профессионалдық хор өнерінп үлесін қосқан композиторларды ата

3. А.Жұбановтың хорға арналған шығармаларын ата

№5 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ұлттық опералық-хор жанрлары.

2. Сабақтың жоспары:


  1. Е.Брусиловский, М.Төлебаев опералары

  2. Вокалды симфониялық шығармалары


3. Сабақтың мақсаты: Қазақстанның ұлттық опералық-хор жанрларымен, вокалды симфониялық шығармалармен таныстыру.
Сабақтың мазмұны

1. 1934 жылы 7 қарашада Алматыда қазақтың тұңғыш «Қыз Жібек» операсы сахнаға шықты. Опера жанрымен байланысты ән айтумен хор өнері дамыды. Сол жылдары ән творчествосында жаңа жанр (көпшілік әндер) қалыптасты, жаңа мазмұнмен байланысты жаңа әндер туды.

Профессионалдық хор өнерінде композиторлар А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Л., Хамиди, М.Төлебаев, Б.Байқадамовтардың сіңірген еңбектері өте мол болды. «Қарлығаш», «Ақ көгершін», «Су тасушы қыз», «Отан», «Гүлденген Қазақстан», «Шолпан» сияқты әндер туды. Композиторлар А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Л., Хамиди өздерінің операларында қазақтың халық әндерін хорға лайықтап, өңдеп гармониялық, полифониялық құрылымда жазды.

Е. Брусиловский 12 ноябрь 1905 жылы Дондағы Ростов қаласында – 9-май 1981 жылы Москвада –совет композиторы қазақ совет профессионалдық мрузыка өнерінің негізін салушылардың бірі. ҚазССР-нің халық артисі (1936-1934 жылдан ҚазССР-нің еңбек сіңірген артисі) 1922-1924 жылы Москва консерваториясында (фортепианомен композицияда) оқыды. 1931 жылы Ленинград консерваториясын (профессор М.О. Штейнбергтің класы бойынша бітірді). 1933 жылы СССР композитарлар одағының жолдамасымен Алматыға келді. 1933-1934 жылы музыка драма техникумында (халық музыкасының ғылыми зерттеуші кабинерінде қызмен етті. 1934-38 жылдары қазіргі,

Опера және балет театрының жетекшісі, 1939-1956 жылдары Қазақстан композиторлар одағы басқармасының председателі, 1956-1976 жылдары СССР композиторлар одағы басқармасының мүшесі, 1949-51 жылдары қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі , қазақ музыкасының әртүроі жанрында жемісті еңбек етті. Ол «қыз жібек» (1934 жылы) «Жалбыр»(1935 жылы)» Ертарғын» 1936 ж сияқты халық музыкасы негізінде жазылған тұнғыш қазақ операларын, қазақпен орыс халқының достығын бейнелейтін «Дударай» 1953, тарихи- революция тақырып арналған «Амангелді». 1945 ж. М. Төлебаевпен бірге қазіргі заманда сөз ететін «Алтын астық» 1940 ж. Пен «Мұрагерлер» 1962 жылы операларын «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» 1967 жылы балеттерін, «Советтік қазақстан» контатасын 9 сифония (оның ішінде Құрманғазы мемлекеттік силығына ие болды). Фортепианомен оркестрге арналған концерттер, ораториялар, көптеген хор шығыармаларымен ән-романстар жазды.

Ол 250-ден астам қазақтың халық ән-күйлерін жазып алды. 1944 жылы Алматы консерваториясында ұстаздық , 1955 жылдан профессионал етті. Шәкірттері Б.Байқадамов, А.В.Бычков, К.Күмісбеков, Қ.Қожамияров, Н.Меңдіғалиев, Қ.Ә.Мусин, С.Мұхамеджанов, Е.Рахмадиев т.б. Ленин орденімен еңбек қызыл ту және құрмет белгісі ордендерімен награтталған. «Ертарғын»-Е.Г.Брусиловскидің операсы, либреттосы С.Камаловтікі. Алғаш рет 1937 жылы 15 январда Қазақтың опера және балет театры қойылды. Режисер – ҚазССР-нің халық артисі Қ.Жандарбеков. Басты рольдерде Қ.Жандарбеков пен ССР халық артісі К.Байсейтова ойнады. Операның сюжеті Қазақтың халық ауыз әдебиетінде кең тараған «Ертарғын» батырлық эпосына негізделген.

Операда халықтың ррухани бейнесімен әдет-ғұрпын сипаттауда, басты кейіпкерлердің характерін жасауда және сюжеттік желіні өрістетуде қазақтың 70 ке жуық әндері мен күйлері пайдаланылды. Тарғынның батырлық бейнесін танытатын қаһарлы «Алтыбасар мен Қаракескен» Ақжүністің сан құбылған сиқырлы қылықтарымен опасыз іс-әрекеттерін көраететін «Арарай», «Нназқоңыр» сонымен қатар халық образын беруде Естай Беркінбаевтің «Қорлан» әндері операда сәтті пайдаланылды. Тұңғыш рет көп дауысты хорлармен вокалдық ансамбльдер бой көрсетті. 1969 жылы 22 наурызда опера жаңартылып қайта қойылды.

Режисер ҚазССР-нің халық артисі К.Кенжетаев, дирижер – И.Островский, суретшісі – Қаз ССР-нің халық артисі Г.М.Смайлова. Басты партияларды ССР халық артистері Е.Серкебаев (Тарғын) Р.Жамалова (Ақжүніс) Р.М. Абдуллин (Қапан) орындады және башқұрт АССР-нің музыка театрында қойылды. «Қыз Жібек» - Е.Брусловскидің операсы либреттосы Ғ.Мүсіреповтікі. Алғаш рет 1934 жылы 7 қарашада қазақтың музыка театрында (қазіргі опера және балет театрында) қойылды. Басты партияларды СССР халық артисі К.Байсейтова (Жібек) ҚазССР-нің халық артистері Қ.Байсейтов (Тарғын) пен М.Ержанов (Шеге) орындады. Спектакльді қойған ҚазСССР-нің халық артисі Ж.Шанин. Режисерлері Байсейтов пен И.Г. Боров, суретшісі ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері – А.И. Ненашев, балетмейстрі А.А. Александров, дирижер ҚазССР-нің еңбек сіңірген артисі Ф.А.Кузьмич, операда екі жастың (Жібек пен Төлеген) бір-біріне деген мөлдір махаббаты, патриархалдық-феодалдық заманның кертартпа салтына қарсы іс-әрекеті және аянышты өмірлері суреттеледі.

Мұнда қзақтың вокалдық және аспаптық шығармалары, халық композиторларының (Үкілі Ыбырай, Мұхит, Жаяу Мұса, Тәттімбет) ән-күйлері кеңінен пайдаланылды. Операдағы әсем сазды Гәкку әні Жібек бейнесін, «Алқорайкөк» Төлегеннің Жібекке деген сүйіспеншілік сезімін, ойнақы «Аққұм» Бекежан образын, терме әуеніндегі Шегенің ариясы оның ақындық шабытын, өткір мінезін аша түседі. «Гәкку» әні опера оқиғасының даму барысында бірінші актіде көңілді «шашу биінде» «Алты қаз» көрінісінде, опера финалындағы қыздар қорында)

Қыз Жібектің қойылуы ұлттық мәдениетіміздің тарихында ерекше орын алды, профессионалды музыканың дамуына, әнші-артистердің орындаушылық қабілетін шындауда мол үлес қосты, көптеген әншілердің шеберлігін айқындады. Ал Байсейітова бейнелеген Жібек образы осы күнге дейін әншілік және актерлік шеберліктің озық үлгісі ретінде қалды.1968ж. 27 қаңтарда «Қыз Жібектің» 1000-ыншы қойылуы, режиссер ҚазССР-нің халық әртісі Б. Досымжанов, өнер мерекесіне айналды. Бұған алғашқы орындаушылар қатарында болған. ҚазССР-нің халық артистері Ш. Бейсекова (Жібек), Байсейітов (Төлеген), Қ. Жандарбеков (Бекежан), Ғ Құрманғалиев (Шеге) т.б. қатысты. Дирижер ҚазССР-нің халық артисі Ғ. Н. Доғалиев: суретшісі – ҚазССР-нің халық суретшісі Г. Н. Ысмайлова. «Қыз жібек» қазақ музыка өнерінің асыл мұрасына айналған ұлттық опералардың бірі.

Композитор Мұқан Төлебаевтың творчествосы.



М. Төлебаев 1913ж. Талдықорған облысы Бөрлі- төбе ауданы, Үлгі колхозының Қарашаған елді-мекенінде дүниеге келді. 1951 жылы Москва консерваториясын профессор М.Я.Мояковскидің композиция класы бойынша бітірді. М. Төлебаев қазақ кеңестік социалистік республикасына еңбек сіңірген артист атағына ие болды, ал 1953 жылы кеңстер одағының халық артисі атанған. «Біржан-Сара» операсы үшін мемелекеттік сыйлыққа ие болды. «Коммунизм оттары» контатасы үшін Жамбыл атындағы сыйлыққа ие болды.1960 жылы 47 жасында дүниеден өткен композиторлар Брусиловский мен Хамидимен бірігіп қазақстан республикасының мемлекеттік гимінін жазған атақты опералары Біржан-Сара, Амангелді. Аяқталмай қалған опералары «Нияз бен Раушан» және «Қозы-Көрпеш Баян Сұлу».

2. Вокалды сифониялық шығармалары

«Коммунизм оттары» бұл жеке әншіге, хорға және үлкен симфониялық оркестрге арналған бір бөлімді контата. «Москваға сәлем» деген шығармасы аралас хормен симфониялық оркестрге арналып жазылған.

Хор сюиталары:



  1. «Жастық шақ»

  2. «Костер жыры»

  3. «Шаттық әні»

Аралас хормен фортепианоға арналған. «Соқ барабан», «Семсер», «Қырманда» шығармалары.

Симфониялық шығармалары .



  1. «Қазақ увертюрасы»

  2. «Қазақстан» симфониялық поэмасы.

  3. «Қазақстан» камералық аспаптық шығарма.

Композитор М. Төлебаев көптеген музыкалық кинофильмдерге атап айрқанда, «Алтын мүйіз», «Жамбыл», музыка жазды. Драмалық спектакльдерге де музыка жазды. Көптеген әндер, романстар жазған, қазақтың халық әндерін өңдеген композитор.

«Біржан-Сара» операсының қысқаша мазмұны. Либреттасын жазған Н. Жұмалиев.

Опера «Қоянды»жәрменкесіндегі ақындар айтысы бейнеленген, қатысып отырғандардың арасында басқарушымен Жанбота мен оның Сараға қалым төлеп қойған жақын туысы Жиенқұл. «Біржан-Сара» екеуінің айтысы кезінде бір-біріне деген шынайы сезімдері оянып, бір-бірін ұнтып қалады. Жанбота айтысты тоқтатуға бұйрық береді. Біржан мен Сараның махаббатықатая түседі. Өкіметтің қудалауына түскен Біржан тауға қашады, ал еркінен тыс Жиенқұлға береді.

Біржан білдірмей, өзінің сүйген қызы Сараны құтқару мақсатымен Жиенқұлдың үйіне келеді, сол уақытта күзетшілер байқап қалып Біржанды ұстап қапасқа қамайды. Біржан қамауда отырған жерінде қайтыс болады, домбырасын Сараға береді.


5. Бақылау сұрақтары:

1. «Біржан Сара» операсының мазмұны қандай?

2. Операның басты кейіпкерлерін ата?

3. Вокалды симфониялық шығармаларды ата?

№ 6 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ұлттық опералық-хор жанрлары.

2. Сабақтың жоспары:


  1. А.Жұбанов, С.Мұхамеджанов опералық хор туындылары

  2. Б.Байқадамов опералық хор туындылары


3. Сабақтың мақсаты: Қазақстанның ұлттық опералық-хор жанрларымен, вокалды симфониялық шығармалармен таныстыру.
Сабақтың мазмұны

1. Композитор Ахмет Жұбанов 1906 ж. Қазіргі Ақтөбе облысында дүниеге келген, жастайынан музыканы сүйген ол мектеп қабырғасында жүріп, домбыра, мондалинде, скрипкада, балалайка сияқты музыкалық аспаптарда ойнауда үйренеді. Болашақ өнер иесі 1929-1932 ж. Ленинградтағы музыка техникумымен консерваториядан білім алады.

1936 ж. Қазақ өнерінің Москвада өткен тұңғыш он күдігінде А. Қ . Жұбанов әрі дирижер, әрі композитор ретінде қатынасып, ұйымдастырушы, өнер қайраткері екендігін танытты. Ол академик, профессор, өнертану ғылымының докторы дәрежесіне ие болады. Қазақ музыка мәдениетін дамытуда А. Жұбановтың еңбегі зор болады.

Ол композитор Л. Хамидимен бірігіп, «Абай»операсын жазды. Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрі үшін бірнеше музыкалық күрделі туындылар және «Қарлығаш», «Ақ көгершін», аитты балаларға арналған әндер, қобызға арнап «Ария», «Көктем»тағы басқа көптеген музыкалық шығармалар жазған. А. Жұбанов қазақ музыка мәдениетінің негізін қалаушы, композитор, ғалым, дирижер, оқытушы, публицист және музыка, қоғам қайраткері А. Қ. Жұбанов. Қазақ музыка мәдениетінің даму тарихында

А: Жұбановтың творчествосы толық бір дәуірді құрайды. Атақты әншілермен көркемөнерпаздар композитордың әндерін, хорларын, романстарын орындайды, орындаушылар фортепианоға арналған билері мен пьессаларын, скрипкаға, виолончелге, қобызға және домбыраға арналған шығармаларын орындайды, қазақтың Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрі композитордың билерін, марштарын, фантазияларын, поэмаларын және сюиталарын үзбей орындайды. Көп жылдар бойы академиялық опера және балет театрында А. Жұбановпен Л: Хамидидің «Абай» операсын нәтижелі орындап келеді. Бұл операның либреттосын жазған қазақ әдебиетінің классигі, ұлы жазушы М: Әуезов.

«Төлеген Тоқтаров » операсында А: ЖҰбанов Л: Хамидимен бірге жазған, оның да либреттосын жазған автор А. Жұбанов. Этногров және музыказерттеушісі ретінде А. Қ. Жұбанов мыңнан аса қазақтың ән күйлерін жазып алып, жарыққа шығарды. 300-ден астам ғылыми еңбектермен статиялар жазды. 1932 ж. 1-ші музыка оқулығы «музыка граматасының азбукасы»деген оқулық шығарды.Көп жылғы ғылыми- зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 1942 ж. «Қазақ халық» композиторлары деген кітабы жарық көрді.1958 ж. «Ғасырлар пернесі» атты 10 үлкен монографиялық очергтерден тұратын кітеп жазып шығарды. 1960.ж. «Құрманғазы» атты кітап шығарды. Тағы бір үлкен жұмысы «Ғасырлар үні» ораториясы.



С.Мұхамеджанов – қазақ композиторларының ішіндегі талантты композиторларының бірі. Ол 1924 ж. Қарағанды облысының Шет ауданында туды. Сыдық бала кезінде алғаш қзақтың ән- күйлерін өз әкесі - әрі домбырашы, қобызшы Мұхамеджаннан есітеді. Алғаш «Елім-ай»,»Сәулем-ай»сияқты халық әндерін әкесінен үйренеді. Балқаш қаласында бастауыш мектепте оқып жүрген кезде жұмысшылардан ұйымдастырылған домбыра оркестріне қатысып, онда «Кеңес», «Тепең көк», «Келіншек», күйлерін үйренеді. Бұл кезде Сыдық өз бетімен мандалин, скрипка тартуға талаптанады. Облыстық олемпиадаға қатысады.

Осы мектеп жасынан бастап Сыдық музыкаға жан- тәнімен беріледі. 1940 ж. С. Мұхамеджанов Алматыға келіп, көркем өнер үйірмелерінің жетекшілерін дайындайтын үш айлық курста оқып,онда нота сауатымен танысады. Бұл болашақ композитордың музыкағадеген ынта жігерінің өсуіне үлкен себеп болды.Сыдық енді өз ойынан ән шығару ісімен шұғылданады. Оның алғашқы шығарған әні «Жорық жыры», деп аталады.

1943ж. С.Мұхамеджанов Алматы музыка училищесінің теоретика композиторлық бөліміне оқуға түседі. Мұнда оқып жүріп, «Жан сәулем», «Ақмаңдайлым», «Қара көз», деген әндер жазды. Бұл жылдары Сыдық өмірдің кейбір жағдайларына байланысты олқудан қол үзіп, біраз уақыт Жамбыл облыстық концерттік – эстрада бюросында артист және көркемөнер үйірмелерінің жетекшісі болды.Осы кездерде де Сыдық біраз әндер жазды. Оның ішінде «Жарқ етпес қара көңіім не қылса да », «Бесік жыры», «Қызғалдақ», «Алақай», сияқты әндерін жазды. 1949 ж. Сыдық Алматы музыка училищесіне қайта оқуға түсіп, оны бітіріп шыққаннан кейін, 1980 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясының композиторлық бөліміне оқуға түсті.

Консерваторияда оқып жүріп «Шолпаным», «Ауыл түні», «Жылқышы әні», сияқты әндер шығарумен қатар, қазақтың халық музыка аспаптарына арнап «Шаттық Отаны», атты симфониялық күй, «Балқадиша», атты вариациясын скрипка үшін «Соната», симфониялық оркестр үшін «Домбыра туралы баллада» сияқты шығармалар жаздщы.Мұнымен қатар «Алдар көсе», «Жүрек сырлары», «Ашынған жандар», «Кеше мен бүгін», «Ана мен бала», «Біз Жетісуданбыз» деген кинофильмдерге музыка шығарды. Соңғы жылдары С. Мұхамеджанов ән шығару әнерімен көп шұғылдануда. Оның ішінде а,капелла хорына арнап «Көтерілген тың» сюитасын , жалпы хорға арналған «Жастар маршы», «Қытай еліне сәлем» «Жаса туған пртия», жеке дауысқа арнап «Көктем вальсі», «Есімде», «Сені ойлаймын», «Сырлы қайың» сияқты әндерді ерекше атап айтуға болады.

2. Б. Байқадамов 1917 ж. 11 наурызда Торғай облысында дүниеге келген. Ол қазақ совет композиторы. 1937ж. Алматы педагогикалық институтын бітірді. Онда математикадан сабақ берді. 1939 ж. Композиторлар курсында шұғылданады. 1954 ж. Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік консерваториясын композиция класы бойынша Брусиловскидің класын бітірді. 1941 ж. Қазақстан радиокомитетінде хормейстр болып істейді. 1947-1949 ж. Қазақтың әйелдер ән-би ансамбіліне көркемдік жетекші болды. 1948-52 ж. Қазақстан мемлекеттік хорына көркемдік жетекшіболды. Кейін Жамбыл атындағы қазақ филормониясына жетекші болды.

1960-1963 ж. Қазақтың қыздар педагогикалық институтында оқытушы болды. Б: Байқадамовтың көптеген хор шығармалары, романстары, хор-поэмалары бар. Оның «Қайырла таң», «Сүйген сұлу сәулем », «Жайлау». «Құдаша», «Соғыс қайта болмасын»,»Костер жыры», хор шығармалары бар. Сонымен қатар «Біздің Тарас», «Дала сандуғашы», романдары бар.Ә. Жангелдин туралы ән «Солдат биі», сонан соң Құрманғзының «Ақбай», «Ақсақ киік», «Айжан қыз», күйлеріне дуэті және хор поэмаларын жазды. Акапелла хоры үшін төрт поэма жазды. Олар Шопан айы, Келін арманы. «Колхоз слетіндегі айтыс »,»Еңбек ұраны».т.б.


5. Бақылау сұрақатары:

1. А.Жұбановтың хор туындыларын ата?

2. С.Мұхамеджановтың хрп туындыларын ата?

3. Б.Байқадамовтың хор туындыларын ата?

№7 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Орыстың опералық хор туындылары.

2. Сабақтың жоспары:


  1. Опера жайлы түсінік

  2. М.Глинка, А.Даргомыжский


3. Сабақтың мақсаты: орыстың опералық хор туындыларымен таныстыру
Сабақтың мазмұны

1. Опера дегеніміз-сахнада қойылу үшін жазылған көлемді музыкалық драмалық шығарма. Операдағы барлық сөз бен қимыл музыка арқылы жеткізіледі. Оны орындауға жеке орындаушы да, ансамбль де, хор да, оркестр де қатысады. Операда ән, ария, би, симфониялық шығармалар орындалады. Операны бірнеше жанрлардың жиынтығы деп қарауға болады. Онда ең әуелі либретто болуы шарт, сондай-ақ сахнаға бейімделген музыка жазылады, сахналық көріністерге байланысты түрлі декорациялар, киімдер дайындалады. Операға қатысты терминдерге тоқталып өтсек.

Либретто-опера балет және ораторияның әдеби поэтикалық мәтіні.

Лейтмотив-музыкалық шығарманың негізгі әуені және осы әуеннің бүкіл шығарма бойына жүріп отыруы.

Увертюра – опералық шығарманың орындалу алдындағы музыкалық кіріспесі.

Ария – белгілі бір кейіпкердің бейнесін ашатын жеке ән.

Ариоза – арияның шағын түрі.

19 ғасырдың бас кезінде белең алған романтикалық тенденцияға байланысты опера жанрында, аңыз ертегі мен халықтық-эпикалық, қаһармандық тақырыпқа (С.И.Давыдовтың «Леста, Днепр су перісі», К.А.Кавостың «Илья батыры», «Иван Сусанині» т.б.) ден қою басым болды. Романтикалық операның Глинкаға дейінгі ірі өкілі А.Н.Верстовский баллада жанрына да елеулі еңбек етті. 30-40 жылдары М.И.Глинка творчествосы классикалық орыс музыкасының жаңа дәуіріне жол ашты. Оның творчествосы арқылы орыс музыкалық мектебі ұлттық европалық музыка мектептерінің алдыңғы санатынан орын алды. Осы тұста музыкалық бейнелей құралының кілтін адамның шынайы сөйлеу тілінен іздеген А.С.Даргомыжеский қанық бояулы, әлеуметтік шындыққа толы музыкалық образдар ( «Тас мейман» т.б.) жасады. 50-60 жылдары музыка өмірінің ауқымы кеңіп, кәсіби музыкалық білім беру қлға алынды. Бұл салада А.Г.Рубинштейннің басшылығымен ұйымдастырылған Орыс музыка қоғамы елеулі еңбек етті. Петербург (1862), Мәскеу (1866) консерваториялары шаңырақ көтерді. 1862 жылы Петербургте тегін оқытатын музыка мектебі ашылды. 60 жылдардағы революциялық-демократиялық идеялар «Құдіретті топ» композиторларының творчествосынан айқын көрініс тапты.

2. Михайл Иванович Глинка (1804-1857).

Глинка – орыс халық классикалық музыкасының негізін қалаушы ұлы орыс композиторы. Оның «Иван Сусанин» және «Руслан и Людмила» опералары арқылы тарихи эпос пен салт-дәстүрді бейнелейді. Мұнда басты кейіпкер ретінде халықтарды бейнелей отырып, мұнда біріккен сахналық хорды Глинка өзінің операсында байқатты.

«Иван Сусанин» операсындағы интрадукция хоры естіледі. Оның бір бөлімінде орыс әскерлерін крестян хорымен өздерінің селосына қарсы алады. Халық әндерінің стилімен «Менің отаным» хорын жазды. Басты тақырып кең көлемде шығалы, ал оны ұстап тұрушы ерлер хоры. «Хороша у нас река» бұл хорда тенор мен альт унисонда айтылады. «Разгулялися разливалися»-операның үшінші көріністің хоры. Өлешімі 5/4.

Операдағы басты идея орыс халқының ерлігі мен патриоттығын бейнелейді. «Руслан и Людмила» операсының бірінші және бесінші қимылдары ескі Рустың музыкалы мінездемесі жарқын берілген. Интрадукциясы Киевтік княз Светозардың бақшасында үйлену тойдың әдет-ғұрыптарын суреттейді. «Ах ты свет Людмила» аралас хоры өте қайғылы, Людмилының қоштасуы және мәңгілік ұйқыға кеткендігі туралы. Хор әртүрлі ладта жазылған. (ре-moll – фа dur –ре moll) . Куплетті варияциялық формада жазылған.

Екінші хоры «Не проснется птичка утром» бұл хор басқаларға қарағанда мелодиясы өте толқынды және өте жұмсақ.

Даргомыжский Александр Сергеевич 1813 жылы 14 ақпанда Тульск губерниясында дүниеге келген.

1834 жылы Даргомыжеский Глинкамен кездесіп, өзінің бірінші операсын жазды. Көптеген ізденістерден кейін композитор В.Гюгоның “Собор Парижской богоматери” атты романының сюжетін таңдайды. Композиторға романдағы романтикалық сюжет, адамның күшті мінез-құлық көріністері, драматизмнің күштілігі ұнайды. “Эсмеральда” атты операны созылып, 1841 жылы аяқтайды. Осы кезде композитор Пушкиннің “Торжество Вакха” атты өлеңіне кантата жазады, кейіннен бұл кантата операға беріледі.

Уақыт өте келе Даргомыжеский өзіндік ерекшелігі бар композитор ретінде кеңінен таныла бастады. 1840 жылдардың басында Петербургте аспаптық және вокалдық әуенге қызығушылар орталығы пайда болды. Бұл орталықтың басшысы, оркестр мен хор жетекшісі болып Даргомыжеский тағайындалады.

Даргомыжеский ұлттық орыс операсын жазуды армандайды. Сөйтіп Пушкиннің “Русалка” атты князға алданған қарапайым шаруа қызының қайғылы өмірін суреттейтін әлеуметтік драмасын таңдайды. Композитор бұл операны әдебиеттегі ұлттық поэзияның ауызша үлгілері мен салт-дәстүр, әдет ғұрыптарды пайдалана отырып жазады.

1840 жылдардың соңында Даргомыжеский шығармашылығы үлкен жетістікке қол жеткізеді. Оның ең алғашқы “Эсмеральда” атты операсы Мәсукедің опералық театрында қойылуға алынады. 1874 жылы желтоқсанда бұл операның премьерасы сәтті өтеді. Бұл жетістік композиторда қуаныш сезімдерін ұялатып, “Эсмеральда” операсын петергтік театрларда қоюға шешім қабылдайды.

Даргомыжеский “Русалканы” және музыкалық туындыларды жазуды тоқтатып, өз уақытын әншілерді дайындауға жұмсайды. Даргомыжескийде Глинка сияқты ұлттық вокалдық мектепті дамытуға ат салысады.

1853 жылы сәуірден бастап композитор “Русалкамен” жұмыс жасауды қайтадан қолға алады. Осы жылы Одоевскиймен және басқада достарының көмегімен Даргомыжескийдің шығармаларынан құрылған концерт өткізілді. Онда Петербургтің атақты әншілері мен Полина Виардо қатысады.

“Русалканың” премьерасы 1856 жылы 16 мамырда Петербург театрының сахнасында қойылды. Бұл спектакльге ең үздік әртістер қатысты. Бірақ бұл опера ешқандай жетістіктерге қол жеткізбеді. Сол кездегі аристократтық басылымдар ең негізгі деп императорлық театрларға барушыларды танып, отандық композиторладың операларына назар аударатын. Бірақ бұл операны Глинка өте жоғары бағалаған.

“Русалка”, сонымен қатар “Иван Сусанин”, “Руслан и Людмила” классикалық үлгідегі опералар болып, орыстың ұлтттық опера мектебін жоғары дәрежеге көтерген.

Шетеде жүрген кезінде композитордың қарындасы Софья достарымен бірлесіп император театырында “Рускалканы” қоюға келіседі.

“Русалканы” сахнада қою 1865 жылдың ең соңғы айларына жоспараланды. Осы спектакль арқылы 1867жылы А.Г.Рубинштейн Даргомыжескийді орыс музика қоғамына шақырады. Ол кейінен осы қоғамның жетекшісі болып тағайындалады. Балакиревтің шақыруымен симфониялық концерттерде дирижерлық етеді.

Композитордың шығармашылыққа қызығуы арқасында ол өзінің “Каменный гость” атты операсын жазды Бұл опера Пушкиннің “шағын трагедиясының” негізінде жазылған. Бірақ бұл операны даргомыжеский аяқтай алмай, оның жас достары Кюи мен Римський-Корсаков аяқтайды. Бұл операның прьемерасы 1872 жылы қойылады.


5. Бақылау сұрақтары:

1. М.Глинканың опералық хор туындыларын ата?

2. А.Даргомыжскийдің опералық хор туындыларын ата?

3. „Иван Сусанин“ операсы қандай жанрда жазылған?


№8 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Орыстың опералық хор туындылары.
2. Сабақтың жоспары:

  1. А.Бородин, Римский-Корсаковтың опералық хор туындылары

  2. П.Чайковскийдің опералық хор туындылары


3. Сабақтың мақсаты: орыстың опералық хор туындыларымен таныстыру
Сабақтың мазмұны

1. ХІХ ғасырдың 60-70 жылдары Ресейде өнер мен әдебиеттің барлық саласы, сонымен бірге музыкада ұлттық, демократиялық бағытта дамудың жаңа бет алысы басталды. Петербургте Мәскеуде тегін оқытылатын музыкалық мектептер, ағайынды композитор, әрі дирижер, пианистер Антон және Николай Рубинштейндер ұйымдастырған орыс музыка қоғамы ашылды. Петербургте, Мәскеуде музыкалық жоғарғы оқу орындары ашылды. Дәл осы кезде тамаша музыканттардың басын қосқан “Қуатты топ” ұйымы құрылды. М.А.Балакиревтің осы ұйымда М.П.Мусоргский, А.П.Бородин, Н.А.Римский-Корсаков, ц.А.Кюй секілді ең таңдаулы композтиорлар болды. Оның идеялық дем берушісі әйгілі өнер қайраткері В.В.Стасов болды. “Қуатты топ”ұйымындағы композиторлардың негізі мақсаты ұлттық музыканы М.И.Глинканың дәстүрібойынша дамыту, байыту болды. Оладың көпшілігі тарихи өмірдің шындығын музыка сыры арқылы ақиқатты көрсетуші еді. М.П.Мусоргскийдің “Борис Годунов”, “Хованщина” операларынан, Н.А.Римский-Корсаковтың “Посковитянка”, “Патша қалыңдығы”, А.П.Бородиннің “Князь Игор” операсынан осыны көреміз.

А.П.Бородиннің “Княз Игорь” операсының негізгі мазмұны орыс халқының ертедегі, 12 ғасырда жазылған “Игор полкы туралы сөз” атты поэмадағы 1185 жылы Игорь Святославич Новгород-Северскийдің көшпелі дала халқына – қыпшақтарға жорығы суреттелетін оқиғасы алынған.

Опера сюжетін құруға, сценарийін жасауға В.В.Стасов өз пікірін ұсынып негізгі идеясын айтыымен-ақ Бородин халық музыка творчествосын эпикалық әндерді, ата-бабасы Орта Азия жерін мекендеп, кейін Венгрияда тұрақтап қалған елдердің шығыс әуендерін жазып алады.

А.П.Бородин “Княз Игор” операсын жазуды 1869 жылдан бастап қолға алған. 1847 жылы А.П.Бородин әртүрлі себептермен тоқтап қалған “Княз Игорь” операсын аяқтады.

Римский-Корсаков ұйымдастырған жас композиторлардың «Могучая кучка» тобына қатысып, Мусоргский, Бородин, Стасовтармен танысты. 1880 жылдардың ортасында Лядов петербург музыканттарының «Беляевтың үйірмесі» атты жаңа бірлесітікке мүше болды. Мұнда Беляевтың жетекшілігімен, Римский-Корсаков, Глазунов, Лядов әртүрлі шығармаларды баспадан шығару жұмыстарымен айналысты. 1878 жылдан консерваторияның профессоры болды. Онда ол аспаптық кластардан дәріс берді. Шәкірттері: Прокофьев, Асафьев, Мясковский.

1880 жылдың соңында Лядов миниатюра жазудың шебері ретінде танымал бола бастады. Ол «Баба-Яга», «Волшебное озеро». «Кикиморе» миниатюралардың, «Балалар әндері» жинағының, «Кеше» симфониялық музыкасының, «Фортепианоның сүйемелдеуіндегі бір дауысты орыс халқының әндері» еңбегінің авторы.

2. Петр Иьлич Чайковсий (1840-1893) ұлы орыс композиторы, дирижер және педагог. Оның музыкалық дарыны өте ерте пайда болды. Ол профессионалдық музыкамен дайындығын 1861 жылы бастады. 1862 жылы концерваторияға түсіп, 3 жылда бітіріп, кейін Москва консерватроиясында профессор атанады. П.И.Чайковский бізге үлкен мұра қалдырды. Бұл 10 опера, 3 балет, 7 симфония, сифониялық оркестрге арналған 4 сиюта, 100 ге жақын фортепианоға арналған пьесалар, 100 ден жоғары романстар, квартеттер.
5. Бақылау сұрақтары:

1. А.Бородиннің опералық хор туындыларын ата?

2. Римский-Корсаковтың опералық хор туындыларын ата?

4. П.Чайаковскийдің опералық хор туындыларын ата?

№ 9 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы : Халық әндерінің хор репертуарынан орын алуы.
2. Сабақтың жоспары:


  1. Халық әнінің адам өмірінен алатын орны

  2. Ақан-сері, Біржан, Балуан Шолақ, Мәдидің әндерінің хорда орындалуы



3. Сабақтың масаты: қазақ халқының мол мұрасы – халық әндерінің хор репертуарларымен, халық коммпозиторларымен таныстыру.
Сабақтың мазмұны

1. Халық әні- бұл ежелден келе жатқан ауызша шығармашылықтың бір түрі. Халық әні адамдардың тұрмыс-салт дәстүрлерімен бірге еңбек қызметтеріне байланысты болған. Халық әні қатар және шумақ формасында жиі мәнерленіп орындалады.

Халық әні шешуші мәнге ие жеке шығармашылық процесс.

Халықтық өлеңдердің репертуарында ерекше орынды ақындардың сөзіне жазылған өлеңдері және халықтық әндерге қабылданған авторлық әуендердің фольклорлық варианттары алады. Халық әні әр халықтың өмірінде, мәдениетінде үлкен орын алады. Адам өмірін әнсіз елестету мүмкін емес, адам өмірге әнмен келіп әнмен өтеді.

Абай Құнанбаев қазақтың ұлы ақыны. Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Өз әкесі Құанбай, арғы атасы Ырғызбай, атасы Өскенбай бәрі де тобықты руының билеушілері болған. Абай жас кезінен ақ өлең, әңгіме, ертегі аңыздарды естуге әуес болды. Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі аңыздар Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері болып саналады. Абайдың зор еңбегі сол, ол халықтардың бір-бірімен туысқандасуына музыкалық өнердің пргрешіл маңызы барлыған терең ұғынды. Сөйтіп өзінің ән-күй шығармашылығымен бұл ұлы іске жемісті түрде үлес қосты. Абай өз өлеңдерінің әндерін жазып алған жоқ, халық дәстүрі бойынша ауыздан ауызға көшу арқылы осы дәуірге жетіп отыр. Абай әндері өздерінің сан жағынан көп еместігіне қарамастан, ақынның музыкалық талантының зор және сегіз қырлылығын көрсетеді. Сонымен ән-күй шығармашылығында Абай өз халқының жалынды ағартушысы, халқының досы, әрі ағартушысы және қазақ халқы мен орыс халқы арасында достық пен туысқандықтың қорғаушысы болып саналады. Абай әндері: “Айттым сәлем Қаламқас”, “Желсіз түнде жарық ай”, “Бойы бұлғаң”, “Онегиннің Татьянаға жазған хаты”, “Көзімнің қарасы”, “Сегіз аяқ” т.б.

2. Ақан Сері.1843 жылв Көкшетау облысы, Қоскөл елді мекенінде дүниеге келді. Кейбір жазбаларда 1834 жылы туылған деп айтылады. Ақан Сері 1913 жылы қайтыс болады. Әндері: “Балхадиша”, “Белде, белде, бел асар”, “Желдірме”, “Қараторғай”, “Көкжендет”, “Құлагер”, “Мақпал”, “Маңмаңгер”, “Нурила”, “Сырымбет” т.б.

Құлагер әнінің шығу тарихы Әлібек батыр Ақан Серіге “Қараторғай” атты бүркіт береді. Жылдар өте береді. Бүркіт қартаяды. Ақан Сері күні өтіп бара жатқан құсына қарап “Қараторғай” әнін шығарады.

“Жас кезімізден бірге өскен құрбым едің,

Сені қалай мәңгілікке жоғалтамын” деп жырлайды.

Біржан сал. 1831 жылы Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Ербол атты елді мекенде дүниеге келді. 1894 жылы өмірден өтеді.

Шығармалары: Композитордың белгілі әндері: “Айтбай”, “Аққуым”, “Ақ серкеш”, “Алтын балдақ”, “Біржан сал”, “Бұрым”, “Ғашық жар”, “Жайма шуақ”, “Жамбас сипар”, “Кернекіл”, “Ләлім шырақ”, “Мати Дәулен”, “Тел қоңыр” және басқалары.

Майра 1896 жылы Повлодар қаласында дүниеге келіп 1929 жылы қайтыс болған. Әндері: “Бақша”, “Ертіс”, “Қызыл гүл”, “Майра” және басқалай “Ертіс” әнінің туу тарихы. Майраның балалық шағы суы кемерінен асқан Ертіс өзенінің жағасында өтті. Балалық шағы, есейіп бой жеткен кезі қуанышы мен қайғысы, барлығы осы Ертіс өзенімен байланысты. Бұл әнді Майра өмірінің соңғы жылында шығарған. Екінші бір теңдесі жоқ әні “Бақша”. Майра өзінің сүйген жары Әбілмәжіммен өте бақытты өмір сүреді. Бірақ бақыты көпке созылмайды. Сол кезе өзінің жоғалған махаббатына деген ыстық сезімін Майра осы әнрінде білдіреді.

Балуан Шолақ 1864 жылы Жамбыл облысының Хан тауы етегінде дүниеге келген. Шын аты Нұрмағамбет. Оны Шолақ деп атап кеткен. Себебі оның бала жасынан оң қолының саусақтары мыжылған болатын. Ол 1919 жылы дүниеден өтті. Шығармалары: “Ғалия”, “Дікілдек”, “Желдірме”, “Кенже қоңыр”, “Кокчетау”, “Қос алқа”, “Қос б арабан”, “Талды көл”, “Сарын”, “Сентябрь” және басқалар.

“Ғалия” әнінің қысқаша мазмұны. Балуан Шолақтың өмірінде өте келісті келген ұзын, аппақ қардай сұлу Ғалия есімді қыз үлкен орын алған. Ғалия әнін композитор аз да болса жүректе мәңгілікке қалған шынайы махаббатына арнайды. “Сентяберь” әнінің мазмұныны Шолақ жақсы шабандоз балуан болатын. Сентябрь жәрмеңкесінде 50 пудтық ауырлықты көтереді. Бұл оның өмірге қызығушылық сезімдерге толы, көңілді сентябрь әнінің тууына себеп болады.



Мәди 1880 жылы Семей Губерниясы, Қарқаралы ауданының Едірей ауылында дүниеге келген. Кейбір анықтамаларда Мәдиді 1888 жылы туылған дейді. 1921 жылы өмірден өткен. Әндері: “Қара кесек”, “Мәди”, “Шіркін-ай”, “Ұш қара”. “Қара кесек” әнін түрмеде отырған кезінде, бостан-бос өтіп жатқан сүреңсіз өміріне арнап жазған. Бірақ ол қажымайды, қайта қайраттанып “Қара кесек” әнін жазады. “Шіркін-ай” әні бұл әнді түрмеден шыққан жазады. “Мәди” әні ұлы октябрь социалистік революциясы орнаған қуынышымен туады. Мәди кеңес үкіметіне көмектесуіне тырысады. “Мәди” әні қуанышқа, шаттыққа толы ән.
5. Бақылау сұрақтары:

1. Абай әндерін ата?

2. Ақан Серінің әндерін ата?

3. Балуан Шол ақтың әндерін ата?

№ 10 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Балалар хор шығармашылығы.
2. Сабақтың жоспары:

1. Балалар хор үйірмелері.

2. Балаларға арналған хор шығармалары.

3. Балалар композиторлары.


3. Сабақтың мақсаты: хор үйірмесіне белесене қатысуды, балалардың музыка тілін жақсы, терең түсінуін қалыптастыру

Сабақтың мазмұны

1. Мектепте сыныптан тыс музыкалық жұмыстың ең көп тараған түрі – хор үйірмесі. Хор үйірмесіне белсене қатысу, баланың музыка тілін жақсы терең түсінуіне әсерін тигізеді. Баланың өз орындауына жауапкершілігі артып әншілік шеберлікке дағдылана бастайды. Хор шығармаларын көркем орындау шеберлігі оқушының сол шығарманы жете терең түсінуіне, ән-хор дағдыларын меңгеруіне байланысты жүзеге асады. Әр шығарманың өз мәнрінде мағынасын сезіну, сол шығарманы беріле орындау, баланың музыкаға деген сезімін, ынтасын, орындау шеберлігін тәрбиелейді.

Міне, осындай жұмыстар жүргізу арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беріледі. Хор үйірмесінің негізгі мақсаты оқушылардың музыкалық қабілеттерін арттыру, хор шығармаларына қызықтыру, музыкалық ой-өрісін кеңейту. Сонымен қатар оқушылардың ән сабағынан алған білімдерін әрі қарай өсіре отырып жетілдіру, осы хор үйірмесінің негізгі міндеті. Сондықфтан да хор үйірмесінің сабағында өткен әндерді қайталамай, одан гөрі күрделірек шығармаларды репертуарлық жоспарына енгізіп, жоғары музыкалық талаптарға сай орындаттыруға тиіс. Балалар хорының орындаушылық сипаты жас ерекшеліктерне байланысты.

Вокалдық орындау мүмкіншіліктерімен тығыз байланысты. Хор ұйымдастыруда балардың жас ерекшеліктеріне көп байланысты. Міне осыған байланысты хор үйірмелері оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.



  1. Кішкентайлар хоры 1-3 сынып оқушылары.

  2. Орташалар хоры 3-5 сынып оқушылары.

  3. Үлкендер хоры 5-8 немесе 8-11 сынып оқушылары.

2. Балалар хорына арналған шығармалар көптеп саналады. Олар сүйемелдусіз айтылатын әндер – аккапеллалар, сүйемелдеумен айтылатын әндер, жеке әншімен хорға арналған шығармалар. Балалар хор шығармалары әртүрлі сипатта, әртүрлі ырғақта, екпінде, жылдамдықта жазылады. Мазмұны жағынан әртүрлі болады. Хор шығармалары көпшілігі сүйемелдеумен орындалады. Балалар компоиторлары көптеп саналады. Олар - Ө.Байділдаев, И.Нүсіпбаев. К.Қуатбаев.

3. Ө.Байділдаев 1932 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Күнбатыс ауылында дүниеге келген. 1954 жылы Алмати мемлекетік консерваториясын бітірген. Шығармаралы: “Туған Отан”, “Шырқа ән”, “Жаңа жылдық ән”, “Сен бәріненде сүйкімдісің”, “Шекарашылар әні”т.б. Ө.Байділдаев 5 сыныпқа оқулық жазған композитор. Балалардың дауыс ерекшеліктерін олардың дауыс көлемін жақсы білетін композитор, әндері жеңілдіктерімен, жүрдектіліктерімен, көңілділігімен, жұмсақтылығымен, әуезділігімен дараланады.

Б.Байқадамов – 1917 жылы Торғай облысында туды. Б.Байқадамов Жамбыл атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Москва қаласында өткен дүниежүзілік фестивальдің лауреаты. Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер. Шығармалары: опарасы “Ағайша”, музыкалық комедія “Майра”, “Жас өмір” драмасына жазған музыка. Сүйемелдеумен “Балалар әндер жинағы”, сүйемелдеусіз “Балалар сюитасы”, “Біз Отанды сүйеміз”, төрт хор поэмасы, вокалды-хореографиялық композициялар.

И.Нүсіпбаев – Қазақстандағы көрнекті балалар композиторы. Шығармалары қарапайымдылығы мен турашылдығы мен әуеннің кеңдігімен, терең мазмұнымен ерекшеленеді. Әндерінің тақырыптары әртүрлі: Отан тақырыбы, туған ел, туған жер, мектеп тақырыптары. Мысалы, “Мұғалім ғазиз, мұғалім”, “Мұғалім ол біздің”.

Қ.Қуатбаев – 1935 жылы Талдықорған облысы, Сарқант ауданы, Сарқаант ауылында туылған. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консераторияны дирижерлау класы бойынша бітірген. Шығармалары: “Балаларға арналған әндер, билер ойындар”, “Таңсәріде”, “Ол не, бұл не”, “Музыкалық сауат”, “Қысқаша музыкалық сөздік”.
5. Бақылау сұрақатары:

1. Балалардың дауыс диапазонын ата?

2. Балаларға арналған хор шығармалары?

3. Балалар хор студиясы?

4. Қ.Қуатбаевтың хор туындылары?

5. И.Нүсіпбаевтың хор туындылары?

№11 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Шетел классик композиторлары
2. Сабақтың жоспары:

1. В.А.Моцарт, Ф.Шуберт шығармашылығы және хор туындылары

2. Ф.Мендельсон, Р.Шуман шығармашылығы және хор туындылары
3.Сабақтың мақсаты: шетел классик композиторларының хор туындыларымен, шығармашылығымен танысу
Сабақтың мазмұны

1. Вольфганг Амадей Моцарт (1756-1791) шығармашылығы.

В.А.Моцарттың шығармашылығының көпшілігін хор музыкасы құрайды.Ол хор мен оркестге арналған төмендегідей күрделі құрылымдағы шығармалар жазған. “Кающиеся Давид”(Өкінген Давид), “Освобожденная Бетулия”(Босатылған Бетулия). Сонымен қатар мессалар, үлкен месса до минор “Күнге”(К солнцу) атты діни және ақсүйектік кантатасын жазды. “Реквием” композитордың теңдесі жоқ соңғы туындасы. Камералық шығармалардың ішінде бірнеше мотеттері және діни шығармалары “Kуrie” “Misserere” гимндер, канондар және басқалары бар. Моцарттың жазғы кеш және “Ave verum corpus” деген хорлары өте танымал. Жазғы кеш төрт дауысты аралас хорға арналған хор миниатюрасы. Хор музыкасы тыныштыққа, тазалыққа толы. Кешкі табиғаттың суреті жарық сәуле, таза ауаға байланысты адамның көтеріңкі көңіл күйін шебер суреттеген.

“Ave verum corpus” хоры Моцарттың тағы да бір теңдесі жоқ миниатюрасы. Оның тональдіктері ре мажор, ля мажор, фа мажорда жазылған. Осы шығарманың көркемдік қасиетін П.И.Чайковский өзінің “Моцартина” деген кантатасында қолданған.



Франц Шуберт (1797-1828) шығармашылығы.

Австрияның көрнекті композиоры, Вена романтикалық мектебінің негізін қалаушы, жас күнінен хор музыкасымен етене араласқан, сарай әншісі болған, кейін Вена сарай капелласында әнші болған үлкен өнер иесі. Шуберттің хор шығармашылығы әртүрлі. Мессалар, кантаталар, олардың арасында “Мириамның жеңіс әні” және жүзден аса әртүрлі құрамға, әр түрлі санға арнап жазған хор шығармалары. Шуберттың хорларында оның романстары мен әндеріндегі сияқты вокалдық ән жазу шеберлігі көрінеді, Австрия ұлттық музыкасымен байланысы сезіледі. 50 ден астам хор миниатюралары ерлер даусына арналып жазылған, XIX ғасырдың басында Австрия мен Германияда ерлердің ансамбльдік ән айтуы кеңінен таралған болатын. Шуберттың ерте кездегі шығармалары өте жарық, өткір тіл мен табиғатты, махаббатты жырлаған. Кейбіреулері бір куплет, кейбіреулері екі-үш бөлімді құрылымнан тұрады. Мысалы хорлары: “Түн”, “Хоровод”, “Махаббат”, “Ескекшілер әні”, “Алыстағы аруға”. Кейбір хорлары лирико-табиғаттың мазмұнында күрделі формада жазылған. Олар: “Бұлбұл”, “Көктем әні”, “Табиғаттан ләззат алу”, “Ауыл”, “Серенада”, “Махаббат әмірі”. Хор жанрында болмасын, ән жанрында болмасын Шуберт адамның ішкі дүниесін, оның сезімін, көңіл-күйін шебер бейнелеген.



2. Мендельсон Бартольди – неміс композиторы, дирижер, органшы, музыка қоғамының қайраткері. Дәулетті жанұяда туып, жалпы және терең музыкалық білім алған. К.Ф.Цельтер (композициядан) мен Л.Бергерден (фортепианодан) оқыды. Фортепиано, скрипкада ойнаумен және музыка шығарумен жас кезінен-ақ шұғылданды. 1829 жылы Мендельсонның басшылығымен Берлинде И.С.Бахтың “Матфейше азаптары” орындалып, ол ХІХ ғасырдағы бахтық вокалдық музыканың “қайта өркндеуіне” негіз салды. Мендельсонның Италияда (1830), Парижде (1832) т.б. жерлерде болуы әрі көрнекті музыканттармен, солардың ішінде Ф.Листпен танысуы оның талантын ұштай түсті. 1835 жылдан Лейпцигтегі Гевандхауз концерттеріне жетекшілік етті. Ол осында Германияның тұңғыш консерваториясын ұйымдасытырып, Лейпциг мектебінің негізін қалады. Мендельсон табиғатты, фантастиканы, ұлттық-поэтикалық образды аса нәзік, гармониялық сезімталдылықпен суреттеп музыка тілімен жеткізе білген және классикалық дәстүрден қол үзбеен романтик-композитор. Әр түрлі жанрда көптеген шығармалар жазды: оркестрге арналған “Жазғы түндегі құс” (1826), “Теңіз тыныштығы және сәтті жүзу” (1828), “Мелузина ару туралы ертегі” (1833) увертюралары, “Италияндық” пен “Шотладық” (1833,1842) атты симфониялары, скрипка мен оркестрге арналған концерті (1844), фортепианоға арналған 2 концерті (1831,1837) т.б. Мендельсон шығармалырының толық жинағы (36 том( 1874-1877 жылы Лейпцигте басылып шықты.

Роберт Шуман – неміс композиторы, музыка жазушысы, қоғам қайраткері. ХІХ ғасырдағы прогрессшіл романтикалық өнердің көрнекті өкілі. Ол 1828 жылы 1810 жылы 8 шілдеде Цвиккору қаласында дүниеге келген. Оның музыка мен таныстығы 6 жасында басталды. 7 жасында музыкалық шағырмалар жаза бастады. Оның ең алғышқы би мен фортепианоға арналған шығаралыры жарық көрді. Р.Шуманның ұстазы жергілікті педагог Кунит алғышқы музыкалық білімнен басқа ештеңе үйрете алмады. Бірақта жас баланың керемет пианисті қабілеті үлкен табыстарға жетті. Ол гимназиядағы мерекелік кештер мен концерттерде өнер көрсетті. Р.Шуманның үйі ноталық әебиеттерге толы болды. Аса қызығушылық пен Моцарт пен Вебердің опералық клавирімен танысты. Гимназияда оқып жүрген кезінде 4 қолға арналған Моцарт, Бетховен, Гайдн шығармаларымен танысты. Осы кезден бста музыкалық қабілеті ашылды. Ол кәсіби музыкант болуддыармандады. Бірақ 1826 жылы әкесінің өлімі бұл шешімге кедергі келтірді. Анасының шешімімен гимназияны бітірген соң, Лейпциг және Гейельбер университеттерінде оқыды. 1830 жылдан Шуман біржола өнер жолында еңбек етті. В.Вик (фортепианодан) пен Г.Дорннан (композициядан) сабақ алды. Шуманның үйымдастыруында 1834 жылдан “Жаңамузыкалықжурнал” шығарыла бастады. 10 жыл қатарынан осы журналдың негізгі авторы әрі редакторы боды. Педагогикалық қызметпен шұғылданды. Дирижер ретінде концерттерге (184 эжылы,Ресейде) қатысты. Ол – “Геновева” (1848,1850 ж. қойылды) операсының, “Пейіш пен пері” (1843) ораториясының, Дж.Байронның “Манифредіне”(1848-49) жазылған музыканың, 4 симфонияның (“Көктегі” (1841), “Рейтингтік” (1850)), концерттердің, камералық аспаптық шығармалардың, фортепианоға арналған үш сонатаның (1835, 1835-38, 1836), фантазиялардың (“Көбелектер” (1837), “Карнавал” (1835), “Крейслериано” (1838)), хорлар мен әндердің (“Ақын махаббаты”, “Әйелдің махаббаты мен өмірі” 1840) т.б.авторы.
5. Бақылау сұрақтары:

1. В.А.Моцарттың, Ф.Шуберттің хор туындыларын ата?

2. Ф.Мендельсон, Р.Шуманның хор туындыларын ата?
№ 12 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Музыкалық оқу мекемелері

2. Сабақтың жоспары:


  1. Оқу хорлары.

  2. Көркемөнерпаздар үйірмелері.

  3. Вокалдық ансамбльдер.



3. Сабақтың мақсаты: музыкалық оқу мекемелері – музыка мектептері, өнер мектептері, музыкалық коледждер, консервториялар, музыкалық академиялармен таныстыру.
Сабақтың мазмұны

1. Елімізде музыкалық оқу орындары көптеп саналады.Музыка мектептері, өнер мактептері, музыкалық колледждер,консерваториялар, музыкалық академиялар. Сонымен қатар жоғарғы оқу орындары институттар мен университетердің музыка маманын дайындайтын факультеттер, арнаулы орта білім беретін гуманитарлық колледждің “музыкалық білім” мамандығын дайындайтын бөлімдер. Әрбір оқу орнының өзінің хор ұжымдары бар, әрбір курстың курстық хорлры және жиынтық хорлары бар.

2. Көркемөнерпаздар үйірмелері барлық мекемелерде, кәсіпорындарда бар. Жалпыға білім беретін мектептердің барлығында өзінің хор ұжымдары бар. Көркемөнерпаздар үйірмелеріне музыкалық қабілеттері бар, ән салуға біршама дағдыланған, есту, есте сақтау, ырғақты сезіну қабілеттері жақсы дамыған өнерпазддар қабылданады.Хор көпшіл ұжымды өнер. Хор ұжымында ән айту өнерпаздың жан-жақты дамуына эстетикалық тәрбиесіне әсер етеді. Жақсымен жаманды ажыратуды үйренеді. Қазақстан композиторларының шығармаларымен танысады, орыс және шетел композиторларының озық шығармаларымен танысады.

3. Вокалдық ансамбльдер бірлесіп ән айтатын, дауыстары, дауыс бояулары жақсы, музыкалық қабілеттері жақсы дамыған 12-16 әншілерден тұратын топ.Вокалдық ансамбльдер әндерді сүйемелдеумен де, сүйемелдеусіз де орындайды. Вокалдық ансамбльдердің репертуары өте бай болады. Вокалдық ансамбль біртектес және аралас болады.Біртектес болғанда ер балалар дауыстарынан немесе қыз балалар дауыстарынан тұрады. 16- әншіден тұратын вокалды топта.

4 әнші сопрано дауысын құрайды.

4 әнші альт дауысын құрайды.

4 әнші тенор дауысын құрайды.

4 әнші бас дауысын құрайды.

Біртектес вокалды топ болғанда.

4 дауыс сопрано 1-ге беріледі.

4 дауыс сопрано 2-ге беріледі.

4 дауыс альт 1-ге беріледі.

4 дауыс альт 2-ге беріледі.
5. Бақылау сұрақтары:

1. Вокалды топтарды ата?

2. Қазақстандағы көркемөнерпаздар үйірмелері?

3. Қазақстандық вокалды ансамблдерді ата?


№ 13 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Кантаталар, ораториялар, сюиталар.
2. Сабақтың жоспары:

  1. Кантата, оратория, сюитаның шығу кезеңі.

  2. Жазылу ерекшелігі, формалары.


3. Сабақтың мақсаты: хор жанрларымен таныса отырып, студенттердің білімін жетілдіру, хор басқару мамандығына жол ашу, тәжірибелік жұмыстарына бағыт беру.
Сабақтың мазмұны

1. Кантата Италияда 17 ғ. вокалды музыканың түрі ретінде пайда болды. Олар көпшілігінде опера жанрына жақын лирикалық жеке әндер болды. Біртіндеп кантатаға хор енгізе бастады, маңызы мен мазмұны кеңейе бастады. 18 ғ. европа музыкасында жекекантаталармен қатар ақсүйектік , рухани хор кантаталары пайда бола бастады. Ораториялы кантата бір мезгілде шықты. Оның аты Библиямен (құраммен) Евангелиені оқыған дінге сенушілердің шіркеуүйінен шықты. Сол себепті шетел ораторияларының тақырыптары рухани маңызға ие болды.

Оратория дегеніміз-белгілі бір тақырыпқа жазылған жеке әнші, хор, симфониялық оркестр орындайтын бірнеше бөлімді музыкалық шығарма. Итальян тілінде айтамын деген мағынаны білдіреді.

Оратория типіне үлкен хор шығармалары , пассиондар енді; онда христостың қиналысы бейнеленген, ол латынның “passio - қиналыс” деген сөзінен шыққан. Иогани Себастиан Бахтың (1685- 1750) шығармашылығында кантато- ораториялық жанрларға көп көңіл бөлінген. Үш ораториясы “рождественская”, “пасхальная”, “На вознесение”, “Христов” религиялық мерекелермен байланысты, олардың музыкасында лирика, юмор бар. Халықтың тұрмыс тіршілігі бейнеленген. Бах 300-ге жуық рухани кантаталар шығарған. Оның 200- дейі сақталып қалған, және 20 ақсүйектік кантаталар сақталған. Ақсүйектік кантаталар жеке әншіге және оркестрдің камералық құрамына жазылған кантаталар. Оларда мүлдем хор әндері жоқ.

Ансамбльдің жеке әншілермен алмастырылған. Бахтың осындай кантаталары. “Крестиандық”, “Кофейная”. Сәлемдесу кантаталары “Ойнаңдар көңілді толқындар”, «Жаса”, біршама хор номерлерінен тұрады. “Труба” қатты шырқа атты кантатасының”Мы прославим дружным пением”. Орыс сөзі. Алемасованың финалдық хоры табиғатқа көктемге арналған өмір гимні. Хор екі бөлімнен тұрады, әр қайсысын оркестр қайталайды. Хор партиялары жүрдектіктерімен ерекшеленеді. “Страсти по матерею”, “Страсти по Иоанну” Бахтың көлемі жағынан ең үлкен ораториялары.

Философиялық тереңдік, жоғарғы адамгершілік ойы ораторияға тән қасиеттері. Бахтың жоғарғы дәрежедегі шығармаларының бірі “Жоғарғы месса”. Ол си минор тональдігінде алты бөлімді құрылымда жазылған. Си минор мессасы ешқашан шіркеуде орындалмаған. Оның орындаушылары (сегіз дауысты хор, жеке әншілер, екі сопрано альт және тенор) және симфониялық оркестрдің үлкен құрамы. Бах үлкен шығармалар циклін жазған. 15 хор, 6 ария, 3 дуэт. Си минор мессасының бірінші бөлімі “Kurio”. Ол екі күрделі фугамен дуэттен тұрады. Ол “Сила тебе”, “Даруи нам мир”, деген мағыналарды білдіреді.

Композитор Генрийдің “Самсон” деген ораториясы бар. Композитор Гайдннің “Сотворение мира”, “Времена года” ораториялары бар.Бұл ораторияның либреттасын композитордың досы Барон Вам Свитен жазған.Ол осы тақырыптағы ағылшан жазушысы Джеймс Томсонның шығармасы негізінде жазған.

2. Халық өмірін кантата-ораториялық, хор және капеллалық кең формалы циклдар арқылы көрсету ісімен совет композиторлары 40-50 жылджардан бастап айналыса бастады. Осы жанрда жазған бірқатар шығармалар Қазақстан композиторларына да әсер етпей қойған жоқ. Соғыстан кейінгі он жылдың ішінде бұл жанрда Е.Брусиловскийдің «Советтік Қазақстан» және «Данқ» кантаталары, М.Төлебаевтың «Жастық» хор сюитас мен «Комунізм оттары» кантатасы, «Алатаудың етегінде» атты вокалдық хореографиялық композициясы, Қ.Қожамияровтың «Гүлденеді тың өлке» атты хор сюитасы мен Қ.Мусиннің «Тың тураклы кантат» атты шығармалары дүниеге кеплді. Бұлардың ішінде композитор Е.Брусиловскийдің (сөзін жазған Дм. Снегин) «Советтік Қазақстан» атты кантатасы Ұлы Қазан революциясыныңі 30жылдығына арналып жазылып, 1967 жылы тұңғыш рет орындалды.

Кантата тексті оқушыдан басқа үш солист (сопрано, альт, тенор) және ар алас хор орындайтындай етіліп, алкен симфониялық оркестрге арналып жазылды. Кантата салтанатты унисон түрінде басталады да, терциялық аккордсыз орындалған триольді ерлер хоры іліп әкетеді. Бұл халықты өзінің сөзін тыңдауға шақырған ақынның дәстүрлі бастамасы сияқты болып көрінеді.

Қазақстан композиторларының алдында өзіндік ұлттық ерекшелігі бар көп дауысты хорға аранап шығармалар жазу міндеті тұрды. Осыған орай хорға арналған бірнеше сәтті шығармалар туды. Олардың қатарына: Б.Байқадамовтың «Біз Отанды сүйеміз» сюитасы, Ғ.Жұбанованың «Жалғыз емен», С.Мұхамеджановтың Абай текстінен жазған әндер циклын, М.Төлебаевтың «Жастық» атты хор сюитасын, Л.А. Хамидидің «Партия туралы әні», Е.Брусиловскийдің «Ақтамақ», «Бипыл», «Баянжан» сияқты халық әндерін өңдеулерін жатқызуға болады. Бұл шығармалардың ішінде өзінің и деялық мазмұнымен және халық полифониялық тәсілдерді меңгеруі жағынан ерекше көзге түскен шығармалардың бірі хор акапеллааға арап жазылған Б.Байқадамовтың «Біз Отанды сүйеміз» сюитасы. Сюитаның сөзін жазғандар – Қ.Сатыбалдин мен С.Мәуленов. текстін орысшаға аударған М.Лопиров.

Сюита музыкалық стилі мен идеялық бағыты жағынан біртұтас болғанымен ішкі мазмұны жағынан төрт бөліктен тұрады. Шығарманың «Біз Отанды сүйеміз» деп. Аталатын бір інші бөлімініде сонет адамдарының патріотизмі мен соғыстан кейінгі жылдардағы социалистік шығармашылықты қалпына келтіру жолындағы еңбекке деген ықылас, ынтасы көрінген. Сюитаның «Жайлау» деп. Аталатын екінші бөлімінде жаз жайлауда мал. Бағып жүрген колхозшы, малшы өмірі табиғат сұлулығымен қоса тамашаланады. Бұл тұста домбыра үніне ұқсас сүйемелдеу фонында қарапайым мелодия дамиды. Мунда композитор қосалқыдауыстар хор тембрі не алкен мән беріп, музыканы баяу рйнатады. Музыканың жалпы тонымен қатар, кіріспе және қорытынды эпизоттарында домбра үні оның ырғақтық нақышы имитацияланып, халықтың еңбегі өмірінің музыкалы – поэтикалық картинасы жасалады.

Шығарманың үшінші бөлімі «Біз соғысқа жол бермейміз» деп аталған. Ондағы көңілсіз мелодия барлық бейбітшілік сүйгіш адамдарды жаңа соғыс қаупінің тұтанып кеутіне сақтандырғандай болады. Осы мелодия дами келе екпінді марш м елодиясына ауысады да, ол жаңадан соғыс ты болдырмау жөніндегі дүниежүзі халықтарының берген салтанатты антымен аяқталады.

Сюитаны «Бақыт әні» деп аталатын соңғы тарауында совет халқының шаттық еңбегі туралы ән айтылады. Тағы да халықтық, патриоттық ән «Алатаудың» мотивіне құралғ ан шаттық мелодиялы желдірме естіледі. Осы желдірме ш ығарманың соңында тағы да жаңа мелодия, жаңа ырғақтық ракурста естіледі. Б.Байқадамовтың бұл шығармасы акапеллаға арнап жазылған сюитасы тұтас лиризмге толы оптимистик ш ығарма болып табылады. Ол өзінің образдылығымен және музыкалық партитурасының ұлттық стильде жазылған жарқын да сазды, жағымды мелодиясымен тыңдаушыны баулиды. Композитордың полифониялық фактура стильіндегі қазақ мелостарына лайықты тапқан жаңалығы оның халық әндері негіз інде жазылған төрт бөлімді сюитасынан айқ ын көрінеді. Әсіресе халықтың күлдіргі әні «Он алты қызда» бұл жай кеңінен пайдаланылған.
5. Бақылау сұрақатары:

1. Кантата дегеніміз не?

2. Сюита дегеніміз не?

3. Оратория дегеніміз не?

4. Соғыстан кейінгі жылдардағы кантата, оратория, сюита қалай дамыды?

№ 14 сабақ





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет