ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет4/12
Дата13.11.2016
өлшемі1,88 Mb.
#1679
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Бақылау сұрақтары


1. Реформацияның бастапқы идеялары қандай?

2. Протестанттық сенім қандай негізі бағдарламаға үйретеді?

3. Шіркеу қызметшісі Мартин Лютер католиктік шіркеумен күресінде не нәрсеге қол жеткізді?

4. Еуропада протестанттық ілім қандай жолмен қоғамға тарады?

5. Англикандық шіркеу қашан және қалай пайда болды?

Әдебиеттер:



Белов А.В. Секты. сектантство. Сектанты. М.,1978 Вебер М. Протестантские секты и дух капитализма М., 1990.

Гараджа В.И. Протестантизм. М.,1971.

Граждан В.Д. Вероучение и мораль пятидесятников. М.,1989.

Тақырып 7. Ислам. Тақырыпты оқыту әдістемесі

Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Ислам. Тақырыпты оқыту әдістемесі



  1. Исламның пайда болуы.

  2. Ислам дінінің ерекшеліктері.

  3. З. Ислам дінінің негізгі бағыттары.

  4. Қазіргі кездегі ислам діні.

Әлем үш дін адамзаттың мәдени қазынасы деп танылады. Олар: будда діні, христиандық және ислам діні.

Ислам бұлардың қатарындағы жаңа әрі жас дін. Бүгінде жер жүзінде шамамен бір миллиард жүз жетпіс мыңдай адам осы дінді ұстанады. XX ғасырда ислам дінін тұтушылар саны екі есеге жуық өсті. Бұл біріншіден, ислам діні тараған региондардағы демографиялық жағдайларға байланысты болса, екіншіден басқа діндер тараған дәстүрлі аймақтарда адамдардың ислам жолына бет бұруынан болып отыр.

Біздің дәуіріміздің VII ғасырында Таяу Шығыстың жүрегі аталатын Араб шығанағында саяси және діни тұрақсыздық орын алды. Көшпелі және отырықшы араб тайпаларының бас араздығы салдарының бір кездегі қуатты мемлекеттер ыдырап, аймақтағы ықпалынан айырылып қалды. Оның халқы теріскейінде негізінен христиандықты, онтүстігінде иудаизм мен көпқұдайлықты уағыздады. Бұл жиі әскери қақтығыстарға соқтырып отырады.

Ол кездері Африка мен Йеменнен Палестинаға және Месопотамияға өтетін сауда жолы қуатты Византия империясы мен Сасанидтер Иранын, Химьярит және Аксум патшалықтарын байланыстырып тұратын. Осы сауда жолы бойында орналасқан Мекке қаласы араб жұртында біртіндеп алға оза бастады. Оның маңында жыл сайын өтетін сауда жәрмеңкесіне барлық араб тайпалары жиналып, бас қосатын болды. Ханифшілер иудейлік және христиандық үлгілерімен бір құдайға табынуды жақтады. Бірақ олар күмәнді болды. Әдетте басымдыққа ие болған тайпа көсемі немесе мемлекет басшысы бір дінді қалап, соны уағыздайтын. Яғни дін күшпен орнап, сол күштің, саясаттың қызметшісі болатын. Ал VII ғасырдағы Араб елінде оқиға мүлдем басқа жолға түсті: жаңа, хақ дінді саясатшы көсем емес, дін уағыздаушысы, Алланың елшісі насихаттап, Атлантикадан Үнді мұхитына дейін созылып жатқан аса қуатты мемлекет – Араб халифатын орнықтырды.

Адамзаттың тарихында осындай ересен бетбұрыс жасаған Меккедегі аса беделді құрайыш тайпасының Әшім әулетінен шыққан Мұхаммед пайғамбар еді.

Ислам “Мұхаммед пайғамбардың мөрі” – деп атайды. Өйткені ислам діні адамзат баласына келген және келетін ең соңғы хақ дін, Мұхаммед Алланың соңғы елшісі саналады. Осыдан соң пайғамбарлық тынады, халифтер (ізбасарлар) келеді.

Мұхаммедтің өмірі: ақиқат пен аңыз. Әшім, одан соң, оның баласы Әбд-әл-Мүтталиб Қағбаның шырақшылары, аса беделді, салиқалы адамдар болды. Әбд-әл-Мүталибтен Әбу-Тәліп, Әбу-Лахаб, Ғаббас, Хамза және Әбдаллаһ деген ұрпақтар өнді. Әбдаллаһ өте көркем еді, ол құрайыш тайпасынан Әмина атты қызбен некелескен, осы некеден Алланың рахымымен рабиғұл-әууәл айының он екінші кешінде, бейсенбі күні, (23 маусым) 571 миллиард жылында мұхаммед ғ.с. пайғамбар дүниеге келді.

Діни кітаптарда Мұхаммедке пайғамбарлық қырық жасында келді, деп жазылады. Оған дейін ол Дамшаққа дейін керуен тартып, көп жерлерді көрді, көп адамдармен дидарласты.

Ол Хира тауына оңашаланып, терң ойларға берілді. Осындай оңаша сәттерінің бірінде оған үн келді. Ол “оқы” деп әмір етті. “Мен нені оқимын ?” – деді. Сонда құлағына Құранның беташар аяты келді. Мұхаммед ғажаптанып жан-жағына қарады. Қайда мойын бұрса да, алдында адам бейнесіндегі Жебірейіл періште тұрды. “Мұхаммед! Сен Алланың елшісісің? – деді ол. Осыдан кейін де, ол бірталай уақыт күмәнді болды. Бірақ, Жебірейіл арқылы Алладан тағы аяттар аян болды. Хадиша оны мұның бәрі жаратушы хақ тағаланың әмірінен екендігіне сендірді. Өзі мұсылман болды. Мұхаммедтің пайғамбарлығы осылай басталып, адам баласын адамшылық нәрімен сусындатты, қияметке дейін сөнбейтін ғылым, білім, мәдениет күнінің шырағы бүкіл дүниені нұрландырды.

Ол ислам дінін үш жыл құпия таратты. Кейін Алланың әмірімен халықты тура жолға ашық шақыра бастады. Бірақ, рухтары дүниялық пиғылдармен қарайып қалған дін дұшпандары пайғамбарға қиянат жасап, қастандыұ ойлады. Бұл кезде оның сүйікті зайыбы – Хадиша мен қамқор ағасы Әбутәліп дүниеден озған еді. Осы уақытында ол Йасрибтің (Медина) хазрадж тайпасынан өзіне жақтастар тапты. Олар Мұхаммедті жаңа дінді таратып, қауымға басшы болуға шақырды. Бұл қауым кейінде ансарилер (көмекшілер) деп аталып, дін жолынды қарымды істер жасады. Осылайша Мұхаммед Алланың әмірімен он үш жылдан соң ол ізгі жолға түсушілерді бастап, Медина қаласына көшті. Бірақ, көш алдында “Исраһа-л-миғраж” аталатын ерекше оқиғаны бастан өткерді. Қағбаның маңында тыныстап жатқан Мұхаммедке Жебірейіл періште келді. Ол әл-Барак атаған бір жануарды келтіріп, соған отыруға бұйырды. Көзді ашып-жұмғанша Хебронда, Вифлеем мен Иерусалимде болды. Осында Ибраһим, Мұса, Ғайса пайғамбарлармен мінажат етті. Содан соң көкке ұшып, Алланың дәргейінде болды. Оқиғаның жылдам болғаны соншалық еді – ол қайтып оралғанда, төсегі де суымаған, қисайып құлаған құмырадан сүт тамшылап үлгермеген.

622 – жылы жиырмасыншы қыркүйекте(бір деректерде он алтыншы шілдеде) Мұхаммед пайғамбар Йасриб қаласына көшті. Осымен ислам тарихының жаңа беті ашылды. Мұсылмандық жыл санау – хиджра басталды. Йасриб қаласы Мадинат ан – наби – Пайғамбар қаласы деген ат алды.

Бертін келе, ол жай Медина, яғни “қала” аталып кетті. Хиджраның екінші жылында тұңғыш мешіт (масджид) – Пайғамбар мешіті тұрғызылды. Мұхаммед пайғамбарға Меккеден көшкенде жүз жиырма адам ере келген еді. Бас – аяғы сегіз жылдан соң, ол Меккеге он мың қол бастап аттанды.

Хиджра – ислам тарихындағы аса елеулі кезең болды. Кейбір зерттеулерде аталатындай, бұл жаңа дінді және Мұхаммедті қабылдамаған Меккеден жай қоныс аудару немесе қашу емес еді. Пайғамбардың соңынан ергендер дін жолында арабтар үшін аса қасиетті саналатын тайпалық қатынастарын құрбан етті. Оларды ислам нұры қуаттандарды.

Бұл алғашқы мұсылмандар арабтың «мұхаджир» деген сөзімен анықталды, ал жаңа дінді қабылдаған йасрибтіктер,ансарилер, яки көмекшілер аталды.Мұхаммед жаңа қоныста тайпалық одақтарды жойды, олардың жауласуына, қанды қанмен жуу салтына тыйым салды. Бірақ, Мекке мен Мединаның арасы жараспады. Меккеліктер жаңа пайғамбарды мойындамады. Әбу-Суфиян бастаған меккеліктер мединалықтарды бағындырмақ болып жорық жасады. 624 жылы 16-наурызда екі қол кездесіп, мединалықтар айтулы жеңіске жетті.

Осы жерде Мұхаммед асқан көрегендік жасады. Ол 628 жылы арабтардың дәстүрі бойынша ұрыс қимылдары тоқтатылуы тиіс хажылық айында Меккеге сапар шекті. Оған қалаға енуге рұқсат болмады. Бірақ, осы сапарында ол он жылға бітім жасады. Исламды бүкіл араб жұрты мойындады. Пайғамбар Византия мен Иранға исламды мойындау туралы жаушылар жіберді. Ислам Араб түбегінен тысқа тарала бастады. Бірақ, ол күнге Мұхаммед пайғамбар жеткен жоқ. Меккеде ұзақ аялдамай Медина қаласына оралды. Осында алпыс үш жасында дүние салды.

Ислам – адам баласына аян жолымен келген дін. Қасиетті Құран аяттары жиырма үш жыл бойында Жәбірейіл періште арқылы Мұхаммед пайғамбарға жеткізіліп тұрған.

Ислам діни ғұрыптарды және дүниелік мәселелерді шариғат жолымен реттеп отырады. Ол сөзсіз орындалуы тиіс мұсылмандық парыздарды және орындағаны қосымша сауап болатын сунна жолдарын айқындайды, жоғары адамшылыққа, еңбекке әрі білімге уағыздайды және Құран – Каримдегі (Қасетті Құран) аяттар мен пайғамбардың хадистері арқылы соның ережелерін белгілейді.

Исламның өзге әлемдік діндерден айырмасы – оның айқын рәміздерінің болуы. Мұсылманшылық екі сенім негізі бойынша құрылған: біріншісі – Алладан басқа құлшылық етілетін тәңірдің жоқтығына; екінші – Мұхамедтің (ғалайһиссаламның) Алла тарапынан бүкіл адам баласына жіберілген пайғамбар екендігіне сену. Сондықтан “Алладан басқа (тәңір) жоқ, Мұхаммед оның елшісі, араб тілінде “Ла илаһа иллалаһ мұхаммадүр – Расулүллаһ,” – деген мүбарак қағиданы тілмен айтып, көңілімен бекіткен адам ислам дінінде болып саналады. Бұл сенімді (символды) Има, сенушіні Мүһмин деп атайды.

Нағыз ислам жоғары мәдениетті және гуманистік идеяларды насихаттайды. Мұхаммед пайғамбар өзінің хадисінде: “Дінде зорлық жоқ” – деген. Яғни, ислам дініне біреуді мұқтаж ету немесе пайдасын беріп, енгізуге жол жоқ. Әр пенде исламды өз еркімен, өзінің қалыбымен (жүрегімен) қабылдауы тиіс.

Діни мейрамдарға Әр мұсылман үшін жұма – қасиетті күн. Ол бүкіл араб елдерінде демалыс. Рамазан айының жиырма жетінші түні – “ләйлат әл-қадр” – қадір түні. Бұл түнді шырақты сөндірмей тілек үстінде өткергендерге Алланың рақметі жауады. Оның шығу тарихы – ҚұранКәрим Алладан Мұхаммед пайғамбарға аян етілген.

Ид-әлфитр-ораза мейрамы. Рамазан айындағы оразадан соң, шәууәл айының бірінші жұлдызында аталады. Міндетті түрде фитр садақасы үлестіріледі.

Ид-әл-адха – құрбан мейрамы. Зулхиджжа айының оныншы жұлдызында, рамазан мейрамынан жетпіс күннен соң аталады. Бұл мейрам Ибраһим пайғамбардың баласы Смағұлды Алла жолында құрбандыққа шалуға ниет қылып, Алланың мейірім шарапаты арқасында көк қошқардың келуіне байланысты аталады. Мейрам барысында дін ұстаушыларға хайр үлестірілмек керек.

Мәулет мейрамы – рабби әл-әууәл айының он екісі күні аталады. Мұхаммед Мұстафаның туған күні.

Миғраж – раджаб айының жиырма жетінші жұлдызына сәйкес. Мұхаммед пайғамбардың миғражға көтерілуі мейрамы.

Шийттерде “ашура” аталатын мейрам ерекше тойланады. Мухаррам айының алғашқы он күніне орай келетін бұл мейрам Әлінің баласы Хусейннің және оның інісі Хасанның Кербала шөлінде Мағауияға қарсы ұрыста қаза болуын еске түсіреді. Оны “шахсей-вахсей” атайды. Адамдар өз бойларын сабап, пара-пара етеді.

Ислам төрт халифті - Әбу-Бәкірді, Омарды, Османды және Әліні сенімді деп бөліп атайды. Бұл адамдар ислам діні жолында ерекше қызмет қылған қайраткерлер, кәміл мұсылмандар. Осы халифтер тұсында ислам Египетке, Сирияға, Иракқа, Ливияға, Иранға, т.б. елдерге тарады.

Ислам елдерінде жихад жайында негізгі бес қағида орныққан. Оның жоғарғы нысаны – рухани жихад. Мәні - өзін-өзі Алла жолына әзірлеу. Екінші – найза жихады. Ол – дінсіздермен күрес. Осы күресте шейіт болғандар жаннаттан орын алады. Үшінші – жүрек жихады. Ол - өзінің ерсі қылықтарымен күрес. Төртіншісі тіл жихады – тілді жақсы істерге қолдануға үйрету үшін күрес. Яғни, жихад – қару алып күрес ғана емес, негізінен рухани күрес әрі адамның өзін өзі жақсы істерге дағды алуына тәрбиелеуі үшін күресі.

Исламдағы негізгі бағыттарды Мұхаммед пайғамбар айтқан екен: ислам мен дүниеден өткен соң үмметім 73-ке бөлінеді, соның біреуі ғана жаннаттық, - деп. Пайғамбар Алланың рахымына бөленген соң исламда негізгі екі тарап айқындалды. Олар-суннилер және шииттер (шиа – қосылу, бірігу). Бұл бөліну негізгі дінді таратудан емес, тақ таласынан туды.

“Сунна” араб тілінде “жол” деген мағына береді. Cуннилер хадистерді нағыз мұсылмандар жүретін жол деп таниды. Осыдан олар өздерін “аһли ас-сунна”, немесе “аһли әхли-сунна уа жамағат” - “сунна адамдары”, - деп атайды. Сонымен бірге олар Мұхаммед пайғамбардан соңғы төрт халиф құрметіне “аһли шариар” деп те аталады. Суннилер негізгі төрт мазхабқа бөлінеді. Олар – ханифийлер немесе имам Ағзам Абу Ханифи жолындағылар, шафиғилер, мәликилер, ханбалилер.

Сунниттер өзі өз ішінен асхабу рай, асхабу хадис болып екіге тармақталады.

Шийттердің төрт тармағы бар, Исмайлиттер (карматтар), “шеткілер” (гулаттар), Зайдиттер, Имамиттер.

Сунниттік бағыттың шийттік бағыттан басты айырмашылықтарының бірі, олар Мұхаммед пайғамбарымыздан кейін адамдар мен Алла тағалаарасында елшінің болғандығын және Алидің басқа халифтерден басым ерекше екендігін, әрі оның ұрпақтарының имаматқа (мемлекет басқаруға) толық мұрагер екендігін мойындамайды. Шийттер үшін имаматтық Алла тағаланың әмірі. Сондықтан да болар шийттік баспалардан шыққан Құран кәрімдерде Алиді ерекше марапаттаушы қосымша сүре жазылған. Шийттерде хадистер жинағы Ахбар (жаңалықтар)деп аталады.

Шийттіктің елеулі ағымдарының бірі – имамиттер. Олардың пайымдауларынша Али тұқымының он бірінші имамы әл-Хасан әл-Аскари (873 ө.ж) дүниеден өткен соң, он екінші имам болып таққа соңғы имамның жасөспірім баласы Мұхаммед отырады, өкінішке орай ол көп ұзамай жоғалып кетеді, кейбір риуайаттарда жасырынып қалады. Оны “жасырын” имам-махди деп атайды. Тарихта бұл жасырын имамға деген сенім талай секталардың дүниеге келуіне негіз болады.

Осымен қатар шийттіктер адам өміріне шын сенімі үшін қауіп төнетін болса, оны жан амандығы үшін жасыруға, бүркемелеуге болады деп санайды. Оны олар “такийа” – деп атайды. Такийаның қаталырақ түрдегі нысаны сунниттіктерде де кеңінен қолданылады. Сунниттіктердің айтуларынша егер адамға діні үшін қауіп төнетін болса немесе оны басқа дінге кіруге мәжбүр ететіндей жағдай туатын болса немесе оны басқа дінге кіруге мәжбүр ететіндей жағдай туатын болса, Құран ол адамға бөгде жерге қоныс аударуды бұйырады. Сонымен қатар сунниттіктер шийттіктерде қалыптасқан, өз заманында Омар тыйым салған, уақытша некені де мойындамайды. Бұдан басқа бұл екі бағыттағылардың ғұсыл алуда, дәрет алуда, намаз оқуда және бірқатар ғибадат түрлерін орындау тәртіптерінде өзіндік айырмашылықтары байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет