ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет7/12
Дата13.11.2016
өлшемі1,88 Mb.
#1679
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қайталау сұрақтары


1. Ежелгі еврейлердің дінінің басты ерекшеліктері қандай?

2. Иудаизм мен христиндық діннің қарама қайшылығы неде?

3. Иудейлердң салттары, ғұрыптары, мейрамдары қандай?

Әдебиеттер:

Агада: сказания, притчи, изречения Талмуда и мидражей. М., 1993.

Беленький М.С. Иудаизм. 2-е изд., M., 1974.

Васильев Л.С. История религий Востока. М., 1988.

Гече Г. Библейские истории. 2-е изд. М., 1990.

Даймонт М. Евреи, Бог и история. Иерусалим, 1989.

Рижский М.И. Библейские пророки и библейские пророчества. М., 1987.

Телушкин Д. Еврейский мир. М., 1992 .

Шифман И.Ш. Ветхий Завет и его мир. М., 1987.

Янг Л. Сущность иудаизма. М., 1993.

Тақырып 10. Индуизм. Тақырыпты оқыту әдістемесі

Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Индуизм. Тақырыпты оқыту әдістемесі

1.Ежелгі Үндістанның діни жүйесі: индуизм, джайнизм, сикхизм, парсизм.

2.Индуизмнің негізгі жүйелері.

Индуизм б.д. дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болды. Ол адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды. Олар: қасиетті істер жолы (медитация және құдіретті болмыс туралы ойлар); адалдық жолы (құдайға және оның рахымына сену).

Индуизмнің тұңғыш қауымы – “адживака” тақуалық жолын тұтып, тән құмарлығымен күресті. Бірақ, Вишнуға табынды. “Адживака” діни идеяларын “бхагаватами” толықтыра түсті. Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті. ХІІ ғасырда брахмандар жарты құдай – Рамаға ерекше тұғыр орнатты.

XV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла бастады. Осының нәтижесінде Вишнудің көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті. Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті. Бірақ, көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі қауымдаса түсуіне кедергі болған жоқ. Керісінше, осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп, индуизм баршаның дініне айналды.

Индуизм үшін “Махабхарата” және “Рамаяна” эпостары – Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары пантеоны туралы кең әңгімеленді. “Рамаянада” Раманың және оның жұбайы Ситаның өмірі баяндалды. Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынан “Махабхарата” эпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға түсініктемелер беретін “Бхагават-Гита” (“Жаратушы өлеңі” немесе “құдіретті өлең”) философиялық концепция тұтастығымен ерекшеленеді. Концепцияның негізін күллі болмыстың (соның ішінде психика мен сананың) бастауы ретінде пракрит (материя, табиғат) туралы және одан дербес таза рух – пуруша (кейде Брахман немесе Атман деп аталады) туралы ережелер құдайды. Осылардан шығарма авторларының екі негізді мойындаған дуалистік көзқарасы айқын көрінеді.

“Бхагавад-Гитаның” негізгі мазмұнын Кришнаның өсиеттері деген орынды. Үнді мифологиясы бойынша Вишнудің сегізінші аватарасы (осы кейіпте көріну) болып саналатын Кришна әр адамды өзінің әлеуметтік (варналық) қызметі мен міндеттерін орындауға, тұрмыс тіршілігі жемістеріне бейтарап болуға, өзінің бар ойын құдайларға бағыштауға үйретеді. Кітап адамның дүниеге келуі мен өлуінің құпиялары, материя мен адам табиғатының арақатынасы, адамның тіршіліктегі өмірін анықтаушы табиғат тудырған үш материялдық бастау – тамас (әрекетсіз), раджас (құмаршыл, іскер, жігерлендіруші), саттва (рухтандырушы, ой сарайын ашатын, саналы) және осылардың түстері (тиісінше қара, қызыл және ақ түстер), йога жолы (өзінің өмірін йога арқылы санасын жетілдіруге арнаған адам жолы), ақиқат және ақиқат емес білімдер туралы көне үнді философиясынан мол мәліметтер береді. Байсалдылық, құмарлықтан аулақ болу, тіршілікке байланбау сияқтылар басты адамшылық қасиеттері қатарынан аталады.

Йога “Ведаларға” сүйенеді және Веда философиялық мекетептерінің бірі болып табылады. Ол әрі философия, әрі тәжрибе (харакет), жекелей алғанда, әр адамның рух еркіндігіне жету жолы, ол ең бірінші кезекте медитация арқылы адамның өз сезімі мен ойын өз ырқына бағындыруға арналады. Йога жүйесінде құдайға сену азаптан құтқарылуға бағытталған іс-қимылдың шарты және теориялық дүниетанымдық көзқарастың элементі ретінде қарастырылады. Дара (Жаратушымен) қосылу адамның өзінің даралығын сезіну үшін қажет нәрсе. Медитацияны жақсы меңгерген жағдайда самадха күйіне (толық интраверсия) енеді.

Индуизмнің тағы бір арнасы – “пурана” діни-мистикалық поэмалары. Оларда космогониялық аңыздар мен құдайлар генеалогисы топтастырлған. Индуизм тарихының ерте кезеңінде Брахманың әлемді жаратушылық орны, оның құдайлардың ішіндегі біріншілігі қалтқысыз мойындалса, бертін келе Вишну мен Шива онымен қатар қойылып, “Тримурти” немесе үштік ұғымы орнығады. Брахманың өзін барлық өзге құдайларды жаратушы бас құдаймн деп жариялағаны үшін оны Шиваның жазалап, бес басының бірін шауып тастағаны, сөйтіп оның адам-құдай бейнесін алуы туралы айтылады. Одан гөрі кейініректегі аңыздарда Брахма әлемді Вишну мен Шиваның нұсқауымен жаратты делініп, оның Тримуртидегі тұғыры қайта қалпына келтіріледі.

Бүкіл әлемнің бірінші негізі және абсолютті құдірет тұрғысындағы Брахманың орнын толығымен Вишну меншіктейді. Бүкіл әлем Вишнудің барлығының нысаны деген қағида орнығады. Инуизм көркем өнерінде Вишну Шеш әбжыланына отырып, әлемдік суларды кезіп жүрген құдай түрінде бейнеленеді. Оның аяғында сұлулық құдайы Лакшми отыр. Лакшмидің кіндігінен өсіп шыққан лотос ішінен Брахманы көреміз. Космогониялық сурет әлемді жаратушы Вишну бейнесін осылай береді. Аңыз бойынша әлемдік цикл аяқталғанда, Вишну бүкіл дүниені оранып, белгілі уақытқа ұйқыға кетеді. Оянған соң, оның әмірімен Брахма әлемді қайтадан жаратады. Келесі әлемдік цикл басталады.

Бүкіл көзге ілінетін және ілінбейтіннің бәріне әмірін жүргізуші Вишну өзіне жалбарынушыларға ізгілік үлестіреді. Вишну төрт қолы бар, әр қолына зұлым күштерге қарсы қолданатын қару ұстаған ер жігіт кейіпінде бейнеленген. Ол Меру әлемдік тауының құздарын мекендейді. Құстардың патшасы – Гарудамен ұшып жүреді. Вишнудың аватарасы, яғни адамның, хайуанның, болмаса басқа құдайлардың кейпіне енуі туралы ілім - индуизмнің діни ғұрыптарының негізі.

Индуизмдегі әрбір құдірет иесі Вишну аватарасы деп түсіндіріледі. Осы арқылы ол космостық қуатқа (майя) ие болады. Демек, әр тайпа өзінің жергілікті құдайына сиынған, ол осы құдай бейнесіндегі Вишнуға сиынады. Вишну аватарасының негізгі он түрі бар. Олар – балық, тасбақа, аю, арыстан, қортық, әмірлерді, өркөкіректер мен құдайды сайқымазақ етушілерді жазалаушы брахман Парасурама, Рама, Кришна, Будда және Калка батыр. Болашақта, әлемнің ақырында Вишну Калка бейнесінде келіп, дінсіздерді тегіс жойып, мейірімділік пен бақыт қоғамын орнықтырады.

Шива – денесін тегіс жылан ораған, үш көзі бар, мойнына адамның бас сүйектерінен алқа тағынған, түрінен адам шошырлық талқандаушы құдай бейнесінде суреттеледі. Кей суреттерде бет пішіні айқын, қолдары бар. Ол Гималай тауларын мекен етіп, тақуалықпен, қалың ой үстінде ғұмыр кешеді. Аңыз бойынша, Шива әлемдік цикл аяқталғанда бүкіл жер-дүниені, барлық құдайларды жояды. Оның талқандаушылық бейнесі туралы түсінік осыдан шығады.

Мифологиядағы Шива бейнесі – қарама-қайшылықты бейне. Ол кейде жағымды жағынан да көрінеді. Мәселен, Шива мәйектілік пен шексіз шығармашылық қуаттың құдайы. Әлем әрқашан Шива және оның жұбайы – Деви құдайдың әмірімен пайда болады және әрдайымғы солардың бақылауындағы қуат арқылы жасайды. Шива өзі жеңген жынның үстіне шығып алып билеп, дүниені бірде аспандатып, бірде шыңырауға құлдыратып отырады.

Деви Шиваның тылсым қуатының рәмізі бола отырып, Шива тәрізді қарама-қайшы бейнелерде суреттеледі. Ол бір жағынан қайрымды Парвати құдай болса, екінші жағынан қатігез талқандаушы Кали. Оған, сонымен бірге, құдай-ана ретінде құлшылық етеді. Әсіресе арийлік дәірге дейін Деви бейнесі ерекше құрметтелді. Миф Шива мен Девидің екі ұлы – соғыс құдайы және ұрылардың жебеушісі Сканда мен даналық құдайы Ганеша болғандығын жеткізеді.

Индуизмдегі абыздардың басты міндеті – шәкірттердің діни білім алуын ұйымдастыру. Мұндай білім таратушыларды “гуру” деп атайды.

Құлшылық рәсімдері жергілікті және барша құдайлар пантеонына арнап тұрғызылған храмдарда атқарылады. Храмдарда құдайлардың көркем етіп жасалған мүсіндері қойылып, соның алдында құдіретті өлең (суттор) айтылады. Барлық тіршілік иесі Вишнудың құдіретті болмысы ретінде қасиетті деп саналатын хайуандар мен жануарлар, мәселен, жылан, сыир, маймыл, Вишну есімімен байланысты жерлер - көлдер, Ганг өзені айрықша құрметтеледі. Барлық діндердегі тәрізді брахманизм мен индуизмнің орталығы Бенарес қаласы. Сонымен қатар, Аллахабад қаласы да қасиетті саналады.

Инуизмнің басты мерекелері - Кришна мен Раманың туған күндері мерекелері және Генеша мен Шиваның құрметіне өткізілетін салтанаттар. Кришнаның туған күні оның балалығындағы Вишнудың сегізінші аватарасын еске түсірумен байланысты түрлі ойын-сауықпен көңілді аталады. Шиваға арналған салтанат барысында ораза тұту, құмардан бойды тежеу және тақуалық жаттығулар жасау салты орныққан. Гурудан және дінге сенуші өзге адамдардан шыншылдық, өсек-өтірік, ғайбат айтпау, ұрлық жасамау, қолын қанмен былғаумен және қиянат жасамау, зина қылмау, менмендік пен мақтанға бой алдырмау қатаң талап етіледі.

Сикхтар және олардың діни ілімі. Үндістанда XV ғасырда Нанак есімді (1469 ж.т.) адам өмір сүрді. Ол өзін пайғамбармын деп жариялап, ислам дінінде бола отырып, ислам мен индуизмді біріктіруге әрекет жасады. Оның осы әрекетінің нәтижесінде сикхизм әскери-діни сектасы пайда болды. Нанак бір құдайға құлшылық жасауды уағыздады, дін жолында варналарға бөлуге қарсы болды. Ол жалғыз құдай идеясын сикхтар құлшылық етіп келген исламнан алды. Бұл құдайды Эк, немесе “дара, жалғыз” деп атады.

Сикхизм ілімі бойынша ол барша әлемдегі болмыстың дара негізі, сонымен қатар оның өзіне тән сипаты бар. Сикх өлген соң, соған барып тұтасуы тиіс, бұл үшін үздіксіз қайта туудың тоқтатылуы, “нирвана” дәрежесіне жету керек. Сикхтер Нанканың ісін жалғастырушы мұрагері – гуруға сиынды. Сикхтер XVI ғасырда жазылған қасиетті кітабы – “Ади-грантхтың” түпнұсқасы Пенджаб штатындағы Алтын храмда сақтаулы.

Нанак пайғамбар касталарға, брахмендарға және аскетизмге қарсы болды. Ол қоғам өміріне ерлермен қатар әйелдердің де белсенді араласуын уағыздады. Жесір әйелдердің өзін-өзі өртеуіне, әйелдердің мұсылман әлеміндегі бұйығы тұрмыс тіршілігіне храмдар мен мешіттер тұрғызды.

Сикхтар өздерінің әскери ұйымын құрды. Оған қолына қару ұстауға қабілетті сикхтар түгел енді. Бұл ұйымға мүше болудың “к” әріпімен басталатын бес шарты бар: кеш – ешқашан сақалын қырынбау; качх – үнемі ұрысқа оңтайлы қысқа шалбар киіп жүру; кангха – шашты тарақпен түю; кирпан – селебе тағынып жүру; канкан - әскери білезік тағыну. Қауымға енген әр адам өзінің есіміне “сикх” сөзін жалғайды. Олардың ержүрек, қайраттылығын патшалар қысытаяң сәттерде үнемі пайдаланып отырды. Олар “кхальсу” аталатын бір үлкен қауымға бірігіп, жеке халық түрінде негізінен Пенджаб штатын қоныстанды.

Джавахарлал Неру, Махатма Ганди, Индира Ганди, Раджив Ганди тәрізді аса ірі саяси қайраткерлер осы индуизм ортасынан шықты. Олардың бәрі қиянат жасаму идеяларын ұстанып, өздерінің саяси бағдарламаларын осы негізде құрды. Саяси өмірде Үндістан әскери блоктарға қосылмау принципін ұстанды. Индуизм - өмір салты және мыңдаған жылдар бойы орныққан дәстүр. Индуизм үнділіктер мекен еткен Непалда, Бангладеште, Шри-Ланкада және басқа елдерде тараған. Қазіргі кездері индуизмге Батыстың елеулі көңіл аударып отырғаны байқалады. Бүгінгі Үндістанда индуизм, буддизм, ислам, христиандық, сикхизм, зороастризм және өзге діндер қатар уағыздалады.

Көне еврейлердің діні көп жағынан өзге діндерге қарағанда ерекше. Бұл дін әрі еврей халқының тарихы да. Ал еврейлер тарихы, бейнелеп айтқанда, адамдар мен құдайдың қарым-қатынасының тарихы. Сондықтан да ол жай ғана тарих емес, Қасиетті тарих деп аталады.

Бұл діннің ерекшелігі сол, оны жасаушы еврей халқының өздерін құдайдың ықыласы ауған ерекше халықпыз деп санауында. Еврейлердің Қасиетті жазуларында құдай өзінің сүйікті ұлдарына (еврейлерге) әрқашан қолдау жасап, оның әрекеттеріне шәлкес баласы іспетті қарайды, кейде, осы шәлкестігі үшін назарынан тыс қалдырып, ауыр жазаға тартады, деп жазылған.

Еврей халқының өмірінен, оның рухани дүниесі мен мұраларынан Інжілдің (Библия) ең көнедегі үлгісі – Көне өсиеттер көптеген қызғылықты мәліметтер береді. Бұл кітапты мұқият ден қойып оқыған адам оның әр жолынан оны құрастырушылардың дүниеге келетін жаңа құтқарушыны тағатсыздақпен күтуін сезінген болар еді.

Көне өсиеттерді христиандар өздерінің діни кітабы санайды. Сонымен бірге ол еврейлердің қазіргі діні – иудаизм діні Қасиетті жазуларының да негізі болып табылады. Мұнда ешқашан сәйкессіздік жоқ. Өйткені Христостың өзі де еврей халқының ортасынан шыққан пайғамбар, христиан діні мен иуда дінінің арғы тамыры бір жерден барып қосылады. Мәселе еврейлердің Христосты шын Құтқарушы тұрғысында қабылдамауында.

Еврей деген халықтың өзі қайдан шыққан? “Еврей” деген сөз, ғалымдардың пайымдауынша, “өзеннің арғы бетінен келегндер” немесе “кезбелер” дегеннен шыққан. Еврейлер мен арабтар негізгі бір тамырдан тарайтын нәсілдес халықтар. Көне замандарда еврейлер де Арабия түбегінде тұрып, мал бағумен күн көрген. Беймәлім себептермен олар оқшауланып, батысқа - Сирияға, Жерорта теңізі аумағына қарай қоныс аудара бастаған. Олар осы жолында арында Евфрат өзенін кесіп өткен. Бәлкім, “өзеннің арғы бетінен келегендер” дегеннің осымен байланысты шығуы.

Көшпенді тайпалар Ханаан жеріндегі өздеріне туыстас, бірақ отырықшы өмір сүретін тайпалармен қосылып, жаңа ұлтты құрған.

Израильдің қазіргі астанасы – Иерусалимді үш діннің қаласы деп атайды. Мұнда христиандық, ислам және иудаизм тоғысады. Христиандар оны Христостың (Ғайса пайғамбар) табыты қойылған қасиетті жер деп құрметтесе, еврейлер үшін бұл көнедегі дін орталығы ғана емес, еврей халқының қайтадан Жаратушы мейріміне бөленіп, жаңғыруының кепілі: еврейлердің тұңғыш сәулетті ғибадатханасы осында орнатылған болатын. Оны римдіктер тас-талқан етіп, еврейлердің өздерін бүкіл жер жүзіне шашырап кетуге мәжбүр етті.

Еврейлер бұл біздің құдай алдында жасаған күнәміздің зауалы дейді. Олар осы ғибадатхананың аман қалған бір қабырғасына бас қойып, Жаратушыдан кешірім сұрап зарлайды. Осыдан, бұл қабырға “Жоқтау қабырғасы” деп аталады және әлемдегі бүкіл еврейлердің тәуіп ететін орталығы болып саналады. Еврейлер өз мұңдары Құдайдың құлағына шалынып, өз күндерінің туатынына сенеді. Сондай-ақ ислам үшін де Иерусалим қасиетті жерлердің бірі: ислам діні Ғайсаның пайғамбарлығын мойындайды, тек христиандарды Ғайсаның ақ жолын бұрмалаушылар деп санайды. Сонымен бірге, Мұхаммед пайғамбардың миғражға шығуы да осы жерлермен байланысты. Осында VII ғасырдың соңын ала Омар халифтің әмірімен бұрынғы қирап қалған еврей ғибадатханасының орнына Куббат-ас-Сахара (Шың күмбезі) мешіті салынған.

Иудейлік ілімінің негіздері. Иудаизм деген түсінік ертеде пайда болған. Бірақ, ол еврейлер дініне қатысты біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында ғана қолданыла бастады. Әдетте иудаизмді жер бетіне тарап кеткен еврейлердің жаңа дінінің атауы деп қабылдайды. Иудаизм апологеттері (жақтаушылары) бұл пікірмен келіспейді. Олар еврейлердің көне уақыттардағы діні мен иудаизм бір нәрсе деп санайды.

Еврейлердің көне діні мен жаңа дінін жалғастырғандар фарисейлер болды. Оларды христиандар алдамшылар деп таныса, иудеилер үшін – жаңғырған ілім түрінде көрінген ақиқаткөне дәстүрлерді сақтаушылар. Бірақ, оларға қай тұрғыдан қанда баға берілмесе де, фарисеилерді қазіргі заманғы иудаизмнің негізін салушылар деп қабылдаған орынды. Олар пайғамбарлықтың уақыты озды, ендігі жерде құдіретті шындықты адамзатқа заң жолымен жүретін ұстаздар мен Жазуларды ұғындырушылар жеткізуі тиіс деген тұжырымға тоқтады.

Иудаизм дінінің рәмізі, яғни, қысқаша тұжырымдалған антпен өзінің иудеилік дінін қабылдағанын мәлімдейтін белгілі бір тұжырымды ережесі жоқ. Аңыз бойынша Моисейге (Мұса пайғамбар) құдайдан 613 өсиет келген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет