ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет1/12
Дата13.11.2016
өлшемі1,88 Mb.
#1679
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
ТАРИХ КАФЕДРАСЫ

«Әлемдік діндер тарихы және дінтануды оқыту методикасы» пәні бойынша


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
050114 тарих мамандығына арналған

Семей, 2013

Құрастырушы: Тарих кафедрасының т.ғ.к., доцент Мұқатаева З.Қ.

Кафедра отырысында бекітілді.

«_____» ______________ 2009 ж. Хаттама № _____

Кафедра меңгерушісі: т.ғ.к._________________ Мұхамеджанова Н.А.

Гуманитарлық-заң факультетінің оқу-әдістемелік кеңес отырысында талқыланды.

«_____» ______________ 2009 ж. Хаттама № _________



Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, п.ғ.к. _________ Тохметова Г.М.

Гуманитарлық-заң факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді.

«_____» ______________ 2009 ж. Хаттама № _________

Гуманитарлық-заң факультетінің деканы т.ғ.к., _________ Мамырбеков А.М.




Мазмұны




  1. Пән бойынша глоссарий ……………………………………………… 3-10



  1. Пән бойынша жұмыс бағдарламасы………………………………….. 11-13



  1. Дәріс сабақтарының тезистері …………………………………………13-88



  1. Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқау……………………….......... 88-96



  1. ОСӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау……………………………………96-102



  1. СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау……………………………………. 102-108



  1. Бақылау тапсырмалары ...............................……………………………108-110

1. Глоссарий:



Ежелгі Үнді өркениеті - арийлыққа дейінгі хараптық өркениет б.э.д.3 мыңжылдыққа дейін Үнді өзенінің төменгі ағысында пайда болған.

«Алғашқы тұрмыстық табын» ең көне және көне адамдардың ұйымдарының диалектикалық ерекшелігін, оның Ноmo sapiens «дайын» қалыптасқан қоғамына хайуандардың адам алды табынан өту күйін жақсы береді.



Этрустік, крит – минойлық, семиттік және т.б. Осы халықтар «теңіз халықтары» деп аталады.

Эллинизм – тарихтағы Шығыс Жерорта теңізі, Батыс Азия және Понт кезеңі, яғни Александр Македонский (б.э.д. 323) державасының құлауынан – Римнің ірі Жерорта теңіздік мемлекет Египетті алуына дейін. Бұл өркениетте батыс және Шығыс мәдениеттерінің элементтері бірікендей.

Еуропа - алғашқы адамның тұқымының өрбіген жерлерінің бірі.

Дін (араб.- сенім, наным, латынша- сенім, құдайшыл, табыну) - дүниетаным не дүниені қабылдау, сондай-ақ Жаратушының барлығына сену негізіне сәйкес өзін - өзі ұстау.

Анимизм (лат.апіта - рух, жан) - заттық дүние құбылыстарының жандылығын білдіретін термин. Бұл терминді ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э.Б Тайлор (1832- 1917) енгізген. Оның пікірінше А. кейінгі дамыған діндерге апаратын баспалдақ есебінде болады. Табиғи құбылыстар да қасиетті мағынаға ие болады, олардың рухы және иесі бар делінеді.

Фетишизм - (франц.тұмар, қасиетті күш бар зат) - көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну. Фетиштер арқылы рухани киелі күштер әрекет етеді, қамқорлық көрсетіп, қорғап қоршайды деген түсінік алғашқы адамзаттың мифологиялық - синкреттік санасына сай туындаған болатын. Ф. ретінде әрбір затты қарастыруға болады, тек ол үшін сол затқа өзіндік күш - қуат берілсе болғаны. Ф. элементтерін бүкіл дүние жүзіндегі мәдениеттерден кездестіруге болады. Тотем (солт - америк. Аджибе тайпасының тілінен аударғанда - тек, ата) - белгілі бір тайпаның немесе этникалық топтың шыққан тегі, арғы атасы деп қарастырылатын өсімдік, жануар, зат немесе табиғат құбылысы. Терминді ғылыми айналымға ағылшын жиџанкезі Дж. Лонг енгізген.

Ведалар (санскр.- білім) - үнді әдебиетінің ең көне (2 ғ. соңы - б.з.д. 1 ғ. басындағы мыңжылдықтар) діни және философиялық мұралары. В. әнұрандар мен құрбандық шалу формулаларынан (Ригведа, Самоведа, Яджурведа, Атохорведа), теологиялық трактаттардан (брахмандар мен упанишадтардан) тұрады. Ежелгі Үндістанның мәдени- әлеуметтік өмірі туралы көптеген деректер ала аламыз. Ведаларда Құдай мен адамның арасындағы үйлесімділіктің маңызы дәріптеледі.

Индуизм - әлемдегі ең ірі діндердің бірі. И. негізі карма заңына сәйкес жанның істеген ісінің оң не терістігіне сәйкес өлгеннен кейін жаңа түрге айналатындығы туралы ілім. И. діні бойынша, адам өзінің болашақ өмірін белгілі бір кастасы арқылы белгілейді. Әрбір үндіс сол кастаға сай, уағызды қатаң ұстануға тиісті. Осы арқылы о дүниеге барғанда қоғамда жоғарғы дәрежеде болуы мүмкін. И. - де біртекті догма да, әдет- ғұрыптық негіз де шіркеулік ұйым да жоқ. Табыну, культтік ғұрып храмдарда, жергілікті не үй альтарында, қасиетті жерлерде жасалады.

Ригведа - үнді мәдениетінің ең көне діни және әдеби ескерткіші. Ғалымдардың айтуы бойынша, оның жырлары б.з.б 15-6 ғғ.шамасында келген. Егер Веда үндіарийлердің қасиетті білім жинағы болса, Ригведа - жырлар жинағы. Бұл жинаққа сол заман білімінің құдайлар, жын, ғарыш, ритуал, әлеуметтік құрылым, этикалық құндылықтардың бүкіл жиынтығы кірген бірақ Ригведа құдайларды жырлауға арналған мінәжат ескерткіші болғандықтан, оның авторлары тәңірлерді арийлер жағына шақырумен болған. Олардың міндетіне Тәңірлерді мадақтау, олардың батырлығы мен қасиеттілігін жырлау, құрбандық қабылдауға шақыру, арийлер үшін көмек сұрап жалбарыну сияқты көптеген әрекеттер кірген. Бұл арада Құдай мен оған жалбарынушының арасындағы айырбас ахуалы тән. Мифология мен ритуал жағынан Ригведада Авестамен ұқсастық көп.

Азия – алғашқы адамдардың пайда болған ескі қоныстарының бірі.

миф – адамның дүниемен ой жүзінде жақындасуына негізделген адамдық тұрмыс пен дүние тану тәсілі; адам мұнда психологиялық ойларды заттардың бастапқы қасиеттері ретінде қабылдайды және табиғат құбылыстарын қарастырып, әсерленеді

қазіргі түрдегі адамhomo sapiens шамамен 40 мың жыл бұрын пайда болса, онда мәдениеттің бірінші элементтері одан ерте 150 мың жыл бұрын пайда болды.

Мифология қиялда және қиялдың көмегімен табиғат күштерін игереді, бағындырады және түрлендіреді.

анимизм – табиғат құбылыстарының себебі ретінде жан мен рухтың болатындығына сенім. Анимизм бойынша әр заттың жаны бар, ал кейбір ерекше заттар (рухтар, перілер) өз бетімен әрекет етеді.

Мысыр елінен түсініктеме сөздік

Ра- күн құдайы.

Осирис - өлім құдайы және жерасты әлемінің патшасы.

Исида – Осиристің әйелі және қарындасы, құнарлылық пен аналар қамқоршысы.

Маат – шындық пен тәртіптілік құдайы. Кейбір жануарлар, өсімдіктер, заттар құдайлар болып саналды.

Қос өзен мәдениетінің түсініктеме сөздігі

Шамаш – Күн құдайы.

Син – Ай құдайы.

Әйел құдай Иштар – махаббат құдайы.

Нергал – өлім құдайы.

Ирра – соғыс құдайы. Құдайлар патшаның қорғаушысы ретінде бейнеленеді, ол күшті патша билігіне бас иеді.

А

1.Аверс (бетімен қарау) – монетаның, медальдың беткі жағы.



2.Алтын – 6 ақшаға немесе 3 тиынға тең орыстың есептік ақша жүйесі.

3.Ақша бірлігі – баға масштабы үшін белгілі бір елде қабылданған бағалы металл мөлшері.

4.Ақша жүйесі – ақша айналымы мен шаруашылығының қозғалысы.

5.Ақша айналымы – төлем мен айналыс сферасындағы ақшаның қозғалысы.

6.Ақша белгісі – құндылықты анықтайтын белгі.

7.Ақша реформалары – ақша жүйесін реттеу үшін ақша айналымында жүргізілетін қайта құрулар.

8.Анэпиграфтық монета – жазбасы оқылмайтын немесе мүлдем болмайтын б.э.д V ғасырға дейінгі монеталар.

9.Агоронимдер – аудан атауына байланысты жалқы есімдер.

10.Антропонимика – адам есмдерінің шығу, өзгеру, географиялық таралуын зерттейтін ономистиканың бір бөлігі.

11.Аргировула – ортағасырда кең тараған, күміске батырылған аспалы мөр.

12.Аспалы мөр – бау арқылы құжатқа ілініп қойылатын мөр.

13.Аксель банттар - әскери киім жабдығы. Алтын, күміс түрлі жіптен өрілген мойындарға тағылатын иық баулар.

14.Адым – жарым тең өлшем.

15.Алфавит – қандай да бір тілдің жазбаша түрде қабылданған әріптердің жиынтығы. Белгілі бір тәртіп бойынша орналасқан әліпби.

16.Археография – қолданбалы тарихи пән. Тарихи деректердің басылымдарының ережесі мен әріптерін қарастырады.

17.Ай – уақыт есебінің бірлігі, айдың жерді айналу периодына тең.

18.Астрономиялық немесе тропикалық жыл – күн дискісі жүйесіндегі көктемгі теңестіру жүйесіндегі уақыт аралығының интервалы, ол 365 күнге, 5 сағат, 48 минут, 46 секундқа тең.



19.Айлық санау жүйесі - өте ертедегі тәуліктер мен айларды теңестіру жүйесі. Айлық күнтізбе ежелгі вавилондық және ежелгі еврейлік болып бөлінген. Ай күнтізбесінің екі түрі белгілі болған: еркін (мұсылман елдерінде таралған) және айлық күндік (түрік монғол елдерінде таралған).

20. Айлық күндік уақыт санау жүйесі – уақыт санаудың жинақталып реттелген жүйесі. Онда тәуліктер мен айлар жылдармен теңдерілген. Мұндай күнтізбелер ерте Вавилонда, Қытайда, көне гректерде, көне римдерде болған.

21.Айлық жүйе – мұнда тәуліктер аймен үлестірілді.

22.Айлық күндік – мұнда тәулік пен ай жылмен үйлестірілетін жүйе.

23.Ай – уақыт өлшемі, жылдың бөлігі. Оның ұзақтығы айдың жерді бір айналып шығатын ұзақтығына тең. Ай жерді шамамен 27,32 күн тәулігінде 1 рет айналып шығады.

24.Апта – ұзақтығы жеті күн тәулігіне тең уақыт өлшемі, «Апта» - «жеті» деген сөз. Ол санскритше – саптан, парсыша – нәфта, грекше – хәпта, румынша- шәптә. Қазақ тілінде «жұма», «жеті» деп те айтылады. Вавилондықтар аптадағы күндерді табынатын құдайлар кезектесіп билейді деп есептеген.

25.Археология – архаиз – көне, логия-ғылым көне зерттеу дегенді білдіреді.

26.Археологиялық экспедиция – тарихи құжаттардың басылымын жинақтайтын ғылыми зерттеу мекемесі.

27.Автограф – автор түзетін қол қойған, машинкаға басылған текст.

28.Аршын – ұзындық өлшемі.

29.Ассигнациялар – 1769 жылы шыарыла бастаған қағаз ақша.

30.Адым – жарым тең өлшем. Құлашқа тең.

31.Антениондар – Рим иәнеттері.

Ә

32.Әшекейлі жолақ гүлдер – беттің шектеріне жолақ тәріздес қылып горизанталь бағыттап салу суреті түрі.

Б

33.Бант – ресей ордендерінің лентасындағы ерекше бүктеме. 1789 жылдан бастап мұндай банттар Георгий орденінде, 4-дәрежелі Владимир орденінде т.б болды.

34.Бархат кітап – ХVІІ ғасырда құрастырылған орыс мемлекетінің соңғы ресми шежіре кітабы.

35.Блазон (көне фран.- қалқан)- геральдика тілі. Гербті оқу үшін алғашқы геральдтар құрастырған тіл.

36.Блазонри – гербті өрнектеп безендіру өнері.

37. Бурелет – гербтің шлеміне қойылатын, матадан тігіліп ішіне жүн толтырылған нәрсе.

38.Булла – папа, император, король жарлықтарын бекітетін орта ғасырдағы дөңгелек металл мөрі.

39.Буллотирия – аспалы мөрлер жалатылатын арнайы щипцыдар.

40.Балансир – монеталық пресс.

41.Билондық монета – (фр. Төменгі проблемалы күміс) – номиналы оның құрамындағы металл мен оны соғуға кеткен шығындардан асып түсетін айырбас монетасы.

42.Брактеат – ортағасырлық батыс европалық күміс монета. Сурет тек жоғарғы жағынан ғана соғылатын.

43.Береста – қайың қабығы, қатты қағаз, арзан пергаментке қарағанда ұзақ сақталады.

44.Барокко, рококо – ХVІІ-ХІХ ғасырдан үстемдік еткен өнер стильдері.

45.Буындық жазу – Б.з.д Х-ХІ ғасыр кезінде түрікшілерде буындық жазу қолданды.

46.Бокогрей – февраль

47.Березозал – апрель.

48.Биссектус – қосымша күн, екінші алтыншы күн деп аталады.

49.Берковец – салмақ бірлігі.

50.Биллон – 500 % - тей лигатура қосылған күмістің нашар пробалы қорытпасы.

51.Бонистика – қағаз ақшаларды зерттейтін ғылым.

В

52.Вязь – қолжазбаларды әсем етіп көрсету үшін ерекше декаративтік жазба.



53.Вруцента – жексенбі күнді А әрпімен таңбалап атаған.

54.Вержер – көлденең жолақ түрінде сым темір тормен қағазға бастырылған су белгісі.

55.Верэленин – уыс немесе тасты лақтырғандағы мүмкін боларлық қашықтық.

56.Верст – шақырым.

57.Ведро – 4,919 гектолитр.

58.Веревка – 2/3 десятина.

59.Веверица – ¼ күн.

60. Вашаная четверть – 12 пуд = 196,56 кг.

61.Вершок – 4,5 см-ге тең.

Г

62.Геральдика – елтаңба туралы ғылым.



63.Глагалица – ең ежелгі таңбалардың жетіле түсуімен ежелгі славян әліппесі.

64.Генеология – рудың, тектің шығуын зерттейді.

65.Григориан күнтізбесі – ХІ ғасыр есімімен байланысты. 1582 жылы Григорий күнтізбесі жасалды.

66.Графо – гректің «ежелгі» - «жазамын».

67.Грамота – орыс феодалдық правосының қолжазба актілері.

68.Грузник – октябрь.

69.Грудень – ноябрь.

2. ПӘН БОЙЫНША ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Курстың қысқаша сипаттамасы

«Әлемдік діндер тарихы және дінтануды оқыту методикасы» пәні әлемдік діндердің пайда болуы және тарихи процестермен байланыса отырып дамуын оқытады. Сонымен қатар, дінді ұстанатын қоғамның, бірлестіктердің өміріндегі алатын рөлін анықтау жатады. Қазіргі замандағы проблемаларға деген әлемдік діндердің әсері және дінге деген актуальді және саналы ой тұжырымдарының қалыптасуын қарастыру. Әлемдік діндер курсын оқу барысында студенттер «әлемдік діндер» түсінігімен, дін теориясымен, оның пайда болуы және қабылданылуы туралы ойларды танып біледі. Негізгі міндеттердің бірі, ол әлемдік өркениеттердің дамуында буддизм, иудаизм, христиан, мұсылман діндерінің алатын орнын анықтау және қатынасқа түсу, қабылдау проблемаларын қарастыру. Дінтану курсын оқытудағы актуальды сұрақтарды қарастырып және түсіну.

Пәннің мақсаты: студенттердің дінтану, догамтикалық, тарихи және норматифтік-әлеуметтік аспектілерді толықтай түсіндіру; студенттердің әлемдік діндер, байырғы, ерте, дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер туралы түсініктерін қалыптастырып, дамыту.

Пәннің міндеттері: діни ойларды публикада практикалық жүйеде студенттердің білдіре алуын қалыптастыру; студенттерде діни ұстанымдарды өздерінің таңдауына және догматикалық ерекшеліктерін нақты қарастыруды іске асыру; азаматтық және әлеуметтік, әлемдік діндер жайлы түсініктерін қарастыру.

Пәннің мазмұны: Курс бойынша қарастырылатын мәселелер, дін ғылыми зерттеу объектісі ретінде және дін тарихының басқа гуманитарлық ғылымдармен қатар қарастырылады. Діннің пайда болу концепциясы және даму процестері, мектепте дінтану пәнін беру методикасы курстың негізгі мән берілетін тұстары.

Пәнді меңгеру барысында студенттер білу қажет: барлық діндердің негізін, олардың дәстүрін, пайда болу тарихын, эволюциясын, дамуерекшелітерін. Діни мәдениеттердің діни және мәдени, әлеуметтік, ұлтаралық ерекшеліктерін толерантты түрде қабылдау және білу.



  1. Курстың тақырыптық жоспары:



Тақырып аты

Всего часов

Дәріс

Семинар

СОӨЖ

СӨЖ

1.

Сабақтың мақсат және міндеттері. Дін және қоғам.

2

1

2

5

2

Діннің пайда болуы және оның алғашқы формалары. Тақырыпты оқытудың әдістемесі

2

1

2

5

3

Христиан діні. Тақырыптың оқыту әдістемесі

2

1

2

5

4

Православиелік дін. Тақырыпты оқыту әдістемесі.

2

1

2

5

5

Католицизм діні. Тақырыпты оқутыдың әдістемесі.

2

1

2

5

6

Протестантизм діні. Тақырыпты оқутыдың әдістемесі.

2

1

2

5

7

Ислам. Тақырыпты оқыту әдістемесі.

2

1

2

5

8

Буддизм. Тақырыпты оқыту әдістемесі.

2

1

2

5

9

Иудаизм. Тақырыпты оқыту әдістемесі.

2

1

1

4

10

Индуизм. Тақырыпты оқыту әдістемесі.

2

1

1

4

11

Конфуцианство және даосизм. Тақырыпты оқыту әдістемесі.

2

1

1

4

12

Синтоизм. Тақырыпты оқыту әдістемесі.

2

1

1

4

13

Қазақстандағы діни ағымдар. Тақырыпты оқыту әдістемесі.

2

1

1

4

14

Қазақ жерінің атақты дінтанушылары. Тақырыпты оқыту әдістемесі.

2

1

1

4

15.

Қазақстан-діни толерантты ел. Тақырыпты оқыту әдістемесі.

2

1

1,5

4,5




  1. Дәріс тақырыптары:

Тақырып 1. Сабақтың мақсат және міндеттері. Дін және қоғам.
Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Сабақтың мақсат және міндеттері.
1. Дін ұғымы. Дін және қоғам.

2.Дін жүйесі мен элементтері.

3. Діннің қоғамдағы орны мен функциясы.

4. Дін түрлері.


Әдебиеттер:

Авдиев В. И. История Древнего Востока. М., 1953,

Бросс Ш. О фетишизме. М.,1973.

Зыбковец В.Ф. Дорелигиозная эпоха. М.,1959.

Керан К. Боги, гробницы, ученые, М.,1963.

Кун Н.А. Легенды и мифы Древней Греции М., 1963

Лосев А.Ф. Античная мифология в ее историческом развитии. М.,1952.

Мифы народов мира, 2-е изд. М. 1987, т. 1-2



Мифологический словарь. (Под ред. Е.М. Мелетинского) М.,1991.

Сухов А.Д. Философские проблемы происхождения религии, М.,1967.

Тахо-Годи А.А. Греческая мифология. М.,1989.

Токарев С.А.. Ранние формы религии и их развитие М.,1964.

Токарев С.А. Религия в историй народов мира. М.,1986.

Фрэзер Д. Золотая ветвь. Исследование магии и религии. М.,1983.

Шпажников Г.А. Религии стран Африки. Справочник М.,1981.

Штаерман Е.М. Социальные основы религии Древнего Рима. М.,1987.
Тақырып 2. Діннің пайда болуы және оның алғашқы формалары. Тақырыпты оқытудың әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Діннің пайда болуы және оның алғашқы формалары. Тақырыпты оқытудың әдістемесі.
1.Алғашқы сенімнің формалары.

2.Класстық қоғамға ауысудағы діннің алға жылжуы.

3. Ежелгі әлемнің ұлттық діндері.
Әдебиеттер:

Авдиев В. И. История Древнего Востока. М., 1953,

Бросс Ш. О фетишизме. М.,1973.

Зыбковец В.Ф. Дорелигиозная эпоха. М.,1959.

Керан К. Боги, гробницы, ученые, М.,1963.

Кун Н.А. Легенды и мифы Древней Греции М., 1963

Лосев А.Ф. Античная мифология в ее историческом развитии. М.,1952.

Мифы народов мира, 2-е изд. М. 1987, т. 1-2



Мифологический словарь. (Под ред. Е.М. Мелетинского) М.,1991.

Сухов А.Д. Философские проблемы происхождения религии, М.,1967.

Тахо-Годи А.А. Греческая мифология. М.,1989.

Токарев С.А.. Ранние формы религии и их развитие М.,1964.

Токарев С.А. Религия в историй народов мира. М.,1986.
Тақырып 3. Христиан діні. Тақырыптың оқыту әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Христиан діні. Тақырыптың оқыту әдістемесі.


  1. Христиан дінінің пайда болуы.

  2. Христос тұлға ретінде.

  3. Христиан дінтануы

  4. Христиандықтың бөлінуі.

Әдебиеттер:



Крывелев И.А. Библия: Историко-критический анализ. М., 1985.

Миркина 3.,Померанц Г. Великие религии мира. М.,1995.

Ранович А.Б. Первоисточники по истории раннего христианства. Античные критики христианства. М.,1990.

Ренан Э. Жизнь Иисуса.М. 1991.

Свенцицкая И.С. Раннее христианство: страницы истории. М.,1987.
Тақырып 4. Православиелік дін. Тақырыпты оқыту әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Православиелік дін. Тақырыпты оқыту әдістемесі.
1. Православие тарихы және қазіргі жағдайы.

2. Орыс православиесі.


Әдебиеттер:

Бессонов Б. Н. Православие в наши дни. М., 1990.

Булгаков С.Н. Православие: Очерки учения православной церкви, М., 1991.

Голубинский Е.Е. История Русской церкви, М.. 19011902, т. 1-2.

Иоанн Домаскин. Точное изложение православной веры. Ростов-на-Дону, 1992.

История Русской православной церкви в документах религиозных архивов России. Аннотированный справочникуказатель, М.,1993.



Карташев А.В. Очерки по истории Русской церкви, М.,1993, т.1-2.

Лосский О.Н. Очерк мистического богословия Восточной церкви. Догматическое богословие, М.,1991.

Поспеловский Д.В. Русская православная церковь в XX веке. М.,1995.

Правда о религии в России. М., 1942.

Православная церковь в истории России, - М.,1991.
Тақырып 5. Католицизм діні. Тақырыпты оқутыдың әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Католицизм діні. Тақырыпты оқутыдың әдістемесі.
1. Дін ерекшеліктері.

2. Ватикан. Шікеу жүйесі.

3. Ресейдегі католицизм.

3. Католиктік шіркеудің қоғамдағы мәселелері.


Әдебиеттер:

Арну А. История инквизиции. СПб,1995.

Боргош Ю. Фома Аквинский. М.,1975.

Гергей Е. История папства. М.,1996.

Григулевич И.Р. Папство: век XX.М., 1978.

Заборов М.А. Крестоносцы на Востоке.М., 1980.

Иоанн Павел II. Единство в многообразии: Размышления о Востоке и Западе. М.,1993.

Казакова А. Второй Ватиканский собор. М.,1973.

Ковальский Я.В. Папы и папство. М.,1986 .

Красиков А.А. Ватикан: история современности. М.,1991.


Тақырып 6. Протестантизм діні. Тақырыпты оқутыдың әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Протестантизм діні. Тақырыпты оқутыдың әдістемесі.
1. Дін ерекшеліктері.

2. Шікеу жүйесі.

3. Ресейдегі протестанттар.

3. Протестанттық шіркеудің қоғамдағы мәселелері.


Әдебиеттер:

Белов А.В. Секты. сектантство. Сектанты. М.,1978 Вебер М. Протестантские секты и дух капитализма М., 1990.

Гараджа В.И. Протестантизм. М.,1971.

Граждан В.Д. Вероучение и мораль пятидесятников. М.,1989.
Тақырып 7. Ислам. Тақырыпты оқыту әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Ислам. Тақырыпты оқыту әдістемесі.


  1. Исламның пайда болуы.

  2. Ислам дінінің ерекшеліктері.

  3. Ислам дінінің негізгі бағыттары.

  4. Қазіргі кездегі ислам діні.

Әдебиеттер:



Большаков О. Г. История Халифата Т.1 Ислам в Аравии (570-633). М., 1989.

Грюнебаум фон Г.Э. Классический ислам. Очерк истории (600-1258). М.,1988.

Ермаков И., Микульский Д. Ислам в России и Средней Азии. М.,1993.

Ислам. Историографические очерки. /Под общ. ред. С.М.Прозорова, М.,1991.

Ислам: Энциклопедический словарь. М.,1991.

Коран. /Перевод и комментарии И.Ю. Крачковского. Изд.2-е.М.,1986.



Массе А. Ислам. Очерки истории. Пер. с французского М.,1982.

Панова В., Бахтин И. Жизнь Мухаммеда. М., 1990
Тақырып 8. Буддизм. Тақырыпты оқыту әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Буддизм. Тақырыпты оқыту әдістемесі.
1.Буддизмнің пайда болуы. Индуизм және буддизм

2. Гаутама - Будда . Трипитака – буддалық канон.

3. Будданың діни идеалдары Хинаяна және Махаяна. Буддизмның таралуы.
Әдебиеттер:

Анагарика Говинда. Психология раннего буддизма. Основы тибетского мистицизма. СПб., 1993.

Бакаева Э.П. Буддизм в Калмыкии. Элиста, 1994.

Буддизм: Словарь /Под общ. ред. Н.Л. Жуковской. М.,1992.



Жуковская Н.Л. Ламаизм и ранние формы религии. М.,1977.

Игнатович А.Н. Буддизм в Японии. Очерк ранней истории. М.,1987.

Корнев В.И. Буддизм и его роль в общественной жизни стран Азии. М.,1983.

Кочетов А.Н. Буддизм.М.,1965
Тақырып 9. Иудаизм. Тақырыпты оқыту әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Иудаизм. Тақырыпты оқыту әдістемесі.
1.Иудаизм: Яхве сенімінің пайда болуы.

2.Библия. Талмуд. Тарихтың иудейлік концепциясы.

3.Ветхозаветтық аңыздар: мысырлық құлдық, Моисей, Давид, Соломон.
Әдебиеттер:

Агада: сказания, притчи, изречения Талмуда и мидражей. М., 1993.



Беленький М.С. Иудаизм. 2-е изд., M., 1974.

Васильев Л.С. История религий Востока. М., 1988.

Гече Г. Библейские истории. 2-е изд. М., 1990.

Даймонт М. Евреи, Бог и история. Иерусалим, 1989.

Рижский М.И. Библейские пророки и библейские пророчества. М., 1987.

Телушкин Д. Еврейский мир. М., 1992 .

Шифман И.Ш. Ветхий Завет и его мир. М., 1987.

Янг Л. Сущность иудаизма. М., 1993.
Тақырып 10. Индуизм. Тақырыпты оқыту әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Индуизм. Тақырыпты оқыту әдістемесі.
1.Ежелгі Үндістанның діни жүйесі: индуизм, джайнизм, сикхизм, парсизм.

2.Индуизмнің негізгі жүйелері.


Әдебиеттер:

Беленький М.С. Иудаизм. 2-е изд., M., 1974.

Бонгард-Левин Г.М. Древнеиндийская цивилизация. Философия, наука, религия. 2-е изд. М., 1993.

Васильев Л.С. История религий Востока. М., 1988.

Гусева Н.В. Индуизм. История формирования. Культовая практика,. М., 1977.
Тақырып 11. Конфуцианство және даосизм. Тақырыпты оқыту әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Тақырыпты оқыту әдістемесі Конфуцианство и даосизм.
1.Даосизм, конфуцианство, буддизм – білім триадасы (сань цзяо).

2.Қытайдағы ежелгі наным сенімдер.


Әдебиеттер:

Васильев Л.С. История религий Востока. М., 1988.

Васильев Л.С. Культы, религии и традиции в Китае. М., 1970.

Дао и даосизм в Китае. М., 1989.

Древнекитайская философия. Собрание текстов. В 2-х т. Переводы. М., 1972-1973.

Конфуцианство в Китае: проблемы теории и практики /Под ред. Л.П. Делюсина М., 1982 .



Малявин В.В. Конфуций. М., 1992 .

Переломов Л.С. Конфуций: жизнь, учение, судьба. М., 1993.
Тақырып 12. Синтоизм. Тақырыпты оқыту әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Тақырыпты оқыту әдістемесі Синтоизм.
1.Жапониядағы буддизм және синтоизм. Аматэрасу құдайына сенім.

2. Синто шіркеулері мен ғибадатханалары. Ұрыс жүріс-тұрыстың 5 принциптері.

3.Синтоизмнің ары қарай дамуындағы буддизмнің рөлі.

4.Дзэн- буддизм – жауынгерлер діні.


Әдебиеттер:

Васильев Л.С. История религий Востока. М., 1988.

Религии мира. М., 1982.
Тақырып 13. Қазақстандағы діни ағымдар.
Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Қазақстандағы діни ағымдар.

1.Қазақстандағы Ислам дінінің тарауы.

2. Қазақстандағы Христиан дінінің тарауы.

3.Қазақстандағы православиелік шіркеу.


Әдебиеттер:

Большаков О. Г. История Халифата Т.1 Ислам в Аравии (570-633). М., 1989.

Грюнебаум фон Г.Э. Классический ислам. Очерк истории (600-1258). М.,1988.

Ислам: Энциклопедический словарь. М.,1991.

Коран. /Перевод и комментарии И.Ю. Крачковского. Изд.2-е.М.,1986.

Массе А. Ислам. Очерки истории. Пер. с французского М.,1982.

Панова В., Бахтин И. Жизнь Мухаммеда. М., 1990

Пиотровский М.Б. Коранические сказания. М.,1991

Суфизм в контексте мусульманской культуры. М., 1989


Тақырып 14. Қазақ жерінің атақты дінтанушылары. Тақырыпты оқыту әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Қазақ жерінің атақты дінтанушылары. Тақырыпты оқыту әдістемесі.
1.Қазақ мұсылмандарының көрнекті ойшылдары

2.Ахмет Яссауи ілімдері.

3.19-20 ғасыр дінтанушылары.

4.Абай мен Шәкәрімнің діни еңбектері.


Әдебиет:

Большаков О. Г. История Халифата Т.1 Ислам в Аравии (570-633). М., 1989.

Грюнебаум фон Г.Э. Классический ислам. Очерк истории (600-1258). М.,1988.

Ермаков И., Микульский Д. Ислам в России и Средней Азии. М.,1993.

Ислам: Энциклопедический словарь. М.,1991.

Коран. /Перевод и комментарии И.Ю. Крачковского. Изд.2-е.М.,1986.

Массе А. Ислам. Очерки истории. Пер. с французского М.,1982.

Панова В., Бахтин И. Жизнь Мухаммеда. М., 1990



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет