ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет5/12
Дата13.11.2016
өлшемі1,88 Mb.
#1679
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қайталау сұрақтары


1. Ислам діні қашан және қалай пайда болды?

2. Мұсылман дінінде ежелгі арабтар мен еврейлер жайында не айтылған?

3. Құран деген не және оның жүйесі қандай?

4. Неге Ислам әлемдік дін болып есептеледі?

5. Ислам дінінің негізгі бағыттары қандай?

6. Мұсылмандар дінінің негізгі бағдарламасы қандай?

7. Қандай діни мерекелер бар?

8. Әлем дамуында ислмдық фактор қандай рөл атқарады?

Әдебиеттер:

Большаков О. Г. История Халифата Т.1 Ислам в Аравии (570-633). М., 1989.

Грюнебаум фон Г.Э. Классический ислам. Очерк истории (600-1258). М.,1988.

Ермаков И., Микульский Д. Ислам в России и Средней Азии. М.,1993.

Ислам. Историографические очерки. /Под общ. ред. С.М.Прозорова, М.,1991.

Ислам: Энциклопедический словарь. М.,1991.

Коран. /Перевод и комментарии И.Ю. Крачковского. Изд.2-е.М.,1986.



Массе А. Ислам. Очерки истории. Пер. с французского М.,1982.

Панова В., Бахтин И. Жизнь Мухаммеда. М., 1990

Тақырып 8. Буддизм. Тақырыпты оқыту әдістемесі

Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Буддизм. Тақырыпты оқыту әдістемесі

1.Буддизмнің пайда болуы. Индуизм және буддизм

2. Гаутама - Будда . Трипитака – буддалық канон.

3. Будданың діни идеалдары Хинаяна және Махаяна. Буддизмның таралуы.

Тұңғыш әлемдік дін – будда діні б.д. дейінгі VI ғасырда көне Үндістанда пайда болды. Будда дінінің негізін салушы Сиддхартха Гаутма 567 жылы Оңтүстік Непалдағы ру басының отбасында дүниеге келді. Бала туғаннан соң жеті күннен кейін анасы дүние салады. Гаутаманың одан кейінгі өмірі, әсіресе оның сырт дүниеден хабарсыз өсуі және әке сарайынан кетіп қалу себептері түрліше түсіндіріледі.

Будда діні ілім ретінде орныққаннан кейінгі кездері туған аңыздарға қарағанда баланы оқыту үшін шақырылған ғұламалар оның ержеткен соң адамның көзінен надандық шелін аластап, әлемнің әміршісі болатындығын, бала төрт белгіні – қарт адамды, науқасты, өлікті және тақуаны көрген соң қазіргі өмірден безінетінін сәуегейлікпен болжайды. Осыдан билік басындағы әке болашақ Будданы сыртқы дүниеден оқшау, жаңағы айтылғандар көзден таса “жер жаннатында” тәрбиелейді. Бірақ, болуы тиісті оқиға бәрібір болады: ол алдымен дәрменсіз қартты көріп, қызметшісінен бұл адамның дәрменсіздігінің себебін сұрап, өмірде қартаю дегеннің бар екендігін біледі; серуенде жүріп алапес аурумен ұшырасып, кәріліктен де өзге қасіреттің бар екенін біледі; өлікті жерлегенді көріп, өмірдің соңы өлім екенін біледі; төртінші кездесуі – дүние қызығының бәрін тәркі етіп, кезбелікпен күнелткен дәруіш оны бұрынғылардан да бетер қалың ойға салады.

Ол адамзатты осы қасіреттерден құтқарудың амалын іздеуге бел шешіп, тақуалық жолына түседі. Гаутама бұл кезде жиырма тоғыз жаста еді.

Ол бодхи ағашының түбінде жеті апта міз бақпай отырды. Серіктері бұл ағашты бодхинанда, немесе “даналық тағы” атап кетті. Бұл мейлінше әділ еді: Гаутама талай жылдарғы тән азабы мен жан азабынан өтіп, оның алдынан мүлдем өзге дүние қақпасы ашылды, бақыт жолы сайрап жатты.

Ол өзі ашқан төрт ақиқатты көпке жеткізуге асықты. Соңынан будда діни ілімінің негізіне айналған бұл “төрт ақиқат” мыналар болатын: 1. Өмір деген – қасірет. Адамның өмірінің барлық кезеңдері – оның тууы, есеюі, қартаюы, өлуі – бәрі қасірет. 2. Адамдар бұл дүниеде рахат көрсем, бай болсам дейді. Қасірет себептері осында жатыр. Демек, адамның қасірет көруі оның қанағатсыз тілектерінен. 3. Барлық дүниелік тілектерден толық бас тартып, нирванаға жеткенде ғана қасіреттен арылуға болады. 4. Нирванаға және құдіретті ақиқатқа “ортаңғы” немесе “сегіз түрлі” жолмен жетуге болады. Олар: 1) қасіретінің себептерін дұрыс түсіне білу; 2) дұрыс ойлау білу; 3) сөзді дұрыс құру; 4) дұрыс әрекеттер жасау; 5) салауатты өмір сүру (кісі өлтірмеу, ұрлық жасамау, ешкімге зиян келтірмеу, өтірік айтпау және басқа адамшылық қасиеттерді сақтау); 6) адал еңбек ету, 7) ізгі нәрселерді ойға сақтау, 8) дене күші мен психиканы дұрыс арнаға сала білу.

Гаутама осы ақиқаттарымен көптің ортасына келді. Ол өз ілімін тыңдаушыларының сөзсіз толық қабылдауын ешқашан міндет еткен жоқ. Ұстаздың тәліміне әрқашан шәкірттің қабылдау қабілеті сай келіп отыр. Осыдан оның ілімін таратудың “үш дәрежесі” туралы түсінік орнықты. Яғни, дүниелік ойлардан арылған таңдаулылар үшін ілім бір деңгейде ауғыздалса, қауым мүшелері үшін ол екінші қырынан, ал жалпы жұртқа сол сияқты жалпылама түрде насихатталу тәртібі орнықты. Ол алыс болашақта орнайтын әлемдік қауымның негізін байыптылықпен қалап, білім нәрін асқан байсалдылықпен сіңіре біледі.

Жаңа қауымға ену үшін екі шартты орындау қажет болды. Бірі – салауаттылық, екіншісі – жеке меншіктен біржола бас тарту. “Меншік иесі болу деген затпен өлшенбейді, оймен өлшенеді. Зат қолыңда бола тұра меншік иесі болмауың да мүмкін”, - деп үйретті ұстаз. Яғни, адамның меншігінің бар-жоғына мүлдем жаңа, сана деңгейіндегі өлшем белгіленді.

Будда дінінің адам нирвана дәрежесіне дейін көтерілетін жетілу жолын кейде “ізгілік жолы” деп те атайды. Ол өз ілімдерін ізгілікке бастайцтын адамшылық қасиеттерін насихаттау жолымен таратады.

Өмір өзінің бастауын белгісіздік тұңғиығынан алады. Бірінші адамның тағдыры – кармасы бар бастапқы тіршілік нышаны пайда болып, одан сана, адамның дене пішіні мен мінез-құлқы, сезімі қалыптасады. Адам есейіп, өмірді тани бастаған сайын оған құмарлығы артып, әртүрлі тілектер пайда бола береді. Бұл тілектер көбейген сайын оның мінез-құлқындағы жаман қасиеттері де көбейе береді. Ақыр-соңында өмірге бейкүнә келген адамды оның осы тілектері қасіретке, өлімге жетелеп алып барады.

Будда діні әуел бастан осы өмір шырғалаңына түсуден сақтандырады, ал буддизмді кеш мойындағандарды бұл шеңберді бұзып шығуға үгіттейді. Осыдан буддизм адамзаттың шырғалаң тіршілігіне меңзеп, “өмір дөңгелегін” өзінің рәмізі етіп алған. Ол әркімнің өз өмірімен үлгі болып, жол салуына, басқаның тіршілігіне бас сұқпауға үгіттейді. Дүние кем жаратылған, бірақ оны түзеу мүмкін емес, қандай ізгі мақсат қоймасын, кез-келген төңкеріс-қиянат, сондықтан буддизм ілімі қоршаған дүниені, қоғамды немесе мемлекетті өзгертемін деп әуре болмай адам ең алдымен өзін өзгертуі керек, деп есптейді.

Будда діні өзінің дүниетанымдық бастауларын веда-брахманистік көзқарастардан алады. Олар әлемнің бастау да, аяғы да жоқ шексіз деп қарастырады. Будда құдай емес, нирванаға жеткен кәміл адам. Бірақ ол ең жоғары құдірет ретінде танылып, оған құлшылық етіледі. Демек, діншілдер құдайларға емес, кәміл адамға бас ұрады. Осыдан буддизм монотеистік дін бе, жоқ па деген пікір таласында әлі күнге соңғы нүкте қойылған жоқ.

Будда дінідегі тіршілік иелері бірнеше сатыларға бөлінеді. Адамдар осылардың ортасында – бесінші сатысында тұр деп есептеледі. Адам осы баспалдақтармен жоғары өрлеген сайын Буддаға жуқтай түспек. Осы дүниеде қандай істер істесе, жан иесі қайтып дүниеге оралғанда соған лайық орын алады. Демек, өліп, дүниеге қайта келудің ортасында адамға бірден-бірге жетілу мүмкіндігі беріледі, ал осы мүмкіндікті пайдалану карманы жеңуіне байланысты деген ой жатыр.

Будда дүниеден өткеннен соң оның өсиетімен сангхи аталатын буддашылар қауымдары пайда болды. Бірнеше жыл шәкірт болған адамдар адамшылық қасиеттерінен арнайы сынақтан өткен соң қауымға мүше болып алынады. Сонымен бірге қауымнан шығу еркі өз қалауында болды. Оларға Буддада болған заттарды – садақа жинайтын ыдысты, ине мен ұстараны ғана пайдалану рұқсат етілді. Буддашы монахтың қайыр-садақа сұрауына тыйым салынады. Ол жұрт не берсе, соны қанағат етуге тиісті болды. Сонымен бірге ол тек ой-санасын жетілдіріп, ешқандай дене жұмысымен айналыспады. Монахтардың ішінде әйелдер де болды. Бірақ, олар жеке қауым болып өмір сүрді. Буддашылар храмнан тыс жерде бас қосып, қауым құрмайды.

Тарихи деректерге қарағанда, Будда өлген соң бір ғасырдан соң монахтар жиынында буддизмнің тапжылмас негіздері, принциптері мен дін ережелері жасалды. Осы мәселелерде пайда болған пікір-таластар будда дінінің екі бағытқа бөлінуіне себеп болды. Хинаяна діни ілім мен ғұрыптардың мызғымастығын жақтады. Махаяна оған қосымшалар енгізуді, буддизмге кеңірек және еркінірек түсіндірме беруді қолдады.

Бұл мәселелер дінбасыларының сангити аталатын басқосуларында бұдан кейін де талқыланып отырды. Солардың ішінде алғашқы жиыннан соң жүз он сегіз жылдан кейін Маурья әулеті тұңғыш жалпыүнділік мемлекеттік құрған кезде өткен жиынның буддизм тарихында елеулі орны болды. Ашоки патша (б.э. дейінгі ІІІ ғ.) буддизмді мемлекеттік дін деп жариялап, оны қабылдамағандарды жазалады.

Хинаяна өзінің таралу аумағына қарай “оңтүстік будда діні” деп аталады. Осыладың ішінде хинаянаның Шри-Ланкада беделі өте жоғары. Будда монахтары өздерінің білімдерін жетілдіру және діни лауазым алу үшін осында бас қосып тұрады. Бірақ, Шри-Ланка ұлты және діні жағынан біртекті емес. Мұнда сингалдар (буддашылар) мен тамилдер (индуистер) арасында үнемі қақтығыстар болып тұрады.

Манхаяна немесе “солтүстік будда діні” негізінен Қытай, Жапония, Корея, Непал, Бутан территорияларында, бертінректе ламаизм түрінде Монғолияда, Тибетте орнықты.

Махаяна екі тармаққа - ламаизм мен дзен-буддизмге бөлінеді. Ламаизмге құдайлар пантеоны тән болса, дзен-буддизмде құдай жоқ. ҮІІІ ғасырда буддизмнің жаңа ағымдары – тантризм, оған негізделген ваджраяна пайда болды. Бертін келе осы тантризм, махаяна және Тибеттің қара діні бір арнаға тоғыса келіп, тибеттіктердің өздері “жол” немесе “заң” деп атайтын, европалық ғылымда ламаизм аталатын буддизмнің қуатты бір тармағы орнықты.

Ламаизм негізіндегі лама яғни “аса мәртебелі”деген дін басыларына ,діни ұстаздарға қатысты қолданылған. XV ғасырдан Тибетті далай- лама мен панчен- ламалар басқарып келген.Олар “Мұхиттай шексіз ұстаз” дегендерді білдіреді.Тибеттің бүкіл тарихында он төрт адам көзі тірі құдырет саналатын далай- ламаатағына көтерілген. Мұнда далай- ламаны сайлаудың берік тәртібі қалаптасқан: далаи- лама өлген соң 49 күннен кейін (екі жылға дейінгі аралықта) дүниеге келген ер балалардан болашақ Будда іріктеліп алынатын болған. Оның шарты – жас баланың сыртқы пішін- келбетінің ұқсастығымен бірге, оған ұсынылған заттардың ішінен ламаға тиісті заттарды таңдап ала білуі. Осындай дін басыларының қалауы түскен бала 16 –17 жасына дейін шәкірттік жолдан өткен соң лама, кейіннен далай- лама атағын алатын болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет