Excel бәрін өзі дұрыс таңдап алады.
5-қадамда түсініктемені (легенда ) қосамыз. Аттарын бұл қадамда енгізбей тұрамыз, сонда экранға дөңгелек диаграмма бейнесі шығады. Енді безендіру (көркейту) элементтерін енгізу үшін, он түзету режиміне көшеміз.
Диаграммаларды түзету
Диаграмманы түзетіп толықтыру үшін, он екі рет шерту арқылы таңдау керек. Диаграмма оның элементтері деп. аталатын бірнеше бөліктерден тұрады. Олар:
-Диаграмманы тұрғызу аймағы;
Диаграмманың өз аймағы;
Түсініктеме мәлімет (легенда);
Тақырып;
Мәліметтер белгілеулері;
Мәліметтер.
Белгілі бір элементті түзетіп толықтыру үшін он таңдау қажет. Таңдауды тышқанмен немесе курсорды басқару тақталары көмегімен жүзеге асырамыз. Ерекшеленген элемент кішкене қара квадраттармен қоршалып тұрады. Сонан соң тышқанның оң батырмасы арқылы әрбір ерекшеленген элементтің жеке өзінің контексті – тәуелді менюі шығды. Сол меню көмегімен диаграмманы түзетіп толықтырамыз.
Лекция 8
Тақырыбы: Excel электрондық кестесін сандық модельге пайдалану.
Жоспар: 1. Алғашқы мәліметтер
2.Электрондық кестені сандық модельде пайдалану.
Электрондық кесте тек қана есептеулерді автоматтандыру функцияларын орындамайды. Ол әртүрлі жағдайларды немесе обьектілерді сандық модельдеуде өте қажетті құрал болып саналады. Обьектілердің математикалық моделін жасау үшін, яғни оларды математикалық түрде сипаттау мақсатында бір сыпыра параметрлерді пайдаланады. Бұл параметрлердің кейбірі белгілі, ал кейбірі формуллалар арқылы есептелінеді. Параметрлердің алғашқы мәндерін бір-бірімен сәйкестендіре отырып өзгертсек, есепте параметрлердің қалай өзгертетінін бақылап отырып,алатын нәтижелерді талдауға ие болады. Электрондық кестелер осындай есептеулерді өте тез қатесіз жүргізіп, санаулы минуттарда көптеген варианттарды қарастырып, солардың ішінен ең тиімдісін таңдап алуға мүмкіндік береді.
Мынадай есепті шығарып көрейік. “А” деген қаланың халқы үшінші мыңжылдық басында қанша болады?
(Әрине бұл есепті шығару үшін “А” қаласының халқы жыл сайын қалай өзгеріп отыратынын, яғни оның өзгеру заңдылығын білу керек.) Бұл заңдылықты уақытқа байланысты өзгеруге тиіс f(t) функциясымен белгілейік. Бірақ бұл функция әзір белгісіз өйткені халықтың өсуі көптеген факторларға байланысты болады. Негізінде жалпы демогарфиялық мәліметтерге сүйеніп, ол функцияның жалпы түрін былайша өрнектеуге болады.
F(t)=a*ebt
Мұндағы а,b-коэфициенттері әрбір мемлекет қала үшін өзіндік мәні бар параметрлер ал е-натуралдық логарифм негізі. Осы формула нақты болмысты жуықтап көрсете алады. Оның үстіне мұндай есептеуде өте үлкен рәлдіктің керей де шамалы, мұндайда халық санын орындаған мыңдық дәлдікпен болжауда жаман емес.
а,b-параметрлерін қалай анықтауға болады?
Мұның идеясы мынада: а мен в белгісіз болғанымен, f(t) функциясның бұрынғы мәндерін статистикалық анықтамалардан алуға болады. t мен f (t) мәндерін білсек, а мен в мәндерін жуық шамамен алуға болады. Яғни белгілі бір мәндерді қойып функцияны есептеуде оның теориялық мәндерімен анықтамадағы мәндеріндегі алшақтың өте үлкен бошлмауы тиіс. Әрбір алшақтың-ол екі санның, яғни f (t) функциясының нақты мәнімен теориялық мән айырмасының модулі.
Ең үлкен алшақтау мән-қателік деп аталады. А мен в мәндерін осы қателік шамасы барынша кіші болатындай етіп алу керек. Сонымен халық санының өзгеру процесінің математикалық моделі мынадай болуы тиіс:
Халық санының уақытқа байланысты өзгеруі. F(t)=a*ebt формуласымен өрнектеледі.
Тек берілген белгілі (онша үлкен емес) уақыт аралығында (40 жылдай) а=const және b=const болып есептеледі.
а мен в мәндері қателік шамасы кіші болатындай етіп таңдалады.
Міне осы ұсыныстарды алдын-ала қабылдап, есепті шығарайық.
Алғашқы мәліметтер: Статистикалық анықтамалықта 1960-1996 жылдар арасындағы (60 ≤ t ≤ 96) халықтың нақты сандары туралы толық мағлұмат бар деп есептейік.
Нәтижелері:
а мен в мәндері;
“А” қаласының халқының 2000 жылғы саны (t=100). Оған қоса алғашқы мәліметтермен алынатын нәтиженің өзара байланысы тағайындалған деп есептелік те,алдымен қателіктердің ең кіші шамалары үшін а мен в мәндерін анықтап және сол мәндерді пайдаланып f (100) мәнін есептейік. Сонымен математикалық модель қарастырылады.
Электрондық кестені пайдалану программа құруды талап етпейді. Тек электрондық кестеге белгілі бір түрде алғашқы мәндерді және модельге кіретін керек қатынасты жазып, сонан кейін зерттелетін жағдайдың сандық модельдеу процесін бастауға болады, яғни а мен в коэффициенттерінің мәндерін 1-ші формулаға сәйкестендіре есептеп берілген уақыттағы халық санын анықтау керек.
Тақырыбы: Мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйесі
Жоспар:
Мәліметтер базасының негізгі түсініктері
Мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері
Мәліметтер типі
Мәліметтер базасының обьектілері.
Мәліметтер базасы дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер базасы ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын.
Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер базасын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық-программалық кешендермен қарым-қатнасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек мәліметтер ғана емес, апарат та сақталады деп. айта аламыз.
Осы айтылғанды мысалымен түсіндірейік:
Үлкен банкінің мәліметтер базасын қарастыралық, мунда тұтынушы туралы, оның адрес жайлы, қаржылық амалдары, несие алу тарихы және т.б. мәліметтер бар. Бұл мәліметтер базасына көптеген банк қызметкерлері қатнай алады, бірақ олардың іштерінде тұтастай базаға кіріп, оған өзгерістер енгізе алатын қызметкер жоқ. Сонымен қатар әрбір қызметкердің өзіне берілген нақты мәліметтермен жұмыс істеуін қамтамассыз ететін мәліметтер базасының әдістерімен құралдары да бар.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, он мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені.
Дүние жүзінде мәліметтер базасын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреуінің түрлі обьектілерімен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешілігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Сондықтан Бізе бір ғана мәлімет базасын басқару жүйесін қарастырсақ жеткілікті.
Мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері
Өрістер мәліметтер базасының құрылымын ғана емес, сонымен қатар мәліметтердің топтық қасиеттерінде анықтайды. Төменде Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесіндегі кесте өрісінің негізгі қасиеттері келтірілген:
Өріс атауы (Наименование поля)- мәліметтер базасына автоматтандыру операцияларын қолданғанда осы өрістің элементтеріне қандай қатнаста болу керектігін анықтайды (жалпы жағдайд өріс атауы кесте бағандарының тақырыптары ретінде қолданылады);
Өріс типі (Тип поля) – берілген өрістегі мәліметтер типін анықтайды;
Өріс өлшемі (раз мер поля) – берілген өріске енгізілетін символдардың ақырғы ұзындығын анықтайды;
Енгізу қалқасы (Маска ввода) – енгізудің Турін анықтайды (енгізуді автоматтандыру құралы);
Қолтаңба (Подпись)- берілген өріс үшін кесте бағанының тақырыбын анықтайды (Егер қолтаңба көрсетілмесе, онда баған тақырыбына өріс атауы қасиеті пайдаланылады);
Үнсіз келісім бойынша қабылданатын мән (Значение по умлочанию) – ұяшыққа автоматты түрде енгізілетін мән (енгізуді автомттандыру құралы);
Мәнге қойылатын шарт (Условие на значение) – мәліметтерді енгізудің дұрыстығын тексеру үшін қолданылатын шектеу,
Қте туралы хабар (Сообщение об ошибке)- қате мәліметтерді енгізу кезінде пайда болатын ескерту (Мәнге қойылатын шарт қасиеті берілген кезде пайда болатын еғскерту;
Міндетті өріс (Обьязательное поле)- мәліметтер базасын толтырғанда берілген өрісті міндетті түрде толтыру қажеттігін анықтайтын қасиет;
Бос Жолдар (Пустые строки) – бос жолдар тұратын мәліметтерді енгізуге рұқсат беретін қасиет ;
Индекстелеген өріс (Индексированное поле) – егер өріске осы қасиет берілсе, онда осы өрісте сақталынған жзбаларды сұрыптаумен, іздестірумен байланысты амалдр жылдамдатылады. Индекстелген өрістер үшін жазбалардағы мәндердің қайталануын тексеруді ұйымдастыруға болады.
Мәліметтер типі
Microsoft Excel электрондық кестесімен танысқанда біз мәліметтердің үш типін қарастырғанбыз: мәтіндік, сандық және формулалар. Мәліметтер базасының кестесі көптеген мәліметтер тип імен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар:
Мәтіндік (Текғстовый) - өлшемі ақырлы кәдімгі мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер типі (255 символға дейін);
МЕМО өрісі (Поле МЕМО)- (65535 символға дейінгі) алкен көлемді мәтінді сақтауға арналған мәліметтер типі. Шын мәнінде мәтін өрісте көрсетілмейді, ол мәліметтер базасының басқа жер інде сақталады да, өрісте оның тұрған жері көрсетіледі, бірақ қолданушыға мұндй айырмашылық білінбейді;
Сандық (Числовой)- нақты сандарды сақтауға арналған мәліметтер типі;
Мерзімі / уақыты (Дата/время) күнтізбе бойынша кінін, айын және уақытын сақтауға арналған мәліметтер типі;
Қаржылық (Денежный) – қаржылық шаманы сақтауға арнлған мәліметтер типі;
Санауыш (Счетчик) – азбаларды автомтты түрде номерлеуге арналған мәліметтер типі.
Логикалық – логикалық мәліметтерді сқтауға арналған тип (ИӘ немесе ЖОҚ деген мәндерді қабылдайды);
OLE обьектілер өрісі (Поле обьектов OLE) әр түрлі обьектілерді (мультимедиалық, графикалық, символдық) сақтауға арналған мәліметтер типі. Бұл да МЕМО өрісі сияқты басқа жерде сақталады, OLE обьектілері өрісінде оның тұрған жері көрсетіледі;
Гиперсілтеме (Гиперссылка)- Интернеттің Web – обьектілерінің URL-адрестерін сақтауға арналған өріс. Сілтемені тышқанның батырмасымен шерткенде автоматты түрде броузер жүктелініп, терезеге Web-обьекті шығады;
Ауыстырулар шебері (мастер подстановок)- бұл арнаулы емес мәліметтер типі. Бұл обьектінің көмегімен мәліметтерді енгізуді автоматтандыруды дайн тізімнен таңдап алатындай етіп ұйымдастыруға болады.
Мәліметтер базасының обьектілері
Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесі жеті түрлі обьектілерді құруға және қолдануға мүмкіндік береді.
Кестелер. Бұл кез-келген мәліметтер базасының негізгі обьектісі болып табылады. Біріншіден, кестелерде мәліметтер базасындағы барлық апарат сақталады, екіншіден кестелер мәліметтер базасының құрылымын анықтайды.
Сұраныс. Бұл обьекті кестедегі мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түрде шығарып береді. Сұраныстың көмегімен мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу амалдары орындалады. Сұраныстың көмегімен бұрыннан бар кестенің негізінде жаңа кесте құрылады, басқа мәліметтер көзінен импортталады, кестелерде қарапайым есептеулер жүргізіледі.
Қалыптар. Егер сұраныстар мәліметтерді сұрыптаумен анализдеудің арнаулы құралдары болса, ал қалыптар мәліметтерді енгізу құралы болып табылады. Оның мәні мынада – ол қолданушыға тек толтыруға рұқсат етілген өрістерді толтыру құралдарын ұсынады.
Есептер. Өзінің қасиеттерімен құрылымы жағынан есептер қалыпқа өте ұқсас келеді, бірақ ол мәліметтерді тек баспаға шығаруға арналған. Сондықтан есептерде бспа құжаттарына арналған арнаулы безендіру элементтері бар.
Беттер. Мәліметтер базасының осы арнаулы обьектілері тек Microsoft Access 2000-да ғана жүзеге жасырылған. Бұл Web – бетте орналастыратын және қолданушыға сол
Web – бетте берілетін, HTML кодон жазылатын өте айрықша обьект.
Макростар мен модульдер. Бұл категориядағы обьектілер осы СУБД – мен жұмыс істеу кезінде қайталанатын операцияларды автоматтандыруға және программалау арқылы жңа функцияларды құруға арналған. Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесіндегі макрос тар СУБД-нің ішкі командалар тізбегінен тұрады және мәліметтер базасымен жұмыс істеуді автоматтандыру құралы болып табылады. Модулбдер сыртқы программалау құралдарының көмегімен құрылады.
Лекция 10
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария” университеті
“Жаратылыстану” факультеті
“Информатика” кафедрасы
Достарыңызбен бөлісу: |