Оқу әдістемелік кешен


P.S. Если к моменту получения этого напоминания Вы уже произвели оплату, примите нашу благодарность



бет46/111
Дата10.06.2022
өлшемі0,94 Mb.
#146320
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   111
Байланысты:
леуметтік-Гуманитарлы - факультеті

P.S. Если к моменту получения этого напоминания Вы уже произвели оплату, примите нашу благодарность.




1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).

Факс деп құжаттың қандай түрі аталады? Факс қандай құжаттың көшірмесі болып табылады? Телефакс бойынша нелер жіберіледі? Факсті ресімдеу қандай құжатты ресімдеуге ұқсас? Аппараттың қандай қосымша деректерді өзі қояды? Ақпараттың алушыға жеткендігі туралы растамада нелер көрсетіледі? Ең басты баған қандай баған болып табылады? Егер хабар толық және қатесіз жетсе, оған қандай белгі қойылады? Факс алу кезінде іркілістер болса, қандай белгі соғылады? Факстердің көшірмесін қандай жағдайларда түсіріп алады? Себебі не? Қандай жағдайда көшірме жасау міндетті емес? Байланыстың бұл түрі не үшін қолданылады? Себебі не? Қандай жағдайда факстің заңдық күші болады? Коммерциялық хат алмасулардың көп бөлігі неше жыл сақталады? Қандай ақпараттар 10 жыл сақталады? Қандай құжаттардың көшірме деген мәртебесі болады? Мұндай құжаттардың несі болуға тиіс? Электрондық қолды пайдаланылатын субьект қандай шараларды белгілейді? Факс және Е-mail бойынша құжаттар алмасу шарты қандай шарттарда айтылуға тиіс? Мұндай құжаттарға заңдық күш беру үшін қандай талаптар орындалуы тиіс?




2-жаттығу. Төмендегі күрделі етістіктерді қатыстырып сөйлем құрастырыңыз (Используя нижеприведенные сложные глаголы, составьте предложения).

Келіп кет, алып кет, шығып кет, көріп кет, беріп кет, қайтып кет, алып кел, көріп кел, барып кел, қайтып кел, айтып кел, біліп кел, сұрап кел, беріп кел, жүріп кел, озып кел.




3-жаттығу. Мәтіннен дара және күрделі етістіктерді тауып Кестені толтырыңыз (Заполните таблицу простыми и сложными глаголами из текста).

Факс – байланыстың телефон жүйесі бойынша арнайы аппараттың (телефакстің) көмегімен алынған құжат. Факс ұсынылатын құжаттың көшірмесі болып табылады. Телефакс бойынша құжаттардың кез-келген түрлері және оған қосымшалар жіберіледі: кестелер, сызбалар, схемалар, суреттер, т.б. Факс іскер әріптестермен, ұйымдармен арадағы хат алмасудың бір түрі. Факсті ресімдеу іскерлік хатты рәсімдеуге ұқсас.


Егер алынған факстердің маңызды ақпараты болса және ол ұзақ пайдалануға арналса, онда олардың көшірмесін түсіріп алады, өйткені факс қағазы ұзақ сақталмайды. Алайда қымбат факс аппараттарын пайдалану кезінде көшірме жасау міндетті емес.
Байланыстың бұл түрі жедел ақпарат жіберу үшін қолданылады, өйткені факспен берілген құжаттардың өзінің түпнұсқалығы туралы растамасы болмайды, егер шартта факспен хабар алмасу айтылған болса, онда олардың осындай нысанның өзінде заңдық күші болады.
Коммерциялық хат алмасулардың көп бөлігі 3 жыл сақталады және мұрағатқа өткізуге жатпайды. Аса маңызды мәселелер бойынша шетел фирмаларымен алмасқан ақпараттар (экспорт, импорт, кепілдік) 10 жыл сақталады.
Электрондық поштамен жіберілген құжаттардың көшірме деген мәртебесі болады және қолы мен мөрі болуға тиіс. Бұл ретте электрондық қолды пайдаланылатын субъект пайдалану құқығына және электрондық қолдарға рұқсат алуға қатысты сақтық пен бақылаудың тиісті шараларын белгілейді. Факс және Е-mail бойынша құжаттар алмасу шарты азаматтық-құқықтық сипаты бар шарттарда айтылуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет