Оқу әдістемелік кешен



бет16/22
Дата05.11.2016
өлшемі2,59 Mb.
#945
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

Хабарлама


(Уведомления)
Хабарлама – қандай да бір оқиғаның басталғандығы туралы екінші тарапты ескертетін ақпараттық-құқықтық құжат, сонымен қатар осы оқиға бастапқы құжатта алдын-ала айқындалады.

Мысалы:



  • Инспекциялық тексерулер және ресімделген актілердің нәтижелері бойынша салықтар және айыппұлдар сомасын есептеу туралы хабарлама.

  • Еңбек шарттарының өзгерістері туралы қызметкерге жұмыс берушінің хабарламасы.

Мемлекеттік органдар пайдаланатын хабарламалардың бекітілген үлгілері

болады. Ал қызметкерлер мен жұмыс берушілердің арасындағы қатынастарда хабарламалардың және келісімдердің мұндай үлгілері әлі әзірленген жоқ. Хабарлама фирмалық бланкілерде басылады және қызметкерге қол қоюға қолма-қол беріледі немесе тапсырыс хат түрінде почтамен жіберіледі. Еңбек дауларында бұл құжат елеулі рөл атқарады.

Әдетте, хабарламада «Сіздің назарыңызға жеткіземіз», «Хабарлаймыз» деген сөздер болуы тиіс. Осы парақта қызметкердің жауабын (келісімі немесе келіспейтіні туралы) беру ұсынылады.


Мәтінге арналған сөздік

Словарь к тексту

хабарлама уведомления

оқиға – событие

басталғандығы туралы – о наступлении

екінші тарапты ескертетін – предупреждающий другую сторону

ақпараттық-құқықтық құжат – инфармативно-правовой документ

сонымен қатар – при этом

осы оқиға – данное событие

бастапқы құжатта – в первичном документе

тексеру – проверка

ресімделген актілер – оформленные акты

нәтижелері бойынша – по результатам

салық – налог

айыппұл – штраф

есептеу туралы – о начислении

еңбек шарттарының өзгерістері туралы – об изменении условий труда

жұмыс берушінің хабарламасы – уведомление работодателя

мемлекеттік органдар – государственные органы

пайдаланатын - используемые

бекітілген үлгілер – утвержденные формы

әлі әзірленген жоқ. – еще не разработаны

фирмалық бланкілерде басылады – печатается на фирменном бланке

қызметкерге қол қоюға қолма-қол беріледі – передается работнику лично под

роспись

тапсырыс хат – заказное письмо



почтамен жіберіледі – отсылается по почте

еңбек даулары – трудовые споры

елеулі рөл атқарады - играет значительную роль

әдетте – как правило

сіздің назарыңызға жеткіземіз – довожу До Вашего сведения

хабарлаймыз – уведомляю

қызметкердің жауабы – ответ работника

келісімі – согласие

келіспейтіні – несогласие

ұсынылады – рекомендуется




Хабарлама үлгісі

ЖАЗБАША ХАБАРЛАМА


00.00.00

Қостанай қаласы №

Бас маман Б.А. Оспановқа

«Луч» ЖШС 01.07.2008 жылдан бастап Сіздің лауазымыңыз бойынша жұмыс жағдайының өзгеретінін ескертеді.


10.05.2006 жылғы №____ ЖЕШ-ның 5-бабына және «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» 10.12.99. № 493-1 заңның 19-бабы негізінде Сізді өзгерістермен таныстырып, 00.00.00-ға дейін шешім қабылдауыңызды өтінеміз.
Директор аты-жөні

Мөр


Шешім:

  • Сіздердің ұсыныстарыңызды қабыл аламын және 10.05.2006 ж. №____ ЖЕШ-ын қайта қараған кезде «Луч» ЖШС-дегі бас маман қызметіне байланысты енгізген өзгерістерге келісімімді беремін.

_______________________ аты-жөні

(қолы, қызметі)



  • Жаңа еңбек тәртібімен ұсынылған «Луч» ЖШС-нің бас маманы қызметін одан әрі істеуден бас тартамын және ҚР 10.12.99. №493-1 заңының 26-бабына сәйкес 10.05.2006 ж. № ___ЖЕШ-ын бұзуға дайынмын.

______________________________________________________

(аты-жөні, қолы, қызметі)



Форма уведомления

УВЕДОМЛЕНИЕ


    1. г. №

г. Костанай

Главному специалисту

Оспанову Б.А.
ТОО «Луч» доводит до Вашего сведения, что с 01.07.2008 г. изменяются условия работы по Вашей должности.

На основании ст. 5 ИТД от 10.05.2006 г. № 7 и ст. 19 Закона РК «О труде» от 10.12.99 г. № 493-1 прошу Вас ознакомиться с изменениями и принять решение в срок до 00.00.00 г.


Директор Ф.И.О.

Печать
Решение:

- Принимаю от Вашего предложение и даю согласие на изменение условий труда по должности главного специалиста ТОО «Луч» при условии пересмотра индивидуального трудового договора от 10.05.2006 г. № 7.

______________________Ф.И.О.

(подпись, должность)
- Отказываюсь от Вашего предложения продолжать работу в должности главного специалиста ТОО «Луч» с новыми условиями труда и готов к расторжению ИТД от 10.05.2006 г. № 7 согласно ст. 26 п. 7 Закона РК от 10.12.99 г. № 493-1.

_______________________Ф.И.О.

(подпись, должность)

_____________________

(дата)




1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Қандай құжат хабарлама деп аталады? Хабарламада берілетін оқиға қалай айқындалады? Хабарлама қандай бланкілерде басылады? Хабарлама қызметкерге қол қоюға қалай беріледі? Хабарлама еңбек дауларында қандай рөл атқарады? Әдетте, хабарламада қандай сөздер болуы тиіс?
2-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз (Переведите на казахский язык).
Уведомление – это информативно-правовой документ, предупреждающий другую сторону о наступлении какого-либо события заранее, при этом данное событие уже определено в первичном документе. Если уведомления, используемые государственными органами, имеют утвержденную форму, то в отношениях между работником и работодателем такие формы уведомлений и соглашений еще не разработаны. Уведомление печатается на фирменном бланке организации и передается работнику либо лично под роспись, либо отсылается по почте заказным письмом, т.к. этот документ играет значительную роль в трудовых спорах.
3-жаттығу. Берілген сөйлемдердің құрамындағы сөздерді орын тәртібіне қарай дұрыс орналастырыңыз (Составьте предложения, соблюдая порядок слов).

Хабарламақұжат ақпараттық-құқықтық. Хабарлама басталғандығы туралы екінші тарапқа ескертеді қандай да бір оқиғаның. Хабарламада алдын-ала ескертілетін айқындалады оқиға бастапқы құжатта. Еңбек шарттарының қызметкерге алдын-ала хабарлайды өзгерістері туралы жұмыс беруші. Мемлекеттік органдар хабарламалардың бекітілген үлгілері пайдаланатын болады. «Сіздің назарыңызға жеткіземіз», болуы тиіс деген сөздер «Хабарлаймыз» хабарламада.



4-жаттығу. Үлгіні пайдаланып, жазбаша хабарлама құрастырыңыз (Напишите уведомление по образцу).
ЖАЗБАША ХАБАРЛАМА

26.05.2006.

Қостанай қаласы

Бас маман Қ. Ж. Жүнісұлына


«Болашақ» ЖШС 01.07.2006 жылдан бастап Сізідің лауазымыңыз бойынша жұмыс жағдайының өзгеретінін ескертеді.

10.05.2005 жылғы № 256 ЖЕШ-ның 5-бабына және ҚР-ның «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99. № 493-1 Заңының 19-бабы негізінде Сізді өзгерістермен таныстырып, 01.06.2006-ға дейін шешім қабылдауыңызды өтінеміз.

Директор Аты-жөні

Қолы
Шешім:

- Сіздердің ұсыныстарыңызды қабыл аламын және 10.05.2005 ж. № 256 жеке еңбек шартын қайта қарап шыққан жағдайда «Болашақ» ЖШС-дегі бас маманның қызметіне байланысты енгізген өзгерістерге келісімімді беремін.
Қ.Ж. Жүнісұлы қолы
- Жаңа еңбек тәртібімен ұсынылған «Болашақ» ЖШС-нің бас маманы қызметін одан әрі істеуден бас тартамын және ҚР 10.12.99. № 493-1 Заңының 26-бабына сәйкес 10.05.2005 ж. № 256 ЖЕШ-ын бұзуға дайынмын.
Бас маман Қ.Ж. Жүнісұлы қолы

5-жаттығу. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрастырыңыз (Составьте предложения, используя данные слова и словосочетания).
Жеке шаруашылық серіктестігі, бас маман, лауазым, жұмыс жағдайының өзгеруі, бап, Қазақстан Республикасының Заңы, келісім беру, бас тарту, жеке еңбек шарты.
6-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз (Переведите на русский язык).
Мемлекеттік органдар пайдаланатын хабарламалардың бекітілген үлгілері

болады. Ал қызметкерлер мен жұмыс берушілердің арасындағы қатынастарда хабарламалардың және келісімдердің мұндай үлгілері әлі әзірленген жоқ. Хабарлама фирмалық бланкілерде басылады және қызметкерге қол қоюға қолма-қол беріледі немесе тапсырыс хат түрінде почтамен жіберіледі. Еңбек дауларында бұл құжат елеулі рөл атқарады.

Әдетте, хабарламада «Сіздің назарыңызға жеткіземіз», «Хабарлаймыз» деген сөздер болуы тиіс. Осы парақта қызметкердің жауабын (келісімі немесе келіспейтіні туралы) беру ұсынылады.

Тест тапсырмалары:
1. Екінші тарапқа қандай да бір оқиғаның басталғандығы туралы ескертетін ақпараттық-құқықтық құжат түрі қалай аталады?
А) ескерту

В) хабарлама

С) мәлімет

D) хат

Е) өтініш


2. Хабарламада қандай сөз болуы тиіс?

А) «Бұйырамын»

В) «Сіздің назарыңызға жеткіземіз»

С) «Хабарлансын»



D) “Анықталсын”

Е) “Қабылдансын”


3. «ЖЕШ» қысқарған сөзінің толық жазылған түрін көрсетіңіз.

А) Жедел емдеу шаралары

В) Жалпы есептік шығыны

С) Жеке еңбек шарты



D) Жасыл ел шарты

Е) Жасы елуге шықты


4. Істің әлдеқашан бұрын істелгендігін және сөйлеушінің оның істелгендігіне анық көзі жететіндігін білдіретін өткен шақ түрін көрсетіңіз.

А) Нақтылы өткен шақ

В) Нәтижелі өткен шақ

С) Субьективті өткен шақ



D) Неғайбыл өткен шақ

Е) Объективті өткен шақ


5. Нәтижелі өткен шақта тұрған етістікті көрсетіңіз.

А) маған


В) жатаған

С) қарастырылған



D) тоған

Е) балдырған

22-сабақ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет