ОқУ-Әдістемелік кешенің ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Авитаминоз Е (азықтық энцефаломаляция)



бет118/190
Дата21.05.2020
өлшемі1.06 Mb.
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   190
Авитаминоз Е (азықтық энцефаломаляция). Токоферол (витамин Е) өсіп-өніп көбею мүшесі функциясының қалыпты жұмыс істеуіне қажет. Витамин Е көзі болып - өнген сұлы дәні, арпа, жүгері, шөп ұны, көк шөп, бұршақ, сүт өнімдері болып табылады.

Бұл витаминнің жеткіліксіздігінен бөдене әтештердің ұрықтандыруы төмендеп жоғалуы кейде стерильдікке әкелуі, еннің (семенников) семуіне әкелуі мүмкін және бөденелер ұрықтанбаған жұмыртқа табады. Сондай-ақ, құс организміндегі май алмасудың токсиндік өнімдерін ұстап қалады. Созылмалы энцефаломаляция бұлшық ет дистрофиясына қимыл қозғалыстың бұзылуына және салдануына әкеп соқтырады. Жас құстарда бұлшық ет дистрофиясынан басқа қалшылдау, мойынының қайырылуы байқалады. Егер тиісті ем уақытылы жүргізілмесе бас, мойын және қанаттары ісіп кетеді.

Жыныстық қызметті қалпына келтіруі үшін азыққа 40 ИЕ витамин Е 1 г азыққа қосып екі апта бойы беру керек. бұл жағдайда сапасыз майдың берілмеуін қадағалау қажет, үйткені ол, Е витаминінің сіңіуіне бөгет жасайды.

Авитаминоз К Витамин К (мепадион, филлохион) дәнекер тіннің зат алмасуы және қан ұюына қажет болып табылады. әсіресе жұмыртқалайтын бөденелер үшін өте қажет және витамин сәбіз, шпинат, қызанақ, жасыл бұршақта, қалақай, жоңышқа клеверде және осы шөптер ұнында болады. Витамин жеткіліксіздігінен капиллярлар беріктігі, қан ұюы төмендейді. Бұл өз кезегінде қан талауға әкеп соқтырады әсіресе тері астында қанталау дақтары байқалады, ас қорыту жолдарында қан құйылудан нәжісте қан байқалады. Емдеу үшін 1 кг азыққа 3 г витамин (викасол немесе синковит) қосып 3—4 күн бойы беру керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   190




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет