Авитаминоз В4 (холиндік жеткіліксіздік) Витамин В4 немесе холин-хлорид буын таюының немесе перозистің алдын алады (утолщения запястного сустава, сухожилий и связок, расслабления сухожилий мышц ног). Витамин дақылдарда, бобовые, қызыла, ашықтқыда жеткілікті. Витамин жеткіліксіздігінде перозистан басқа балапан жетілуі мен жұмыртқалау мен балапан пайда болуы төмендейді. Емдеу үшін 1 кг азықтық қоспаға 2 г холин-хлори қосып беру қажет.
Авитаминоз РР (В5) (пеллагра) Витамин В5 немесе никотин қышқылы зат алмасу, жүйке функциясы, жүрек-қан тамыр және ас қорыту қызметтері үшін қажет. өзі кейбір көкөністерде – сәбіз, орамжапырақ, картопта көк шөп, кебек және ашықтқыда болады. Витамин жеткіліксіздігі перозиске ұшыратып, жас құстардың буындары және сіңірлері босап, теріде ақ қабыршақтар пайда болады. өсуі баяулап, шырышты қабықтары қошқыл-қызыл тске енеді. Егер организмде никотин қышқылы толықтай жоғалса 9-шы күні жас құстар өледі. Емдеу үшін 1 кг азыққа 30—40 мг витамин В5 қосып беру керек.
Авитаминоз В6 Витамин В6 (пиридоксин) қантамыр жүйесі қызметі, белок алмасуын іске асыру, терінің қоректенуі үшін қажет. Бұл витамин әсіресе рационда жануар текті азық болғанда өте қажет. өзі сыра ашытқысында болады. Витамин жетіспеушілігінен анемия, жетілуінің бөгелуі, қалшылдауы, жүрісінің бұзылуы байқалып, созылмалы жеткіліксіздігінен құс жүдеп және өлімге ұшырайды. Емдеу үшін 1 кг азыққа 5 мг пиридоксин қосып береді.
Авитаминоз В12 Витамин В12 (цианокобаламин) қан түзу функциясын, май және көмірсу алмасу реакциясын, нуклеин және аминқышқылы синтезін; балапандардың өмірге бейімділігін және жұмыртқада жетіліп тууын және ересек құстардың жұмыртқалағыштығын қамтамасыз етеді. Витамин жануар текті азықтарда, балық ұнында болады. Витамин жеткіліксіздігінен бұлшық ет атрофиясын тудырады, қан түзу бұзылып, балапандардың өсіп-жетілуі төмендейді. Кей жағдайда аяқтары салданады. Емдеу үшін 1 кг азық қоспасына 0,05 мг цианокобаламин қосып береді.
Авитаминоз Вс (фолии жеткіліксіздігі) фолии қышқылы В12 витаминімен торшалық зат алмасуды реттейді. Витамин өсімдіктің жасыл бөлігінде күн сәулесі әсерінен түзіліп және шоғырланады. Термоөңдеу барысында бұзылады, негізінен бұршақ шротында, жасыл шөпте және көкөністе көп болады. Фолии қышқылы жеткіліксіздігінен эмбрион дамуының соңғы сатысында өлуі, балапандардың жетілуі баяулап, ас қорыту жүйесі бұзылады, мойынының қайырылуы, қанат және аяқтары әлсізденеді де иммунитет төмендейді. Аурудың алдын алу мақсатында фолии қышқылы тапшылығында 1 кг азыққа 1 мг витамин В12 қосып беру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |