ОқУ-Әдістемелік кешенің ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар



бет166/190
Дата21.05.2020
өлшемі1.06 Mb.
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   190
Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар:

  1. Зертханалық сабақтың тақырыбына қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізуден бұрын қауіпсіздік іс шараларының сақталуына қоса көңіл аударып, атқарылатын жұмыстардың дұрыс жүргізілуіне сенімді түрде кірісіуге қажеттіліктер.

  2. Жұмыстың негізгі мақсатын атқару сәтінен бастап аяқталуына дейінгі іс қимылдарды аудиторияға естірте отырып, ретімен көрсету керек және болуы мүмкін қатерлерді алдын ала ескерте отырып, сақтану белгісін айтып жеткізудің жүргізілуін мәлімдеңіз.


Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:
Тапсырма №1

Студенттерге тақырыпқа байланысты жануарлардың ішкі ауруларын клиникалық балаумен қатар оны оған ұқсас аурулардан ажырату және негізгі дәйектемелік зертханалық зерттеулерді жүргізу.

Қан сарысуындағы билирубиннің мөлшерін анықтау. (Ендрашик, Клеггорн және Гроф бойынша) 3 пробиркаға 0,9 % хлорлы натриймен 2 рет араластырылған 0,5 мл сарысу құяды. 1-інші пробиркаға 1,75 мл кофе реактиві мен 0,25 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін қосып, колориметрлейді, 2-інші пробиркаға (тікелей билирубин) 1,75 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін және 0, 25 мл диазоқоспасын қосып, 5 мин. кейін колориметрлейд; үшінші пробиркаға (жалпы билирубин) 1, 75 кофе ерітіндісін құйып, 0, 25 дизоқоспасын қосып, 20 мин кейін колориметрлейді. Колориметрлеуді жасыл жарық фильтрде 5 мм кюветпен қарсы дистильденген сумен жүргізеді.

Тікелей және жалпы билирубинді зерттеу кезінде алынған оптикалық тығыздық көрсеткіштерінен бақылаудың оптикалық тығыздығының көрсеткіштерін шығарып алады.

Колибрлы кесте бойынша, жалпы және тікелей билирубиннің мөлшерін тауып, (мг/ 100 мл немесе ммоль/ л) ал олардың арасындағы айырмашылықтан тікелей емес билирубиннің мөлшерін (мг/ 100мл немесе ммоль/л ) алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   190




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет