ОқУ-Әдістемелік кешенің ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар



бет169/190
Дата21.05.2020
өлшемі1.06 Mb.
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   190
Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:
Тапсырма №1

Студенттерге тақырыпқа байланысты жануарлардың ішкі ауруларын клиникалық балаумен қатар оны оған ұқсас аурулардан ажырату және негізгі дәйектемелік зертханалық зерттеулерді жүргізу.



Тауықтың қандағы жасушалардың санын есептеу. Эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттердің санын есептеу.

Қанның аталған жасушаларының санын есептеу үшін есептеу камералары мен электронды есептеу құралдарын пайдаланады. Эритроциттердің санын эритрогемометр және фотоэлектроколориметрлердің көмегімен есептеуге болады.

Есептеу камерасындағы эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттердің санын есептеу.

Қандағы жасушалардың санын есептеу үшін әр түрлі есептеу камералары (Горяев, Предтеченский, Бюркер, Фукс- Розенталь және т.б.) пайдаланады.

Есептеу камерасы-бұл қалың заттық 3 жолағы бар әйнек. Ортаңғы қырындағы жолақ 0,1 мл жіңішкелеу және 2 бөлікке бөлінген, олардың әрқайсысында Горяев торы қашалып жасалған. Егер қырындағы жолақтарға жапқыш әйнекті қойса, ортаңғы жолақтың үстінде 1/ 10 мл саңылау кеңістік пайда болады.

Горяев торының ауданы 9 мм2 (3 х3 мм), оның үстіне 225 үлкен төртбұрыштар қойылған, олардың 25-сі 16 кішкентай төртбұрыштарға бөлінген. Кіші төртбұрыштың ауданы 1/ 400 мм2 (1/ 20 х 1/ 20 мм ), ал камераның көлемі 1/ 400 мм 3 (1/ 400 мм 2 х 1/ 10 мм).

Эритроциттердің санын есептегенде қанды қоспа- сұйықтықпен араластырады. Жалпы, бұл жағдайда Н. М. Николаев әдісі жиі қолданылады. Егер қанды меланжерге араластырса, онда капиллярға «0,5» белгісіне дейін қан алады, капиллярдың ұшын мақтамен сүртеді де, араластырғышқа «101» белгісіне дейін араласқан сұйықтықты қосады. Араластырғышты екі жағынан қолдың ортаңғы және үлкен саусағымен жауып, 1-2 мин. шайқайды. Бұл жағдайдағы қанды араластыру 1:200 болады. Ең бірінші меланжерден мақтаға араластырылған қанның 3 тамшысын алады, ал қалған тамшыны есептеу камерасының ортаңғы жолағына жағады. Араластырылған қанның тамшысы әйнектің астындағы саңылау кеңістікке түседі де, камераны толтырады.

Егер қанды пробиркада араластырса, Флоринский пробиркасына хлорлы натрийдің 4 мл 0, 85% немесе 3 % ерітіндісін алады да, Сали гемометріндегі 0,02 қанды пипеткамен алып, араластырады. Пастер пипеткасымен араластырылған қанды алып, есеп камерасын зарядтайды. 2-3 мин. тосып, эритроциттерді микроскоппен х8 объектісі, х 15 окулярымен есептейді. Бұдан кейін тордың диагоналі бойынша 4 үлкен төртбұрыштан есептейді. Үлкен төртбұрыштағы жасушалардың санын сол жақтағы жоғарғы кіші төртбұрыштан есептеуді бастайды, бұдан кейін 2-інші, 3-інші және 4-інші төртбұрышқа көшеді. Жоғарғы қатардан кейін төменгі қатардағы эритроциттерді 1-інші оң жақтағы төртбұрыштан бастап есептейді. Ішкі, кіші төртбұрыштағы және сол жағындағы эритроциттерді есептейді, ал төменгі және оң жақтағы эритроциттерді есептемейді.

Эритроциттердің санын (х, 1мл қандағы) мына формула бойынша анықтайды:

АБ 450х4000х200

Х= ------ = 10000 х А= ---------------- = 4500000

ВГ 80


Мұндағы А-бес үлкен төртбұрыштағы есептеген эритроциттердің саны, Б-қанды араластыру деңгейі (200); В-бес үлкен төртбұрыштағы (16 х5 =80) төртбұрыштардың саны; Г- кіші төртбұрыштың үстіндегі (1/ 4000 мкл) есептеу камерасының көлемі.

1л қандағы эритроциттердің санын х=А х1010 формуласы бойынша есептейді. Меланжерге лейкоциттер есептеу үшін лейкоциттерге «0,5» белгісіне дейін қан сорып алады, «11» белгісіне дейін Тюрк сұйықтығын алады. ( 3 % сірке қышқылының ерітіндісі-100 мл, 1% көк генциан ерітіндісі немесе көк метиленді ерітінді –1 мл 1-2 мин. шайқайды.

Сірке қышқылы эритроциттерді бөліп жібереді де, ал көк гециан лейкоциттерді бояйды. 1:20 араласқан қан алады. Алғашқы үш тамшыны мақтаға түсіреді, ал қалған тамшыларымен есептеу камерасын толтырады.

Пробиркаға қан араластыру үшін 0,4 мл Тюрк сұйықтығын және 0,02 мл қанды пипеткамен гемометр Салиден алады. 2-3 мин. өткеннен кейін камераның түбіне лейкоциттер шөккен соң, қосымша сызықтары жоқ Горяев торына төртбұрыш болып топпен орналасқан объективі х8 және окуляры х 15 100 үлкен төртбұрышта микроскоппен жасушалардың санын есептейді. Лейкоциттердің санын мына формула бойынша есептейді.


АБ 148х4000х20 14800

Х= ---- = 50 х А= --------------- = ------- = 7400

ВГ 1600 2
Мұндағы, А-100 үлкен төртбұрышпен есептелген лейкоциттердің саны; Б- қанды (20) араластыру деңгейі; в- 100 үлкен төртбұрыштағы (100 х 16=1600) кіші төртбұрыштар саны; Г- кіші квадраттың үстіндегі (1/ мкл) есептеу камерасының көлемі;

1 литр қандағы лейкоциттердің санын есептеу үшін х= а х 5 х 10 –7 формуласын пайдаланады.

Тромбоциттердің санын есептеу үшін 1 мл шприцпен 0,5 мл 1% трилон ерітіндісін Б және 0,5 мл венозды қанын алып, араластырады да, бірден силиконды пробиркаға ауыстырып, бетін жауып қояды.

Пробиркадағы қан есептегеннен кейін бірнеше сағат тұруға болады. Есептеудің алдында қандағы пробирканы араластырып, лейкоциттрдің меланжеріне «1» белгісіне дейін қан алап, «11» белгісіне дейін 1 % аммоний оксалатын сорады. Араластырып, меланжерді 20 мин. қояды (эритроциттердің гемолизі жүреді). Меланжерді 2-3 мин. шайқап, мақтаға 3 тамшы қоспаны құяды. Ал қалған тамшылармен есептеу камерасын зарядтайды. Бұл есептеу камерасын тромбоциттер түбіне шөгу үшін (1 Петри табақшасы ылғалды мақтамен ) 10 мин. ылғалды камераға қояды. Тромбоциттерді объективі х40, окуляры х7 көгілдір жарық сүзгішімен 16 кіші төртбұрыштарға бөлінген үлкен 5 төртбұрышпен есептейді.

Тромбоциттердің санын (х, 1 мкл қандағы) мына формула бойынша есептейді.
АБ 440 х400 х20

Х= ----- = 1000 х А= ---------------- = 440000

ВГ 80

1 литр қандағы тромбоцитердің санын х=а х109 формуласымен анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   190




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет