Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар:
Зертханалық сабақтың тақырыбына қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізуден бұрын қауіпсіздік іс шараларының сақталуына қаса көңіл аударып, атқарылатын жұмыстардың дұрыс жүргізілуіне сенімді түрде кірісеге қажеттіліктер.
Жұмыстың негізгі мақсатын атқару сәтінен бастап аяқталуына дейінгі іс қимылдарды аудиторияға естірте отырып, ретімен көрсету керек және болуы мүмкін қатерлерді алдын ала ескерте отырып, сақтану белгісін айтып жеткізудің жүргізілуін мәлімдеңіз.
Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:
Тапсырма №1
Студенттерге тақырыпқа байланысты жануарлардың ішкі ауруларын клиникалық балаумен қатар оны оған ұқсас аурулардан ажырату және негізгі дәйектемелік зертханалық зерттеулерді жүргізу.
Қандағы сілті қорын анықтау. Қышқылды сілті тепе-теңдігінің көрсеткіштерін анықтау үшін Астрип әдісін ( 1956), Зиггард Андерсеннің (1963 ) модифицирлеуі бойынша РН мөлшерін, СО2-нің қысымын, сілті қорын, нағыз бикарбонатты, қалыпты бикарбонатты, буферлік негіздерді, плазманың жалпы көміртегі қышқылының мөлшерін анықтайды. Қышқылды- сілті тепе-теңдігін қан плазмасындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтап, соның нәтижесімен бағалайды. Немесе И. П. Кондрахин әдісі бойынша сарысудың мөлшерін белгілейді. Сарысуды вазелин майының астында сақтайды.
Сау малдардағы қан сарысуындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтағанда былайша болады: ІҚМ-50-62; қойда-45-54; ешкіде-48-52; жылқыда 50-65; шошқада-42-60; итте –40-60; тауықта-40-52.
Достарыңызбен бөлісу: |