ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»


Ноғай тілі Ноғай (ноғай) тілі түркі қыпшақ тобының қыпшақ-ноғай топшасына жатады. Ерекшеліктері



бет43/72
Дата25.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#199152
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72
Байланысты:
ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»-emirsaba.org

Ноғай тілі
Ноғай (ноғай) тілі түркі қыпшақ тобының қыпшақ-ноғай топшасына жатады.


Ерекшеліктері:

Фонетикасында – 8 дауысты (а, е, ы, і, о, ө, ү, у); ч>ш, ш>с, дж>ж/й дыбыстарының алмасуы//сәйкестігі (шойын «шойын», бас «бас», жахил «надан», йан «жан»);
инициалды й (йүрек «жүрек»);
ассимилятивті-диссимилятивті өзгерістер н>д/т, нд>нн, зш>шш, сш>шш:баладынь «баланың», аттынь «аттың», үйленним «үйлендім», үйимнен «үйімнен», қышша «қызша/по-девичьи», рушша «орысша»;

Морфологиясында - -мақ, -с, -в, -ғы тұлғалы қимыл есімдері: осы шақ есімше тұлғасы –атаған (баратаған «баратын/баратұғын») және келер шақ тұлғасы –(а)йақ (келейек «келетін/келетұғын»);
терминативті көсемше тұлғасы –ғалы (келгели «келгелі»), -ғанша (барғанша «барғанша /барғанға дейін, келгенше/келгенге дейін);
міндетті келер шақ тұлғасы –(а)йақ (келейекпен; мысалы, қаз. келешек, қырым. тат. келеджек);

Синтаксисінде – құрмалас сөйлемнің аналитизацияға бейімделу үрдісі.

Диалектілері: нақ ноғай (Ставрополь өлкесі), ақноғай (Қарашай-Черкессия) және қараноғай (Дағыстан), соңғысы әдеби тілге негіз болды. Алғашқы екі диалекті, ең алдымен, сөз басында (инициалды) және аффиксалды дж/ж дыбысының қолданылуымен ерекшеленеді: джан/жан «жан», келеджек/кележек «келеді».
Дәстүрлі жазуы араб әліпбиі бойынша қалыптасқан, 1928-1938 жж. – латын, содан кейін – орыс алфавиті қолданылып келеді.

ҚЫРҒЫЗ-ҚЫПШАҚ ТІЛДЕРІ
Алтай тілі
Алтай (этникалық топтары: алтай кижи – алтайлықтар, ескіше: ойроттар, алтай қалмақтары; майма кижи, маймалар; тэлэньит, төлес – телестер; чуйкижи – чулықтар, ескіше: чу қалмақтары; тэлэнъэт – телеуттер; туба/туұа/тума кижи, д’иш / т’иш / йыш кижи – қара (черневые) татарлары; қубанды / қуұанды/қуманды кижи – кумандиндер; чалқанду/шалқанду/қуу кижи – лебедин татарлары) – қыпшақ тобы қырғыз-қыпшақ топшасының тілі, басқаша айтқанда, түркі тілдерінің шығыс хун бұтағына жатады. Ойроттар және ойрот тілі атауына қатысты мынадай түсініктеме берілген: алтайлықтар, яғни Н.А.Баскаков өзінің 1999 жылы шыққан зерттеуінің 179-ші бетінде жазғандай, «ұзақ уақыт бойы монғолдарының (ойроттардың) қол астында болған, олар Жоңғар (Ойрат) хандығына кірген, хандық атауы хан есімімен байланысты қалыптасқан».
Шамамен 80 мыңдай алтайлықтардың 60 мыңдайы Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің Таулы-Алтай автономиялы облысында тұрады.
Оңтүстік диалектілер тобы (алтай, телеңгіт, телеут) және алтай диалектісіне негізделген алтай әдеби тілі, қырғыз тілімен бірге қыпшақ-қырғыз топшасына құрайды;
Солтүстік диалектілер тобы (туба кижи, йыш кижи, кумандин немесе ш/чалкан) тарихи тұрғыдан хакас немесе шор тілдеріне жақын және түркі тілдерінің ұйғыр-оғыз топшасына жатады.
Оңтүстік және солтүстік диалектілердің арасындағы типтік фонетикалық байланыстар (корреляциялар): у/о (ул/ол «ол»), ү/ө (мүрө/бөрү «бөрі»), молот/болот «болат», түнтэ/түндэ «түнде», сураийин/сурамай «сұрамай», уғдын/үйдэнъ «үйден».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет