ОҚУ-Әдістемелік кешені құрастырушы: Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы М. Т. Уразбаев



бет4/6
Дата18.02.2017
өлшемі1,2 Mb.
#9795
1   2   3   4   5   6

Лекция 18


Тақырыбы: Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері

Жоспары:



  1. Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары және құралдары.

  2. Қазақ халқының ұлттық қозғалмалы және спорт ойындарының дене тәрбиесіндегі орны.

  3. Балалардың денсаулығын жақсарту педагогикалық міндет, оқу және оқудан тыс дене тәрбиесі.

  4. Дене шынықтыру мен спорт туралы түсінік.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Дене тәрбиесінің мақсаты – шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау. Мектеп ғимаратында спорт өткізетін орындарға қойылатын талаптарды орындау.

Дене тәрбиесінің міндеті – оқушылардың бойында жоғары адамгершілікті сапаларын тәрбиелеу. Шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру. Спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.

Мектепте дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына дене шынықтыру сабақтары, сыныпта және сыныптан тыс жаппай спорт жұмыстары жатады. Сабақ-дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Дене шынықтыру сабақтары мелекеттік оқу бағдарламасына сәікес жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабақтары тұтас педагогикалық принциптері мен заңдылықтарының талаптарына сәйкес құрылады.

Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналдарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Ұлт ойындары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді.

Ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлері мен қабысып, бірін-бірі толықтырып байыта түседі. Ойын тек жас адам ның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуна, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.

Сыныптан тыс жаппай спорт жұмыстарынада шәкірттер сабақта алған теориялық білімдерін жалғастыра және ьолықтыра сыныптан тыс жұмыстарының барысында оқушылардың жалпы дене спорттық дайындығын жақсарту, спортқа ықыласын дамыту, өз бетімен түрлі джене жаттығулар мен айналысу міндеттері шешіледі. Мектептен тыс жаппай спорт жұмысын оқушылардың тұрған жерлерінеде, балалар және жасөспірімдерді ңспорт мектебінде, балалардың туристік станцияларында, ерікті спортқоғамында, қала жәнк қаладан тыс лагерлерде өткізеді.

Дене тәрбиесі саласында ырғақ жеке гигиена дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орындалады. Сабақтар мен сабақтан тыс дене тәрбиесі жұмыс тарында күн ырғағы, дене жаттықтыру, организмді шынықтыру тамақтану гигиенасы, ұйқы т.б. жөнінде оққушылар нақты білім алуы тиіс.

Жеке адамды жан-жақты дамытуда дене т ірбиесінің маңызы өте зор. Оқушылар денесінгің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің спортқа, ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы денсаулық адамның еңдек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейілінше мүдделі. Барлық оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет. Әрбір мектепте, кәсіптік-техникалық училищеде, барлық оқу-тәрбие мекемелерінде жабдықтармен және құралдармен жақсы жарақталған спорт залдары мен алаңдары болуы тиіс. Оқушыларға дене тәрбиесін беру үшін мпорт ұйымдары мен клубтардың, кәсіпорындар мен мекемелердің базасы кеңінен пайдалануы тиіс.

Лекция 19

Тақырыбы: Дене шынықтыру мен спортты материалды-техникалық жабдықтар

Жоспары:


  1. Дене тәрбиесінің жолдары.

  2. Дене жаттығулары.

  3. Дене жаттығуларын педагогикалық тұрғыда жіктеу.

  4. Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Спорт түрлерімен щұғылдану кезінде дене тәрбиесі жаттығулар, табиғаттың сауықтыру күші, гигиеналық тазалық факторларына тығыз байланысты.

Дене тәрбиесі жаттығулары негшізгі амал болып табылады. Өйткені ол білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру секілді дене тәрбиесінің міндеттерін орындайды. Табиғаттың сауықтыру күші мен гигиеналық факторлар дене тәрбиесінің қосымша амалдары. Бұлар дене тәрбиесі жаттығуларымен бірге әсер етеді. “Дене жаттығуы” ұғымы адамның қимыл әрекеті және қозғалысымен тікелей байданысты. Қозғалыс-организмнің моторлы қызметі секілді, денеде және оның бөлігіндегі өзгеріс. Дене тәрбиесі үшін ерікті қозғалыстың маңызы зор.қозғалыстың көпшілігі оқушы жаттығуының негізінде қалыптасады.

Қозғаушы қимыл әрекет дене жаттығу деп аталады, оладамның шынығуы үшін таңдалынған. әрбір қимыл-әрекет дене жаттығулары деп атала бермейді, ол тек дене тәрбиесі мақсатында жасалған міндеттерді шешуге бағытталған. “Дене” сөзі істелінген жұмыстың бейнесі, адам денесінің сыртқы бейнесінде және оның бөлігінде көрінеді. Дене жаттығулары, дәлірек айтқанда, ерікті акт саны қызметі болып табылады. Ал жаттығу-адамның физикалық және психикалық қасиетін арттыруға бағытталған іс-әрекет. Сонымен, дене жаттығуы, біріншіден, нақты қимыл-әрекет, ал екіншіден бірнеше рет қайталау принципі.

Дене жаттығулары дене тәрбиесі заңдылықтарына сәйкес орындалады. Тек дене жаттығуы жүйесі ғана адамның барлық органының дамуына мүмкіндік береді. Дене тәрбиесі заңдылықтарына қарай адам санасының шамасы ғылыми шарттарымне бейнеленеді. Неғұрлым дене жаттығуларының педагогикалық, психологиялық физиологиядық ерекшеліктері көбірек анықталса, соғұрлым педагоьгикалық мәселелерді шешу тиімді болмақ. Дене жаттығуларын үйренуде және оны басқа да педагогикалық мәселелерді шешуге қолдана отырып, титімді мүмкіндіктерді, яғни шешімін табатын мақсатты білу және үлкен жетістікке жету, екіншіден, оның құрылымы, үшіншіден, қайталау тәсілдерін игері шешуші роль атқарады. Бұл дене жаттығуын жасауда, құралдарды таңдауда және педагогикалық мәселелерді шешудегі дене тәірбие әдістерін анықтайды. Дене жаттығуларының тиімділігі тек аса көп жүктемелерден кейін байқалады. Дене жаттығуларының нәтижесі оны орындау тәсілдеріне де байланысты. Оны орындауда кәсіпқойлықтыфункциональды өзгерістерді, шешуге белгілі бір уақытты сақтаудыталап етеді.

Дене тәрбиесінің жүйесі сауықтыру бағытындағы негізгіпринциптері гигиеналық шарттар болып табылады. Олардың мақсаты-адам өмірін керекті дене жаттғулар варианттарын жасау. Ал екінші жағынан сол жаттығулардың тиімділігін, гигиеналық нормаларын қадағалау. Денетәрбиесінің толық мәнді шешімін табу үшін гигиеналық тәртіпке аса көңіл бөлуі керек.

Лекция 20

Тақырыбы: Дене тәрбиесін басқару

Жоспары:



  1. Дене тәрбиесінің принциптері.

  2. Дене тәрбиесі жаттығуларының негізгі құралдары.

  3. Тәрбие принциптерінің еркшеліктері.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Адам ағзасының негізгі қызметінің қалыптасып жетілуі баланың жастық шағында, әсіресе мектеп жасында (6-14 жаста) жүзеге асады. Сондықтан осы кезеңде оған әсер ететін факторларды барынша тиімді пайдалану қажет. Осы орайда жас ағзаның қалыпты дамуына мектептегі дене тәрбиесі мақсатты әрі жан-жақты жағдай тудырады.

Қимыл ептілігі мен дағдысын қалыптастыру және дене қуаты қасиетін тәрбиелеу жалпы заңдылықтарға бағынады. Ол әдістемеде принциптер деп аталады. Принциптерді білу, оларды тәжірибеде қолдану денетәрбиесі процесін жетілдіреді.дене тәрбиесі процесінде төмендегідей әдістемелік принциптер тән: 1) Саналық және белсенділік, 2) көрнекілік, 3) жүйелілік, 4) біртіндеушілік, 5) реттілік, 6) даралық.



Сапалық және белсенділік приципі. Бұл принциптің мақсаты-дене тәрбиесі процесінде жаттығушылардың саналы, белсенді және шығармашылық әрекеттерін педагогикалық тұрғыдан бағыттау сапалық және белсенділік принципі мынадай талаптарды қамтиды:

1. Сабақтың мақсаты мен міндетін орындауға оқушылардың ынтасын сапалы түрде қалыптастыру.

2. Сабаққа ынталы қатысу. Дене тәрбиесі сабағы кезінде балаларға қызықты тапсырмалар беру, ойындар өткізу, жүйелі түрде баға қою, жетістіктерін мадақтау, марапаттау оқушыларды ынталандыра түседі.


  1. Жаттығушылардың өз әрекетінбайқауға, бақылауға қабілетін ояту бұл талапты орындау үшін, оқушылар жаттығуды орындаған кезде сәтті немесе сәтсіз әрекеттеріне өздері талдау жасай білеуі, орындау тәсілінен қате таба алуы, олардың пайда болуының және оны қалай түзету керек екендігін үйренулері қажет.

Лекция 21

Тақырыбы: Көрнекілік принципі.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.



Көрнекілік принципі. Қозғалысқа үйретуді көру арқылы емес, бұлшық ет түйсігші арқылы да түсіне білуі керек. Әр түрлі анализаторлар белгілері оқушылардың сапасында үйренетін жаттығу туралы толық түсінік тудырады. Көрнекілік принципі мынадай жолдармен пайдаланылады:

  1. Үйренетін жаттығуды бөлшектеп немесе толық көрсетуді оқытушы, я болмаса жақсы дайындықтан өткен оқушы орындайды.

  2. Әр түрлі көрнекті құралдар көрсету арқылы.

Жүйелік принципі. Дене қуаты қасиетін дамытудағы және қозғалысқа үйретудегіжақсы нәтиже тек дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі орындағанда ғана болады.

Реттік принципі. Қимыл-әрекетке үйрету және дамыту реттілігіне арналған талаптар үш дидактикалық ережеден тұрады.

  1. Жеңілден – қиынға.

  2. Қарапайымнан – күрделіге.

  3. Меңгерілген қимыл-әрекеттен меңгерілмеген қимыл-әрекуетке бұрынннан қолданылып келген қимыл ептілігі мен енді ғана үйреніп жүрген қимыл ептілігін, бір-біімен қауыштыра білу керек.

Біртіндеушілік принципі. Орындайтын жаттығулар тәсілі күрдекленіп, күш түсіру көлемі біртіндеп өсуін біртіндеушілік принципі дейміз.

Даралық принципі. Дене тәрбиесі процесінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру. Даралық принципі әр адамның дайындық деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, сыртықы орта факторларын сезіну мүмкіншіліктеріне, жұүмыс істеу стиліне байланысты.

Дене тәрбиесінің нәтижелілігіне жүйедегі барлық құрал және мүмкіншіліктерді пайдаланғанда ғана жетуге болады, дегенмен оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін шешуде дене жаттығуларының үлесіне көп салмақ түседі. Бұл жағдайлар бірнеше себептерге байланысты.



    • Педагогикалық қызметтің көптеген түрлерінің ішінде тек дене тәрбиесінде ғана жаттығушының денені жетілдіруге және сол қимылды игеру үшін орындауға бағытталған оқыту, үйрету процесін аңғаруға болады.

- Дене жаттығулары қозғалыс жүйесі есебінде адамның ойы мен сезімін, оның өзін қоршаған ортаға қатынасын білдіреді. Бұл қағида И..Н. Сеченовтың сөзіндеоның көрсетілген : “Ми қызметінен тысқары пайда болғандардың бәрі .... бұлшық ет қозғалысына келіп тірелуі мүмкін” деге.нді.

- Дене жаттығулары дене тәрбиесі саласындағы ғылыми және практикадлық табыстарды, қоғамдық-тарихи тәжірибені берудің бірден-бір әдісі.

Тәрбие принциптері-бұл кеңес, нұсқау емес, олар толық және міндетті түрде тәжірибеге ұласуды талап етеді. Принциптерді дөрекі түрде әрекет бұзу және ондағы міндеттерді орындамау тәрбиелеу прпоцесінің пәрмендігін кемітіпқана қоймай, сонымен бірге ол принциптердің негізін, түп-тамырын ыдыратады. Егер тәрбиені принцип міндеттерін бұзса, ондв ол тәрбие процесі жетекшілігінен аластатылады.

Қазіргі тәрбиелеу жүйесі мынадай принциптерді ұсынады:



    • тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы;

    • тәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланысы;

    • тәрбиенің дұрыстыққа арқа сүйеу;

    • тәрбие-гуманизациясы;

    • тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау;

    • тәрбиелік ықпалдардың бірлігі;

Лекция 22

Тақырыбы: Дене тәрбиесін ұйымдастыру.

Жоспары:

  1. Дене тәрбиесін ұйымдастыру және формалары.

  2. Халқаралық Спорт Федерациясының қызметі.

  3. Олимпияда өтетін қалалар.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына дене шынықтыру, жаппай спорт жұмыс тары жатады. Дене тәрбиесі ұйымдастырудың негізгі формасы. Дене тәрбиесі мемлекетаралық бағдарламаға сәікес жүргізіледі. Онда жаттғулардың тізімдері, түрлері,соны мен бірге дене жаттығулардың мазмұны берілген. Денн тәрбиесі бағдарламасына сәйкес спорттар: футбол, баскетбол, волейбол, тенис пайдаланылады. Жаттықтыру бірнеше топтарға бөлінеді: күн тәртібі ішінде физкульт-сәттер, кіріспе гимнастика, жаттығу арасында тынығу, туристік жорықтар, спорт жарыстары және т.б.

Жарысты жоспарлау негіінген спрорт және дене тәрбиелеу жүйесінің мақсатына сәйкес болуы керек. Олар: республикалық, облыстық, қалалық немесе дене шынықтыру коллективтердің арасында болуы керек.

Халықаралық Сопорт Федерециялары МОК олимпиядалық ойындарды өткізу барысында оның спорттық, техникалық жағынан басшылық жасаувды әр спорт түрі бойынша Халықаралық Спорт Федерациясына жүктейді. Мәселен, хоккей, футбол, жеңіл атлетика, суға жүзу т.с.с. Олимпияда конгресс 1984 жылы Парижде бірінші рет өтіп, онда осы заманғы олимпиядалық ойындардың теориялық негізі қаланып, Халықаралық Олипиядалық Комитет (МОК) құрылды. Конгреске Халықаралақ Спорт Федерацияларының өкілдері қатысып, олимпиядалық ойындарды өткізу жөніндегі аса маңызды мәселелерді шешеді. Қысқы олимпиядалық ойындар жазғы олимпиядалық ойындар өтетін жылдың қысында өтеді. Ол 1924 жылдан басталды. Жазғы олимпиядалық ойындар 15 күн, ал қысқы олимпиядалық ойындар 10-12 күн ішінде өтуге тиіс. Олимпияданың өту орнын МОК белгілейді. Олимпияданың өту уақытын олимпияда өтетін елдің ұйымдастыру комитеті белгілейді. Оны МОК бекітеді. Олимпияда ойындарының жарыстары олимпияда өткізу міндеті жүктелген қаладағы стадиондарда немесе қала маңындағы спорт құрылыстарында өтеді. Кәсіптік спортпен шұғылданатындар олимпиядаға қатыстьырылмайды. Әр елдің спортшысы өз елінің жалауы астында ғана жарысқа шыға алады.олимпиядаға бір спорт түрін жақсы имеңгерген спортшы қатыса алады.

Олимпияда Хартиясына сәйкес олимпияданы өткізу жауапкершілігі белгілі бір елге емес, қалаға жүктелдеді. Олимпиядалық ойындардыды өткізуге тілек білдірген қаланың жоғары әкімшілігі өз ұсынысын сол елдегі Ұлттық Олимпиядалық Комитетке бекіттіріп, МОК-ке жолдайды. Сонымен бірге қаланың кандидатурасын сол елдің үкіметі толық жақтауы тиіс. МОК олимпиядалық ойындар өтуден 6 жыл бұрын оны өткізетін қаланы бекітеді. Олимпиядалық ойындарды өткізуге тілек білдірген қала МОК-тың сессиясында дауысқа түседі. Егер қалалардың ешқайсысы белгілі мөлшерде қажетті дауысқа ілігше алмаса, онда ең аз дауысқа ие болған қала алынып тасталынып, дауы беру рәсімі қайта жүргізіледі. Олимпиядалық ойындар өткізу міндеті жүктелген қала МОК-тың бекіткен жоспары бойынша олимпиядаға әзірлік жоспарын бастайды. Оны сол қала ұсынылған елдің Ұлттық Олимпиядалық Комитеті тікелей бақылауға алып, іс жүзіне асырады.

Лекция 23

Тақырыбы: Дене шынықтыру мен спортты басқарудың адам тұлғасындағы даму негіздері

Жоспары:


  1. Дене шынықтыру мен спортты басқарудағы дене мәдениетінің негіздері.

  2. Дене шынықтыру жөніндегі білім.

  3. Спорттық әрекет.

  4. Дене шынықтырудағы спорттық даярлықтың жүйесі.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Адам тұлғасының даму негіздері мектепке дейін және төменгі сыныптарда оқып жүрген жас мезгілдеріне сәйкес жалғасады. Сонымен қатар тұлғаның жан-жақты дамуы биологиялық заңдылықтарға да байланысты. Ең маңызды заңдылықтардың біріне тоқталатын болсақ, ол адамның организмінің өсіп дамуы табиғи ортаға байланысы бар екендігін атағанымыз орынды болады.

Дене мәдениеті дегеніміз жалпы мәдениеттің бір бөлігі екендігін атай отырып, қоғамның адам тұлғасының дамуына бағытталған арнайы әдістемелер мен тәсілдердің, мақсатты түрде тиімді пайдаланудың бірлігі деп. ұғынуға болады. Дене мәдениетінің даму дәрежесі қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуының деңгейіне байланысты.

Дене мәдениетінің негіздері дегеніміз дене дайындығын, осы салака қатысты білімді қамтамасыз ете отырып, әрбір адам баласының болашақта денесінің жан-жақты даму негізінде спорт пен дене тәрбиесіне терең шұғылданумен бірге өмір белсенділігін арттыру деп. түсінеміз. Дене мәдениетінің негіздері мектеб жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалармен өткізілетін дене тәрбие сабақтарында қалыптасуға тиісті.сондықтан да бала-бақшалардың және орта мектептердің бағдарламаларында дене тәрбиесі сабақтарыміндетті түрде жетісіне екі рет өткізілуге тиісті екендігі атап көрсетілген. Олай болатын себебі осы жас кездерінде, жалпы дене тәрбиесінің негіздері қаланумен бірге адам бойындағы физикалық қасиеттердің қалыптасатындығын ескер туге тиістіміз. Демен орта мектеб інде, сонымен бірге бала-бақшаларда өткізілетін дене тәрбиесінің маңызы орасан зор екендігін көре отырып болашақта адам тұлғасының қалыптасуының ең бір бастр негіздерінің бірі деп. атағанымыз жөн.

Дене тәрбиесі жөніндегі білім дегеніміз қозғалыстарға үйретудің негізгі мазмұнын құрай отырып,адамның өз қозғалыстарын басқарудағы орынды тәсілдерді мегеру жүйесін жасайды, сол арқылы іскерліктің, дағдылардың және соларменбайланысты білімдердің өмірге қажет қозғалтқыш қорын меңгереді.

Дене дайындығы дегеніміз белгілі бір іс-әрекетке байланыстымақсатты орындауға бағытталған дене тәрбиесінің мамандандырылған процесі. Ол жалпы және арнайы дене дайындығын танып білуге көмектеседі. Сонымен бірге дене дайындығы еңбекке әзірленудің, қажет десеңіз әскери қымет етуге дайындаудың бөлінбес құнрамы болыптабылады.

Дене пішінінің дайындығы дегеніміз белгілі бір қызметке дене жағынан әзір болудың хал-жағдайы, яғни қолжеткен жұмыс Істру қабілетін тұтастырған дене дайындылығының нәтижесі мақсатты қызметтің әсерлілігін арттыруға мүмкіндік беретін, жадай жасап ұйымдасқан қолданбалы қозғалитқыштың іскерліктер мен дағдылар деп. түсінгеніміз жөн болады.

Лекция 24

Тақырыбы: Дене шынықтыру топтары

Жоспары:

1. Дене шынықтыру топтарына жалпы сипаттама.

2. Дене шынықтырыу топтарының мазмұны.

3. Дене шынықтыру топтарының мндеті мен мақсаты.



Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік экономикалык зандылық ғылыми әдістемелік, бағдарлама нормативтік және ұйымдастыру негіздеріне көрінеді. Дене тірбие жүйсі коғамымыздың басқа әлеуметтік экономикалык жүйелеріне, саясатпен, ғылымымен мәдениетпен тығыз байланысты. Бұл байланыстардың объективті негізгі дене тәрбиесі жүйесінің коғамдық өндіріске кіретіндігінде. Жүйеге коғамдык өнім шығармасы да сол ортаға өндірістік қатынастардың иесі адам аркылы эсер етеді. Ол адамның әлеуметтік жағдайын қалыптастырып, коғамдық қатынастарды жетілдіреді.

Дене тәрбиесі жүйесі өз жұмысын бағыттайтын күкықтық күші бар, көпдеген нарматиптіктерге сүиенеді.

Жалпы дене тәрбиесі жүиесі ғылыми әдістемелік негізінде қүралады. Оның барлық торияалык және практикалык ұсыныстары ғылыми түрде баяндалады.

Дене тәрбиесі жүйесін қоғамының, психалогиалық-педагогикалык, әдістемелік биологиялық ілімдер, гигена, физиалогиялық, спорпық медетцина т.б зерггеиді.

Республикалық спорт классификациясы дегеніміз жасөспірімдер разрядынан бастап халқаралқ дәрежедгі спорт шебері атағын беру, соың ернесін, бекітіп, тәртібімен нарматиптерін белгілеу.

Ол спортта жоғары жетістіктерді жетуге жаттықтырушы жұмысын


жетілдіруге мектептердің спорт орындарының жұмысын жаксартуға ықпал етеп Қазақстан спортын негіз қалайды. Спортшының классификация КСРО –да 1935жылы қабылданды. Қазакстан Республикасының егеменді ел болып, тәуелсіздік алуына байланысты казір елімізде классификация мазмүны мен қүрылымы көп өзгерді. әліде жетілдіріліп келеді.

Дене тәрбиесі жүйесі мемлекеттік және қоғамдық негізде мектепке дейінгі балалар мекемелерін де мектептерде орта және жоғары оқу орындарында әскети бөлімдерде, емханаларда және баска да мемлекеттік, қоғамдық мекемелерде ұйымдастырылады.

Сабак мемлекеттік бағдарлама ресми кесте бойынша жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабактарын белгілі спорт саласының арнайы мамандандырылған мүғалімдері, оку шаршылары, сондай-ақ кәсіби жаттықтырушылары нүсқаушылар жүргізеді. Қоғамдык ұйымдастыру барлык жастағы адамдарды дене тәрбиесіне неғүрлымкөбірек камтуға бағытталады.

Қоғамдық ұйымдастыру түрінің ең бастапқы ұйымы спорт клубы дене мәдениеті және спорт қозғалыстарын кәсіподактык және ведомствольщ ерікті спорт қоғамдары баскарады.

Сауықтыру дене мәдениетіне емдеу дене мәдениеті жатады. Оның мақсаты организмнің уақытша жоғалған функциалдык мүмкіндіктерін қалпына келтіру гигиеналық дене мәдениеті жаттығулар организмдерінің жұмыс істеу қабілетіне арттыруға қызмет етеді.

Дене мәдениеті қызметтерін арнаулы және жалпы дене мәдениетті кызметкері деп екіге беледі. Жалпы дене мәдениеті қызметкерлеріне мыналар жатады. Номативтік кызмет адамының қимыл әрекетін тиімді оку бағдарламасын президенттік, және еліміздегі спорт разрядттарының нормаларынан түрады. Эстетикальщ қызмет әсемділікке деген күштарлыққа тең сымбаттылығы әсем қимыл -козғалыс аркылы қанағаттандыру қабарлау кызметі адамның мүмкіндінін жетілдіру жолдарын жинақтап хабарлау.



Лекция 25

Тақырыбы: Дене шынықтыру мен спортты жетілдіруді жоспарлау.

Жоспары:



  1. Жаттықтыру сабағы жаттықтыру процесін ұйымдастырудың негізгі түрлері.

  2. Балалардың спортдайындығының ерекшелікгі.

  3. Спорттың негізгі әлеуметтік қызметі.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Жаттықтыру процесінің ұзақтығына байланысты жопарлаудың перспективалық және жедел деген екі түрі болады. Перспективалық жоспарлау айлық (мезоцикл), ал жедел жоспарлау апталық (ликроцикл) және жеке жаттықтыру сабақтарына арналып жасалады. Микроциклге спортшы қатысатын жарыстардың түрі, уақыты, сол жарыстағы спортшының орындайтын міндеті, оның дайындығындағы аралық кіші міндеттер және жыл көлемінде орындалатын үлкен міндеттер сипаты, жүктеменің көлемі кіргізіледі.

Жылдық жоспар жасағанда спортшының шамасы, мүмкіншіліктері спорттық көрсеткіштерінің өсу қарқыны негізге алынады. Жоспарды спогртшымен келісе отырып жасаған дұрыс. Ол жоспардың дұрыстығына сеніп, оның дұрыс орындалуына бармүмкіншіліктерін пайдалана біліуі керек. Жылдық жоспардың міндеттері жедел жәржем жасалғанда кеңінен, нақтылы ашыла көрсетіледі. Мезоциклдер 3-4 микроциклдерден құралады да, 2-3 екпінді және 1-2 қалпына келу толқындары түрінде үргізіледі.

Жаттықтыру сабағы жаттықтыру процесін ұйымдастырудың неізгі түрі болып келенді. Ол дайындық, негізгі және қортынды бөлімдерден тұрады. Дайындық бөлімінің мақсаты-спортшы денесн негізгі бөлімде өтетін қарқынды, көлемді жұмысқа дайындау. Дайындық жалпы және арнайы деген екі бөлімге бөлінеді. Дайындық бөлімінде әртүрлі жалпы дайындық жаттығулары қолданылады. Мысалы, жүгіру жаттығулары, әр түрлі снарядтармен жаттығу, жалпы жаттығу, екі-екіден топтық жаттығу т.б.

Қазіргі кезде балалар спорт пен өте жас кезінен шұғылдана бастайды. Сондықтан жаттықтыру процесі не, жарыстар өткізугеайрықша көңіл бөлген жөн. жаттықтыру кезінде дене қуаты дайындығы жан-жақты дамытылуға, организмнің жұмыс істеу қабілеті арттырылуға тиіс. Психикалық және дене күші өсіп келе жатқан бала организмінің мүмкіндігіне, жасына, жынысына, дайындық деңгейіне сай болуы керек. Жаттықтыру жетісіне 3-6 рет өткізіліп, жаттығу балалрады жалықтырмайтындай әр түрлі әсерлі, көбінесе ойын түрінде болуы қажет. Организмнің бастапқы қалпына келу тәртібі, жаттықтырушының, дәрігердің ұсыныстары, ұйқы, тамақтану, дем алу тәртібі қатаң сақталғаны жөн. жаттығулардың бастапқы кезінде толық және қарапайым қалпына тәртібі, дене қуаты дайындығының деңгейі көтерілген соң қатаң қалпына келу процесін жеңілдету үшін күндік микроциклдер пайда болады да, аздап және орта күш түсіру қалпына келу процестерінің жеңіл өтуіне себебін тигізеді. Жыныстық же тілу мерзімі кезеңінде спортшы организмнінің қызметі қатаң бақылауға алынады. Бұл мерзімде жасөспірім ұл мен қызбалаларға өте күш түсіру олардың денсаулығына зиянынын тигізуі мүмкін. Әсіресе қыз балаларға айрықша көңіл бөлген жөн. олардың жұмыс қабілеттілігінің өзгеруі, тез әсерленгіш көңіл-күйлері көбінесе етеккір келу циклдердің мерзіміне байланысты. Етеккір келер алдында және келген кезде жаттықтыру жүктемелерін азарту. Цикл аяқталған соң, спортшы қыздардың жұмыс қабілетінің тез қалпына келуіне көмектеседі. Ал енді қыз балалар организмінің ерекшеліктері ескерілмей жүргізілген жаттықтыру жұмыстары олардың қабілетін төмендетіп, жаттықтыруға ықыласын азайтады. Жаттықтырушының беделіне, біліміне сенімсіздік туғызады.

Дене қуаты қасиеттерін, қимыл шеберлігі мен дағдысын жетіллдіру арқылы жасөспірімдерді еңбекке дайындау. Спорт пен шұғылдану балалардың бойында көпшілдік, адалдық, еңбексүйгіштік, тәртіптілік, қайсарлық, табандылық тәрізді мінез-құлықтарды қалыптастырады. Жас спортшыларды тәрбиелеуде жаттықтырушы ата-аналармен, мектеп ұжымымен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет. Олардың қойған талаптары бірдей болса ғана жұмыс нәтижелі болады. Тәбиелеу өзгерістері сендіру және дағдылангдыру әдістерінен тұрады. Сендіру әдісінің көмегімен спортшының ақыл-ойында қоғамның талаптарына сай мінез-құлық, жүріс-тұрыс тәртіптері қалыптастырылады. Спортшы қоғамдық орында өзін-өзі ұстауға дағдыланып, тәртіптілікке, ұжымның мүддесін ойлау сезіміне тәрбиеленіп, басқа да жақсы әдеттерді бойына сіңіруі керек. Сонда ғана ол саналы азамат болып өседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет