ОҚУ-Әдістемелік кешені құрастырушы: Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы М. Т. Уразбаев


Балалар мен жасөспірімдерді жаттықтырудың ерекшеліктері



бет7/8
Дата31.01.2018
өлшемі1,5 Mb.
#36484
1   2   3   4   5   6   7   8

Балалар мен жасөспірімдерді жаттықтырудың ерекшеліктері.
Жоспар:

1. Күреске оқытып-үйрету оқытушылар мен үйретушілердің қызметтері.

2. Жаттығу принциптері.
Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Асубаев А.Р. Спортивная борьба. Алматы 1998

2. Алимханов Е. Самбо күресінүйретудің негіздері. Алматы 2000

3. Алимханов Е. Балуанның дене күш қабілетін арттыру. Алматы 2004

4. Байдосов К. Казахская национальная борьба. Алматы 1987

5. Дьячков В.М.Физическая подготовка спортсмена. М: ФиС 1967

6. К.Қойшыбек. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның көпжылдық дайындығы Алматы 2005

Қосымша

1. Кожарский В.П. Сорокин Н.Н. Техника классичкской борьба. М.ФиС 1978

2. Кесенбаев Т.Н. Спартивно-педагогическое совершенствование по вольвой борьбе. Алматы 2005

3. Ленц А.Н. Такика в спортивной борьбе. М: ФиС 1967

4. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы 1992
Лекция мәтіні

1. Күреске оқытып-үйрету оқытушылар мен үйретушілердің қызметтеріне саяды. Жаттығу процесі арқылы білімді оқушылардың, дағды алуына жағдай жасалады, олардың көзқарасы қалыптасып одан әрі өз бетінше білімін толықтыруы қаблеті артады. Қазақша күреске үйретудің де тәрбиелік мәні бар. Палуанды оқытып, шеберлігін шыңдауда, тәрбиелеуде ұстаз жетекші орын алады. Үйрете жүріп ол жас спортшыны коммунистік рухта тәрбиелейді. Жаттықтырушы оны советтік патриотизм, еңбексүйгіштік, сезімдерін дамытып, жігерін жаниды, батыл, өжет, табанды болуға үйретеді, принципшіл, қиындыққа төзімді, қарапайым болуға көмектеседі. Жаттықтырушы палуандардың саналы тәртіпті болып, спорттық режимді сақтауын талап етеді. Ол қазақша күрес жөніндегі оқу-жаттығу және тәрбие жұмысын семьямен, мектеппен тығыз байланыс жасай отырып істейді. Жаттығу процесі меңгерілетін материалдардың ерекшеліктеріне, оның мақсаты мен міндетіне оқушылардың жас мен квалификациясына сай келетін арнаулы методикалық амалдар қолдана отырып, педагогикалық жалпы заңдылықтары негізінде жүргізіледі [20,38-34 бб].

Күрестегі оқу жаттығу жұмыстарының негізгі мақсаты- апорттық көрсеткіштері жоғары моральдық қасиеттері биік, Отанын қорғауға әзір спортшы даярлау. Палуандардың жасына және даярлық дәрежесіне қарай оқыту мақсаты нақтылана түсіп, белгілі бағытта болуы мүмкін, мысалы, қазақша күрестен разряды бар спортшылар, жаттықтырушылар немесе төрешілер даярлау. Бұл мақсатқа жету үшін даярлық кезінде мынадай міндеттер орындалады: денсаулықты нығайту, ерік күшін тәрбиелеу және физикалық даярлық, қазақша күрес жөніндегі теориялық білімді игеру, техника мен тактиканы игеру, төрешілік етуді үйрену, т.б.

2. Жаттығу принциптері. Күреске үйреткен кезде жаттықтырушы саналылық, белсенділік, ұдайылық, көрнектілік, түсініктілік, білімді терең меңгеру сияқты дидактикалық принциптерді пайдаланады.

Саналылық. Күресті оқыту жемісті болу үшін онымен айналысам деушілер оған міндетті түрде қызығуы керек. Сондықтан жаттықтырушы жаттығу процесінде әрбір спортшы саналы түрде әрі белсенді қатысатындай етіп өткізуі тиіс. Бұл үшін олардың алдына міндет қойып, оны орындағанда не нәрсеге қол жететіндігін түсіндіру керек. Әдістерді үйреткенде оның қашан және қандай жағдайда орындалуы мүмкін екендігін, оны орындағанда қандай нәтижеге қол жеткізуге болатындығын айтуы қажет. Сонымен қатар спортшының алдына қойылған міндетті қайткенде орындап шыға алатындығын көрсетіп беруі керек.

Белсенділік. Палуанның белсенділік көрсетуі үшін әуелі ұзақ уақыт әрі көп күш жұмсауды қажет етпейтіндей қарапайым тапсырмалар беріп, содан кейін барып, оны бірте-бірте күрделендіре түсу керек. Ұстаз шәкіртінің тапсырманы орындауын ұдайы тексеру жолымен оның белсенділігін артыруы тиіс. Тапсырманы орындаған кезде ұстаз палуандардың өз бетімен еңбектенуіне және творчестволық іскерлік көрсетуіне көңіл аударады. Осылайша айқастың белгілі эпизодын жасап, оқытушы сол жағдайдан шығу жолын табуға ұсыныс жасайды. Егер палуандар дұрыс амалын тапса, олар жеткілікті дәрежеде белсенділік көрсетті деп есептеуге болады.

Көрнекілік. Үйреніп жатқан әрекеттерді үлгі ретінде көрсету сол әдіс жөнінде дұрыс түсінік алуға мүмкіндік береді. Бұл кезде ең бастысна көңіл аудару қажет. Ол үшін оқытушы әдісті көрсете тұрып, ең бастысы деп есептеген жеріне жаттығушылардың көңілін аударады. Әдістерді дәл көрсету керек. Әдіс қалай болса солай көрсетілетін болса, онда ол мұны жақсы меңгерген спортшының немесе фотосуреттерді, пленканы, т.б. пайдаланады. Палуанның қатесін көрсету үшін де осыларды пайдалану керек [21,18-22 бб].

27-лекция


Күш қабілеті.
Жоспар:

1. Балуандық өнерінде үнемі жеңіс тұғырынан көрінуі.

2. Спорт өнерінің жеке түрлері.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Асубаев А.Р. Спортивная борьба. Алматы 1998

2. Алимханов Е. Самбо күресінүйретудің негіздері. Алматы 2000

3. Алимханов Е. Балуанның дене күш қабілетін арттыру. Алматы 2004

4. Байдосов К. Казахская национальная борьба. Алматы 1987

5. Дьячков В.М.Физическая подготовка спортсмена. М: ФиС 1967

6. К.Қойшыбек. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның көпжылдық дайындығы Алматы 2005



Қосымша

1. Кожарский В.П. Сорокин Н.Н. Техника классичкской борьба. М.ФиС 1978

2. Кесенбаев Т.Н. Спартивно-педагогическое совершенствование по вольвой борьбе. Алматы 2005

3. Ленц А.Н. Такика в спортивной борьбе. М: ФиС 1967

4. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы 1992
Лекция мәтіні

1. Балуандық өнерінде үнемі жеңіс тұғырынан көрінуі оның қандай дәрежеде күш-қуатын өз бетінше дайындағандығында болады. Қара күшпен, белдесу шеберлігі бір арнаға тоғысып келген кезінде ғана күрестің эстетикалық ажары көрермен назарына ілігіп жекпе-жек шығармашлық дәрежеге дейін көтеріледі. Сондықтан – күрес техниксы мен тактикасы, әдістемесі балуанға тән қасиеттер жиынтығы деуге толық дәлел бар. Бұл қасиеттерге жеке-жеке тоқталып өтсек, ең алдымен күш-қуатқа мән берген орынды.

Сіздерге бұрынғы тараулардан белгілі күш тек әдіс тәсілді қолдану кезеңінде ғана емес қорғану мен қарсы шбуыл, үдемелі, мезгілдік шабул тактикасындағы да негізгі балуан құралы. Сондықтан да мүшеміздегі бұлшық еттердің әрбір тобын жетілдіру ниеті мен арнайы спорттық жаттығуларды пайдалану және оларға анатомиялық тұрғыдан талдау жасау жатттығулары мен бапкерлер жұмысындағы теориялық сабақтың негізі болғаны дұрыс бағыт болмақ. Мұндай жаттығулар тобын спортта «атлеттер гимнастикасы» деп атайды. Балуандар жекпе-жектігіндегі шешуші роль атқаратын күш-қуат көзі бұлшық еттер қызыметі болып саналады, себебі, бұлшық еттер-тірек-қимыл аппаратының негізгі бөлігі. Мысалы, бұлшық еттің жекпе-жек белдесу кезіндегі бір сәттегі жиырылғыштық қасиеті арқылы қарсыласын кілемнен көтеріп кетуге, ол оның сіресу кезінде төрт тағандап кілемге жербауырлап қалу сәтінен байқау қиын емес. Сөйтіп күш-қуат көзі – бұлшық еттің негізгі атқаратын қызыметі миханиалық, егер бұлшық ет жиырлу кезінде дене бір орыннан екінші орныға ауысса динамикалық, ал бір сәт бұлшық ет жиырылғанда, дене қозғалыссыз қалса статистикалық жұмыс деп аталады. көріп отырғандарыңыздай –бұлшық еттердің жоғарыдағы балуанның басты тірегі болатын факторлар. Олай болса бұлшық еттердің «жиырылғыштық» және «сіресу» қызыметін арнайы жаттығу мен күрделілендірмей күрес шешімдері болуда мүмкін емес. Адамның денесінің 600-ден астам қимыл-қозғалысты қамтамасыз ететін бұлшық еттер бар. Олардың негізгі күш-қуаттқа тікелей қарастылары сүйектерге жабысып тұрады, оның екі ұшы негізінде тарамас сіңір арқылы сүйеке бекиді. 2. Спорт өнерінің жеке түрлеріне байланысты адам денесіндегі бұлшық еттердің орналасуына қарай жаттығу кезеңінде арнайы дене жаттығулары сұрыпталынуы керек. Мысалы, балуандық өнеріне машықтанушылар үшін негізгі бұлшық ет жаттығу қолдың, аяқтың бұлшық еттерін шынықтыруға арналады.

Шымыр болу үшін шыңдалуды қажетсінетін қолдың бұлшық еттерді иық белдеуінің тарамдары немесе дельта тәрізді, кіші жұмыр, үлкен жұмыр, жауырын асы, тоқпан жілік, білектің, шыбық жілік бұлшық еттері, аяқтың бұлшық еттері –мықым-бел, жамбастың, бөкскнің үлкен, санның, балтырдың бұлшық еттері. Күрес барысындағы күрделі дене қимылдарын биохимиялық түсінен арқылы жаттығу барысында талдау шәкірттердің дене күшінің, ептілік,шыдамдылық, ширақтық және жекпе-жек кезіндегі нерв жүйесі қызыметінің қалыптасу жолдарын дұрыс түсінуге көмектеседі. Мысалы, қарсыласын қапсыра құшақтап көтеріп алған сәтте дене ауырлығы және қарсыласының салмақ ауырлығы әсерінен арқаның төрендігі бұлшық еттері, жамбас сан бұлшық еттері, бөксенің үлкен бұлшық еті, санның артқы топ бұлшық еттері, әсіресе үш басты бұлшық еттер қатайып жиырылады. Қарсыласын көтеріп алып кілем ортасына бет алған кезде аяқ бұлшық еттерінің жұмысы өзгереді де, ол динамикалық сипатқа ие болады. Балуан тұлғасы мен қол бұлшық еттерінің статистикалық жұмыс күші осы сәтте жайбарақат уақыттатғыдан 10-даған есе күші арта түседі. Жас адамдарға шамасына қарай ауырлықты кеудеге дейін, бастан асыра көтерудің ешқандай зияны жоқ.

Қол бұлшық еттері жақсы ширланған балуандардағы сәті шабулға іліп лақтыру, үйрену, жамбастан асыра тастың, кеудеден асыра шалқалай лақтыру әдістерін орындау өте сәтті шығады. Жаттығушы шәкірттердің тірек-қимыл аппаратындағы анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін биохимиялық заңдылықтрды негізге ала отырып жаттығу барысында жүйелі талдау, балуан денесі мүшелері мен бөліктерінің бір-біріне өзара әсері мен қатынасының дұрыс қалыптасуының тәжрибелегі мән-маңызы мен пайдасын ашады. Күрес өнерін меңгерушілерге тән күш-қуат пен оның өзіне тән тұлғасы мен сымбаты яғни жекпе-жекте күнделікті жүріс-тұрыста белгілі бір күй болатыны анық. Бапкер-тәрбиесі мақсаты тек жарыста өз шәкіртінің алдынғы орынды иеленуімен шектелмесе керек. Олар тек кілем үстінде жұлқыласып, арпалысуды ғана білмей-омыртқа бағанасының, кеуде қуысы пішінің аяқ-қол сүйектерінің және жалпы бұлшық еттер қызыметінің жетілуіне байланысты, әрбір күрес өнерімен машықтанушылардың жеке басын сипаттайтын дене құрылысы-сымбаттылыққа тән екендігін шығармауы керек. Мысалы, күш-қуатты асыруды ғана мақсат етіп, дене тәрбиеесіне көңіл бөлмеген шәкірттерде нашар сымбат қалыптасады, жүріс-тұрысы дене қозғалысымен жараспайтын кезеңге душар болуы мүмкін. спорт тек қана жеңіс емес өте дұрыс сымбат, сымға тартқандай түзулік.
28-лекция
Төзімділік қабілеті.
Жоспар:

1. Қазіргі күрес өнері.

2. Казахстан Республикасыныц қазіргі даму кезеңіндегі еркін күрес.
Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Асубаев А.Р. Спортивная борьба. Алматы 1998

2. Алимханов Е. Самбо күресінүйретудің негіздері. Алматы 2000

3. Алимханов Е. Балуанның дене күш қабілетін арттыру. Алматы 2004

4. Байдосов К. Казахская национальная борьба. Алматы 1987

5. Дьячков В.М.Физическая подготовка спортсмена. М: ФиС 1967

6. К.Қойшыбек. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның көпжылдық дайындығы Алматы 2005

Қосымша

1. Кожарский В.П. Сорокин Н.Н. Техника классичкской борьба. М.ФиС 1978

2. Кесенбаев Т.Н. Спартивно-педагогическое совершенствование по вольвой борьбе. Алматы 2005

3. Ленц А.Н. Такика в спортивной борьбе. М: ФиС 1967

4. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы 1992

Лекция мәтіні

1. Қазіргі күрес өнері, халықаралық жарыс ережесіне байланысты, балуандардан өте жоғары қарқынмен белдесуді талап етеді. Сол сияқты балуандардан ұзақ мерзімге жасалатын шыдамдылық пен күш-қуатын өте үнемді жұмсап, әрбір кілем үстіндегі болашақ белдесудің алдын-ала сценариін өзі жазуға мәжбүр. Сондықтан да дайындық кезеңінен бастап комплексі бапкерлер тарапынан әрбір шәкіртке арналып құрастырылуы негізгі қажеттілік.

Шыдамдылықты қалыптастыру өте ұзақ мерзімге жасалатын процесс, сондықтан да арнайы жаттығулар күрес ерекшелігін есепке ала отырып өткізіледі. Бұл жаттығуларды құрастыру барысында бапкерлер өз шәкірттерінің анатомиялық-физиологиялық құрылымын, психологиялық ерекшелігін күрес өнерінің түрін және жаттығушының негізгі кәсіби мамандығын назара ұстау қажет, мысалы, күш-қуатты талап ететін еңбекпен ақыл-ой еңбегінің ерекшелігі сияқты. Шыдамдылықты жетілдіру барысында өткен кезеңдерде меңгерген жаттығуларды аса шапшаң қарқынмен орындауға ерекше мән беріледі. Мысалы, штанганы 40-60 рет әртүрлі тәсілмен көтеру белгілі жаттығуды арнайы уақыт мөлшерінде жасап үлгеру т.б. Арнайы жаттығулар мен қатар әртүрлі салмақтағы балуандар мен белдесуге уақыт беру, әрбір әдіс-айланы кілемнің белгілі ауданында жасап үлгеру сияқты тапсырмаларға өте әсерлі және нәтижелі болмақ. Шыдамдылықты жетілдірудің негізгі көздерінің бірі жүйелі түрде өткізілетін үдемелі жаттығулар, қосымша құралдармен қатар арнайы күрес өнері, қимыл-қозғалыстары, олар-шалттықпен іліп, қағу, кілемен қарсыласын көтеріп, алу , тік жүріп ұштастыру. Шыдамдылықты жетілдіру барысында шапшаңдық спортшының қасиет ретінде жаттығушылар мен бапкер жадында болуы міндетті процесс. Сол сияқты шапшаңдық пен шыдамдылық бір-біріне сүйеніш болатын да фактор. Кілем үстіндегі шалт-шапшаң қимыл жасауына кедергі келтірері хақ. Нәтижеде әдіс айланы кім бұрын жасап үлгерсе, соның мерейі үстем болмақ. Дайындығы шақыру шегіне жеткен балуандарға тән қасиет, ол кілем үстінде үртүс шабулға шығуы, шалттық немесе бәсекелесі қолданған әдістің алдын орап кетіп, тез қарсы тәсіл жасай білуі- шыдамдылық пен шапшаңдылықтың тоғысып келген жағдайларында ғана болатын мүмкіншіліктер.

2. Қазақстан Республикасының қазіргі даму кезеңінде, жоғары оқу орындарында дене тәрбиесінің мұғалімін дайындауда дене тәрбиесінің теориясы мен әдістсмесі атты пәнді оқыту негізінде болашақ жоғары білімді маманға тәжрибелік жұмыс кезеңдерінде алға қойылған дене тәрбиесіне қарасты максаттарды орындаудағы тиімді жолдарды пайдалану, дене тәрбиесінде қалыптасқан қағидаларға сүйене отырып көптеген әдастермен тәсілдерді дұрыс ipiктеп қолдануды үйрету болып табылады.

Жоғарыда айтылған ойды түйіндейтін „дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі” атты оқу курсының ең басты максаты -болашак жоғары білімді дене тәрбиесі маманын дайындауда, көптеген пәндерді қоса оқу арқылы алған білімдерін игерген әдістерә мен тәсілдерін болашак тәжірибелік жумыста тиімді жолдарын тауып жүзеге асыру.

Білім беретін оқу орындарында „дене тәрбиесі” атты пәнің маңызын биіктікте отырып жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізу үшін, болашак жас мамандар әpбip тақырыпты оқу кезінде накқтылы мақсатты коя білу және көпшілік арасында дене тәрбиесі жөнінде үгіт насихат жұмыстарын жүргізу тәсілдерін үйренеді.



Осы курсты оқу барысында «жас мамандарды жүйелі түрде өз беттерімен кәсіби білімдерін арттыруға ұмтылдыруды, бұрын -соңды кеңінен пайдаланып озық тәжрибелермен танысуды жәие оларды болашақта өздерінің күнделікті жұмыстарында тиімды пайдалану арқылы жас өспімдердің алдына қойылған мақсаттарды шешу жолдарына назар аудару қажетіліктер туындайды. Теориялық білімді тәжірибелік жұмыста дұрыс пайдаланғанда ғана жемсті еңбек етуге болады және олардың бip-бірімен тығыз байланыста екендігін ескердеді.

Егер адам баласының жалпы тәрбиесінің бip бөлшегі деп дене тәрбиесін айтатын болсақ онда болашақта дене тәрбиесі пәнін ұйымдастырып өткізіші мұғалімді дайындау кезеңінде оның адамгершілік қасиеттерін дұрыс қалыптасуына аса көңіл бөлінеді. Біріншіден болашақ мұғалім өз оқушыларына дене тәрбиесінің денсаулықты қалыптастыруда адам тұлғасын жан-жақты дамытуда сонымен қатар еңбекке, отанды корғауға дайындаудағы ен бip кажеттi әдіс екендігі жөнінде ауызша түсіндіре алатындай дайындық алады.

29-лекция
Баланың дене күш қабілеті.
Жоспар:

1. Күрес өнері мектебінің өзіне тән ерекшеліктері.

2. Күрес өнерінен шеберлікті шыңдау.
Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Асубаев А.Р. Спортивная борьба. Алматы 1998

2. Алимханов Е. Самбо күресінүйретудің негіздері. Алматы 2000

3. Алимханов Е. Балуанның дене күш қабілетін арттыру. Алматы 2004

4. Байдосов К. Казахская национальная борьба. Алматы 1987

5. Дьячков В.М.Физическая подготовка спортсмена. М: ФиС 1967

6. К.Қойшыбек. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның көпжылдық дайындығы Алматы 2005

Қосымша

1. Кожарский В.П. Сорокин Н.Н. Техника классичкской борьба. М.ФиС 1978

2. Кесенбаев Т.Н. Спартивно-педагогическое совершенствование по вольвой борьбе. Алматы 2005

3. Ленц А.Н. Такика в спортивной борьбе. М: ФиС 1967

4. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы 1992

Лекция мәтіні

1. Балуанның дене күш қабілетін арттыруға арналған жаттығулар. Талапкерлер мен ұйымдастырылатын күрес өнері мектебінің өзіне тән ерекшеліктері болатынын өткен тарауларда әңгімелеген болатынбыз. Тағы да ескере кететін жағдай күрес өнері-спорт әлеміндегі өте күрделі және де ең тартымды түрі. Себебі: балуанның ккілем үстіндегі жекпе-жек кезінде адам организімінің өз күш-қуатын қоспайтын бірде-бір ағза болмайды. Мысалы, ұзақ аралыққа жүгіретін марофоншыларға қажетті төзімділік, шығыршықта шыр айналатын ептілік, боксшыға жарасар қас-қағымдағы шалттық сияқты қасиеттердің барлығы да балуандар бойындағы қабілет. «Боз кілемнің нағыз үлкен шебері болғысы келген әр бір жастың бойында күш пен шыдамдылық, шапшыңдылық пен ептілік, батылдық пен өжеттілік қатар болуға тиіс».

Күрес өнерінің майталмандарын тәрбиелеу барысында, жан-жақты техникалық дайындығы. Бұл жан-жақты дайындықтың көрсеткіші боып саналатындар кілем үстіндегі жекпе-жек барысында пайдаланған тәсілдердің сан алуандығынан көрінеді. Техникалық шеберлігі өте жоғары дәрежедегі балуанға тән сипат-күрестің барлық түрінде де әдісті жүйелі пайдалана отырып жеңіске жетуінде. Мысалы, аяқта тік жүріп күресу мен төрт тағандап күресі – шебер балуан үшін кілем үстінде проблема туғызбайды, сондықтан да «балуанға оңы да бір, солы да бір»-деген аталы сөз майталмандылыққа берілетін баға болса керек. Бір ескеретін жайт, күрес техникасының барлық түрін меңгеруді негізгі қағида дей түсіну қате пікір, ал әрбір балуанның өз физиологиялық, анатомиялық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты белгілі әдісті асқан шеберлікпен дер кезінде пайданың жеңіске жетуі мүмкін, сондықтан да бапкер күрес техниксын толық меңгеруді талап ете отырып, әрбір балуынның қыр-сыры өзіне ғана мәлім әдістер таңдауын ескертуі қажет.

2. Күрес өнерінен шеберлікті шыңдау барысында тек жаттығуды ғана шеберлік көзі деп онымен шектелуге болмайды. Ол үшін құрама комнда мүшелерін алдағы жарысқа дайындау барысында тек күрес техникасына көңіл бөлуді мақсат етіп, күрес тактикасы мен болашақ бәсекелесіне тәне ерекшелектерді де назардн тыс қалдырмау жаттытғу стратегиясы болуы міндетті. Осыған байланысты төмендегі шартарды басшылыққа алу керек.

1. Арнайы жарысқа дайындық барысында балуан ең осал сезінетін тәсілдерін күрделендіруге бағытттауы керек.

2. Балуанның бұрынғы меңгерген техникалық шеберлігіндегі олқылықтың орнын толтыру үшін жаңа күрес элементтерін балуанның жарыстағы пайдаланылатын бағдарламасына енгізуі.

3. Күрес техниксының әрбір жеке тобынан белдесуге тікелей әсер ереін жаңа құрама әдіс жүйесін жасау.

4. Үнемі кездесіп жүрген қарсыласына кілем үстінде басымдық жасай алмасу үшін қарсы техникалық шешім табуды ойластыру қажеттілігі.

Техникалық шеберлікті шындау жаңа әдістер ойлап табуға ретсіз, бет бұрушылық емес, керісінше бұрын жақсы, нәтижелі меңгерілген әдіс-айлаларды қайтадан жаңғыртып оны әрбр күрес сәтінде пайдаланылып қалуды үнемі ескерту – бапкерлер әдістемесіндегі ұтымды кезең. Техникалық шеберлікті үрделендіру үшін әрбір бапкер ұстаз жарысқа баптап жүрген шәкірттеріне тегеурінді қарсылық жасай білетін бәсекелес тыңдай білуі орнды. Себебі, жарысқа дейін өзіне төтеп бере алатын күш иесімен бетпе-бет келіптер төкпеген балуан, жарыс барысындағы өз қрасыласына жұмсайтын күш-қуатының мөлшерін дұрыс бақылай алмайды да, жекпе-жекте болашақ бәсекелесіне алдын, ала даярлаған әдіс-айласын сынап көру т.б. сияқты. Жаттығу кезеңіндегі қарсыласын таңдау-алдағы өткізілетін жарысмерзіміне байланысты болып жоспарлануы керек, себебі, ойға алған техникалық тәсілін бұларға пайдалану онша күшті қажет етпейді, ал жарыс жақындаған сайын өз салмағындағы уақытты қарсыласы мен белдескені тиімді болмақ.

Әриине, жаттығу барысында кейбір техникалық әдістерді, орындауда шәкірттер қателіктер жіберері хақ. Сондықтан да, жаттығу шеберлікті шыңдау кезеңі тек жаңа әдістерді ғана үйренуімен шектелмей, өткен жаттығуларда меңгерілген әдіс-айлалардағы сәтсіздікке алып келетінқателіктерді түзетуге арнауы өмір талабы, жаттығу мазмұны болуы міндетті. Тәжрибелі жаттықтырушыға тән педагогикалық шеберлік үнемі өткен жаттығуларға талдау жасай отырып қателіктерге жол бермеу әдістемесінің жаңа көздерін қарастыруға арналады. Белдесуге деген құштарлық жақсы меңгерілген әдіс-айладан ғана туындап отыратын құбылыс. Сондықтан да әдіс-айланы толық меңгертпей тұрып жарыс жолына шығуға шәкірттерді асықтырмау бапкер әдептілігі болып саналыды.

Халқымызда – «Буынсыз жерге пышақсалма-жүзін қайтарасын» деген нұсқа бар. Егер сіз бабына келмеген, белдесу шеберлігі әлі де піспеген жасты додаға салып алғашқы сәтсіздігі мен бетін қайтарсаңыз, оның жанын жаралағаныңыз болып саналады. Мұндай психологиялық күйзеліс, шәкірттің жігерін қайтарып, оның бойына біткен қаілетіне нұқсан келтіреді. «Аииың-шабысы бабында» деген емес пе? Сол сияқты -әрбір жаңа бастаған балуанға –демей-ақ чимпиондық тәжді киесің деп жеңіл олжаға ойын үйрету үлкен қателік. Үлкен спортшы болу үшін талай тер төгіліп, талай шапан жыртыларын дәйім ескерту қажет.

30-лекция


Тепе-теңдік сақтау.
Жоспар:

1. Күрес өнеріне баулудағы ең бір күрделі кезеңі.

2. Күрес өңірінде бапкерлердің жақсы нәтижеге жетуі.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Асубаев А.Р. Спортивная борьба. Алматы 1998

2. Алимханов Е. Самбо күресінүйретудің негіздері. Алматы 2000

3. Алимханов Е. Балуанның дене күш қабілетін арттыру. Алматы 2004

4. Байдосов К. Казахская национальная борьба. Алматы 1987

5. Дьячков В.М.Физическая подготовка спортсмена. М: ФиС 1967

6. К.Қойшыбек. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның көпжылдық дайындығы Алматы 2005



Қосымша

1. Кожарский В.П. Сорокин Н.Н. Техника классичкской борьба. М.ФиС 1978

2. Кесенбаев Т.Н. Спартивно-педагогическое совершенствование по вольвой борьбе. Алматы 2005

3. Ленц А.Н. Такика в спортивной борьбе. М: ФиС 1967

4. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы 1992
Лекция мәтіні

1. Күрес өнеріне баулудағы ең бір күрделі кезең болып саналатын, әрбір жаттығушыға тән жекпе-жек кезіндегі өзін-өзі басқара алу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Сол кездегі күрес өнерінің тактиксын меңгеру деп атаймыз. Белдесу барысын бағдарлау мен қарсыласын дегеніне көндіру балуанның шеберлік шыңына көтерілгендегінің куәсі. Себебі, күрес өнеріне шеберлікпен меңгергендіктерінің көрсеткіші алдағы жекпе-жек қарсыластарына қолданылатын әдіс айланы алдын ала сайлай білу және алысу кезіндегі өзін өзі басқара білуіне тікелей байланысты. Бұл күресті барлау (техникасы) екендігіне шек жоқ. Белдесу барысында әдіс айла жасау үшін бірде –бір ұтымды кезеңді ұйымдастыра алмаған балуан ешқашан дажеңіс тұғырына көтеріле алмайды. Бірақ, балуанның тактикалық шеберлігінің негізгі көздері техникалық дене қуатын және ерік жігерді кемелдендіру болып табылады. Мысалы, күрес өнерінің қыр-сырын техникалық жағынан жіті меңгерген балуан жекпе-жек бәсеке кезінде белдесу барысының тізгінін өз қолына алып, мақсат биігінен көрінері хақ. Егер күрес өнерінің техникасы жаттығу барысында тиянақта жүргізілсе, жекпе-жек барысының нәтижелілігі алдын ала қамтамасыз етіледі. Олай болса, тактикалық салауаттылықа жетудің бір ғана көзі күрес техникасына тән дей келіп, балуандық өнерге баулушылар күрес өнеріндегі тактика мен техниканы меңгеруді педагогикалық бір процесс деп түсінуін ескертеміз. Егер балуанның іс-әрекетті бір-екі тәсіл мен ғана шектелген жағдайда оның барлық белдесу барысындағы тактикасы бекерге тер төгумен аяқталады. Ал техникалық ауқымы мол күрес өнерін жетік меңгерген балуанның тактикасы әр қилы қимыл қозғалысының ширақтағы күрестің барлықкезеңдеріндегі жинақылығы сақтығы нәтижесінде өзі ойлағандай аяқталып отырады. Мұндай балуандардың әр бір күш санасар алдында өзіндік бағдарламасы бар дегенмен ойлау қаілеті бір орталықта тоғысып, оның жекпе-жегі көрермендер үшін де сәтті қойылған өнер көзіне айналады. Себебі, спорт өнеріндегі сайыс тек қара күштің құлы емес. Он-ең жоғарғы дәрежеге көтерілген тән мүмкіншілігінің де көрсеткіші.

2. Тепе-теңдікті сақтау әдісін дамыту. Күрес өңірінде бапкерлердің жақсы нәтижеге жетуінің бірден-бір кепілі күрес әдістрін жүйелі түрде жетілдіріп отыру болып табылады. Олар өз шәкірттеріне тән ерекшеліктерді зерттеп, байыпты толық мәліметтер түзіп, жаттығуға алдын-ала дайындығын бағып көрсетеді. Шеберлігі шыңдалған бапкерлер –шәкірттер өсуіне, олардың организмдеріне тән мүмкіншіліктерді ескере отырып, жаттығу бағдарламасының арнайы кезеңдерден тұратын нақты жоспарлар жасайды.

Ескеретін жайт күрес өнерін меңгеру қандай күрделі процесс болса да, ол бапкер-ұстаздар тарапынан басқару функциясын дұрыс ұйымдастыра білу қабілетін керек етеді.

Жаттығу барысына тән ерекшеліктер болатыны әрбір бапкерге белгілі. Олар: жас балуандар үшін орындау – міндетті күрес өнерінің арнайы жаттығуларын өз беттерінше үйренуді талап ету, бапкерлер талабын мүлтіксіз орындауға машықтанушылардың қабілеттері, жаттығушылар даярлығы мен балуынның тактикалық дайындығы мен техникалық шеберлігі арасында үйлесімсіздік немесе қайшылықтарда кездеседі. Бұл қайшылықтарды ығыстырып отыру мен үнемі түзетіп отыру-жаттығу процессінің тиімділігін арттырып, күрес өнері міндеттерін алдын-ала жоспарлағандай орындауға жеткізеді.

Сонымен қатар жаттығу міндеттерін үлкен спорт талабына сәйкес асыруда машықтанушылардың күрес талабына сәйкес іске асыруда машықтанушылардың күрес техникасын меңгеруінің белгілі дәрежелері болатынында ескертеміз: бірінші бұрынғы жаттығу сабақтарында үйренген күрес өнерінің айла-тәсілдерін үнемі еске түсіріп, жекпе-жек барысында ұтымды пайдаланып, қайта жаңғырту; екінші жекпе-жек белдесуде тактика мен техникалық шеберліктің көмегіне сүйену; үшіншісі дәреже кілем үстіндегі белдесу барысында бұрынғы үйренген күрес тәсілдерін бәсекелесінің ерекшелілктеріне байланысты ұтымды қолдана білу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет