Жүйелік принципі. Дене қуаты (дайындығы) қасиетін дамытудағы және қозғалысқа үйретудегі ақсы нәтиже тек дене тәрбиесі жаттығулардың жүйелі орындағанда ғана болады. Жүйелік – сабақтар арасында ұзақ үзіліс болмауы, сол арқылы жаттығушылардың дене қуаты дайындығы деңгейін түсірмеу. Сондықтан да жүйелік принципін қолданғанда өткен сабақтың ізін, өтіп жатқан сабақтың әсері басып, толықтырып жату керек. Қортындысынгда көп сабақтардың әсерлері қосылып, кумулятивтік әсер (жаттығушы организмінің берік бейімделу процесі) пайда болады, машықтану дайныдық деңгейі көтеріледі. Сабақтар белгілі бір жүйе бойынша жұмыс және тынығу кезеңдерінің алмасуымен өтеді, бұлардың негізінде бір-бірімен байланысты организмнің болдыру және қалпыне келу процесі жүреді. Бұл жүйе төрт кезеңнен тұрады:
Жұмыс кезеңі – бұл кезеңде белгілі-бір жұмыс көлемі орындалады, қозғалысты қамтамасыз ететін қуат көзі таусыла бастайды, организмнің жұмысқа дейінгі деңгейге келе бастайды.
Жоғары өтем кезеңі. Організм жұмысқа кеткен қуатты аротығымен қалпына келтіреді.
Редукциялық кезең. Күш түсіруден кейінгі ұзақ демалыста организмнің жұмыс қабілеттілігі бастапқы деңгейге келеді.
Жұмыс қабілеттілігін жақсарту кезеңі. Жұмыс қабілеттілігін жақсарту үшін жаттығу сабақтары арасындағы демалысты екі күннен әрі созбау керек. Өткен сабақтың әсері толық жоғалмай тұрғанда келесі сабақ өтілуге тиіс.