Дене тәрбиесі жүйесі туралы жалы түсінік
Дене тәрбие жүйесі “дене мәдениеті”, “спорт”, “дене тәрбиесі” деп аталатын салалардан тұрады. Бұл құбылысты талдаудың әр түрлі бағыттары бар. Дене тәрбиесі “дене мәдениетінің” құрылымына жалпы дене тәрбиесі, кәсіптік және спорттық бағыттағы дене тәрбиесі деп. аталатын педагогикалық бастр үшбағыттары бойынша кіреді. Атап айтқанда, спорт өзінің педагогикалық жағынан, яғни спорттық дайындық – білім мен тәрбиенің барлық мақсаттарна қызмеи көрсететін дене тәрбиесінің бір саласын құрайды. Қазіргі әдебиеттердегі кездесетін “физикалық рекрециялық” термині белсенді демалысты қамтамасыз ету, жұмыстың басқа түріне кошті орнына келтіру үшін ауысу сияқты дене тәрбиесінің тапсырмаларының бірін айқындайды. Бұл тапсырманың шешімі ұйымдастыру жұмыстарының өзіне тән сан қилылығымен жалпы дене тәрбиесі, кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесі арқылы бейнеленеді.
“Физикалық реаблитация” термині уақытша жоғалған немесе оқыс жағдайлар мен ауру кезінде төмендеген дене қуатын қалпына келтіру дегенді білдіреді. Дене жаттығуларын бұлай пайдаланудың медициналық емдік қасиеті бар. Бұл дене тәрбиесінің үш бағытының құндылығы-біріншіден, дене тәрбиесі жүйесінің тең құқықтылығы, екіншіден, материалды қамтамасыз ету мен жаттығатындар санының әр түрлілігі, үшіншіден, әр бағыттың шарттышекарасы мен олардың ішкі қарым-қатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: |