Лекция 13
Тақырыбы: Басқару қызметі принциптері мен әдістері.
Жоспары:
Басқару. Мемлекеттік басқару.
Басқарудың негізгі белгілері.
Қоғамдық басқарудың негізгі белгілері.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет
2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы
2002ж. 99-101 бет.
3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.
4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.
Педагогикалық кеңес – бұл мектептің барлық іс-әрекетін басқарудың тұрақты органы, мұғалімдердің педагогикалықойыныі ұжымдық орталығы. Педагогикалық кеңестің міндеті тұтас педагогикалық процестің сапасын арттыруға мұғалімдер ұжымының күшін үйлестіру жәнек біріктіру, білім беруді гуманитарландыру, ізгілендіру. Деменк, оқу тәрбие, білім беру ісін қазіргізаманның талабына сәйкес басқару.
Қазіргі кездегі сабаққа қойылатыннегізгі талаптар:
сабақ оқытудың ұжымдық, топтық және дара формаларын ұтымды пайдалану және жетілдіру;
тәрбие теориясы, мамандыққа бағдарберу, экологиялық тәрбие, экономикалық білім мәселелеррі;
педагогикалық озат тәжірибе т.б.
Педагогикалық кеңестің мәслихаттарында басқа да мәселелер қаралады. Олар оқу тәрбие жұмысының жалпы мектеп жоспары, мектеп басшыларының және сынып жетекшілерінің есеп беру баяндамалары, оқу жылының қортындысы, мұғалімдерді аттестациялау т.б.
Жалпы басқару дегенді – шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанан ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы апарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қортындысын шығару әрекеті деп. түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі аул, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі ретінде ҚР Білім және Ғылым минстрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін айтамыз. Аорта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектепішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның компаненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйесі- орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабан жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |