Реттілік принципі.
Қимыл -әрекетке үйрету және дене қуаты қасиетін дамыту реттілігіне арналған талаптар үш дидактикалық ережеден тұрады. Жеңілден-қиынға, қарапайымнан-күрделіге, меңгерген қимыл әрекетке. Бұрыннан қолданылып келген қимыл ептілігі мен енді ғана үйреніп жүрген қимыл ептілігін, бір-бірімен қауыштыра білу керек. Дене тәрбиесі процесінің бір әдістемелік ерекшелігі жаттығулардың сабақтастығын қамтамасыз ету, яғни оқу материалын жоспарлағанда өткен сабақтың мазмұны келесі сабақпен жалғасып жату қажет.
Лекция 10
Тақырыбы: Дене мәдениетінің жүйесі
Жоспары:
1. Дене мәдениетінің жүйесі
2. Дене тәрбиесі жүйесі туралы жалпы түсінік.
3. Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет
2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы
2002ж. 99-101 бет.
3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.
4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.
Дене жаттығуларын пайдаланудың адамдарға әсері педагогикалық ұйымдастыру құбылысы, сон дай-ақ ғылыми тұжырымдарды, басшылыққа алу деңгейіне байланысты. Осы саладағы мақсатты бағыттар дене тәрбиесі деп. аталатын бүтіндей қоғамдық ұйымдарда құрайды. Дене тәрбиесінің әр жүйесі дене тәрбиесінің тиянақты-тарихи Турін бейнелейтіндіктен қойылған мақсатқа жету үшін осы немесе басқа ұйымдардан құралады. Жүйе айқын салалар құрылымымен олардың қызметі қоғамның басқа да жүйелерінің қарым-қатынас ерекшеліктерімен айқындалады.
Жүйенің ең басты қызметі-адамдардың дене мәдениетін жоғары сатыға көтеру үшін барлық осыған тікелей қатысты құралды.
Мемлекеттік дене тәрбиесінің идеологиялық бағыттағы қызметін ғана емес, сонымен қатар материалды жағынан қамсыздандыру деңгейін (спорт кешкні құрылысы, он арнайы жабдықтау, кадрларды жүйелі дайындау, төлемді анықтау), ғылыми қызмет етуді, әдістемелік әдебиеттермен жабдықтауды мақсат етеді.
Дене тәрбиесі жүйесі өз даму барысында бай мүмкіндіктерге ие. Ол қоғамның ұйымдастыру саласының бұрышынан кем жатқан жүйе болғандықтан жалпы халықтық болып танылады.
Дене тәрбие жүйесі елдің әр түрлі қоғамдық топтарының ерекшеліктеріне бағытталған өз Алдана дербес қоғамдық топ өкілдерінің ерекшеліктеріне қарай сипатталады (балалар дене тәрбие жүйесіжәне әр түрлі қоғамдық мектеб оқушылары дене тәрбиежүйесі т.б.).
Балалар дене тәрбиесі жүйесі -әр түрлі жастағы топтардың денсаулығына жан-жақты бағытта қызмет жасайтын қоғамдық ұйым.
Достарыңызбен бөлісу: |