Лекция 15
Тақырыбы: Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері.
Жоспары:
Дене жаттығулары.
Дене тәрбиесін ұйымдастыру.
Формалары және құралдары.
Спорт ойындарының дене тәрбиесіндегі орны.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет
2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы
2002ж. 99-101 бет.
3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.
4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.
Жеке адамды Жан-жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңызы өте зор. Оқушыларға арналған дене тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген бастр міндеттерге сүйеніп, дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін қарастырайық.
Барлық оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып қолайлы жағдайлар жасау қажет. Әрбір мектепте, кәсіптік – техникалық училище де, барлық оқу-тәрбие мекемелерінде жабдықтармен және құралдармен жақсы жарақталған спорт залдары мен алаңдары болуы тиіс. Оқушыларға дене тәрбиесін беру үшін спорт ұйымдары мен клубтардың, кәсіпорындар мен мекемелердің базасы кеңінен пайдаланады.
Мектепте дене тәрбиесін ұйымдастыру негізгі формаларына дене шынықтыру сабақтары, сыныптан тыс және мектептен жаппай спорт жұмыстары жатады. Сабақ-дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Дене шынықтыру сабақтары мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Онда жаттығулардың тізімдері, түрлері, сонымен бірге сабақта теориялық білімді меңгерудің мазмұны берілген. Дене тәрбиесі сабақтарында оқушылардың қозғалу белсенділігін ақыл-ой іс-әрекетіне сәйкес жүзеге асырудың негізгі педагогикалық талаптары қарастырылған.
Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдардың бірі – табиғат факторлары. Күн көз, ауа, суға шомылу, душ қабылдау сауықтыру жұмысы кезеңінде пайдалану өте тиімді болады.
Қазақ халқы мателиалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Ұлт ойындары халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді. Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, күрес, теңге алу, қыз қуу т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болады.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде көп қозғалысты ойындар сауықтыру және тәрбие, білім беру міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік ашады. Ойын барысында балалардың қозғалыс ширақтығы бүкіл организмде жігерлі жадай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді, өмірлік тонустарын арттырады. Спорттық ойындар нышандары бар ойындар балалар қимыл-қозғалыс ойындарын өз бетінше ұйымдастыра білетін кезде жүргізіледі. Спорттық ойындар нышандары бар қимыл-қозғалыс ойындарына қарағанда балалардан жинақылықты, ұйымшылдықты, бақылағыштықты, айқын, қолайлы қимыл техникасын ұшқыр қимыл сезімін көбірек талап етюді. Мысалы, “Ақ серек, көк серек”, “Соқыр теке” шындап келгенде ұлт ойындары ауыз әдебиетінің бір саласы. Олай болса, ұлан – байтақ қазақ даласына ауызекі тарай келіп, ол түрленіп, өзгеріп отырған. Ұлттық ойындар көбінесе, логикалық ойлау мен матеметикалық, философиялық ойлауды дамытуға негізделген. Солардың төресі “Тоғыз құмалақ”. Оймен келетін ойындарды сөз еткенде шахмат, дойбы қазақтар мекендеген кезде торік заманынан белгілі екенін көсететін деректер де бар.
Сабақта, ертеңгіліктерде, сыныптан тыс шараларда, кештерде пайдаланылатын халық ойындары оқушы зердесіне бұрын қабылданған, бірақ ұмыт болған білімнің жаңғыруына және соны мен бірге бұл білімдердің нақты әрекеттерімен бекітіліп, олардың практикалық өмір сәттерінде қоданылуына жағдапй жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |