ОқУ-Әдістемелік кешені құрастырушы: Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы М. Т. Уразбаев


Лекция 17 Тақырыбы: Есепке алу мен есеп беру



бет31/47
Дата07.02.2022
өлшемі140,85 Kb.
#94611
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47
Байланысты:
8e11d7de-3c0d-11e3-9713-f6d299da70eeуправ 13-14 Уск

Лекция 17
Тақырыбы: Есепке алу мен есеп беру

Жоспары:

  1. Оқыту процесінде білімді есепке алу.

  2. Есепке алудың маңызы.

  3. Есепке алудың әдістері.


Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет
2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы
2002ж. 99-101 бет.
3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.
4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде он дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұңғалім оқушының оқу материалын мегеру жәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыру тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше.


Жоғарыда айтылған тұжырымдамаға сүйене отара, білім, білік және дағды нәтижесін есепке алу, бақлау мен бағалаудың теориялық талдауы мен практикада қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса қарама-қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.
Оқытуды бағалау дегеніміз, бір жағынан, мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің әкімшілік-ресми тәртібі, нәтижелерін басқару шешімдерін қабылдау үшін қызмет ету. Ал екінші жағынан, оқытуды бақылау дегеніміз, мұғалімнің оқушылар білімін тексеруі мен бағалауы. Отандық ғылымда “педагогикалық диагностика” атауының қолдану аясы тар және көбінесе тәрбие саласында көбірек қолданылады, онда ол тәрбиелік деңгейдің өлшемі мен талдауын білдіріп, психодиогностикаға жақындай түседі. Оқыту процес інде қатысты “педагогіка диагностикасы” атауын жоғарыда келтірілген мағынада қолданған орынды. “Бақылау” педагогикалық процесс нәтижелерін тексеру мен есепке алу сияқты дәстүрліатаулармен де қолдануға болады.
Оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау педагогикалық процестің маңызды компоненті болып табылады. Ол әрдайым мұғалімнің назарында болады, педагогикалық процестің тиімділігі мене нәтижелілігін көрсетеді. Сондықтан, жалпы оқыту процесіндегі оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру мен бағалаудың қандай орын алатынын, онда оқыту да, дамыту және тәрбие үшін қандай птенциалды мүмкіндіктер барын, бұл мүмкіндіктерді оқу іс-әрекетін белсендендіру үшін қалай дамытып, пайдалану керектігін, оқыту жемісті болу үшін нәтижечсінене ықпал ететінін қарастыру қажет.
Оқыту нәтижесін тексерудің мәні оқушылардың белгілі бір бағдарлама, пән бойынша білім беру стандартна сай білімді мегеру деңгейін анықтау. Слайда, қазіргі педагогикада тұтас педагогикалық және жалпы психологиялық дамуы мектеп жетістіктерін тексерудің мазмұны болып табылады. Осылайша

Есепке алу – бұл оқытудың белгілі кезеңінде оқушылар мен мұғалімнің жұмысын жинақтап қорыту.


Үлгерімді есепке алуда мынадай мәселелерді есепке алған жөн:

    • оқу бағдарламасы бойыннша тақырыпты және тарауды оқып-үйрену процеінде оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдысын жан-жақты бақылау керек;

    • әрбір аяқталған тақырып бойынша оқушылардың жұмысы туралы жеткілікті толық қортынды шығарып отыру;

    • оқушылардың үлгерімін орта арифметикалық мәліметтергше сүеніп бағалауға болмайды;

    • оқушыларға байымды толық мінездеме беру үшін олардың бірнеше оқу жылындағы статистикалық үлгерім мәліметтеріне талдау жасау қажет.

Сонымен, әрбір мұғалім оқу жұмысын есепке алудың әдісін және техникасын жақсы білумен бірге оқу жұмысы жөнінде объективті мәліметтердің болу тиіс. Осы мәліметтерге сүйеніп, мектеб басшысы әрбір мұғалім жұмысының нәтижесін және дәрежесін анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет