Лекция 16
Тақырыбы: Орындауын бақылау мен тексеру
Жоспары:
Орындауын бақылау мен бағалаудың, тексеруі туралы жалпы
ұғым.
Бақылау мен есепке алудың мәні.
Оқушылардың білім, білік дағдыларын тексерудің негізгі әдістері.
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау.
Бақылап зерттеуді өткізудің белгілі бір тәртібі.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет
2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы
2002ж. 99-101 бет.
3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.
4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.
Оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестің маңызды компоненті болып табылады. Ол әрдайым мұғалімнің назарында болады., педагогикалық процестің тиіпмділігі мен нәтижелілігін көрсетеді. Сондықтан, жалпы оқыту порцесіндегі оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру мен бағалаудың қандай орын алатынын, онда оқыту, дамыту және тәрбие үшін қандай потенциалды мүмкіндіктер барын, бұл мүмкіндіктерді оқу іс-әрекетін белсендендіру үшін қалай дамытып, пайдалану керектігін, оқыту жемісті болу үшін нәтижечсінене ықпал ететінін қарастыру қажет.
Бақылау мазмұнының мәні ерекше. Тексеріске ұшырайтын оқушылардың білім, білік және дағдылары болып есепателінеді. Білімдерден басқа шәкірттердің әлеуметтік және жалпы психологиялық дамуы мектеп жетістіктерін тексерудің мазмұны болып табылады. Мектеп тек білімдерді қалыптастырып қана қоймай, тәрбиелеп, дамытатын болғандықтан, мектеп жетістіктерін тексерубағыттарында да жүргізілуі керек. Осылайша тұтас педагогикалық поцесте оқу-тәрбие жұмысы нәтижелерін есептеу мен бағалау мұғалімдер мен оқушылар қызмет-әрекетіндегі құбылыстардың барлық жағынан қамтылуы керек.
Оқыту процесінің құрамды бөлігінің бірі болып келгеноқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің мақсаты оқушылардың оқу жұмысын бақылау мен олардың үлгерімін есептеу. Мұғалімге оқушылардың білім, білік және дағдыны толық және сапалы түрде меңгеруі аз. Оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді анықтап, мұғалім он жоюға тырысады, оқушыларға ақыл-ой және практикалық жұмыс тәсілдерін үйретеді.
Оқушылардың оқуға қатынасы, дербестік, еңбекқорлық, ынталылық, берілген тапсырманы дер кезінде орындау мен оның сапасына деген жауапкершілік сияқты оқушы жеке тұлғаның бастр қасиеттерінің қалыптасуы оқушылардың білімін тексеру мен бағалау қалай жүргізілгеніне байланысты. Осылайша тексеруге тек бақылаушылық қана емес, сонымен қатар, тәрбиелілік пен дамытушылық қызметтері де тән.
Тәрбиелік жүйені кәсіби ұйымдастырудың құрамында, міндетті түрде, педагогикалық талдау компоненті болу керек, бұл талдау негізінде педагоктар тәрбие барысының дұрыстығын, оның белгілі дәрежеде же місті екенін біле алады,ұйымдастыру шараларын етілдіріп, немесе оған уақытқа, балалар жасына, оқиғалар мен жағдайларға байланысты түзетулер негізе алады. Педагогикалық талдау – тәрбиені мәндік элементтерін бағалап талдау. Тәрбие жұмысын бағалаудың объектілігіне тәбиелік критерилерін анықтау арқылы же туге болады.
Бақылап – зерттеуді өткізудің белгілі бір тәртібі бар:
Бақылап-зерттеудің мақсаты, міндеттерін және объектісін
анықтау.
Бақылап-зерттелетін құбылыстың негізгі параметрлерін
анықтау (бақыланатын құбылыстың көріну дәрежесін
қандай параметрлері арқылы анықтауға болады).
Бақылап-зерттеудің кестесін жасау. Ол бақылау объектісінің
саны мен бақылап-зерттеуге бөлінген уақыт мөлшеріне
қарай өзгеріп тұрады.
Бақылап-зерттеудің нәтижесіне талдау жасау (нәтижелер
бақылап-зерттеу кестесінде белгіленеді).
Достарыңызбен бөлісу: |