.
Сонда бұл кез келген -ші шаманың ағыны үшін былайша өрнектелінеді:
Мұндағы - әртүрлі шамалардың градиенттері, оны «жалпылама күш» деп атайды. - оларға сай коэффициенттер. Соңғы теңдік жоғарыда қарастырылған Фурье, Фик және Ом т.б. заңдарының жалпы түрі. Бұл теңдіктегі Онзагер (американдық химик, физик) коэффициенті.
Онзагерше системаның стационар күйінде жүретін қайтымсыз процестегі бір жалпылама күштің () оған сай емес, пайда болатын термодинамикалық басқа ағындағы () үлесі, осы процесс кезінде туатын келесі ағындағы () алғашқы жалпылама күштің () үлесіне тең болады. Мысалы, организмдегі химиялық тотығу реакция барысында клеткалардың ішінде оттегінің концентрациясының, айталық, алғашқы ағыны пайда болады. Сонымен бірге клеткадан сыртқа көмірқышқыл газының, жылудың т.б. шамалардың келесі ағындары тарайды.
Сөйтіп, әртүрлі ағындар бір ортада тарағанда ондағы ағындар коэффициенттерінің мәндері өзара тең болады: . Бұл теңдікті Онзагер коэффициенттерінің «өзара алмасу» принципі деп атайды.
Биологиялық ашық системада жүретін қайтымсыз процестердің теориясын қалыптастыруда классикалық термодинамикадағы шамаларды, параметрлерді, функцияларды және оларды өзара байланыстыратын теңдіктерді пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |