Өзін-озі тексеру сұрақтары
Электрогенез құбылысы деп нені айтамыз?
Мембранада пайда болған потенциалдар айырмасын қандай теңдеумен анықтаймыз?
Биопотенциалдар дегеніміз не?
Электродтық потенциал деп қандай потенциалды айтамыз?
Тыныштық потенциалы деп қандай потенциалды айтамыз?
Нернст теңдеуін жазып көрсетіңіз.
Дәріс №9. Биологиялық объектілердегі тұрақты және айнымалы токтар.
1 Электролиз заңдары.
Электролиттерден электр тогының өтуі электролиз деп аталады. Электролиздің сандық сипаттамасы Фарадейдің екі заңымен беріледі::
1) Электродтан бөлініп шығатын заттың массасы электролит арқылы өтетін электр тогының шамасына тура пропорциональ.
Егер десек, , яғни заттың электрохимиялық эквиваленті ерітіндіден 1 Кл электр өткенде бөлініп шығатын заттың мөлшеріне тең. Элементтің атомдық салмағының оның валентілігіне қатынасын элементтің химиялық эквиваленті дейді:
2) Элементтің электрохимиялық эквиваленті оның химиялық эквивалентіне пропорционал
Мұндағы - барлық элементтер үшін тұрақты пропорциональдық коэффициент.
Фарадейдің екі заңын біріктіріп, былай жазуға болады:
Кейде с коэффиициентіне кері шама алынады:
Сонда:
- Фарадей саны деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |