Оқу іс-әрекеті: Ғажайып табиғат. Тақырыбы: Табиғатты аялайық. Мақсаты

бет1/11
Дата23.05.2018
өлшемі2,37 Mb.
#40674
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
126 бөбекжай- балабақшысының ересектер «Жұлдыз» тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиылық картасы
Күні:

Білім саласы: Бейімделген бағдарлама.

Оқу іс-әрекеті: Ғажайып табиғат.

Тақырыбы: Табиғатты аялайық.

Мақсаты: Балалардың «табиғат», «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

● Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты түсіндіру;

● Табиғатқа деген танымдық қызығушылықтарын дамыту;

● Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Табиғат туралы суреттер.

Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы күш

Шаттық шеңбері

Күн сәуле шашқаның үшін рахмет

Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет!

Аспан, таза ауаң үшін рахмет

Ағаш, көлеңкең үшін рахмет!

Балалар табиғатқа қимылдармен көрсете отырып ризашылығын білдіреді

Ұйымдастыру кезеңі

Әңгімелесу.

- Достар, мен сендерге сұрақтар қояйын. Соған жауап тапсаңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын дәл тапқан боласыңдар. Келістік пе?

- Жарайсыңдар! Сендер табиғат бұрышында қандай еңбек түрімен айналысасыңдар?

- Жақсы, тағы не істейсіңдер.

- Біз табиғат бұрышын жақсы күтеміз, осы еңбегімізді бір сөзбен қалай айтуға болады?

- Дұрыс, балақайлар! Біз бүгін адам бойындағы жақсы қасиеттің бірі «қамқорлық» туралы әңгімелесеміз.

Тапсырма.

Балалар сендерге тапсырма, алдарыңда тұрған сызбалар бойынша қажетті пішінді анықтап, суреттегі орнын тауып құрастыру. Мұқият болыңдар.

- Арсен сен ненің суретін құрастырдың?
- Осының барлығын бір сөзбен не деп айтамыз?

- Дұрыс, балалар. Қараңдаршы қандай керемет сурет шықты. Өте әдемі табиғаттың көрінісі.

Табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер. Біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы.

Дәйексөз.

«Табиғат — тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!»

- Балалар, сендер білесіңдер ме? Біз кішкене баланы бесікке бөлейміз. Осы отырған бәрің де бесікте тербеліп өстіңдер. Енді міне, үлкен болып өстіңдер. Бірақ, бәрібір «туған жер» деп аталатын алып бесікке тербеліп жүрсіңдер. Туған жердің табиғатына тамсанып, таза ауасымен дем алып, мөлдір суын ішіп жүргендерің соны білдіреді. Туған жер бізге өзінің алтын қазынасын – сұлу табиғатын ұсынып отыр. Сондықтан да біз туған жерімізді, сүйікті отанымызды әрқашан алтын бесікке теңейміз және табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, тазалығын сақтау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті.

Сүйейік табиғатты, аялайық!

Біз де одан жақсылықты аямайық!

Анадай табиғаттың аясында,

Жадырап жас балаша дем алайық!

- Иә.

- Гүлдерді суарамыз.

- Жапырақтарының шаңын сүртеміз.

- Гүлдің тамырына ауа жақсы жетсін деп, топырағын қопсытамыз.

- Қамқорлық жасаймыз.

- Ағашты.

- Күннің көзін.

- Гүлді.

- Құсты.

- Түлкіні.

- Қоянды.

- Аюды.

- Көбелекті.

- Ағашты.

- Саңырауқұлақты.

- Табиғат.

Балалар мұқият тыңдайды.

Тақпақты жаттап алады.

Рефлексивті түзету

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін аяқтау.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: табиғатты аялай.

Болу керек: табиғат туралы түсінік .

Үйрену керек: табиғатқа қамқорлық жасап.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші:

126 бөбекжай- балабақшысының ересектер «Жұлдыз» тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиылық картасы

Күні:

Білім саласы: Бейімделген бағдарлама.

Оқу іс-әрекеті: Ғажайып табиғат.

Тақырыбы: « Табиғат тамашасы».

Мақсаты: Балаларды табиғатты аялауға баулу , экологиялық тәрбие беру. Көрнекілік құралдар: табиғаттың балаларға арналған даналық сабақтары атты презентациясы,түрлі-түсті пішіндер,сюжеттік сурет , сандық қақпа , гүлдер , тоты құс , балықтар, су, топырақ, құм, құмшкер, ұя, ағаш, жұмыртқа. Әдіс тәсілі: сұрақ жауап , сергіту,ойын, тәжірибе,түсіндіру,өлең.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы күш

Шаттық шеңбері

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын

Қайырлы таң балалар!

Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Балалар бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру кезеңі

Бүгін балалар ұйымдастырылған оқу іс әрекетіндегі тақырыбымыз « Табиғат тамашасы».

Табиғат ана жер жүзіне жылуын,мейірімін сыйлап тұр емеспе?Сондықтан ешқашан жамандық жасама,жақсылық қана ойла.Барлығы саған жақсылық жасауға дос болуға ұмтылады.

Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.Жұмбақ шешімін таба отырып,түрлі-түсті пішіндер арқылы сюжеттік сурет құрастырамыз.Алдарындағы берілген пішіндер арқылы.Егер тапсақ бізге берілген « сиқырлы қақпалар» ашылады.

Жұмбақ:

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

Тауда өсер ,таста өсер,

Көктем менен жазда өсер.

Қыста өшер.

Көктемнің суретін құрастырып, әңгіме құрайды.

Мінекей балалар «табиғат ана»ризашылығын білдіріп,бізге қола қақпада ашылды.Қола қақпа ішінде бізге «ашық хат»берілген,ашып көрейік.Бізге сұрақ-жауап берілген.Жауап берсек «күміс қақпа»ашылады.

Балалар табиғат екі түрге бөлінеді.

Өлі табиғат және тірі табиғат .

-Осы топ ішіндегі өлі табиғат және тірі табиғатты атап шығыңдар?

-Тірі табиғатқа жаны бар заттар жатады.

-Өлі табиғатқа жаны жоқ заттар жатады.

-Ал,өлі табиғат ше?

Мінекей балалар «күміс қақпа»ашылуда.

-Балалар қараңдаршы «күміс қақпа» ішінде өлі табиғат берілген.Енді өлі табиғатқа тәжірибе жасап көрейік.

Бүгін судың қандай қасиеттері бар екенін білеміз.Алдарыңдағы суды ішіп көріңдер.

-Судың дәмі бар ма?

-Жоқ.

-Иісі бар ма?

-Жоқ.

-Түсі бар ма?

-Мөлдір.

Енді стакандағы суға қант түйіршігін салып араластырыңдар.

-Қант қандай күйге енеді?

Келесі стаканға құм салып көрейік.

-Құм ериді ме?

Мінекей балалар табиғат ерекшеліктері.Табиғат ана бізге ризашылығын білдіріп, «алтын қақпаны»ашты.Балалар алтын қақпа ішінде «алтын сандық». « Алтын сандық» ашу үшінжақсы игі іс жасаумыз керек. Сендер қандай жақсылық жасасақ екен деп, ойлану үшін бойымызды сергітіп алайық. Оның үстіне тәжірибе жасапта,шаршадық

Сергіту:

Өзен болып гурілдейміз

Теңіз болып то қимызып

Бұлақ болып бұрқылдаймыз

Ешқашанда сарқылмаймыз

«Күн»

«Шөп»

- Гүлдер.

-Ауа,алдымыздағы су,топырақ.

-Қант суда ериді.

-Құм стакан түбінде шөгіп қалады,ерімейді.

Рефлексивті түзету

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін аяқтау.

Бәріміз дос бауырмыз

Ажырамас іргеміз,

Қиындыққа мойымай.

Сұрақтарға жауап береді.

Қайталайды.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: табиғатты аялай.

Болу керек: табиғат туралы түсінік .

Үйрену керек: табиғатқа қамқорлық жасап.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші:

126 бөбекжай- балабақшысының ересектер «Жұлдыз» тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиылық картасы

Күні:

Білім саласы: Бейімделген бағдарлама.

Оқу іс-әрекеті: Ғажайып табиғат.

Тақырыбы: Ауаның құрамы.

Мақсаты: Ауаның құрамы және қасиеттерімен таныстыру. «Атмосфера» ұғымымен таныстыру.Газ тәріздес заттар туралы ұғымдарын бекіту.Сұрақтар қойып үйрену. Қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу,топ болып жұмыс жасау.

Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы күш

Шаттық шеңбері

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын

Қайырлы таң балалар!

Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Балалар бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылықты ояту.

«Көрінбейтін сиқыршы»

Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар.Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады.Сен оны көрмейсің,бірақ маңайыңда екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.

Барма жоқпа оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. Ол не?
2. Мағынаны тану.
-Ауа туралы не білесіңдер? Ол туралы не білгілерің келеді?

Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Біз сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз.

.Ауа газдардың қоспасы.Оның иісі де,түсі де жоқ. Мұның себебі ауаның құрамына кіретін газдардың ішінде оттегі мен көмірқышқыл газы сендерге таныс. Ағзалар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын сіңіріп отырады.

1) Сытырлақ дорбаны үрлеп ауа толтырамыз. Аузын қолымызбен бекітеміз және жайлап қысамыз.

- Саусағымызды жіберсек, не болады?

Жер шары көзге көрінбейтін мөлдір жабынды-ауамен жабылған.

Жел-ауаның қозғалысы. Атмосфера деп – біздің ғаламшарымызды және бізді қоршап тұрған ауа қабатын айтамыз. Жердің ауа қабығын көбінесе бесінші мұхит деп атайды.

-Адамдар, жануарлар, өсімдіктер бесінші ауа мұхитының түбінде өмір сүреді.

Ауасыз жер бетінде мәңгі тыныштық пен бос кеңістік болар еді. Егер жер ауаны жоғалтса, ол Ай секілді тіршіліксіз аспан денесі болар еді.

Сонда ауа деген газ, дәлірек газдардың қоспасы. 2 ғасыр бұрын ғана ғалымдар ауаның көптеген газдардың қоспасынан тұратынын дәлелдеген.

Ауаның барлық жерде бар екенін білеміз. Дәптерлеріңді көтеріңдер ,оның ар жағындағыны көресіңдер ме?

- Ал, топтығы заттарды көре аламыз ба?

- Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?

- Ауа мөлдір.Бұған айналамыздағы заттарды көре алатынымыз дәлел.

- Бөлме өсімдіктері қандай түсте?

- Партамыз қандай түсте?

- Ауа қандай түсте?

Иә,бұл ауаның тағы бір қасиеті.

Сен әртүрлі бөлмелерде әртүрлі иіс бар екенін сезесің. Тамақ пісіретін бөлмеде, шаштаразда, дәріханаларда иісі бар заттардың бөлшектері ауамен араласып кетеді. Ал таза ауаның иісі бар ма?
Сонымен бірге ауа серпіледі, сығылады.

Допты алайық. Оны қолыммен қысамын. Бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа сығылады .Қолымды жіберсем, серпіліп орнына келеді. Серпіліп тұрған оның ішіндегі ауа.

Ауаның тағы бір қасиеті-ол жылуды жай өткізеді. Қыста қар астында қалған көптеген өсімдіктердің үсімей қалатын себебі қардың салқын түйіршіктерінің арасында көп ауа болады. Ал қалың қар өсімдіктердің сабақтары мен тамырларын жауып жатқан жылы көрпе сияқты.

- Күзде көптеген аңдардың тиін, қоян, қасқыр т.б. аңдардың түлейтінін білеміз. Жазғы жүннен гөрі олардың қысқы жүні қалыңырақ және үлпілдек. Қалың жүн арасында ауа көбірек болады да қыстағы ауа қорқынышты емес.

- Қасқырдың құйрығы үлкен әрі жүні қалың. Қардың үстінде қасқыр ұйықтар алдында ол өзінің тұмсығы мен аяқтарын жүнді құйрықтарымен жауып жатады.

Сұр тышқандар үлкен биік қар үйінділерінің астындағы індерінде қыстайды. Онда оларға әрі жылы, әрі қолайлы. Бұл ауаның қандай қасиетін анықтайды?

Сергіту сәті.

Саусақпен мұрын қысайық,

Әншіге біраз ұқсайық.

Әрбір сөздің дыбысы,

Қандай екен ұғайық..
-Сергіту сәтінде дыбыс неге дұрыс шықпады?

-Ауа аузымыз арқылы ғана шыққандықтан дыбысымыз өзгерді.

Ауада оттегі көп болып,көмірқышқыл газы аз болу керек. Дем алғанда біз оттегіні жұтамыз да, көмірқышқыл газын шығарамыз. Тек бір күнде адамға дем алу үшін 600 литр оттегі қажет.Ал өсімдіктер керісінше оттегін бөліп шығарады. Сондықтан өсімдіктерді планетемыздың өкпесі деп атайды.Орманның ауасы ең таза жер.

Ал енді қалаларда ауа басқаша, ластанған.

(ауа)

- Жоқ.

- Иә.

- Жасыл.

- Көк,сары.

- Ол түссіз.
- Таза ауаның иісі жоқ.Ауа иіссіз.

(ауа жылыны жәй өткізеді)

Қимылмен жасайды.

Рефлексивті түзету

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін аяқтау.

Ауаның қандай қасиеттері бар?

Ауа мөлдір, түссіз, иіссіз, қыздырғанда ұлғаяды, салқындатқанда қысылады, жылуды жәй өткізеді.

Аспан тәрізді көгілдір, дыбыстарды өткізеді, күн сәулелерін өткізеді, иісі жоқ.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: ауаның қасиеттерін.

Болу керек: ауа туралы түсінік.

Үйрену керек: ауаны ластамаудың амалын.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші:

126 бөбекжай- балабақшысының ересектер «Жұлдыз» тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиылық картасы

Күні:

Білім саласы: Бейімделген бағдарлама.

Оқу іс-әрекеті: Ғажайып табиғат.

Тақырыбы: Ауа қабығы.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет