Оқу іс-әрекетінің барысы: Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті



Дата29.01.2020
өлшемі19,13 Kb.
#56706
Байланысты:
өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Мен әдепті баламын»

Мақсаты: «Әдеп», «Әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:Әдептілік туралы түсініктерін кеңейту,жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту,әдептілікке,сыпайлыққа тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

Шаттық шеңбері

Көшелерден біз өткен

Ата көрсем,жақын кеп

Сәлем берем ізетпен:

«Ассалаумағалейкум!»-деп

«Сәлем берем үлкенге»атты өлеңін қимылмен айтады


Ізденістер
Ұйымдастыру

Әңгімелесу

Балалар ,сендер қандай жылы,әдепті сөздерді білесіңдер?

-әдепті балалар қандай болады?

-әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

Әдептілік-адам бойындағы ең асыл қасиет,әдепті бала,ұқыпты,тілалғыш,шыншыл, қайырымды,еңбекқор,адал болады. Әрдайым таза жүреді.Автобусты үлкенге,жасы кіші балаларға орын беру.

-сәлеметсіз бе,сау болыңыз,

рахмет, кешіріңіз оқасы жоқ,өтінемін,

қош келдіңіз,ренжімеңіз.

Әдептілік туралы түсінік алу.
Әңгімелесу

«Сиқырлы сөз» атты әңгімені оқып талдау.Әңгіме бойынша сұрақтар қою.

А)Қария Павликке қандай сиқырлы сөздер айтты.

Б)Павлик атты баланы әдепті бала деп айтуға бола ма?

Сұраққа жауап береді
Дәйексөз.Сергіту сәті

«Әдепті бала-арлы бала»-халық мақалын бүгінгі іс-әрекеттің дәйек сөзі ретінде түсіндіру.

Мақалдағы сөздің мағынасын түсінді.
Дәптермен жұмыс

Шығармашылық жұмыс жасау

Әдепті, ұқыпты,таза бала тақырыбына сурет салу.
Тыныштық сәті,жәй әуен жіберіледі.

Әдептілік ережелері:

-әрқашан сәлемдеседі;

-әрқашан сыпайы болу;

-үлкендерге орын беру;

-ескертусіз үйден кетпейді;

Көздерін жұмып,ережелерді жадында сақтауды ескереді.
Ойын

Шеңберге тұрып допты лақтырып-қағып алу арқылы бір-біріне әдепті сөздер айтады

Сәлем! Рахмет!Қалың қалай?

Қош келдің! Кешіріңіз!

Өтінемін!
Ғажайып сөздер

Біз-әдепті,сыпайы баламыз әдепті бала-жақсы бала

Естеріне сақтап жүру

Қорытындылау


Өзін-өзі бағалау

Қорытындылау

-балалар,біз бүгінгі сабағымызда әдептілік,сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды,сүйкімді екенін түсіндік.

Не ұққанын айтады
Жүректен жүрекке

Шаттық шеңберіндегі «Сәлем берем үлкенге» өлеңін қимылмен айту

Қимылмен өлеңді айтады
Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Сыпайы болуды білді.

Түсінігі: Әдеп,әдептілік туралы түсінді.

Көрсете білуі: Жағымды қарым-қатынас жасауға дағдыланды.

Тақырыбы: Мен әдепті баламын.

Мақсаттары:


  1. Әдептілік туралы түсініктерін кеңейту.

  2. Жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

  3. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:

Балалр ортаға жиналып, Ө. Ақыпбековтың «Сәлем берем үлкенге» атты өлеңін қимылмен айтып, бір – бірімен амандасады:

Көшелерден біз өткен

Ата көрсем,

Жақын кеп

Сәлем берем ізетпен:

«Ассалаумағаейкум!», - деп

Алдан әже жолықса,

Бөгелемін әдейілеп:

Сәлемдесем сол тұста:

«Есенсіз бе, әжей», - деп

Кім кезіксе көшеде

Аға, тәте,көкеге,

«Сәлеметсіз бе!», деймін.



Әңгімелесу.

  • Қандай жылы, әдепті сөздерді білесіңдер?

  • Әдепті балалар қандай болады?

  • Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

Әдепті сөздер – сәлеметсіз бе?, сау болыңыз, рақмет, кешііріңіз, т.с.с. әдепті балалар әдепті сөздерді үнемі

қолданады.

Әдептілік-адам бойындағы ең асыл қасиет. Әдепті бала,

ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, еңбекқор, адал болады. Әдепті балалар кездескен адамдардың бәрімен амандасады, қоштасады. Әрдайым таза жүреді. Автобуста үлкендерге, жасы кіші балаларға орын береді. Ата анасының айтқанын орындайды.



Әңгімелеу.

Балалармен бірге В. Осееваның «Сиқырлы сөз» атты әңгімесін оқып, таладу:



  • Қария Павликке қандай сиқырлы сөз айтты?

  • Павлик атты баланы әдепті бала деп айтуға бола ма? Неліктен?

  • Павликке қария кездеспесе не болар еді деп ойлайсыңдар?

  • Сендерде осындай жағдайлар болды ма?

Ойын «Әдепті сөздер»

Балалар отырып бір біріне әдепті сөздер айтады.



Дәйексөз.

«Әдепті бала – жақсы бала».



Қорытындылау.

  • Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік.

Жүректен жүрекке.

Балалардың есте сақтауларын дамыту мақсатында Ө. Ақыпбековтың «Сәлем берем үлкенге» атты өлеңін қимылмен қайталату.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет