Оқу жетістіктерін бақылау, бағалау және мониторинг жүйесін іске асыру


Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының математикадан білімі мен дағдыларын тестілік бақылау



бет2/9
Дата26.10.2022
өлшемі31,54 Kb.
#155090
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
17-24

Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының математикадан білімі мен дағдыларын тестілік бақылау
Тестілеу – оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылаудың бір түрі.Әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру, жоғары технологиялар қатарына жатқызылады.Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдаерде қазіргі білімінің ажырамас бөлігіне айналған жастардың дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады.Оқушылардың білімнің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырудың бір түрі – тесттік бақылау жүйесі. Ол оқушылардың өз бетінше жұмыс әрекетін арттырып, оқытудың тиімділігіне қол жеткізіп, ойлау қабілетін шығармашылық әрекетін белсендіреді. Осыларға қоса оқушылардың білімдеріндегі оқулықтар анықталып, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Тест тапсырмаларын мұғалім өз қалауынша тақырып, тарау бойынша құрайды. Бірақ тесттердің көмегімен оқушылардың шығармашылық дәрежесін бақылау мүмкін емес. Толық педагогикалық мақсатқа жету үшін оқу үрдісінде тесттерді тексерудің барлық басқа түрлері мен тәжірибелік, семенар сабақтар, реферат, баяндама әзірлеу арқылы оқушылардың нақты даярлық дәрежесін көре аламыз.Соңғы жылдары тестік әдіс оқу білімге қатысты барлық үйымдарда кеңінен қолданып жүр.«Тест» - ағылшын сөзі, сынақ, байқау деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш рет оқушылардың білімін тексеру үшін тестіні ағылын педагогы Дж. Фишер 1864 жылы қолданған.Бүгінде тест қолдану оқытушылармен қатар оқушылар үшін де көп тиімді екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Нәтижесі тікелей белгілі болады. Тестік әдіс талапкердің білім дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды.Тест – оқушылардың білімін және дағдыларын тексеретін құрал болып табылады.Тест тапсырмасына қойылатын негізгі талаптар мыналар:Тест жұмысын өткізуде белгілі бір уақыттың болуы;Тапсырмаларды орындау үшін берілген нұсқаулардың түсінікті, айқын болуы;Тестілеу - белгілі бір мәндер шкаласы бар стандартталған сұрақтар мен есептер пайдаланатын психологиялық диагностика әдісі.Тестілер – жеке тұлғалардың даралық психологиялық қасиеттерін, сондай – ақ білімін, білігі мен машығын салыстырмалы шаралармен өлшеуге арналған стандартталған тапсырмалар: психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі.
Тестілеу – модельдік жағдайлар болып табылады, олар арқылы индивидтің тән сипатты реакциясы анықталып, зерделенетін нышан көрсеткіштерінің жиынтығы деп есептелінеді.Тестік бақылау жұмыстары оқушылардың білім сапасын тексеруде негізгі нысаны болып қала алмайды, керісінше ол оқушылардың білім, білік, дағдысын анықтауда басқа да бақылау әдістерімен және нысандарымен үйлесіп қолданылуы керек. Сөйтсе де тестік тапсырманы орындату арқылы оқушылардың өткен тақырыптар бойынша жинақтаған білім сапасын анықтауға нақты мүмкіндік туады. Тестілік тапсырмаларды орындату барысында мұғалімнің оқушыларға тест туралы қарапайым ұғымдарды түсіндіре отырып, тапсырманы орындау әдісімен таныстырып кеткені де абзал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет