Математиканы оқытудағы интернет-технологиялар Математика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың бірі - Интернет. Интернет оқу үдерісін жеңілдетіп, сабақты қызықты, əрі тиімді ұйымдастыруға, оқу-білім сапасын көтеру үшін көптеген мүмкіндіктер береді:
- сұраныс бойынша ақпарат алу;
- Интернет тараптарында берілген пəн бойынша тапсырмалар мен жаттығулар орындау;
- пəн бойынша əр деңгейде тест жұмыстарын ұйымдастыру;
- сабақ тақырыбына байланысты ақпарат көздерін табу;
- тақырыптық жобалар дайындау;
- шетел авторларының шығармаларымен танысу;
- электронды сөздіктерді қолдану;
- электронды пошта арқылы шетелдіктермен хат алмасу;
- Аудио - бейне материалдар қолдану. Интернет-технологиялар математика сабағына қолданудың тиімділігі: білім алушылардың қызығушылығын арттырады, шапшаңдыққа үйретеді. Ендеше сондай бағдарламаларға тоқталып өтейік:Геогебра бағдарламасы. Бағдарлама бойынша оқушылар өз беттерімен жұмыстанып, берілген тапсырманы өздіктерінен орындай отырып, талдайды, шығарады, көрсете алады, интерактивті тақта арқылы оқушы сол бағдарламада жұмыстанады. «GeoGebra» бағдарламасы – геометриядағы түрлі тапсырмаларды көрнекі етіп көрсетіп қана қоймай, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, өздігінен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады, ақпараттық технология сферасына жаңалық ашуға идеялары пайда болуына жетелейді, алған білімдерін басқа сыныптастарына бөлісу ниеті пайда болады. Indigo- онлайн тест құруға арналған бағдарлама. Тілі өте онай, тапсырылған тесттін нәтижесін білім алушы тез анықтай алады. Сонымен қатар, үй тапсырмасына да Indigo бағдарламасы арқылы құралған тестті беріп, жауабын қашықтықтан көруге мүмкіндік бар. Quick Brain- онлайн математикалық ойын бағдарламасы. Бұл жерде білім алушы ойын ойнай отырып, ментальді арифметика элементтерін пайдаланады. Бұл бағдарлама онай әрі жылдам есептеулер жүргізуді көздейді. Ерекшелігі көбейту кестесін тез жаттауға мүмкіндік тудырады. Сондықтан бастауыш сыныптағы математика сабағына ұсынар едім.Лови ответ- бұл негізінен калькулятор есеп жауабына негізделген. Жаңа сабақты үй жүмысына талдауға, 5 сынып оқушыларына баған түрінде көбейтуді үйрету барысында көп көмектеседі. Себебі, программа есептің жауабынан бөлек қалай және не үшін ол амалды қолданғанын анық көрсетеді.Kahoot -әлеуметтік оқыту үшін әзірленген сайт.Сайтты Skype немесе Google Hangouts сияқты ортақ экранды пайдалану құралдары арқылы пайдалануға болады. Kahoot әр түрлі веб-браузерлер мен мобильді құрылғылар арқылы веб интерфейс арқылы ойнатуға болады. Мастер-Тест, Classmarker, Let’s test, Adit Testdeak, Itest, MyTestX-тест құруға арналған бағдарламалар.Tarsia- тапсырмалар және жауаптарымен берілген қима қағаздардан құралған пазлдар. Бұл тапсырмаларды қолмен жасауға да болады , бірақ бағдарлама бізге уақыт үнемдеуге және бірнеше формада жасау Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші мұғалімдеріміз оқушыларды жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс.