Оқу жетістіктерін бақылау, бағалау және мониторинг жүйесін іске асыру



бет8/9
Дата26.10.2022
өлшемі31,54 Kb.
#155090
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
17-24

Проблемалық оқыту технологиясы
Проблемалық оқыту «проблема», «проблемалық сұрақ», «проблемалық тапсырма», «проблемалық жағдай» («ситуация») деген ұғымдарды қамтиды. Проблемалық оқыту тек проблемалы жағдай тудырып қана қоюды емес, сонымен қатар оны дұрыс шеше білу тəсілдерін меңгертуді де қажет етеді. Ол үшін оқытушы оқушының тақырыпта кездесетін ой, пікір қайшылықтарын дұрыс аңғаруына жағдай жасап, оны шешудің жолдары мен тəсілдерін меңгертуге өздігінен ізденудің, зерттеудің амалдарын үйретуге тиіс. Мұның басты жолы – дұрыс ойлай білуге баулу. Проблемалық əдіспен оқытудың мақсаты оқушының сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету. Оқушыны ізденуге, қорытынды жасауға, өзгеше пікір айта білуге үйретеді. Проблемалық оқиға оқушының бұрыннан меңгерген білімге сүйеніп, мəселені толық шешу үшін аздаған өзіндік ойды, шығармашылық шешімді, дербес əрекетті қажет ететін проблемалық жағдайға алып келуі керек. Проблема тууға ыңғайлы тақырыпты таңдай білу, мұғалімнің ізденімпаздығына, тапқырлық шеберлігіне байланысты. Сол сияқты есептер шығару барысында да балаларға есеп сурет салу арқылы, схема түрінде сызуға, кестелер арқылы шығартуға бейімдеу, өздігінен кері есеп құрастыра білуге жаттықтыру керек. Есептің бір-бірінен ұқсастығын, айырмашылығын, байланысын тапқызуға болады. Проблемалық оқыту технологиясы тұжырымының ерекшеліктері:білімді меңгеру ішкі себептер негізінде пайда болған басқарылмайтын үдеріс;бала дүниені тануда адамзат жүріп өткен жолмен жүреді; бала материалды сезім арқылы (көріп, тыңдап) қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді; оқытуда табысқа жетудің шарттары; оқу-материалында проблема туғызу; баланың белсенділігі; оқытудың бала өмірімен, ойынымен, еңбегімен байланысы. Проблемалық оқытудың басқа əдістерден айырмашылығы – білім оқушыларға дайын күйінде ұсынылмайды, керісінше, олардың алдына белгілі бір проблеманы өз бетінше шешу міндеті қойылады. Осылайша іздену əрекеті барысында шешімді оқушылардың өзі тауып, білімді игеруге жол ашады. Проблемалы оқытудың теориялық мəселелерін М. И. Махмудов, А. М. Матющкин, И. Я. Лернер, Ю. Н. Бабанский жəне т.б. еңбектерінде зерттеген еді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет