Оқу жылы Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және курс міндеттері Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы»



Дата23.05.2022
өлшемі15,79 Kb.
#144693
Байланысты:
пустой
kaz3, Муратбек Аружан дене, араб

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінен бағдарламалық сұрақтар

2021-2022 оқу жылы


  1. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және курс міндеттері

Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы» оқу пенінің маңызы арта түсті, оның негізгі міндеттері: халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, азаматтанушылық пен патриотизмді тәрбиелеу.
Қазақстан тарихына қазіргі тұрғыдан қарау дегеніміз, оны дүниежүзілік тарихпен, Евразиялық контингент тарихымен, көшпелілер өркениетімен, түркі халықтарының тарихымен және Орталық Азия елдері тарихымен бірлікте қарастыру деген сөз. Бірте-бірте оның маңыздылығы мен көп функционалды рөлі де арта түсуде. Оның функцияларының ең бастысы, ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәніне айналып отыр, мұның өзі оның Қазақстан қоғамын дамытудың маңызды міңдеттерін жүзеге асырудағы рөлінің арта түскендігінен. Сондықтан да бұл еліміздің барлық жоғары оку орындарының (ЖОО) оқу жоспарларына енгізілді. Студенттер жоғары білім дипломын алу үшін мамандық пәні сияқты Отан тарихынан да мемлекеттік емтихан тапсырады. Мұның өзі Қазақстан тарихын оқытатын оқытушыларға да, студенттерге де, ЖОО басшыларына да үлкен міндеттер жүктейді.
Курстың мақсаты-Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихының деретанулық проблемаларын зерттеу. Курсты белгілеу қазіргі кезеңдегі шет ел және отандық деректанудың теориясы мен әдісін, Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі тарихы бойынша тарихи деректерді іздестірудің шеберлігімен белгіленеді. Осыған байланысты курста тарихи құжаттардың қалай және қайда сақталуы туралы ақпарат түсінігі беріледі, аталған мамандықтың проблемалары бойынша маңызды публикациялар мен библиографиялық дерктер бойынша анықтама беріледі. Жаңа және қазіргі замандағы Батыс елдерінің деректері аймақ және ел бойынша іріктелген.
Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді.


2. Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни еңбектерінің маңызы

3. Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Иассауи еңбектерінің маңызы

4. М.Х.Дулати мен Қ.Жалайыридың тарихи еңбектерінің маңызы

5. Түркі халықтарының экономикалық және мәдени өміріндегі Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы

6. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. «Қазақ» этнонимі. Жүздер және олардың жер аумағы

7. Қазақ хандығының құрылуы – ХІV-ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы саяси дамудың заңды нәтижесі

8. Абылай ханның ел тарихындағы рөлі: ұрпақтар сабақтастығы

9. Абылай хан – мемлекет қайраткері, дипломат

10. Дәстүрлі көшпелі мәдениеттің ерекшеліктері, қазақ қоғамындағы батырлар мен билердің үлкен беделге ие болу себептері

11. Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың ағартушылық қызметі

12. ХХ ғ. басындағы Алаш қозғалысының көшбасшысы Ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі

13. «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының тәуелсіздік идеяларын дамытудағы рөлі

14. Қазақтардың ХХ ғ. басындағы Ресейдің І–ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы

15. ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялылары: М.Тынышбаев пен Х.Досмұхамедовтың қоғамдық-саяси қызметі

16. 1917 ж. шілдедегі Жалпықазақ съезі және оның Алаш партиясын құру туралы шешімі. Партияның бағдарламасы№

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет