Оқу жылы бойынша тәрбие құндылықтарына арналған жылдық жоспары



бет6/16
Дата20.11.2023
өлшемі449,88 Kb.
#192425
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
2023 2024 оқу жылына ТӘРБИЕ ЖОСПАР АЛТЫНАЙ (1)

Бірінші тоқсанда Республика күнін мерекелеуге арналған «Ақындар айтысын» өткізу жоспарлануда. Айтыстың ұсынылатын тақырыптары: «Жаңа күн – жаңа Қазақстан», «Туған жерім – мақтанышым», «Тілім – тұмарым», «Тәуелсіздігім – тұғырым», «Топырақ жыр – торқа жыр», «Көк тудың желбірегені...» және т. б.
Екінші тоқсанда Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Алтын сақа» олимпиадасы өтеді.
Үшінші тоқсанда Наурыз мерекесі аясында әрбір білім беру ұйымында «Ұлттық өнер» көрмесін ұйымдастыру ұсынылады. Тоқыма бұйымдарын жасау сияқты номинациялар ұсынылады: гобелен, кесте, бисер, батик, киіз басу, патчпластик; ұлттық ою-өрнек элементтері бар халықтық киім үлгісін жасау және т.б.
Төртінші тоқсанда «Туған өлкем» фестивалін өткізу ұсынылады. Фестиваль аясында өлкетану жобаларының конкурсы өткізіледі. Қатысушыларға көмектесу үшін өлкетану жобаларының үлгі тақырыптары ұсынылады. Мысалы, «Zhasyl El», «Туған жердің бояулары»
- бұл электронды экологиялық карта. Бұл номинацияда кез келген графикалық редактордың (фотосуреттер, картиналар, портреттер, суреттер, коллаждар және т.б.) көмегімен дербес орындалған сурет ұсынылады.
«Eko-Bolashak»
–абаттандыру, көгалдандыру бойынша атқарылған экологиялық жұмыстар, өткізілген экологиялық акциялар, жылыжайлардың, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік учаскелердің, мектеп орманшылықтарының, экологиялық патрульдердің жұмысы туралы бейнероликтің тұсаукесері.
«Жас өлкетанушы»
– халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен өнері
туған өлкенің мәдениеті, әдебиеті, өнері, халық шығармашылығы, тарихи, археологиялық және этнографиялық ескерткіштерді зерделеуге және қорғауға қатысу;
халық ауыз шығармашылығының бай мұрасы, республикада тұратын халықтардың салт-дәстүрлері; мектеп мұражайларын ашу; тұрмыстық заттарды жасау, киімдер тігу, ұлттық тағамдар әзірлеу және басқалар.
«Туған өлкем» фестивалі де оқушылардың туған өлкесін зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға арналған




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет