І. ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ МЕН ААЗАМАТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ,ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
ІІ. РУХАНИ ТАНЫМДЫҚ ТӘРБИЕ Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен, нормалары мен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
ІІІ. ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.
ІV. ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ Мақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.
V. ЕҢБЕК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ Мақсаты:Тұлғаныңөзінкәсібианықтауынасаналықарым-қатынасынқалыптастыру, экономикалықойлауынжәнеэкологиялықмәдениетіндамыту.
VІ. КӨПМӘДЕНИЕТТІ ЖӘНЕ КӨРКЕМ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ Мақсаты: Тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.
VІІ. ЗИЯТКЕРЛІК ТӘРБИЕ, АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ТӘРБИЕЛЕУ Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.