Оқу жылына арналған «Қазақстан тарихы» ПӘнінен мемлекеттік емтихан сұРАҚтарының тізімі


Қола дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар)



бет5/35
Дата28.12.2023
өлшемі307,88 Kb.
#199742
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
тарих гост

Қола дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болды. Қола дәуірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды. Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды.
1.Қола металлургиясы. Түсті металлдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл территорияда металургияның мықты ошағы шығыуынын бір себебі болды. Қазақстанның бірнеше өңірлірінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дәлел болады.
2.Бақташылық, мал шаруашылығы. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық Евразия халықтарының шаруашылығында мал осіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Б. з. б. II мың жылдықтың аяғында –I мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне - көшпелі мал шаруашылығына көшеді. Басқа тайпалар ішінен мал өсірушілердің бөлініп шығуын Ф. Энегельс ең бірінші ірі қоғамдық еңбек бөлісі деп атады «Үй жануарлардың түрі көбейді».
3.Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды. Қола дәуіріндегі экономиканың басты – екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металургияның, сондай – ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың ролін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық ру (патриархат) орнады. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндғргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттық қатынастың дамыуна байланысты болды. Жеке семьялар өқшауланды, семьялық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті. Андронов мәдениеті. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Евразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андроов қонысындағы Ашинск селосы маңынан табылған.

  1. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті.

Қазақстан жерiндегi ең жақсы зерттелген энеолиттiк ботай мәдениетi ескерткiштерiнiң негiзгi шоғырланған тобы Көкшетау облысында орналасқан. Олар б. э. д. III-II мыңжылдықтардағы жылқышы тайпалардың ескерткiштерi.
Ботай мәдениетi көршiлес орналасқан неолиттiк мәдениеттер атбасар мен маханжардың негiзiнде қалыптасқан. Осы мәдениеттiң басты қонысында жүргiзiлген ұзақ жылдық зерттеулер Ботайлықтардың жылқыны алғаш қолға үйреткен тайпалар екендiгiн дәлелдейтiн материалдар бердi. Олардың мал өсiрумен қатар жер жыртып, егiн егумен айналысқандығы да анықталған. Мәдениеттiң басты ескерткiшi Ботай қонысынан табылған тастан жасалған пышақ, қанжарлар, найза, жебенiң ұштарымен қатар зубр, бұғы, қарақұйрық, киiк, аю, қарсақ, қоян секiлдi т.б. аңдардың сүектерi ботайлықтарда аңшылық кәсiптiң де осал болмағандығын бiлдiредi.
Ботай мәдениетiнiң материалдары Алтайдағы Афанасев, Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарым мәдениеттерiмен ұқсас.

Ботай мәдениеті: Көкшетау облсындағы бекеті жанындағы қоныстың атымен аталған.Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның (Жайық-Ертіс өзендері аралығының) далалық энеолитін сипаттайды және мерзімі б.з.б ІІІ-ІІ мыңжылдықтармен белгіленеді. Демек ол бір мың жыл болған.


Ботай мәдениетінің қалыптасуына неолиттік атбасар және маханжар мәдениетін құраған тайпалар қатысты. Оның қалыптасу барысында Шығыс Каспаий маңы өңірімен Оңтүстік Оралдың сырттай ықпал жасағаны жөнінде мәліметтер бар. Ботай мәдениетін В.В.Зайберт ашты. В.Н. Логвин С. Қалиева оның батыстық нұсқасын терсек мәдениетін бөліп көрсетті. Терсек мәдениетінде басқа мәдениеттің ықпалы айқын аңғарылады және оның кейбір ескерткіштері б.з.б ІҮ мыңжылдықпен белгіленетін алдыңғы энеолит дәуіріне жатуы ықтимал. Бірқатар қоныстар: Қостанай және Торғай облыстарында – Бестамақ, Тщұздыкөл, Либановка, Құмкешу, Қожай, Дұзбай-3, Көкшетау облысында Ботай, Красный-Яр Васильков-4 қоныстары ашылды барлығы 20 дан астам қоныс белгілі. Қоныстар әдетте шағын дала өзендері Торғайдың Терісаққанның жоғарғы тобылдың Обағагнның Шағалалының Иманбұрлықтың биік жағаларындағы алаптарды алып жатыр. Олардың көлемі кейбіреуінде 15 га жетеді. Сипаттау үшін ең көп ақпарат беретіні Ботай қонысы болзып табылады. Ол шамамен 200 жылды – б.з.б ХХІҮ-ХХІІ ғысырларды қамтиды. Қазіргі бетінде 158 тұрғын үйдің жұрты табылды. Қазу барысында олардың қонысы тіршілік еткен соңғы кезеңде салынғаны аяқталды. Мұндай томаға тұйық жоспарланған орындарға жататын құрылыстар 30 дейін жетеді. Олардың ішінен белгілі бір жүйені байқауға болады. Ені – 4-8 м болртын ал ұзындығы 50м дейін жететін паралель көшелердің екі жағына кейде 15-16 үйден салынған.
Тұрғын былайша жазылған. Тереңдігі 1м дейін және көлемі 20 шаршы метрден 70 шаршы метрге дейін жететін 4-8 бұрыш түрінде шұңқыр қазылған. Қазу кезінде шығарылған балшық шұңғыр қазылған. Қазу кезінде шығарылғанбалшық шұңқыр жиектеріне биіктігі 1 метрдей дуал етіп үйілген. Осылайша салынған қабырғаларға төбесі тарыла беретін шеген түрінде бағаналар қаланған. Жасаған күмбез бұтақтармен және шым қабаттарымен жабылып бұл орайда ортасынан түтін шығатын тесік қалдырылған. Кіретін есік қабырғада ойық түрінде қалдырылып оның сыртында шағын шағын дәліз болған. Ішінде ортадағы шұңқырда ошақ орналасқан. Ошақ пен есік арасы – шаруашылыққа арналған орын төрде ұйықтауға арналған жер. әдетте қабырғаның бүйір жағынан азық – түлік сақтау үшін шұңқыр қазылады. Тобылдағы құмдауыт топырақта құрылыс сипаты біршама өзгеше: қабырғаларының ағаштан салынуы ықтимал.
өндіріс шаруашылық саймандар алуан түрлі тастардан сазбалшықтан сүйектен жасалды. Құрал саймандар тұрғындардың шаруашылық укладының күрделі екендігін көрсетеді. Жүгеннің сүйек элементтері кісенге арналған ілгектер жылқының қолға үйрете бастағанын дәлелдейі. Тас тоқпақтар пышақтар қанжарлар боластар жебелердің сүңгілердің найзалардың үштары аң аулаумен байланысты құралдар.
Орасан зор мөлшердегі остеологиялық материалдардың басым көпшілігі жылқы сүйектері. Мәселен ботай қонысында 70000 жылқының сүйегі табылды. Сондай-ақ зубрдың турдың бұланның еліктің аюдың иттің түлкінің қарсақтың түйенің құндыздың суырдың қянның қабанның құстардың сүйектері бар.
Жерлеу ғұрпы мен бірқатар симболдық заттар тотемизмнің бабаларға табынуын көрсетеді.

  1. Қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі мәселесі мен таралу аймағы.

Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады. Негізінен, қола дәуірі мәдениеттері осы металл кендері көп жерлерде дамыды. Мұндай өңірлерде дайындалған қола бұйымдар бірте-бірте іргелес жатқан жерлерге де тарады. Адам баласы мысты энеолит дәуірінде игерген болатын. Оған қарағанда, қоланың қатты әрі берік болуы құрал-саймандардың сапасын арттырып, еңбек өнімділігін жоғарылата түсті. Қола дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. 1-мыңжылдықтың басын қамтиды. Ежелгі қола құралдары Оңтүстік Иран, Түркия мен Месопотамиядан табылды. Кейінірек олар Мысырға (б.з.б. 4-мыңжылдық аяғы), Үндістанға (б.з.б. 3-мыңжылдық соңы), Қытайға (б.з.б. 2-мыңжылдық ортасы) және Еуропаға, Қазақстанға (б.з.б. 2-мыңжылдық) тарады. Қола дәуірінің Америкада өз тарихы бар. Мұнда металлургия орталығы Перу мен Боливия жерінде болды. Африкадағы қола дәуірі туралы мәселе археологиялық зерттеулердің жеткіліксіздігіне байланысты әлі толық шешілмей келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет