Оқу жылына арналған жұмыстың оқу жоспарына ТҮсінік хат


«Абайтану» факультатив курсы



бет8/8
Дата05.09.2024
өлшемі64,38 Kb.
#203877
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ТУП түсінік хат

«Абайтану» факультатив курсы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы оқыту жүзеге асырылады.
Курстың білім мазмұны ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған.


«Ағылшын тіліндегі бейорганикалық химия терминологиясы» 1 сағат. Мақсаты: ағылшын тілі пәні бойынша білімдерін тереңдету арқылы бейорганикалық химия бөлімі бойынша алған білімдерін, негізгі ұғымдар мен терминдерді, химиялық тілін ағылшын тілінде меңгерту.


«Математикадан сауаттылық практикумы» 1 сағат. Мақсаты: Математикалық сауаттылық, математика есептерін шығаруын дамыту. Оқушылардың білімін кеңейту және тереңдету, олардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру.


10-11 сыныптардың вариативтік компонентінің сағаттары:
ҚР Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министірінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген «Абайтану» 9, 10-11 сыныптарға таңдау курстарының бағдарламалары енгізіледі.
Қазақстандық білім беру реформасы бағыттарының бірі бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін құруға бағытталған жалпы орта білім деңгейіндегі бейінді оқыту болып табылады. Бейінді оқыту жалпы орта білім деңгейінде оқытуды саралау жүйесі ретінде қарастырылады. Осыған сәйкес оқушылардың таңдауы және ата- аналардың қолдауы бойынша жоғары сыныптар жаратылыстану – математика бағыты бойынша оқытылады.
Жоғары сынып оқушыларына ерте кәсіптік бағыт беру мақсатында жаратылыстану-математикалық бағытының математика-жаратылыстану бағдарлы 10-сыныптарында «Жоғарғы математика» , «Жалпы география», «Химиялық талдау негіздері» атты жеке және топтық жұмыстар курсынан мектеп компоненті жүктемесінің есебінен 1 сағаттан берілді.

Жоғары сынып оқушыларына ерте кәсіптік бағыт беру мақсатында қоғамдық-гуманитарлық бағытының математика-жаратылыстану бағдарлы 10-сыныптарында «Ағылшын тілі грамматикасы», «Компьтерлік желілердің жұмыс жасау принциптері», «Жалпы география», «Химиялық талдау негіздері» атты жеке және топтық жұмыстар курсынан мектеп компоненті жүктемесінің есебінен 1 сағаттан берілді.


Жаратылыстану-математикалық бағытының математика-жаратылыстану


бағдарлы 11-сыныптарында «Жасанды зат интеллект сараптама жүйесі», «Химиялық талдау негіздері», «Қиындығы жоғары теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу» атты қолданбалы курстарына мектеп
компоненті есебінен 1 сағаттан берілді.

«Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ, оның оқу- материалдық базасын қалыптастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №606 бұйрығын іске асыру мақсатында 10-сыныптарда мектеп компоненті жүктемесінің есебінен «Жас Сарбаз» курсына 1 сағаттан берілді.


Бекітілді
«28» тамыз 2020 ж
№ 2 педагогикалық кеңес
Мектеп директоры М.Конысбаева

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет