Емі: консервативті - қабынуды жоюға, ісінуді және қызаруды жеңілдетуге көмектесетін дезинфекциялық ерітінділермен зақымдалған бөлікті медициналық емдеуді қамтиды;
операциялық - лазерлік скальпель немесе радиотолқынды пышақты қолдану арқылы жүзеге асырылатын жиекті ішінара резекциядан немесе тырнақ пластинасын толығымен алып тастаудан тұрады.
Гигрома - диаметрі 0,5-тен 3 см-ге дейін, тығыз консистенциялы, жеткілікті айқын капсуладан және ішіндегі тұтқыр желе тәрізді түссіз дөңгелек пішінді түзіліс.
Гигроманың бастапқы симптомы - тері астынан анық көрінетін буындар немесе сіңірлер аймағында шағын ісіктің пайда болуы. Тері кедір-бұдыр, қабыршақты, қызаруы немесе өзгермеген қалыпта болуы мүмкін. Белсенді қозғалыс кезінде ісік әдетте өседі, ал тыныштықта ол өз қалпына оралады.
Диагностика: клиникалық көрінісіне байланысты қойылады. Рентген немесе ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі, қатерлі ісіктерді болдырмау үшін пункция жасауға болады, гистология және цитология.
Емі: Қолайсыздық кезде, орташа ауырсынуда, консервативті емдеу ұсынылады. Дәрігер қан айналымын және лимфа дренажын жақсартатын, қабынуды азайтуға және тіндердің қалпына келуіне көмектесетін физиотерапиялық процедураларды тағайындайды.
Қатты ауырсынумен емдеу тиімсіз болған жағдайда хирургиялық емдеу тағайындалады. Бірнеше әдістер бар:
аспирация – гигроманы тесіп алып тастау,
хирургиялық кесу –ішті кесіп операция жасау,
гигроманы лазермен алып тастау.
Жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеу. Мақсаты. Орындау техникасы. Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, мүмкін болатын асқынулар.
Жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеу дегеніміз –жансыздандыру және асептика шараларын сақтай отырып жарақатқа жасалатын біріншілік операция.
Біріншілік хирургиялық өңдеу мақсаты: қан ағуды уақытша тоқтату;
-жараны қажетсіз микрофлорадан тазартып,инфекцияның түсуін алдын алу;
Достарыңызбен бөлісу: |