Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


Жараларды алғашқы (бірінші) хирургиялық өңдеу (АХӨ, БХӨ,ІХӨ) кезеңдері



бет105/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы
ЖМ.Экзанен сұрақтары қаз 2022-2023 ж, Расписание лекций, менеджмент рк 1
Жараларды алғашқы (бірінші) хирургиялық өңдеу (АХӨ, БХӨ,ІХӨ) кезеңдері:
1. Операциялық аланды өңдеу.
2. операциялық алаңды стерильді жаймамен шектеу;
3. Операциялық аланды қайта өңдеу.
4. Жергілікті немесе жалпы анестезия.
5. Жараны алғашқы хирургиялық өңдеудің негізгі жаншылған жиектері сау тіндерге дейін (1,5-2 см) кесіп алынып тастайды, жара асептикалық жараға айналады. Жара кенейеді.
6. Жара арнасын тексеру, ревизия жасау.
7. Жараның қабырғаларын жəне түбін жаншылған, өліеттенген тіндерді (клиновидты) кесіп алып тастау .
8. Қан кетуді тоқтату.
9. Жараға тігіс салу (көрсеткіштер бойынша дренаж).
10. Асептикалық таңғышты салу.
11. Иммобилизация (көрсеткіштер бойынша – көлемді жараларда).
12. Сіреспенің алдын алу (көрсеткіштер бойынша). Жараларды алғашқы хирургиялық өңдеу жарақаттанғаннан кейінгі бірінші сағаттарда (6 – 12 сағат) істелінеді.
Жараның айналасындағы теріні өндегенде: егер жара таза болса теріні жараның шетінен периферияға (сыртқа қарай) өндейді; егер жара ірінді болса жара аймағындағы теріні перифериядан (шетінен) жараға қарай өндейді, жараның ішіндегі ірін теріге жайылмасын үшін.
Қарсы көрсетілімдер:

- ірінді жарада
- жарақаттанушының ауыр жағдайы (шокта, əсіресе 3 шоктың 3 кезенінде)

  1. Жарақат жіктелісі. Амбулаториялық жағдайда жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеуді жүргізу ерекшеліктері.

Шығу тегіне байланысты жарақаттар: оперативтік, кездейсоқ

Тіннің зақымдануына байланысты жарақаттар.


Кесілген;
Ұрылған;
Соғылған;
Жыртылған;
Жаншылған;
Шабылған;
Тістелген;
Аралас;
Атылған.

  1. Жарақат себептері. Емханада жағдайында көмек көрсету. Ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер. Жарақаттан кейінгі реабилитация. Жасына және сипатына байланысты жарақаттардың нәтижесінің болжамы.

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
 Әсер механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін. Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы,буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы).


Жараларды сумен жууға болмайды. Оны таңар алдында айналасын иодпен немесе спиртпен тазартып сүрту керек. Содан соң жараға зарарсыздандырылған таңғыш салады. Таңғыш үшiн мақта мен дәке қолданылады. Бинт пен мақтадан таңғыш жасалады. Оның ылғал жұтқыш қасиетi жоғары. Қан тоқтатуға арналған дәкелер антисептикалық заттармен байытылған, мұндай дәкелер қанды 2-7 минут аралығында тоқтатады.


  1. Сыртқы қан кету туралы түсінік. Қан кетуді уақытша және тұрақты тоқтату. Қан жоғалтудың дәрежесі. Қан кетуді уақытша және тұрақты тоқтату.

Сыртқы қан кету кезінде қан сыртқы ортаға ағады және оны анықтау қиынға түспейді. Бұл сыртқы ағзалардың бүтіндігінің бұзылуынан, зақымдануынан болатын құбылыс.
Жарақаттанған тамырдың өзгешелігіне және түріне қарай қанның ағулары төмендегі түрлерге бөлінеді. Қызыл қантамырларынан қан ағу. Бұл қан ағудың ең қауіпті түрі. Үлкен
қызыл қан тамырларының зақымдануында бірнеше минуттан кейін адам өліп кетуі мүмкін. Белгілері – ашық қызыл түрдегі қан шүмектеп, шапшып ағады. Тамырдың орталық бөлімін қысқанда қан ағуы тоқтайды.
Көк тамырдан қан кету. Қызыл қан тамырынан ағудан көк тамырдан қан ағудың ерекшелігі, бұнда қан бір қалыпта, бәсең ағады, түсі қара қошқыл. Тамырдың орталық бөлімін қысқанда қан ағуы тоқтамайды. Үлкен көк тамырларының, әсіресе, мойын,кеуде аймағы зақымданғанда ауаның тамырға сорылып кіруінен ауа эмболиясы салдарынан өлім – жітім болады.
Үшінші түрі – аралас ағу түрі болып есептеледі. Ұзақтығына қарай – жедел және созылмалы: қайталауына байланысты – бір рет қайталанған, көп қайталанған болып бөлінеді. Капилярлық қан ағу. Жараның барлық беті қанайды. Қан түрі бойынша
артериялық және көк тамыры қандарының арасындағы орталық жағдайда болады. Қан ағуы қауіпті, мысалы, гемофилияда,сепсисте, өйткені бұнда қан ұюының бәсеңдеуі байқалады. Әдетте капилярлық қан ағулар өз-өзінен тоқтап қалады.
Паренхиматоздық қан ағу. Бұндай қан ағу ішкі мүшелердің:бауырдың, талақтың, өкпенің, бүйректің барлық тамырларының(артерия, көк тамыр, капиллярлар) зақымданғанда байқалады.


Қан ағуды тоқтату
Көмек көрсету шараларына байланысты, қан ағуды тоқтату уақытша және біржолата тоқтату болып бөлінеді. Әдетте қан ағуды уақытша тоқтатуды науқасты ауруханаға жіберердің алдында, жарақаталған жерде орта медицина қызметкері іске асырады. Қан ағуды біржолата тоқтатуды аурухана жағдайында және операция жасау жолымен істеледі.
Уакытша қан тоқтату алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады жөне төмендегі тәсілдер бойынша жүргізіледі: 1.иык алды жарасы кезінде — артерияны иықтың ішкі жағынан басады;
2. балтырдан қан кеткенде — тізе асты артериясын басады (бас бармақпен тізе буынын алдыңғы жағын ұстап,ал қалған саусақпен тізе асты шүңкырындағы артерияны тауып, сүйекке басады); 3. Сан жараланғанда — сан артериясының шап астындағы жоғарғы жағын жүдырықпен басады; 4. Бастағы жарадан қан кеткенде — жара жактағы самай артериясын басады (артерия құлақтың жанынан өтеді, оны тамыр соғысы арқылы анықтайды); 5. Беттен кан кеткенде — жақ артериясьн басады (ол мойыннан бет пішіндеріне қарай жүреді және жақтың төменгі шеті арқылы оның бұрышы мен иек арасында иіледі); 6. Мойындағы жара кезінде — жара жақтағы және одан төмен ұйкы артериясын басады (трахея жағында); 7. Иық үстіндегі, иык буынына жакын немесе колтык айналасындағы жара кезінде бүғана асты артериясын бұғана астындағы шұңкырға (бірінші қабырғаға) басады, кейін аяқ-қолға бұрау немесе жгут салады.

  1. Күйік. Негізгі ұғымдар. Күйік классификациясы. Зақымдалған аймағы бойынша күю. Күйік дәрежесі. Негізгі белгілері.

Ыстықтың(жоғ.температура),химиялық заттардың, электр тогының,радиация сәулесінің жергілікті әсер етуінен болатын жарақаттарды күйік деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет