Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


Лактостаз. Клиникасы. Диагностикасы. Емі



бет65/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы

Лактостаз. Клиникасы. Диагностикасы. Емі.

Лактостаз –сүт бездерінің өзегінде сүттің іркілуі. Сүт бездері орташа есеппен 15-25 ацинустан тұрады. Онда сүт синтезделеді. Ацинустар өзектредің емізігімен байланысқан. Егер қандай да бір ацинус бірнеше күн өзінің өнімінен босамаса немесе өзектердің біреуі қысылып қалса – сүтті тығын пайда болады, ол без секретінің сыртқа шығуына кедергі туындатады. Осылайша бір немесе бірнеше сүт беі сегментінде сүт іркілісі туындайды. Ұзаққа созылған лактостаз инфицирленбеген маститке алып келеді.
Клиникасы мен диагностикасы
Лактостаз тез дамиды. Сүт бездері босауы бұзылғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін алғашқы клиникалық белгілері көрінеді:
сүт безінде ауырсыну сезімдері мен дискомфорт.
• Емшекті босату кезінде немесе босатудан кейін ауырсыну сезімдері, дискомфорт пайда болады.
• Сүт безі зақымдалған жағы ұлғаяды, кейде тығыздалады.
• Лактостаз аймағы пальпацияда ауырсынады. 
• Терінің сыртқы түрі іркіліс аймағында өзгереді.
• Тері қызарып, веналық сурет айқындала түседі.
• Дене температурасы субфебрильдіге дейін айтарлықтай тез көтеріледі.
Біріншілік лактостаз босанудан кейін 2-4 күндері пайда болады. Бұл жағдайда жылы суды шектеген жөн. Баланы жиі омырауға салу керек. Егер де , сүттің құйылуы түнде байқалса, бала ұйықтап жатса да, омырауды сауып тастау керек.
Айқын лактостаз кезінде дәрілік ем тағайындалады:
Синэстрол 300 бірлік (Единиц) бұлшықетке бір рет енгізу;
Сүттің тұтқырлығын төмендететін дәрілер:
25% магний сульфаты ерітіндісі 30 мл-ден күніне 2 рет немесе гипотиазид 0,1 г.Сүт безінің сүтті бөліп шығару қызметін жоғарлататын дәрілік заттар: мұрынға 4-5 тамшы окситоцин тамызу және баланы емізуге 10 минут қалғанда 1 таблетка прозерин қабылдау;
Екіншілік (қабынулық) лактостаз кезінде:
Омыраудағы ауырсыну дене температурасының 38 градус және одан да жоғары болуымен, қалтыраумен өтсе, онда дәрілік емді 2-3 күн бойы қабынуға қарсы еммен бірге жүргізеді. Бұл кезде анасы өзінің тамақ рационын біраз шектеп, баланы омыраумен емізуді жалғастыра беруі өте маңызды! Балаға ауырған омырауды емізген кезде , омыраудың қатайған және ауыратын бөлігін емізікке қарай уқалап, баланың тұрып қалған сүтті соруына көмектесу керек



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет