Климактериялық бұзылыстар.
АНЫҚТАМАСЫ
Климакстік синдром – әйелдің климакстік кезеңде туындайтын және жүйке-психикалық, вегативті-қантамырлық және алмасу-трофикалық бұзылулармен сипатталатын патологиялық ахуалы.
Хаттама коды:
ХАЖ-10 коды (-тары):N95.1 - Менопауза және әйелдің климакстік ахуалы
Климактерийдің клиникалық жіктелуі
Фазасы бойынша:
-етеккір алды пременопауза
-менопауза
-перименопауза
-постменопауза
-уақытынан бұрын менопауза
-ерте менопауза
Менопаузаның түрлері:
-хирургиялық менопауза – әйелдің жасына байланыссыз овариэктомиядан кейін келеді;
-постгистерэктомия синдромы – аналық бездері сақталған гистерэктомиядан кейін әр түрлі мерзімдерде әйелдердің 30-70%-да дамитын симптомдар кешені.
ДИАГНОСТИКА
Диагностикалық критерийлер: ***
Шағымдар:
-етеккір циклының қысқаруы/ етеккірдің ұзақ тоқтап қалуы (пременопауза кезінде).
Климакс синдромының ерте пайда болуы кезінде:
-вегето-қантамырлы (вазомоторлы) бұзылулар: (ыстықтау, қалшылдау, аса тершеңдік, бас ауруы, артериалды гипотензия немесе гипертензия, жүректің жиі соғуы);
-эмоционалды-вегетативті бұзылулар: ашуланшақтық, ұйқыбастылық, әлсіздік, мазасыздық, күйзеліс, ұмытшақтық, зейінсіздік, либидоның төмен түсуі.
-урогенитальды бұзылу – қынаптағы құрғақтық (жыныстық акті кезінде ауырлық); қышу және ашыту, уретралалық синдром, цисталгия, несепті ұстай алмау;
-тері мен бетіндегі қосалқылардың оның үстіндегі өсінділердің зақымдануы (құрғақтық, тырнақтың сынғыштығы, әжімдер, шаштың құрғауы мен түсуі);
Анамнез:
-сүт бездерінің қатерлі ісігі мен тромбоздың дамуы тәуекелі бойынша тұқым қуалаушылық қауіпі;
-гинекологиялық аурулар мен басқа оталар;
-соматикалық аурулар, оның ішінде эндокринопатия.
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер, Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер (көрсетімдер бойынша):
Физикальды зерттеу:
Антропометриялық көрсеткіштер:
-дене салмағының индексін бағалау (семіздіктің абдоминальды және/немесе висцералды түрінің қалыптасуымен бірге салмақтың артуы мен майдың қайта бөлнуі, бел шеңберінің ұлғаюымен расталады (>80cм), бел шеңбері БеШ қатынасы/бөксе шеңберіне қатынасы (БөШ) (>0,8);
-АҚ артуы;
-тырнақтың құрғақтығы, сынғыштығы, әжімдер, шаштың құрғақтығы мен түсуі;
-кіші жамбас ағзаларының эстрогентәуелді ауруларының жоқтығы;
-қатерлі ісік және сүт бездері қатерлі ісік алды аурулардың болмауы.
Зертханалық зерттеулер:
-қанды биохимиялық талдау: гиперинсулининемия, глюкозаға төзімділіктің бұзылуы, гиперхолестеринемия, дислипимедия (ЖТЛП-ХС төмендеуі, ХС-ТТЛП, ӨТТЛП -ХС артуы, атерогендік индексі – 4-тен артық);
-коагулограмма: VII факторының артуы, плазминоген ұлпасының деңгейін азайту және плазминоген-1 белсендірушісінің ингибиторын арттыру (ИАП-1);
-(ПАП-тест) жатыр мойнағынан алынған сүртіндіні цитологиялық зерттеу : жатыр мойнағы патологиясының жоқтығы;
-қандағы ФЫГ, ЛГ, эстрадиол, пролактин, тестостерон деңгейін анықтау:
қан сарысуындағы эстрадиолдың төменгі деңгейі (<80 пмоль/л);
қан сарысуындағы ФЫГ-тің жоғарғы деңгейі;
ЛГ индексі/ФЫГ <1; эстрадиол индексі/эстрон <1;
қатысты гиперандрогения немесе андрогендердің жетіспеушілігі;
-қалқанша без қызметін бағалау: гипотиреоз немесе тиреотоксикоздың белгілері.
Аспаптық зерттеулер:
-маммография: сүт бездерінде түзілімдердің жоқтығы;
-гинекологиялық трансвагинальды УДЗ: постменопаузадағы эндометрияда патологияның жоқтығы (М-эходо қалыңдығы 5 мм);
-трансіншектік УДЗ: менопаузадан кейін эндометриядағы патологияның жоқтығы (Мэхо қалыңдығы 5 мм-ге дейін).
ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
Емдеу мақсаттары:
-дәрінің аз мөлшерімен әйелдердің аналық без гормондық функциясының орнын толтыру;
-жалпы ахуалын жақсарту;
-кеш алмасу бұзылуларын емдеу.
Амбулаториялық деңгейдегі дәрілік емдеу:
Негізгі дәрілік заттардың тізімі (100% қолдану мүмкіндігі бар):
-Эстриласукцинат
таблеткалар: белсенді зат: эстриол 1 немесе 2мг.
суппозитарийлер: белсенді зат: эстриол 0,5 мг.
жақпа май: белсенді зат: эстриол 1 мг/г.
-эстрадиолвалерата
драже 2 мг;
гель 0,5-1,0 мг; таблеткалар, 10-20 мг;
-дидрогестерон, 10-20 мг таблеткалар;
-левоноргестрел, жатыр ішіндегі жүйе;
-прогестерон (микронделген), қынаптық драже, 100 мг.
Құрама ДҚ:
-эстрадиолавалерат, таблеткалар, 2 мг, левоноргестрел, таблеткалар 0,15 мг;
-17β эстрадиол, таблеткалар, 2 мг, дидрогестерон, таблеткалар, 10 мг;
-17β эстрадиол, таблеткалар, 1 мг, дидрогестерон, таблеткалар, 10 мг;
-17β эстрадиол, таблеткалар, 1 мг, дидрогестерон, таблеткалар, 5 мг;
-17β эстрадиол, таблеткалар, 0,5 мг, дидрогестерон, таблеткалар, 2,5 мг;
-17β эстрадиол, таблеткалар, 1 мг, дроспиренон, таблеткалар, 2 мг;
Қосымша дәрілік заттардың тізімі (қолдану мүмкіншілігі 100%-дан аз):
-тиболон, таблеткалар, 2,5 мг.
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді;
Амбулаториялық жағдайларда көрсетілетін хирургиялық араласу: жүргізілмейді;
Әрі қарай жүргізу.Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
-климакс синдромының клиникалық симптомдарын тоқтату;
-гормональды фонды қалыптандыру;
-климакс синдромы көрінісінің асқынулары/ кеш көрініс табуының болмауы
80>
Достарыңызбен бөлісу: |