Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


Пиелонефрит – интерстиция, өзекшелер жəне бүйрек тостақшалық - түбекшелік жүйесінің зақымдалуымен өтетін бүйректің микробтық - қабынулық ауруы. Цистит



бет43/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы

Пиелонефрит – интерстиция, өзекшелер жəне бүйрек тостақшалық - түбекшелік жүйесінің зақымдалуымен өтетін бүйректің микробтық - қабынулық ауруы.
Цистит – шырышты қабықтың басым көпшілігінің зақымдануымен бірге несеп қуығының қабынулық ауруы.
Гломерулонефрит бүйрек функциясының жедел жоғалуымен және күн немесе апта барысында креатининнің жоғарылауымен қоса болатын эритроцитарлы цилиндрлермен, протеинуриямен, гематуриямен, гломерулярлы ауруды сипаттайды.
Сырқаттану жасөспірім кезде болады және жіті стрептококтан кейінгі гломерулонефритке ұқсас, жіті нефриттік синдром болып байқалады, алайда бұл балаларда бүйрек функциясы төмен.
Гломерулонефрит диагнозы бүйректік биоптатты морфологиялық зерттеу кезінде 50 %-дан артық шумақшаларда эпителиальды-жасушалық пролиферацияның өкпек аймақтарында «жарты айшықтар» айқындалғанда анықталады.
Амбулаториялық деңгейде өткізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:
-ЖҚТ (6 парамерлі);
-ЖНТ;
-несепті бактериологиялық зерттеу;
-биохимиялық қан тапсыру (креатинин, несепнәр);
-бүйректің УДЗ;
-қуық қалбыршағы УДЗ.
Амбулаториялық деңгейде өткізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:
-кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы.
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі қажетті тексерулердің минимальді тізімі:
-ЖҚТ (6 параметрлі);
-ЖНТ;
-биохимиялық қан тапсыру (креатинин, несепнәр, калий, натрий, хлор, СРА);
-бүйректің УДЗ.
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:
-ЖҚТ (6 параметрлер);
-ЖНТ;
-биохимиялық қан тапсыру (несепнәр, креатинин, СРА, калий/натрий, хлоридтар);
-несептің микробқа қарсы препараттарға сезімталдығын анықтаумен бактериологиялық зерттеу;
-бүйректің УДЗ.
Ескерту:
- ≤ 6 айлық балаларға атипиялық және жас ерекшелікті НЖИ болғанда микционды цистография мен НЖИ кейін 4-6 айдан соң міндетті динамикалық сцинтиграфия өткізу керек. Асқынған НЖИ болып, бүйрек, қуық қалбыршағында өзгерістер айқындалғанда, микционды цистография өткізу қажет.
- 6 айлық≤3 жастағы балаларға атипикалық және жас ерекшелікті НЖИ болғанда НЖИ кейін 4-6 айдан соң міндетті динамикалық сцинтиграфия өткізу керек. НЖИ асқынып, бүйрек, қуық қалбыршағы УДЗ өзгерістер болса микционды цистография өткізу қажет.
- 3 жастан асқан балаларға жас ерекшелікті НЖИ болғанда НЖИ кейін 4-6 айдан соң міндетті динамикалық сцинтиграфия өткізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет