Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


Физиологиялық жүктілік. Клиникалық хаттамаға сәйкес физиологиялық жүктілікті бақылау



бет74/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы

Физиологиялық жүктілік. Клиникалық хаттамаға сәйкес физиологиялық жүктілікті бақылау.

Анықтамасы: Физиологиялық жүктілік – ұзақтығы 37-42 аптаға созылатын (276-294 күн), нəтижесінде мерзіміне жеткен тірі нəресте дүниеге келетін жүктілік. Емдеу тактикасы

Алғашқы тексеру жүктіліктің 12 аптасына дейінгі мерзімде бірінші медициналық тексерумен бірге өткізіледі.
Жүктіліктің 12- аптасында өткізілетін бірінші медициналық тексеру.
Жүкті əйелдің жасы.18-ге дейінгі жəне 35-тен асқан жүкті əйелді акушер-гинекологқа жолдайды.
Əйелге тексерудің қосымша əдістері туралы мəлімет беру керек, өйткені ол оларды жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылдауға тиіс.
Жүкті əйелдің дене салмағын анықтайды. Дене салмағының индексі 25,0-ден артық болса, жүкті əйелді акушер-гинекологқа жолдау қажет.
Жүктілік мерзімін анықтайды;
Жүкті əйелді 12-14 аптада УДЗ жолдайды;
Соңғы етеккір қанқету мезгілін, оның сипаты анықтайды (етеккір сипаты əдеттегіден өзгеше болған жағдайда əйелді акушер-гинекологқа жолдау қажет).
Нəтижесі оң болған жағдайда, жүктілікті анықтауға арналған тест уақыты.
Еетеккір оралымының реттілігі (тым ретсіз).
Əйел жүктіліктен сақтандыратын дəрілер ішкен бе (жүктіліктің дəл алдында қабылдаған ба?)

Алдыңғы жүктілік ағымы. Мынадай жағдайда акушер-гинекологқа жолдау қажет:
·алдыңғы жүктілік ұзақтығы 36 аптадан кем немесе 42 аптадан артық болса;
·алдыңғы жүктілікті ауырлатқан бауыр ішілік холестаз, преэклампсия кезінде;
·босану асқынулары (кесар тілігі), вакуум-экстрация көмегімен сорып шығару, тар
жамбас кезінде;
·босанудан қорқу;
·босану кезіндегі нəресте салмағы 4,5 кг-нан артық немесе 2,5 кг-нан кем болса.
·туған баланың денсаулық жағдайы (туа біткен ауытқулар, хромосомдық патология, нəрестенің өлі тууы);
·алдындағы аборттар (2 жəне одан да көп ).
·жүктілік кезінде дəрі қабылдауы (дəрілерді шектен көп қабылдау, тератогенді, психотроптық дəрілерді қабылдауы).
·АҚ (жиі жағдайда 140/90 мм.с.б. жоғарылауы);
·зəр жолдарының инфекциялары;
·анамнездегі қантты диабет жəне өзге экстрагениталды патологиялар кезінде;
·бедеулікті емдеу кезінде (осы жүктілік алдында жүргізілген);
•темекі тарту (айқын бейімділік кезінде);
•алкоголь ішу (аса көп ішу);
•кəсіби зияндылықтар;
•əлеуметтік проблемалар;
•анамнездегі аллергия;
•жатырдағы операцияларда.

Іншекті екі қолмен жəне айнамен тексеру, ең бірінші мақсаты инфекциялар болу мүмкіндігін анықтау.
-Жүкті əйелдер консультациясына əр келгенінде, жатыр мойнының ұзындығын анықтау үшін, айнамен абайлап қарауға болады. Айнамен тексеру жатыр мойнының ашылуы мен қағанақты анықтауға да мүмкіндік береді.

·Іншек жəне жатыр аңқасы жұқпалардың болуына тексеріледі (жытыр мойнының жалақжарасы, жыныс жолдарынан иісті шығындылардың бөлінуі). Қажет болса, тікелей іншек шығындыларына калий гидроксиді ерітіндісін тамызғаннан кейін одан балық иісінің білінуіне тест өткізіледі, сонымен қоса микроскоппен жатыр жағындысін негізгі жасушаларға жəне трихомонадаға тексереді. Іншек қышыса, саңырауқұлақтарды анықтау үшін, цервикалдық каналдан қанды шығындылар бөлінсе немесе науқас осыларға шағымданса, жүкті əйелді емханадағы дəрігерге жолдау қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет